МРНТИ 10.81.00
УДК 343.9:343.2./7
Түсіп Төлеген Амантайұлы — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері (Қазақстан Республикасы, Қосшы қ.);
Қайыржанова Дина Қайыркелдіқызы — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының магистрі (Қазақстан Республикасы, Қосшы қ.)
ЗАҢ ШЫҒАРУҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСТАМАЛАР
Түйін. Бұл мақалада авторлар қайталанатын қылмыстың детерминанттары мен олардың алдын алу тетіктерін кешенді зерттеу нәтижелерін ұсынады. Негізгі назар заңнамалық бастамаларға, атап айтқанда, қолданыстағы бес заңды біріктіретін «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа шоғырландырылған заң жобасына сыни талдау жасауға бағытталған. Авторлар қолданыстағы нормативтік базаға мониторинг жүргізіп, бірқатар жүйелі мәселелерді анықтайды: қылмыстық заңнамадағы өзгерістердің жоғары динамикасы құқықтық тұрақсыздық тудырады, ал ұсынылған реформаларда қайталанатын нормалар кездеседі.
Жұмыста пробация туралы заңнаманы әкімшілік қадағалау нормаларымен бірге жалпы алдын алу шараларынан бөлек блокқа біріктіру қажеттілігі негізделеді. «Жақындауға тыйым салу» және «қорғау нұсқамасы» ұғымдарының мазмұндық ұқсастығы сияқты құқықтық қайшылықтарды анықтауға ерекше көңіл бөлінген. Зерттеу әдістемесі реттеушілік әсерді талдауға және криминологиялық факторларды (экономикалық, әлеуметтік және психологиялық) зерделеуге негізделген. Жұмыс қорытындысы бойынша авторлар заң шығару процесін жетілдіру бойынша дәлелді ұсыныстар тұжырымдады. Олардың қатарында түзетулерді қабылдағанға дейін міндетті сараптамалық талдау жүргізу және бірлесіп талқылау шаралары бар, бұл қайталанатын қылмыстардың алдын алу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: алдын алу, құқық бұзушылықтар, пробация қызметі, әкімшілік қадағалау, қорғау нұсқамасы, ұйымдастырушылық-практикалық шаралар, ішкі істер органдары, әлеуметтік қорғау.
Түсіп Төлеген Амантайұлы — главный научный сотрудник Межведомственного научно-исследовательского института Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратре РК (Республика Казахстан, г. Косшы);
Каиржанова Дина Каиркельдиновна — ведущий научный сотрудник Межведомственного научно-исследовательского института Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратре РК, магистр юридических наук (Республика Казахстан, г. Косшы)
НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ЗАКОНОДАТЕЛЬНОЙ ИНИЦИАТИВЫ В СФЕРЕ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙ
Аннотация. В данной статье авторы представляют результаты комплексного исследования детерминант рецидивной преступности и механизмов их нейтрализации. Основное внимание уделяется критическому анализу законодательных инициатив, в частности новому консолидированному законопроекту «О профилактике правонарушений», который объединяет пять действующих законов. Авторы проводят мониторинг текущей нормативной базы и выявляют ряд системных проблем: высокую динамику изменений в уголовном законодательстве, создающую правовую нестабильность, и наличие дублирующих норм в предлагаемых реформах.
В работе обосновывается необходимость интеграции законодательства о пробации с нормами об административном надзоре в отдельный блок, отличный от общих мер профилактики. Особое внимание уделено выявлению юридических коллизий, таких как содержательное сходство «запрета на приближение» и «защитного предписания». Методология исследования базируется на анализе регуляторного воздействия и изучении криминологических факторов (экономических, социальных и психологических). По итогам работы авторами сформулированы аргументированные предложения по совершенствованию законотворческого процесса, включающие обязательный предварительный экспертный анализ и общественное обсуждение до принятия окончательных поправок, что позволит повысить эффективность предупреждения повторных преступлений.
Ключевые слова: профилактика, правонарушения, служба пробации, административный надзор, защитное предписание, организационно-практические меры, органы внутренних дел, социальная защита.
Tusip Tolegen Amantaiuly — chief researcher at the Interdepartmental Research Institute of the Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General’s Office of the Republic of Kazakhstan (Republic of Kazakhstan, Kosshy);
Kairzhanova Dina Kairkeldinovna — leading researcher at the Interdepartmental Research Institute of the Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General’s Office of the Republic of Kazakhstan, master of law (Republic of Kazakhstan, Kosshy)
SOME ISSUES RELATED TO LEGISLATIVE INITIATIVES ON THE PREVENTION OF OFFENSES
Annotation. This article presents the findings of a comprehensive study regarding the determinants of recidivism and the mechanisms for their prevention. The primary focus is placed on a critical analysis of legislative initiatives, specifically the new consolidated Draft Law «On the Prevention of Offenses», which integrates five existing statutes. Through monitoring current legal acts, the authors identify systemic issues, including high volatility in criminal legislation-which fosters legal instability-and the presence of redundant norms within the proposed reforms.
The study substantiates the necessity of integrating probation legislation with administrative supervision into a distinct legal framework, separate from general prevention measures. Particular attention is devoted to identifying legal conflicts, such as the conceptual overlap between «approaching prohibitions» and «protective injunctions». The methodology is based on regulatory impact assessment and the study of socio-economic and psychological criminological factors. Ultimately, the authors formulate reasoned proposals to improve the legislative process, advocating for mandatory preliminary expert analysis and public discussion prior to the adoption of amendments to enhance the effectiveness of preventing repeat offenses.
Keywords: prevention, offenses, probation service, administrative supervision, protective injunction, organizational and practical measures, law enforcement agencies, social protection.
Кіріспе. Криминологтардың пікірінше, қылмысқа 250-ден астам факторлар әсер етеді, оларды мазмұны бойынша сыртқы (экономикалық, саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық және т.б.) және ішкі (қылмыстық қайталану және кәсібилік, қылмыстық өзін-өзі ұйымдастыру) деп бөлуге болады.
Мысалы, инфляция мен жұмыссыздық, сондай-ақ тұрғын үй, азық-түлік және әртүрлі тұтыну тауарлары бағасының жоғары деңгейі азаматтардың қаржылық әл-ауқатына әсер етуі мүмкін.
Жеке адамдар табыс табудың қылмыстық әдісін таңдайды.
Тағы бір маңызды себеп — алкоголь мен психоактивті заттардың әсері, оларды қолдану құқық бұзушылықтардың санына тікелей әсер етеді.
Қоғамның тағы бір келеңсіз қоздырғышы — құқықтық нигилизм және жекелеген азаматтардың өзіндік санасының төмен деңгейі.
Осылайша, жалпы алғанда, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, рухани-адамгершілік, әлеуметтік-психологиялық және мәдени орта саласындағы жекелеген факторлардың жиынтығы қылмыс деңгейіне тікелей әсер етеді.
Материалдар және әдістер. Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күресті құқықтық реттеуді жетілдірудің негізгі бағыттары төмендегідей.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған ұлттық заңнаманың негізі қаланып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар заңдар қабылданды.
Сонымен қатар, сарапшылар атап өткендей, заң шығару қызметі көбінесе ықтимал тәуекелдерді мұқият талдамай, асығыс қорытындыларға негізделеді. Нәтижесінде әрбір дерлік заңнамалық акт өзінің бірінші жылында түзетіледі.
Мысалы, заң шығарушы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне 10 жыл ішінде 100 рет, Қылмыстық кодекске 98 рет (орта есеппен жылына 10 түзету) түзетулер енгізді.
Заң шығарушы қабылдаған түзетулердің жиілігі отандық заңнаманы жетілдіруге бағытталған, ал тұрақсыздық жалпы құқық қорғау органдарының жұмысында қиындықтар туғызады.
Тәжірибе көрсеткендей, профилактикалық іс-шаралар 2 кезекті кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең — қылмыстарды тудыратын себептерді және оларды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау.
Екінші кезең — анықталған себептер мен шараларды жоюға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асыру.
Жоғарыда айтылғандардан кейін еліміздегі құқық бұзушылық деңгейін төмендету үшін жазаны қатайту призмасы арқылы ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту арқылы құрылған кешенді бағдарлама қажет деп есептейміз.
Талқылау және нәтижелер. Заңнамалық шаралар.
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алқасының кеңейтілген отырысында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жаңа бірыңғай заң «әзірлеуді тапсырды.
Жоғарыда аталған заң жобасын қарау қорытындысы бойынша авторлар ұжымы өз түзетулерін ұсынды.
Белгілі болғандай, аталған Заң жобасы 5 біртекті заңдарды (2010 жылғы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», 2009 жылғы, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», 2004 жылғы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», 1996 жылғы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы», 2004 жылғы «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы») біріктіреді.
- Біздің ойымызша, аталған заң жобасын әзірлеу барысында заң жобасын әзірлеушілермен 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-VІ Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңы (бұдан әрі — Пробация туралы заң) назардан тыс қалдырылған[1].
Осылайша, аталған Заңның 1-бабының 2-тармағына сәйкес пробацияның мақсаты:
1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
2) сотталған адамды әлеуметке қосу;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Осы баптың 3-тармағына сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:
1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;
3) өздеріне қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамды босатуға дайындау.
Сонымен, Пробация туралы заңда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған белгілі бір ережелер бар.
Осыған байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ұқсас және біртекті 5 заңды біріктіру кезінде Пробация туралы заңның бір мезгілде қаралмағаны белгісіздік тундатады.
5 заңның бірігуі кезінде осы Пробация туралы заңды неге бір мезгілде қарастырмағаны туралы белгісіздік туындайды.
- Сонымен қатар, 85 баптан тұратын ұсынылған заң жобасы алдыңғы 5 заңмен салыстырғанда анағұрлым күрделі және болашақта құқық қолданушыларда белгілі бір қиындықтар мен қолайсыздықтар тудыруы мүмкін.
Біздің ойымызша құқық қолданушыға ыңғайлы және жеңіл болу үшін жоғарыда аталған Заң жобасынан «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңын алып тастап[2], оны «Пробация туралы» Заңмен бірге бөлек заңға біріктіру қажет деп санаймыз.
Бұл заңдар өз мазмұнының мәні бойынша анағұрлым ұқсас және екеуі де соттылығы бар және түзеу мекемелерінде жазасын өтеген адамдармен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың жұмысына бағытталған.
Өз кезегінде, 2010 жылғы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», 2009 жылғы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», 2004 жылғы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдар өз мазмұнының мәні бойынша адамдардың неғұрлым кең ауқымын қамтиды (қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардан басқа, бұл заңдардың ықпалы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылады), сондай-ақ мазмұны жағынан біртекті, жақын болып табылады және бір заңға біріктірілуі мүмкін.
- Бұдан басқа, ұсынылған заң жобасында қосымша пысықтауды қажет ететін келесідей қақтығыстар орын алған.
Мысалы, «Жақындауға тыйым салу» 52-бабын енгізу қажеттілігі белгілі бір сұрақтар туғызады, ол мәні бойынша «Қорғау нұсқамасы» 60-бапқа ұқсас.
Осылайша, 60-баптың 3-бөлігіне сәйкес «Қорғау нұсқамасы» ‑ «Қорғау нұсқамасымен жәбірленушінің еркіне қарамастан, кәмелетке толмағандарды және (немесе) оның отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, өзге де тәсілдермен іздестіруге, қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы келіссөздер жүргізуге және онымен байланысуға зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады».
Сонымен қатар, 52-баптың 1-бөлігіне сәйкес жақындауға тыйым салу — «жақындауға тыйым салу күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны оларды қорғау мақсатында жәбірленушімен және іске қатысатын өзге де адамдармен іздестіруді, қудалауды, баруды, телефон арқылы сөйлесуді және өзге де тәсілдермен сөйлесуді шектеуден тұрады».
Осылайша, 52-баптың 1-бөлігі «Жақындауға тыйым салу» және 60-баптың 3-бөлігі «Қорғау нұсқамасы» олардың мазмұнының мәні бойынша ұқсас және бірдей. Мұндай жағдайда біз «Жақындауға тыйым салу» 52-бабының енгізілуі мүмкін емес деп санаймыз.
- Сондай-ақ, заң жобасының авторлары ІІМ, ҚМА, СЖҚІҚА құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша өкілеттіктері мен функционалдарын мұқият мазмұндай келе, өз кезегінде сондай күштік ведомство болып табылатын және функционалдық өкілеттіктері мен міндеттеріне сәйкес өз құзыреттері шеңберінде азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын ҰҚК назардан тыс қалдырғанын атап өткен жөн.
- Сонымен қатар, алдын алу субъектілерінің құзыреттері жазылған баптардың мазмұны қайта пысықтауды талап етеді, өйткені онда мазмұндалған өкілеттіктер мен функционалдар бірнеше рет қайталанады. Мысалы, ІІО құзыретінде (13-бап) 19 және 21-тармақтарда қайталанады.
Қорытынды. Жүргізілген талдау негізінде келесі қорытындыларға келдік:
Алдын алудың жүйелі тәсілі: Қайталанатын қылмыс деңгейін төмендету тек жазаны қатайту арқылы мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды және азаматтардың құқықтық мәдениетін жақсартуға бағытталған кешенді бағдарламаларды іске асыру қажет.
Заңнама құрылымын оңтайландыру: Бес заңды біріктіру туралы ұсыныс түзетуді талап етеді. Соттылығы бар адамдармен жұмысты (пробация және әкімшілік қадағалау) жеке заңнамалық актіге бөліп, ал жалпы алдын алу шараларын (кәмелетке толмағандар мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты) шоғырландырылған жоба аясында қалдырған жөн.
Қайшылықтарды жою: Алдын алу субъектілерінің функциялары мен құқықтық институттардың қайталануын болдырмау қажет. Атап айтқанда, «жақындауға тыйым салу» нормаларын қайта қарау және алдын алу субъектілерінің тізіміне ұлттық қауіпсіздік органдарын қосу ұсынылады.
Заң шығару сапасы: «Құқықтық тұрақсыздықты» жеңу үшін заң шығарушы асығыс түзетулер енгізуден бас тартуы тиіс. Кез келген өзгерістер криминалдық тәжірибені терең талдауға сүйенуі және сарапшылар қауымдастығымен бірлескен талқылаумен сүйемелденуі керек.
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-VІ ҚРЗ «Пробация туралы» // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000038 (жүгіну мерзімі: 20.06.2025).
- Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 28 Заңы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000028_ (жүгіну мерзімі: 17.08.2025).
References
- Қazaқstan Respublikasynyң Zaңy 2016 zhylғy 30 zheltoқsandaғy № 38-VІ ҚRZ «Probaciya turaly» // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000038 (zhүgіnu merzіmі: 20.06.2025).
- Қazaқstan Respublikasynyң 1996 zhylғy 15 shildedegi № 28 Zaңy «Bas bostandyғynan ajyru oryndarynan bosatylғan adamdardy әkimshilik қadaғalau turaly» // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000028_ (zhүgіnu merzіmі: 17.08.2025).
