admin 30.01.2026

МРНТИ 10.81.00

УДК 343.9

Климова Лилия Адилбековна — Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі (Қазақстан Республикасы, Орал қ.)

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түйін. Мақалада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың психологиялық ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылады. Сонымен қатар, жас­өс­пірімдік кезеңге тән психологиялық даму заңдылықтары, тұлғалық қалыпта­су­дың негізгі кезеңдері және олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтың пайда болуына ықпалы талданады. Жасөспірімдердің эмоциялық тұрақсыздығы, импульсивтілігі, агрессия деңгейі, өз-өзіне баға беру ерекшеліктері мен әлеуметтік бейімделу дең­гей­і­нің төмен болуы құқық бұзушылықтың психологиялық алғышарттары ретінде си­пат­талады. Отбасылық тәрбиенің рөлі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қа­ты­настың сапасы, әлеуметтік ортаның, әсіресе құрдастар тобының әсері ерекше атап өтіледі. Құқық бұзушы жасөспірімдердің мінез-құлқындағы девиантты көрі­ніс­тердің психологиялық сипаттамасы беріліп, олардың заң нормаларын қабылдау және жауапкершілікті сезіну деңгейі талданады. Кәмелетке толмағандар арасын­да­ғы құқық бұзушылықтың алдын алуда психологиялық профилактиканың маңыз­дылығын көрсетеді. Жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық түзету және ал­дын алу жұмыстарының негізгі бағыттары ұсынылып, білім беру ұйымдары, от­басы және әлеуметтік институттардың бірлескен әрекетінің қажеттілігі негізде­леді. Мақа­лада қарастырылған тұжырымдар педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкер­лер және құқық қорғау саласының мамандары үшін тәжірибелік маңыз­ға ие.

Түйінді сөздер: кәмелетке толмағандар, құқық бұзушылық, жасөспірім психологиясы, агрессия, отбасылық тәрбие, девиантты мінез-құлық, әлеуметтік орта, жауапкершілік.

Климова Лилия Адилбековна — старший преподаватель кафедры истории и права Западно-Казахстанского инновационно-технологического университета, магистр юридических наук (Республика Казахстан, г. Уральск)

ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ПРАВОНАРУШЕНИЙ СРЕДИ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ

Аннотация. В статье комплексно рассматриваются психологические особен­нос­ти правонарушений среди несовершеннолетних. Кроме того, анализируются за­кономерности психологического развития, характерные для подросткового воз­раста, основные этапы формирования личности и их влияние на возникновение про­тивоправного поведения. Эмоциональная неустойчивость подростков, импуль­сив­ность, уровень агрессии, особенности самооценки и низкий уровень соци­аль­ной адаптации характеризуются как психологические предпосылки правонару­ше­ния. Особо подчеркивается роль семейного воспитания, качество отношений меж­ду родителями и детьми, влияние социальной среды, особенно группы сверст­ни­ков. Дается психологическая характеристика девиантных проявлений в поведении подростков-правонарушителей, анализируется уровень их принятия норм права и чувства ответственности. Показывает важность психологической профилактики в профилактике правонарушений среди несовершеннолетних. Предложены основ­ные направления психологической коррекционной и профилактической работы с подростками, обоснована необходимость совместной деятельности организаций об­разования, семьи и социальных институтов. Выводы, рассмотренные в статье, имеют практическое значение для педагогов, психологов, социальных работников и специалистов правоохранительной сферы.

Ключевые слова: несовершеннолетние, правонарушения, подростковая психология, агрессия, семейное воспитание, девиантное поведение, социальная среда, ответственность.

Klimova Lilia Adilbekovna — senior lecturer at the Department of History and Law of the West Kazakhstan University of Innovation and Technology, master of law (Republic of Kazakhstan, Uralsk)

PSYCHOLOGICAL FEATURES OF JUVENILE DELINQUENCY

Annotation. The article comprehensively examines the psychological features of juvenile delinquency. In addition, the patterns of psychological development characteristic of adolescence, the main stages of personality formation and their impact on the occurrence of illegal behavior are analyzed. Emotional instability of adolescents, impulsivity, aggression level, peculiarities of self-esteem and low level of social adaptation are characterized as psychological prerequisites of offense. The role of family education, the quality of relations between parents and children, and the influence of the social environment, especially peer groups, are particularly emphasized. The psychological characteristics of deviant manifestations in the behavior of juvenile offenders are given, the level of their acceptance of the norms of law and a sense of responsibility is analyzed. It shows the importance of psychological prevention in the prevention of juvenile delinquency. The main directions of psychological correctional and preventive work with adolescents are proposed, the need for joint activities of educational organizations, families and social institutions is substantiated. The conclusions discussed in the article are of practical importance for educators, psychologists, social workers, and law enforcement professionals.

Keywords: minors, offenses, adolescent psychology, aggression, family upbringing, deviant behavior, social environment, responsibility.

 

Кіріспе. Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқа­рар іс-әрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толма­ған­дар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкей­тесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар бол­ған жасөспірімдердің саны азаяр емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар еліміздің болашағы. Жастар қоғамымыздың жү­рек дүрсілі, өзегі. Құқықтық білім беруді қалыптастырудың маңыздылығы қоғамда болып жатқан әлеуметтік үдерістердің жоғары динамизмі мен әлеуметтік-техни­калық қажеттіліктердің жоғарылауымен ғана емес, ғылыми-техникалық өркендеу талаптарының жоғарылауымен де тығыз байланысты. Саяси өмірдің әртүрлі мәсе­ле­лерін кәсіби, терең түрде түсіну үшін, заманауи қоғамның барлық салала­рын­дағы динамикалық өзгерістерді анықтау үшін жақсы ойлау қабілеті, дүниет­аным­дық көзқарасқа сенімділік және жүйелі құқықтық ұстаным болуы қажет. Тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі- жас жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру болып табылады. Құқықтық тәрбие беру[1] орта және жоғары сынып оқушылары үшін өте маңызды. Жасөспірімдік кезең — бұл құқықтық тәрбиеге қалыптас­ты­рудың ең қолайлы кезеңі. Осы жастағы оқушылар құқық, еркіндік жөніндегі ақпа­раттарды және заңды толық түсіне алады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты- мемле­кет­тің заңын құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің бастамасы оқу­шы­ларға терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Терминдік түсініктерді еркін мең­геру арқылы оқушы жауапкершілікті сезініп, іс-әрекеттің құқықтық жағын сара­лай­тын болады. Жасөспірімдік кезең — есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл к­езеңде өзгерістер, әсіресе өзара қарым-қатынастағы өзгерістер жедел түрде бола­ды. Білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдердің ар- намыс сезімдері алда тұрады, парыз, серіктестік, ғашықтық сезімдерге бой алу басым болады. Жасөспірімдер бір-біріне жоғары моральдік талаптар қояды. Бір-бірімен дос болуда сабақты жақсы оқу қасиеттері аса маңызды болмайды, тек адамгершілік қасиеттеріне көп мән береді: жолдастарын батылдығы, ерлігі, қиын сәттерде көмек көрсету т.б қа­си­еттеріне қарап бағалайды. Достық қарым-қатынас орнату қажеттілігі тән бола­ды, яғни, достарымен әңгімелескенді ұнатады, достықты жоғары бағалайды және келіспеушіліктер болса соған қатты алаңдайды. Жасөспірім жеке тұлға болып то­лық қалыптаспағандықтан және әлі қоғамдық ортада өз орнын таппағандықтан, осы кезеңде оқушыларға отбасы тарапынан, мектептен, қоғамнан әлеуметтік бақы­лауды күшейту керек. Өйткені, жасөспірімге ата-аналардың ықпалынан гөрі ара­ла­сатын ортасының, топтардың ықпалы басымырақ болады және бұл жасөспі­рімдерде қоғамға қарсы жат әрекеттерге бейім болу қылықтарының көбеюіне бір­ден-бір себеп болушы фактор.

Материалдар мен әдістер. Материалдар отандық және шетелдік зерттеуші­лер­дің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың психология­лық ерекшеліктері мәселелері бойынша жұмыстары болды. Жалпы ғылыми тал­дау, синтездеу, салыстыру және модельдеу әдістері қолданылды.

Талқылау және нәтижелер. Қазіргі таңда біздің өсіп келе жатқан ұрпақты салауатты дамуына егеменді де, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан демократиялық және қиын-қыстау өтпелі кезеңдерде біздің жастарымыздың арасында, соның іш­ін­де атап айтсақ кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздық болып тұр. Соң­ғы жылдары республикада өсіп келе жатқан кәмелетке толмағандар арасында және жастардың төмендегі статистикалық мәліметтеріне қарайтын болсақ, өкі­ніш­ке орай, қарастырылып отырған тұлғалар арасындағы қылмыстылық өршуде. Кә­ме­лет­ке толмаған құқық бұзушылықтармен сақтандыру жұмысын жұмысын тиімді жүр­гі­зуге кедергі болатын бір жағдай-қоғамға қайшы әрекет жасаған жасөспірім­нің 70 %-ы кейін өзінің қылмыстық ортасына қайтып оралады. Сол себепті соңғы он жыл­дықта сақтандыру жұмысын жүргізуге мәжбүр ететін жеткіншіктердің са­ны жоғары деңгейде тұр. Яғни олардың әртүрлі сылтаулармен қоғамға қайшы әре­кет жасау дағдылары бойға орнығуда, қылықтары ересектерден кем түспейді. Сон­дық­тан бүгінгі жеткіншіктер арасындағы зорлықшыл зерделеу проблемасы өзекті мә­се­леге айналды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қолымен жасалған қыл­мыс­тардың саны өсіп бара жатыр. Олардың негізгі себептері атай кетсек төмен­дегідей:

Бірінші себепте, ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы. Жеткілікті болған­ның өзінде тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Қазіргі ата-аналардың тәрбиесі бұрынғы­мен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Нәтижесінде ата-аналар балаларына кері тәр­бие береді, яғни атап айтатын болсақ көшеде келе жатып бір-бірімен соқтығысып қалған жағдайда, кешірім сұрап әрі қарай кете берудің орнына, олардың ата-аналары оларға тек өзінікін дұрыс, өзгенікін бұрыс деп тәрбиелейді. Ал сол тәрбие­ні көріп өскен жас бала ертеңгі күні біреуге жамандық жасаса да өзінікін дұрыс деп санайды. Сол кезде ол жасы кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру өте тым кеш болады. Әрине тәрбие ошақ басынан, содан кейін қазіргі таңда мектептегі мұ­ға­лімдерінің беделінің төмен түскендігі де байқалады. Бұл да қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Екінші себеп — қоғамдағы қылмыстың артуына нашақорлық пен алкоголизм­нің салдары болып тұр. Әрине, ішкен адам өзінің жасаған әрекетіне, мінезіне жауап беруі өте қиын және ол мас күйінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін тіпті ойламайды. Сондықтан аталған мәселені шешпейтін болсақ, біз жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайту мүмкін емес.

Үшінші себеп — құқық қорғау органдарындағы заңсыздық мәселесі. Бір бала қылмыс жасаса және оны бәрі біледі. Ал осы кезде құқық қорғау органдары әлгі ба­лаға жаза қолданудың орнына басқа заңдылыққа жатпайтын шараларды қолда­нып, көз жұмып отыра береді, ал бұл жағдай келесі балаға теріс әсер етеді. Осы оқи­ғаны көрген жастар жазадан құтылуға болады деген ойға келеді. Нәтижесінде жасөсіпірімдер арасында заңға сенімсіздік пайда болады.

Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қатысты сұрақтар көбінесе экономи­ка­лық және әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта экономикалық жағдайдың нашарлауы мен қоғамдағы әлеуметтік шиеленістер жасөспірімдер ара­сын­дағы қылмыстың өсуіне елеулі әсер етеді. Ю. С. Жариковтың пікірінше, әлеу­меттік-экономикалық күйзеліс жасөспірімдер үшін ең үлкен қауіп төндіретін фак­торлардың бірі болып табылады, себебі олар әлеуметтік тұрғыдан ең осал топ бо­лып табылады. Осылайша, ересектерге қарағанда жасөспірімдер экономикалық қи­ыншылықтарға көбірек ұшырайды, бұл олардың қылмыс жасауына себеп болуы мүмкін. Қазіргі кезеңде жасөспірімдер өздерінің әлеуметтік және жастық ерекше­лік­теріне ие жеке топ ретінде қарастырылады, бұл олардың арасындағы қыл­мыс­тың алдын алу үшін нақты әрі тиімді тәсілді талап етеді.Осылайша, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі тек әлеуметтік- экономикалық жағдайға ғана емес, со­нымен қатар олардың психоэмоционалдық дамуына да тікелей әсер етеді. Сон­дықтан, алдын алу шаралары мен профилактиканың маңызы зор, себебі олар тек қыл­мыстың алдын алуға емес, жасөспірімдердің қоғамға толыққанды бейім­де­луіне де ықпал етеді. Бұл шаралар қылмыс жасаған жасөспірімдердің өздеріне де, қоғамға да үлкен зиян келтірмеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Лоубо Чжоума пі­кір­інше, «жасөспірімдер қылмысының алдын алу олардың қылмыстық әре­кет­терден қорғалуына, денсаулығы мен психологиялық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Бұл шаралар қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты сақтауға, қылмыс деңгейін төмен­детуге және қоғамдағы қауіпсіздік сезімін жақсартуға ықпал етеді»[2]. Бұл тұжырым жасөспірімдер қылмысының алдын алудың әлеуметтік, психологиялық және эко­но­микалық маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, алдын алу шаралары жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерді тиімді бағытта өзгертуге мүм­кіндік береді, осылайша болашақтағы қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Кәмелетке толмағандардың арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтың мемлекетке қадам басқан шақта қоғам­ға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рух та, жаңа көз­қараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Құқық бұзушылыққа басты себеп — баланың пайдалы әспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей оның бос сандалыстан көп өкініштерге ұрын­дырып жататыны айтпаса да түсінікті.

Сьюзан Янг, Бен Гриер және Ричард Чёрчтың айтуы бойынша, қылмыстық топ­тарға мүше жасөспірімдерде психикалық денсаулық мәселелері, мысалы, антисоциалды тұлғалық бұзылыс, алаңдаушылық бұзылыстары және СДВГ сияқ­ты аурулар жиі кездеседі. Мысалы, СДВГ жиілігі түрмедегі жасөспірімдер арасын­да 30,1 %-ды құрайды, ал жалпы жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 3-7 %-ды ғана құрайды. Бандалардың мүшелерінде депрессия және суицидтік ойлар қаупі де жоғары[3].

Бұл жасөспірімдердің психикалық жағдайын әлеуметтік реабилитация және қылмыстың алдын алу процесінде ескеру қажеттілігін көрсетеді. Жасөспірімдер қылмысы контекстінде «жауапкершілік» ұғымы маңызды рөл атқарады, себебі ол жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі ұғымымен байланысты. Жасөспі­рім­дердің қылмыстық әрекеттері көбінесе ересек қылмыскерлер үшін «қор» болып табылады, сондықтан жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы тиімді шаралар­ды қабылдау әлемнің барлық елдерінде қылмыстық құқықтың маңызды бағытына айналды[4]. Бұл жасөспірімнің құқық бұзушылық жасаған жағдайда өзінің әрекет­тері үшін заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін білдіреді, бірақ бұл оның жасына, жасаған іс-әрекетінің маңыздылығына және зиянның көлеміне бай­ланысты. Алайда, жасөспірімдерге қатысты жауапкершілік тек жазалау ғана емес, ол сонымен қатар олардың мінез-құлқын түзетуге және әлеуметтік өмірге оралу­ы­на бағытталған алдын алу шараларын да қамтиды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік белгілеу заңнамамен реттеледі, ол жасөспірімдер қашан және қан­дай жағдайда өз әрекеттері үшін жауапқа тартылатынын анықтайды. Көптеген ел­дерде жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін қоятын жастық шектер бел­гіленген, мұнда тек жас емес, сондай-ақ жасөспірімнің жасаған әрекетіне қатысты тү­сінігі мен жауапкершілігі де ескеріледі.

Қорытынды. Жасөспірімдер жауапкершілігіне қатысты маңызды бір аспект -бұл ерекше тәсіл қажет болатындығы, өйткені олар жеке тұлғаның қалыптасу ке­зеңінде тұр. Ересек адамдардан айырмашылығы, жасөспірімдер психо-социальды даму кезеңінде болғандықтан, оларға тек жазалау емес, реабилитация және алдын алу шаралары қолданылуы тиіс, бұл болашақта қылмыстардың қайталануының ал­дын алады. Осы тұрғыда жасөспірімдерге қатысты қылмыстық жауапкершілік тек жазалау құралы емес, сонымен қатар әлеуметтік реабилитация мен ресоциализа­ция­ның маңызды механизміне айналады, бұл келешекте құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Осылайша, жасөспірімдердің қылмыстық құқықтағы жау­апкершілігі — бұл тек қылмыс үшін жаза қолдануды ғана емес, сонымен қатар олар­дың мінез-құлқын түзету мен тәрбиелеуге бағытталған шаралар кешенін қамтитын процесс, бұл процесс психо-педагогикалық факторларды ескеруді қажет ететін көпқырлы болып табылады. Қылмыстық құқықтағы жауапкершілігі — бұл тек қылмыс үшін жаза қолдануды ғана емес, сонымен қатар олардың мінез-құлқын түзету мен тәрбиелеуге бағытталған шаралар кешенін қамтитын процесс, бұл про­цесс психо-педагогикалық факторларды ескеруді қажет ететін көпқырлы болып та­былады. Бұл мәселелер қазіргі заманғы құқық қорғау жүйесіне қосымша қиын­дық­тар туғызады, өйткені жастар арасындағы қылмыстың ықтимал көздері көбінесе интернет-құбылыстар мен әлеуметтік желілерден туындайды.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы еліміздегі білім беру ұйымдарының әлеу­мет­тік міндеті — жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру және олардың әр­қайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Сатыбалды Л. Формы вовлечения несовершеннолетних в преступную деятельность. — Алматы, 1999.
  2. Luobu Zhuoma The importance of Preventing Juvenile // Economics and Policy. — 2024. — №7(3). P. 162.
  3. Susan Young, Ben Greer, Richard Church Juvenile delinquency, welfare, justice and therapeutic interventions: a global // National Library of Medicine. — 2017. — № 41(1). — P. 21-29.
  4. Турунова М. Н. Характеристика преступности несовершеннолетних, обус­лов­ленной влиянием сети интернет // Вестник Алтайской академии экономики и права. — 2021. — № 9-1. — 99-103 б.

References

  1. Satybaldy L. Formy vovlecheniya nesovershennoletnikh v prestupnuyu deyatel’nost’. — Almaty, 1999.
  2. Luobu Zhuoma The importance of Preventing Juvenile // Economics and Policy. — 2024. — №7(3). P. 162.
  3. Susan Young, Ben Greer, Richard Church Juvenile delinquency, welfare, justice and therapeutic interventions: a global // National Library of Medicine. — 2017. — № 41(1). — P. 21-29.
  4. Turunova M. N. Kharakteristika prestupnosti nesovershennoletnikh, obus¬lov-lennoy vliyaniyem seti internet // Vestnik Altayskoy akademii ekonomiki i prava. — 2021. — № 9-1. — 99-103 b.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*