Хон Л.О. — Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция капитаны;
Бақытқалиұлы Н. — 2 курс магистранты Қазақстан Республикасы З. Алдамжар атындағы Қостанай Әлеуметтік-техникалық Университеті
ҚАЖ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТ ПЕН БӨЛІМДЕРДІҢ ӨЗАРА ТИІМДІ ӘРЕКЕТІСТІГІ – ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ
ЭФФЕКТИВНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ ОТДЕЛОВ И СЛУЖБ УЧРЕЖДЕНИЙ УИС КАК ОДНО ИЗ НАПРАВЛЕНИЙ РАЗВИТИЯ ПЕНИТЕНЦИАРНОЙ СИСТЕМЫ
EFFECTIVE INTERACTION BETWEEN DEPARTMENTS AND SERVICES OF PENAL SYSTEM INSTITUTIONS AS ONE OF THE DIRECTIONS OF DEVELOPMENT OF THE PRISON SYSTEM
Түйінді сөздер: сотталғандармен тәрбие жұмысы, бөлімдер мен қызметтердің өзара әрекеттесуі, ҚАЖ мекемелері.
Ключевые слова: воспитательная работа с осужденными, взаимодействие отделов и служб, учреждения УИС.
Key words: educational work with convicts, interaction of departments and services, penal institutions.
Қазақстан Республикасының құқықтық саясаттың тұжырымдамасымен сәйкес 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде қылмыстық-атқару жүйесінің (әрі қарай, ҚАЖ) қайта құру бағыттарының бірі, әзірше жаза компоненттерінің басымдылығы артқан, бас бостандығынан айыру мекемелерінде жазасын өтіп жатқан сотталғандарға қатысты тәрбиелеу компонентін көтеру болып табылады. Атап айтқанда, жазаны орындауды даралау принциптің негізінде сотталғандарға түзету және тәрбиелік ықпал ету мазмұнын, нысандары мен әдістерін одан әрі дамыту қажет[1].
Сотталған, айыпталған және күдіктілерге қатысты тәрбиелік, әлеуметтік және психологиялық жұмыстың тиімділігінің негізгі шарттарының бірі кешенді тәсіл болып табылады. ҚАЖ мекемелерінің қызметі мен әр түрлі бөлімдерінің өзара әрекеттестігі ең бастысы болып, әр түрлі қызмет тіркесімен түзету және тәрбиелік процестерін ұйымдастыру мен реттеу кезінде, тұлғалардың осы санаттарға қолданылатын психологиялық және педагогикалық, құқықтық құралдар мен әдістердің алуан түрлі ғана емес екенін түсініп айта кету керек.
ҚАЖ мекемелерінде өзара әрекеттестігі-ортақ тапсырмаларды шешу бағытында бір ҚАЖ мекеменің ішінде қызмет пен барлық бөлімдер қызметкерлердің әрекет келісімі. Қазақстан Республикасының ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен бөлім қызметкерлері тиісті күштерді,құралдарды және әдістерді қолдана отырып, өз құзырет шегінде әрекет етеді. ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен әр түрлі бөлімдер арасындағы бірлескен қажеттілігі үш негізгі фактормен анықталады:
ҚАЖ мекемелерінің қызметі нақты жағдайларымен, жедел, тәрбие бөлімдері, өндірістік және басқа да қызметтердің өзара тиісті көмек болмаса жұмыс істей алмайды.
Сотталушының жеке басының күрделілігі, көп факторлы сипаты, жан-жақты зерттеуді және әсер етуді қажет етеді. Бас бостандығынын айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғалар – тәрбиелік, оқу, өндіріс және алдын алу процесіне қатысуы керектігі белгілі фактор, өйткені бас бостандығынан айырылып, түзету жолында жүрген сотталғандарға мұндай шаралар тек оң нәтиже береді.
Сонымен, үшінші фактор – ҚАЖ мекемелерінің барлық қызметтері үшін мақсат мен міндеттердің бірлігі сотталғандарды түзету. Әрине, қызметтердің әрқайсысы ортақ мақсатқа жету үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады[2].
Өзара әрекеттесушілік өзімен-өзі байқалмайтындығы белгілі. Ол, ҚАЖ мекемелерінің барлық деңгей басшыларының тек белсенді қызметі арқылы ғана жұмыс істейді. Осыған байланысты, оларға бағынышты қызмет пен бөлімдердің айқын және үздіксіз өзара әрекеттесуін ұйымдастыру мен қолдау көрсету арқылы, алдына қойған мақсатты сәтті шешуге міндеттер мен бағыттарды, уақытты үйлестіруді қол жеткізу- басшылардың міндеті болып табылады.
ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен бөлімдердің әрекеттесуіне байланысты, уақыт сипаттамаларына қарай уақытша және тұрақты болып ажыратылады. Бірінші түрге, өзара әрекеттесуші қызметтердің қысқа мерзімді бірлестікті талап етіп, оны жүзеге асыру үшін, салыстырмалы түрде көлемі жағынан үлкен емес, нақты міндеттерді шешуге бағытталады.
ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен бірнеше бөлімдердің және өмір бойлық бақыланатын осы бөлімшелердің үнемі күш біріктіруді қажет етіп, барлық мерзіміне белгілі бір функцияны іске асыруды орын табатын тұрақты әрекеттесу болып табылады. Солай, қылмыстық-атқару функциясының әрекеттесуі ҚАЖ мекеме қызметтерінің барлық қауіпсіздік түрлерінің тұрақты өзара әрекеттесу шараларын қажет етеді. Қазақстан Республикасының ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен барлық бөлім қызметкерлерінің тиісті түрде ұйымдасқан өзара әрекеттестігі эпизодтық күшті емес, үнемі күш біріктіруді талап етеді.
Осы аталған өзара әрекеттесулердің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие: ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен бөлімдердің арасындағы тұрақты өзара әрекеттестікті ұйымдастырған кезде, берік байланыс орнатылады, олардың қызметкерлері бір-бірінің қызмет ерекшелігін жақсы біле бастайды, оларға қажетті ақпаратты алуға оңайырақ болады. Басқа сөзбен айтқада, тұрақты өзара әрекеттестік, сәтті бірлескен қызметті жүзеге асыруға өз сипатымен алғышарттарды жасайды[3].
Уақытша өзара әрекеттестік үшін, керісінше, берілген факторлар оған тән емес, бұл әрине, ұйымдастырушылықты қиындатады.
ҚАЖ мекемелерінің өзінің күнделікті қызметінде жүзеге асыратын функциялардың біртектілігі дәрежесі бойынша, әр түрлі тапсырмаларды орындайтын және біртекті мазмұнындағы мәселелерді шешетін қызмет пен мекемелердің өзара әрекеттестікті ажыратады.
Біртекті мәселелерді шешетін қызмет пен бөлімдер үшін, бұл жағдайда бірлесе жұмыс жасайтын қызметкерлердің бір-бірінің қызметтерінің ерекшеліктерімен таныс болғаны тән. Бұл олардың әрі қарай бірлескен қызметі мен алға қойылған міндеттерді сәтті орындау үшін қолайлы жағдай туғызады, өйткені өзара әрекеттестескенде, мысалы, ҚАЖ мекемелерінде қылмыстар мен түрлі қылмыстар жасауды алдын алуды бөлімі мен режим бөлімі бақылау мен күзету бөлімдері, жедел тапсырмаларды орындаған кезде көрінеді.
Мазмұны жағынан әр түрлі тапсырмаларды орындайтын қызмет пен бөлімдер арасында өзара байланысқан ҚАЖ мекемелері, ортақ тапсырмаларды орындауда олармен әр түрлі амал тәсілдерді қолдануы, ал кейбір жағдайларда, бір-бірінің қызмет ерекшеліктері жайлы нашар білетіндерінінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Мысалға, ҚАЖ мекемелерінде қылмысты алдын алу, деген тапсырманы психологиялық қызмет пен жедел бөлімінің қызметкерлері ортақ шеше алады, бірақ дегенмен, осы қызметтердің қызметкерлерінде алдын алу жұмыстарының әдіс пен тәсілдері әр түрлі болады[4].
ҚАЖ мекемелерінің жүйесінде өзара әрекеттесуші құрылымдардың атқаратын лауазымына қарай, көлденең және тік әрекеттесуді ажыратады.
Бірінші түрге, бір басқарушылық деңгейде орналасқан жүйенің осындай элементтермен өзара әрекеттестігі жатады. Мысалы, психологтар мен отряд жетекшілерінің өзара әрекеттестігі.
Тік әрекеттестікке жоғары мен төменгі деңгейдегі бөлімдер мен қызметтердің бірлесіп жұмыс істеуі мен ортақ тапсырмаларды шешетін әрекеттестік жатады. Мысалы, жедел қызметі мен режим бойынша мекеме бастығы орынбасарының режим, бақылау және күзет бөлімінің қызметкерлерімен мекемелерде қылмыстың алдын алу мен тәртіпті сақтау туралы мәселелерді білесіп талқылау, немесе тәрбие жұмыстары бойынша мекеме бастығы орынбасарымен психологиялық қызмет қызметкерлерін, жеке құраммен жұмыс жасайтын және кадр бөлімінің қызметкерлерін қатыстыра отырып, мекеме кадрларды іріктеу туралы мәселені бірлесіп талқылау.
Ортақ мәселелерді шешу жолдары бойынша, ҚАЖ мекемелерінің өзара әрекеттескен қызмет пен бөлімдердің тәуелсіз және бірлескен жұмыс жасауын бөлуге болады. Бірінші жағдайда, өзара әрекеттесетін бөлімдер мен қызметтердің қызметкерлері ортақ мәселелерді бір уақытта және бірегей шешеді, бұл олардың іс-әрекеттерін уақытында түзетуге қолайлы жағдайлар жасап, өзара бақылау мен жедел түрде ақпаратпен алмасуға көмектеседі. Олардың қызметтері бір-бірінің көз алдында тығыз байланыста өтетіндіктен,осыған қолайлы мүмкіндікті туғызады.
ҚАЖ мекелерінің өзара әрекеттесетін қызмет пен бөлімдер жалпы тапсырмаларды дербес шешкен кезде, оларды шешудің жолдарын ғана көрсетеді және осы қызметке тән жеке әрі нақты әдістерді бөлек орындайды.
Сонымен, ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен бөлімдердің арасындағы өзара әрекеттестік туралы мәселені қарастыра отырып, мекеме басшылығының жағынан нақты ұйымдастыру мен кейінгі бақылауды қажет ететін, өте күрделі процесс екенін атап өткен жөн. ҚАЖ мекемелерінің қызмет пен бөлім қызметкерлері өзара әрекеттесуінсіз толық жұмыс істей алмайды. Олар күштерді дұрыс біріктірудің нәтижесінде, ҚАЖ мекемелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін жағдай жасай алады яғни, бас бостандығынан айыру жазасын өтудің қажетті тәртібін қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару, қылмыстық заңнамасының негізгі мақсаттарының бірін- сотталғандарды түзетуді жүзеге асыра алады.
ТҮЙІН
Бұл ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріндегі сотталғандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың кейбір ерекшеліктері ашып көрсетіледі.
АННОТАЦИЯ
В данной научной статье раскрываются некоторые особенности профилактики правонарушений среди осужденных в учреждениях минимальной безопасности Республики Казахстан.
ANNOTATION
This scientific article reveals some features of the offenses preventive measures among convicts in the minimum security institutions of the Republic of Kazakhstan.
- [1] РФ Мемлекеттік тапсырысы «Ресей Федерациясының қылмыстық-атқару жүйесін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы туралы» 14.10.2010 ж-дан № 1772-т (23.09.2015ж-дан түз.) //СПС 1 http://www.consultant.ru/document/cons_doc_law_106055/ (шағымдану күні: 19.07.2018).
- [2] Өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түзеу колонияларының басқа органдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру: Коновалов А.Л.: заң кандидатының диссертациясы.: Рязань, 12.00.11. 239 б. 2005.
- [3] Анискина Н.В., Бобров А.М., Голодов П.В., Дербина О.В. Қылмыстық-атқару жүйесінде басқару негіздері: дәріс курсы. — Вологда: ВИПЭ ФСИН, 2015.
- [4] Сайфуллин Р.Р., Егорова И.П. Қазіргі кезеңде сотталғандарды ұстау режимін қамтамасыз ету кезінде қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелері мен бөлімдердің өзара әрекеттесуі // Ресей ФСИН ИПКР Киров ФКУДПО ғылыми еңбектердің Альманахы. Ғылыми және практика іс-шараларға қатысушылардың баяндамалар жинағы. — 2016. 218-220 Б.