admin 25.05.2019

Тоқатов Р.А. —  Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Сабырбек Ш.М. — Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің 4-курс студенті

УДК 343

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САТУ ЖӘНЕ ТЕНДЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИ И НОВЫЕ ПОДХОДЫ К ОРГАНИЗАЦИИ ПРОДАЖ И ТЕНДЕРНЫХ ОТНОШЕНИЙ

PUBLIC PROCUREMENT AND NEW APPROACHES TO THE ORGANIZATION OF SALES AND TENDER RELATIONS

Ключевые слова: тендер, государственные закупки, продажа, практика, аукцион, новые подходы, опыт.

Түйінді сөздер: тендер, мемлекеттік сатып алу сату, тәжірибе, аукцион, жаңа тәсілдер, тәжірибе.

Keywords: tender, public procurement, sale, practice, auction, new approaches, experience.

 

«Біздің ел өз тәуелсіздігін жариялап, Мемлекеттік егемендігі туралы ұлттық декларациясын қабылдаған сәттен бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырып отыр. Себебі сыбайлас жемқорлық қылмыстары ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, еліміздің ары қарай өркендеп дамуына кедергі тигізері сөзсіз. Демек елімізде бүгінгі күні өзекті болып отырған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қоғамға қауіптілігін мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей нұқсан келтіруімен көруімізге болады»[1].

Қазіргі күнде осы мәселе көптеген мемлекеттерді аландатып отырғандығының 1991 жылы БҰҰ бұл қылмысты халықаралық қылмыс деп тануыменен көруге болады.

Тендер жеңімпазы ең төмен бағаны ұсынатындар емес, ал кешендегі ынтымақтастықтың ең үздік шарттарын ұсынатындар болып табылады: төмен баға, жеткізу шарттары, тауарды немесе қызметті төлеу бойынша кейінге қалдыру, тауардың сапасы, өндіріс көлемі және т.б.

Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланыста болуы болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады. Сол себепті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану да адам факторының ықпалын барынша азайтады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басты орын алатын қатынастарының бірі тендерлік немесе мемлекеттік сатып алуға байланысты қатынастар болып отыр.

Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған заңда негізгі принциптердің бірі ретінде «сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу» принціпі көрсетілген.

Мәселен халықаралық тәжірибені зерттеп көретін болсақ оларда тендерлік қатынастардағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу үшін көптеген әртүрлі шаралар қалыптастырылады.

Ең алдымен сыбайлас жемқорлық қылмысы тоқтау үшін екі әлемге танымал кредо орын алуы тиіс. Біріншісі заңдылық қағидасының кез келген жағдайда үстемді болуы. Егер «Заңда бедел жоқ, заң беделділерге жұмыс істейді» деген жағдай орын алса сыбайлас жемқорлық тоқтамайды. Екіншіден билік пен бизнестің ара-жігін нақты ашу керек, яғни «кәсіпкер және лауазымды тұлға бір субъект» деген түсініктен арылуымыз керек. Әйтпесе лоббизм артып, бәсекелестік тоқтап қалады. Бәсекелестік жоқ жерде дамуда жоқ.

Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ тендерлер бойынша өткізілетін кейбір шет мемлекеттерінің тәжірибесін мысал ретінде негізге алуға болады.

Мәселен Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін негізге алып көрейік, «Олардың заңнамасы бойынша жол салу қызметін ұтып алған кәсіпкер компания шартқа қол қоймас бұрын мемлекетке жұмыс атқару жөнінде кепілдік төлемін салуы тиіс, әдетте кепілдік мөлшері шартын құнының 5-15% көлемінде төленеді»[2].

Одан кейін тендерді ұтып алған кәсіпкерлік компаниямен шарт жасалады. Осы көрсетілген Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін біздің мемлекетімізде қолданған тиімді болары анық. Тендерлік қатынастарда осындай мызғымас жүйені енгізу арқылы, осы саладағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдыртпауға жол ашылады.

Мысал ретінде келесі мемлекеттер қатарына Қытай мемлекетін алуға болады.  «Қытай мемлекетінің тендер өткізу тәжірибесіне қарасақ оларда тендерді жеңіп алған кәсіпкер егер шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған болса 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге тендерлерге қатысу құқығынан және лицензиясынан айырылып мемлекетке салынған кепілі мемлекет меншігіне өтеді, сонымен қоса бұл кәсіпорынын өз міндеттерін дұрыс атқармағаны туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа таратылады»[3]. Бұндай тендер өткізу сыбайлас жемқорлық қылмыстарының орын алуына тосқауыл болып, мемлекет қазынасына қол сұғуды болдыртпайды.

Біздің ойымызша «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 20-бабының 5-тармағына түзетулер енгізу керек деп есептейміз. Ол былай деп айқындалуы керек: «Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттке тиісті көлемде кепіл өткізуі керек, кепіл мөлшері шарттың құнының 10-15% көлемінде төленеді, тиісті төлем жүргізілгеннен кейін тендерді ұтып алған компания конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысады». Біз осы ұсынысты Қытай мемлекеттінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің заңнамасына сүйене отырып ұсынамыз.

Келесі мысал ретінде «инвистициялық ахуалы өте жақсы, бәсекелесу деңгейі өте жоғары, экономикалық бостандығы жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатардағы елдердің бірі, Сингапур мемлкеттін қарастырып өтейік»[4].

«Сингапур үкіметі бүкіл бақылау-қадағалау функцияларын өзіне қалдырып, қалған функцияларын коммерциялық әріптестеріне беріп аударады. Сондай-ақ, жеткізушілер тарапынан сервис сапасының деңгейі туралы келісімшарттық келісімдер де басты рөл атқарады». Сапаға қойылатын талаптар бұзылған немесе халықаралық стандарттарға мүлдем сәйкес келмеген жағдайда қатаң айыппұл және санкциялар қолданылады.

Нәтижесінде мемлекет өзінің шешімін барлық қолжетімді нарықтарға жылжыту үшін жеке серіктес компанияның әлеуеті мен білімін пайдаланады. Бұл ретте жеткізушілер тарапынан сервис сапасының деңгейі туралы келісімшарттық келісімдер басты рөл атқарды.

Сингапурда құрылған сатып алу жүйесіне саяси қайраткерлер бірнеше рет сілтеме жасаған, мысалы, Қырғызстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, депутат, экономист А. Жапаров, өз сөзінде осы елді — сатып алу саласындағы ең озық ел ретінде атап өтті.

Атап айтқанда, ол былай деді: «Мемлекеттік сатып алу туралы заңда кері қайтару туралы жазаны күшейту керек, тендер өткізу кезінде сөз байласудың қатаң жолын кесу қажет». Бұған мысал ретінде Сингапурда «қолды шабу» жазасы қолданылады[5]. Үкімет өте қатаң әрекет етеді, алайда Мемлекеттік сатып алу саласында Сингапурда сыбайлас жемқорлықтың ең аз үлесі байқалады деп атап өткен.

«Жеткізушілердің Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратпен танысуға, тендерлер туралы ақпаратты көшіріп алуға, сондай-ақ электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып, онлайн режимінде өз ставкаларын жасауға мүмкіндігі бар».

Сингапур үкіметі алдын ала ескертусіз жобаларды қайта қарау немесе жою құқығын өзіне қалдырады. Бұл өте дұрыс және мемлекетке ұтымды деп санаймыз.

Сингапурда рәсімдер тізімін процедуралардың аралас түрлерімен толықтыруға болады: – сатып алу саласында үкіметтің ресми серіктесі ретінде тіркелген кәсіпорындар арасында ашық сауда-саттық; – сатып алу саласында үкіметтің ресми серіктесі ретінде тіркелген кәсіпорындар арасында ашық екі кезеңді сауда ‒ саттық; – сатып алу саласында үкіметтің ресми серіктесі ретінде тіркелген кәсіпорындар арасында келіссөздер жүргізумен ашық сауда-саттық.

Үкіметтің сатып алу саласындағы ресми серіктесі ретінде тіркеуден өтпеген ұйымдар жоғарыда аталған сауда-саттыққа қатысуға жіберілмейді.

Келесі Филиппин мемлекеттін қарастырып өтейік. Филиппинде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелерін бюджет және басқару министрлігі жүзеге асырады. «Тіркелген пайдаланушылар ашық тендерлердің деректер базасына жалпы қолжетімділіктен басқа тендерлік құжаттаманы жүктеу және тапсырыс беру, тендерлердің жылдық жоспарына қол жеткізу, эл.бойынша хабарламалар алу мүмкіндігіне ие болады.

Біздің мемлекеттімізде де осындай қағидаттарға негізделген жүйе құру өте ұтымды және сөзсіз мемлекетімізге пайдалы болады деп санаймыз.

Жоғарыда көрсетілген халықаралық тәжірибені біздің мемлекетімізде пайдаланған орынды және тиімді болары анық, әрі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын осы тендер өткізу саласында осындай халықаралық жүйені пайдалану арқасында біз осы саладағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының етек жаюына, мемлекет қазынасының талан таражға салуына және мемлекет бюджетінен ақшаның оңды-солды шашылуына тосқауыл қоямыз. Атақты К.Маркс айтқандай «Кез келген үлкен капиталдың бастауында қылмыс жатыр».

Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі болып табылады.

Біз жаһандық дамыған мемлекеттердің ондығына кіру  үшін ең алдыменен осы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдыртпауымыз керек. Өйткені кез келген қоғамды, ұлтты және мемлекетті тығырыққа тірейтін және артқа сүйрейтін осы сыбайлас жемқорлық қылмыстары. Біз басты мәселені,ол «парасыз қоғам – ұлт болашағы» екенін ұмытпауымыз керек.

Неғұрлым тиімді және пәрменді түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған шараларды нығайтуға тек қана мемлекет емес бүкіл қоғам болып атсалысу керек, Елбасымыз айтқандай «біздің күшіміз бірлікте»[6]. Сол күшті тиімді пайдаланып сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмауға қазірден бастап бүкіл қоғам болып ат салысайық.

 

АННОТАЦИЯ

В данной статье рассказывается о новых методах организации государственных закупок и тендерных отношений без коррупции, которые в настоящее время являются ключевыми, и о зарубежном опыте в этой сфере. Четко указываются альтернативные способы решения проблем в данной сфере.

 ТҮЙІН

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың жаңа әдістері және қазіргі уақытта негізгі болып табылатын сыбайлас жемқорлықсыз тендерлік қатынастар туралы және осы саладағы шетелдік тәжірибе туралы баяндалады. Осы саладағы проблемаларды шешудің баламалы тәсілдері нақты көрсетіледі.

ANNOTATION

This article describes the new methods of organization of public procurement and tender relations without corruption, which are currently key, and foreign experience in this area. Alternative ways of solving problems in this area are clearly indicated.

  1. [1]     Онгарбаев Е.А. Классификация преступлений и ее правовое значение: Монография. – Караганда, 1996. С. 11-148.
  2. [2]     Тендеры в Дубае/ОАЭ© SORP – платформа для бизнеса в ОАЭ // http://sorp.ae/infotsentr/tendery-v-dubae-oae/
  3. [3]     Закон Китайской Народной Республики о проведении тендеров принятый на 11 сессии Постоянного комитета ВСНП 9-го созыва 30 августа 1999 г. и вступающий в силу с 01 января 2000 г. // http://online.zakon.kz/Document.
  4. [4]     Белоусов Ю. В. Специфика размещения заказа – зарубежный опыт // ГОСЗАКАЗ: управление, размещение, обеспечение. – 2010. – № 21. – С. 64-75.
  5. [5]     https://vesti.kg/obshchestvo/item/32391-akyilbek-zhaparov-nuzhno-menyat-sistemu-goszakupok-a-ne-otrubat-ruki.html.
  6. [6]     https://egemen.kz/article/elbasy-bizdin-kushimiz-–-birlikte-atty-forumga-katysty.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*