Ш. У. Смагулова — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны;
Д. К. Каратикенова — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, полиция капитаны.
ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ІІО ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ПУТИ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ПРАВОВОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ СИТУАЦИИ В ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ОВД В ОСОБЫХ УСЛОВИЯХ
PSYCHOLOGICAL SUPPORT IN THE SERVICE OF THE DEPARTMENT OF INTERNAL AFFAIRS IN SPECIAL CASES WAYS TO IMPROVE THE LEGAL REGULATION OF THE SITUATION
Түйінді сөздер: психология, индивид, қақтығыс, этика, эстетика, бірлестік, әлеуметтік жағдай, эмоция, фактор, ситуация, компромисс.
Ключевые слова: психология, индивид, конфликт, этика, эстетика, сотрудничество, социальные условия, эмоция, фактор, ситуация, компромисс.
Keywords: psychology, individium, conflict, ethics, aesthetics, cooperation, social conditions, the emotion, factor, situation, compromise.
Өмір сүру жолымызда түрліше жағдайларға тап болатынымыз рас.
Құқықтық реттеу деп – мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа ықпал етуі. Құқықтық реттеуде құқық субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін танып-білуі көзделеді. Тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеутетігі құқықтық құралдардың бірыңғай жүйесі болып табылады, мұндай құралдардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасалады. Құқықтық реттеу тетігінде, сондай-ақ құқықтық нормалар, құқықтық қарым-қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана, құқық қолдану актілері, құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері, т.б. қамтылады. Адамдармен қарым-қатынас жасау барысында келіспеушіліктер, түсінбестіктер пайда болуы мүмкін. Өкінішке орай, осындай ситуациялардың соңы қақтығыспен аяқталып жатады. Қақтығыс ситуациясы деп — әлеуметтік субъектілер арасындағы шынайы өзара күрес, тартысқа объективті түрде негіз болатын жағдайлардың тоғысуын айтады. Қақтығыстар адамдардың қарым-қатынасында қызметтің барлық әлеуметтік топтарында, институттарында орын алады[1].
Қақтығыс – бұл экономикалық-әлеуметтік, саяси, рухани қызығушылықтар мен мақсаттарға бағытталған индивидтер мен түрлі әлеуметтік қауымдастықтар арасындағы күрес түрінде көрінетін әлеуметтік қарама-қайшылықтардың өршуінің ең жоғарғы шегі болып табылады[2].
Қақтығыстардың (конфликттердің) алатын орнына, пайда болу жағдайына байланысты ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, мынадай түрлерін атауға болады: тұлғааралық қақтығыстар, басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар, отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б.
Қақтығыс (конфликт) тұлғалар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, жағдайлары, факторлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерді жан-жақты қарастырып, сол келеңсіз жайтты туындатпауға тырысу қажет. Бұл мәселелерді психология ғылымы тыңғылықты зерттеу арқылы тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:
«Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысуы» (А. Лурия)[3];
«Жеке тұлғаның (индивидтің) терең және өзекті себеп (мотив) және қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин)[4];
«Санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және т.б.)[5];
Сонымен, қорыта айтқанда, тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі».
Мұндай тұлғааралық қақтығыстар басшы мен бағынушылардың да, әлеуметтік деңгейі әртүрлі индивидтердің де, ІІО қызметкерлерінің арасында да болатын жағдай. Себебі, әр адам индивид, тұлға.
Объекті себептер:
- Қатынастың субординациялық характері функционалды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады;
- «Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емес, қарым-қатынас бар жерде қақтығыс бар;
- «Басшы-бағынушы» арасында әрдайым қақтығыс болады;
- Міндет, жауапкершілік, борыш, құқық тең дәрежеде болуы шарт;
- Басшының сезімі мен кәсібилік деңгейінің жоғары болуы және т.б.[6]
Субъектив себептер:
- Басшыға тән себептер: дұрыс басқара алмау, білімінің, кәсібилігінің жетіспеушілігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау, т.б.
- Тұлғалық себептер: қатынас жасау мәдениетінің төмендігі (этика, эстетика), өз міндетін шын ықыласпен орындамау, басшылыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері, бастық пен бағынушылардың келіспеушілігі (қарсы келу, эмоциялық тұрақсыздық, менсінбеушілік, кейбір мінез-құлықтарының ұнамсыздығы, т.б.).
- Қақтығыстың тұлғааралық себептері, олардың моральдық және психологиялық себептеріне байланысты. Ол себептерге өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау; социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы; психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі; басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің төмендігі (эмпатияның нашар дамуы); өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, кекету, жоғары талаптар қою; темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т.б. жатады.
Аталған түрлі себептер тұлғаның жеке бас ерекшелігіне, мінез-құлқына, қарым-қатынас мәдениетін дұрыс пайдана білу-білмеуіне барып тірелетіндігін байқаймыз. Соған байланысты қақтығыстардың шығу факторлары да сан алуан. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық.
ІІО қызметкерлері арасында туындайтын қақтығыстар да осы факторлар аясында туындап жатады. Бұл жағдайлар жоғарыда көрсетілген басшы-бағынушы арасындағы объектив және субъектив себептерге байланысты, оның шешілу ұзақтығына қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қақтығыстар деп бөліп жатады.
Психолог М.Рыбакованың пікірінше басшы мен бағынушы арасында қақтығыстың төмендегідей ситуацияларда кездеседі:
- басшы мен бағынушының мінез-құлықтарына байланысты туындаған қақтығыстар;
- проблемалық ситуацияларда басшылықтың дұрыс нұсқау бермегендігінен;
- қақтығыс мүшелерінің статусының (қызмет орны, лауазымы) тең дәрежеде болмағандығы;
- қақтығыс мүшелерінің әлеуметтік деңгейінің түрліше болғандығы;
- қақтығыс себебін индивидтердің түрліше қабылдауы[7].
Бұл себептер ІІО қызметкерлерінің күнделікті өмір тіршілігінде, қызметінде кездесіп жататындығы анық. Басшының бағынушыны кемсіте сөйлеуі, лауазымын жеке бас мүддесі үшін пайдалануы, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеуі бастық пен қызметкер, мамандар, жұмысшылар арасында қақтығысты туындататыны сөзсіз.
ІІО қызметкерлері қатаң тәртіп пен бекітілген заң аясында қызмет атқарғандықтан бұндай ситуациялардан шығу жолдары мен стратегияларды білгені жөн.
Психологтар қақтығысқа тап болған адамдарға өзін ұстаудың 5 түрлі стилін ұсынады.
- бәсекелестік (конкуренция)
- көнгіштікнемесе бейімделу (уклонение или адаптация)
- бірбеткейлік (приспособление)
- бірлестік (сотрудничество)
- компромисс (компромисс)
Бұл стиль түлерін ІІО қызметкерлері түрлі жағдайда түрліше, яғни өзіне ыңғайлап алу арқылы ситуацияның ерекшелігіне орай қолданады.
Әр стильге жеке тоқталсақ:
Бәсекелестік стилі. Бұл стиль түрі бағындыруға бағытталған, жанжалды не жеңетін, не жеңілетін сайыс ретінде қарап, мүмкіншілігіңіздің иесіне қалдырасыз. Егер қақтығыста жеңілген жақ кек қайтаруды көздесе, бұл ұстаным қақтығысты одан ары өршітіп жіберуі мүмкін. Бұл стиль түрін өз қабілетіңізге, мүмкіншілігіңізге сенімді болған жағдайда пайдаланған жөн.
Көнгіштік немесе бейімделу стилі.Бұл стилде сіз өз құқығыңызды көрсетпейсіз, өзгелермен шешім қабылдау үшін ақылдаспайсыз, тек жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу мүддесін ойлайсыз. жанжал шешімге дейсіз. Бұл стилді сіз маңызды емес жанжалда қолдана аласыз, яғни уақыт ұту үшін, өзгелерді сырттай бақылау мақсатында қолданылатын әдіс түрі.
Бірбеткейлілік стилі. Екінші жақпен бірлесе шешімнің маңызы зор, ал сізге мәні шамалы. Бұл әдісті сіз өзіңіздің рас екендігіңізге сенімді болғанда, өз мүмкіншілігіңіз аз, бірақ жеңетіндігіңізге сендіру мақсатында қолдана аласыз.
Бірлестік стилі.Бірлесіп әрекет жасау, мәселені шешу жақсы, әрі қиын әдіс түрі. Бұл әдіс «екі жаққа да ұтымды» деп аталады, яғни екі тарапқа шешімі маңызды, қақтығыс оқиғасын талқылауға уақыттың жеткілікті болған жағдайда екі тараптың риза қылатын әділетті әрі ұзақ мерзімді шешімдерге қол жеткізу мақсатында қолданылатын әдіс түрі.
Компромисс.Бұл әдіс түрін екі жақтың мүмкіншілігі тең, уақыт келісімі қанағаттандырған жағдайда қолданылады. Компромисс стилі қақтығыста жиі қолданылады. Бұл жағдайда екі тарап мүддесі бірдей орындалады. Алайда, қақтығыста бұдан да жақсы шешімдерге жетуге болатындығы маза бермейді. Өз қызығушылығыңыздан сәл шегінесіз, алайда жасырын орындала бермек, өзгелер де солай жасайды. Бір-біріңізбен жоллыққанда өз тілектеріңіз жайлы толық талқылайсыздар.
Әр ситуацияға байланысты қақтығыстан шығу тәсілдері де өзгеріп отырады. Алайда бұл стилдердің әрқайсысы тек белгілі бір жағдайларда ғана тек негізгі рөл атқара алады, тек біреуін ғана саралап алуға болмайды. Өз жағдайыңызға, мінезіңізге қайсысы қолайлы, сол ұтымды әдіс болмақ. ІІО қызметкерлерінің қақтығысқа ұшыраған жағдайда ең бастысы қарым-қатынас жасау мәдениетін толық ұстанғаны жөн. Қақтығыс кезінде адамды бірінші мінез билейді, сондықтан ол жағдайдың қай тараптан туындағаны жайлы алдымен әр тұлға өзіне іштей есеп бергеніңіз абзал. Басшылық тарапынан болған қақтығысқа сабыр етіп, компромисс стилін ұстанса, бағынушы тарапынан туындаған қақтығыста бәсекелестік әдісін қолданады, яғни ситуацияға байланысты. Әрине, бірлесе жұмыс жасау, мәселені бірге талқылау өзге стильдерге қарағанда қиынырақ. Алайда, ынтымақтастықпен жасалған іс өнімді болады, жақсы шешімге жету үшін әр индивид тек кәсіби маман ретінде салқын ақылмен жұмыс жасауы шарт.
Іскерлік қарым-қатынас айтысуға барып тірелгенде дер кезінде тоқтамға келген жөн. Себебі, тұлғааралық келіспеушіліктер пайда болып, қақтығысқа айналуы мұмкін. Д.Карнеги «Он айтысудың тоғызында өзініңі дұрыстығын айтып ақталады. Алайда қақтығыста адам өзін жоғары ұстамауы қажет. Өйткені өзін жоғарылату қақтығыстың қорытындысында керісінше болса, қарсы жаққа сіз келемежденіп көрініп, оларға мүмкіндік беріп қоясыз. Сондықтан әрбір сөзбен іс-әрекетті ойланып, ой-елегінен өткізіп айтуы қажет» — деген. Бұл да қақтығыстан шығудың бір тәсілі[8].
Қақтығысты шешудің және тиімді тәсілі қарсы жақтың ойын, пікірін соңына дейін тыңдап, қорытынды шығару бұл сәтте екінші жаққа ыңғайлы жағдай мен сенімділікті тудыру үшін толық мүмкіндік болуы керек. Және де жүрекке жайлы сөз таба алу, оппенттің тілін табу. Яғни « Кешіріңіз», «Айыпқа бұйырмаңыз», «Сізге ыңғайсыздық туғызғаныма кешіріңіз» , «Сізге қиын болмаса» және т.с.с. керекті сөздер болса, « Қосарыңыз болса» деген сөз тіркесі кейде пайдалы, кейде зиян. Өйткені сол мезетте тағы да бір қақтығыс ұшқыны пайда болып кетуі де ғажап емес.
Сонымен, қорыта келе қандай дау-дамай, қақтығыс болмасын одан шығудың түрлі амалдары болады. ІІО қызметкерлері арасында қарама-қайшылықтар болып тұрмаса да адам, қоғам дамымай қалыппен дамиды. Ал, керісінше түрлі ситуациялардың туындауы тәжірибе жинақтауға, іскерлік қабілетті жетілдіруге көмектеседі. Әрбір құбылыстар мен процестердің орнымен дамуы, орындалуы қалыпты жағдай болмақ.
ТҮЙІН
Аталған мақалада қақтығыс тұлғалар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті екендігі әрі оның туындау себеп-салдары мен факторлары, түрлері, оларды болдырмау немесе шешімін табу тәсілдері талданып, ІІО қызметкерлерінің қақтығыс жағдайында өзін-өзі басқару жолдары қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
В данной статье говорится о конфликте как компоненте психологического взаимоотношения между субъектами, раскрываются причины их возникновения, ситуации, факторы, виды конфликта, способы предотвратить или найти решение в ходе конфликта и способы самоконтроля сотрудников ОВД.
ANNOTATION
The article describes the conflict as a component of the psychological relationship between the subjects and the reasons for the occurrence, situation, factors, types of conflict, the ways to prevent or to find a solution to the conflict, and the methods of self-control of Internal affairs in thecours of the conflict.
- Бабосов Е. М. Конфликтология. — Минск, 2000.
- Гераклит: Көне дәуір кемеңгері. — Өмір, 2004.
- Лурия А. Р. Психология как историческая наука. — М., 1971.
- Мерлин В. С. Проблемы экспериментальной психологии личности. — М., 1979.
- Василюк Ф. Е. Психология переживания. — М., 1984.
- Анцунов А. Я., Баклановский С. Б. Конфликтология. — Питер, 2007.
- Рыбакова М. М. Конфликт и взаимодействия в педагогическом процессе. — М., 1991.
- Карнеги Д. Как располагать к себе людей. — Минск: Попурри, 2014.