admin 21.05.2019

Ж.Қ. ҚаирбаевҚазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны

ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕГІ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

БЕЗОПАСНОСТЬ СОТРУДНИКОВ ОРГАНОВ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ ПРИ ПРОВЕРКЕ ДОКУМЕНТОВ

SECURITY OF EMPLOYEES OF INTERNAL AFFAIRS BODIES WHEN CHECKING DOCUMENTS

Түйінді сөздер: ішкі істер органдары, азамат, құқық, құқық бұзушылық, қоғамдық тәртіп, қылмыс, күзет.

Ключевые слова: органы внутренних дел, гражданин, право, правонарушения, общественный порядок, преступление, охрана.

Keywords: internal affairs bodies, citizen, law, offenses, public order, crime, protection.

Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлерінің құжаттарды тексеру кезіндегі қауіпсіздігі ең басты құндылық болып табылады. Себебі қоғамдағы барлық қоғамдық тәртіпті, орын алатын басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алатын осы ішкі істер орган қызметкерлері екенін ұмытпаған жөн. Сол себепті де ішкі істер орган қызметкерлерінің қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан да Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары). Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және олардың басты мақсаты: адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.

Ішкі істер органдарының міндеттері:

Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

  1. құқық бұзушылықтар профилактикасы;
  2. қоғамдық тәртіпті сақтау;
  3. қылмыстылықпен күрес;
  4. қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;
  5. төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен ішкі істер органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.

Ішкі істер органдарының құзыреті. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:

1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;

2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;

7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;

8) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

8-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

8-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады;

8-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;

9) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;

11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тексеруді жүзеге асырады;

13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;

14) зерттеулерді жүзеге асырады;

15) іздестіруді жүзеге асырады;

16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;

18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады;

19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

20-1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады [1].

Ішкі істер органдарының өкілеттіктері. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде:

1) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға;

2) оқиға туралы, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабар беруге;

3) құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өздерінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дәрменсiз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге;

4) құқық бұзушылық профилактикасының жалпы, арнаулы және жеке шараларын жүзеге асыруға;

5) патрульдеуді жүзеге асыруға;

6) жол жүрісі қағидаларының және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, жол жүрісін реттеуге;

7) жүргізуші куәліктерін беруді, көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды жүзеге асыруға;

8) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға;

9) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген адамдарды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткiзуге;

10) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асыруға, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізуге;

11) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған қадағалаусыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;

12) көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге;

13) жаппай тәртіпсіздіктің, топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуге;

14) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

15) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерге және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

16) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асыруға;       Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді [2].

Осы жоғарыдағыны ескере отырып, ІІО қызметкерлерінің құжаттарды тексеру кездегі қауіпсіздікті сақтау іс-шаралын ұйымдастыру, қылмыстарға жол бермеу және өз жұмыстарына адал болу туралы қысқаша айтылып, сонымен қарай алдағы уақытта ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты қандай да бір келеңсіз оқиғалардың орын алмауына байланысты қауіпсіздік ережелерін күшейтуді арттыру керек. ІІО қызметкерлері тек қана құжаттарды тексеру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ғана емес сонымен қатар барлық уақытта да қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауы керек.

 

ТҮЙІН

Аталған мақалада ІІО қызметкерлерінің құжаттарды тексеру кезінде қауіпсіздікті сақтау іс-шараларын ұйымдастыруы туралы қысқаша түсінік беріледі.

АННОТАЦИЯ

В данной статье дается краткое представление об организации сотрудниками ОВД мероприятий по соблюдению безопасности при проверке документов.

ANNOTATION

This article provides a brief overview of the organization of the police officers of measures to comply with the safety of documents during verification.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*