Ғабитова А. Ғ. — М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Габитова А. Г. — преподаватель Западно-Казахстанского университета им. М. Утемисова, магистр юридических наук
Gabitova A.G. — lecturer of the West Kazakhstan University named after M. Utemisov, master of law
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
ТҮЙІН
Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі құқықтың кез келген саласында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе өзекті мәселелердің біріне айналуда, өйткені қиын өмірлік жағдайға тап болған құқық бұзушылардың саны азаймайды. Мақалада құқық бұзушылықтардың түрлері және олардың алдын алу шаралары баяндалған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу, бұл —құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және күшейтуге бағытталған мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар кешені. Сондай-ақ, мақалада құқық бұзушылықтың кейбір түрлерінің ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Қылмыс пен заңсыздықтың арасындағы айырмашылық талданады.
АННОТАЦИЯ
Одной из главных задач, стоящих сегодня перед обществом, является профилактика правонарушений среди любых отраслей права и недопущение роста преступности. Этот вопрос в настоящее время становится одним из актуальных, так как количество правонарушителей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, не уменьшается. В статье изложены виды правонарушений и меры их предупреждения. В настоящее время профилактика правонарушений — это комплекс мер, осуществляемых государственными органами, направленных на сохранение и усиление правопорядка путем выявления, устранения причин и условий, способствующих совершению правонарушений. Также в статье основное внимание уделено особенностям некоторых видов правонарушений. Проанализирована разница между преступлением и проступком.
ANNOTATION
One of the main tasks facing society today is the prevention of offenses among any branches of law and the prevention of crime growth. This issue is currently becoming one of the most urgent, since the number of offenders who find themselves in a difficult life situation is not decreasing. The article outlines the types of offenses and measures to prevent them. Currently, crime prevention is a set of measures implemented by State bodies aimed at preserving and strengthening the rule of law by identifying, eliminating the causes and conditions that contribute to the commission of offenses. The article also focuses on the peculiarities of some types of offenses. The difference between a crime and a misdemeanor is analyzed.
Түйінді сөздер: құқық, халық, қоғам, ұйым, бостандық, мемлекет, қастындық
Ключевые слова: право, народ, общество, организация, свобода, государство, заговор
Keywords: law, people, society, organization, freedom, state, enmity
Барлық мемлекеттер сан жылдар бойы құқық бұзушылықпен күресіп келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғы күйде күрделі, әрі қарама-қайшылықта. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады[1]. Яғни ешбір қоғам құқық бұзушылықты түп тамырымен жойып жібере алмайды. Құқық бұзушылық әрқашан болады, тек оны бәсеңдетіп, бірқалыпты болуына әрекет ету керек. Cондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет.
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бұл ұғымның мағынасы мен түрлерін білу қажет.
Сонымен, құқық бұзушылық деген не? Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті. Ал қылмыс – бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.
Құқық бұзушылық – бұл адамның әрекет етуінен немесе әрекетсіздігінен байқалатын қылық. Құқық бұзушылыққа ой, сезім, ниет жатпайды, себебі олар адамның қылығының белгілі бір актісінде байқалмайынша, құқықпен реттелмейді. Егер адам құқық нормаларында қарастырылған белгілі бір әрекетті жасау керек болып, бірақ жасамаса (мысалы, өміріне қауіп төніп тұрған адамға көмек көрсетпегенде), онда бұл әрекетсіздік болып табылады.
Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады[2].
Теріс қылықтар – бұл, қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ол қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық салаларында қолданарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін қарым-қатынас түрлері бойынша және солар үшін қолданылатын жаза түрлеріне қарай топтауға болады.
Тәртіптік теріс қылық – қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қатынастың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол еңбек, қызмет немесе оқу тәртібін әлсіретеді де, тәртіптік теріс қылықты тудырады. Тәртіптік жазаның мерзімі – бір жыл.
Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) — заң бойынша бекітілген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару және орналастыру қызметі саласындағы қарым-қатынасқа қастандық жасайтын, қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес құқық бұзушылық. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зияндылық немесе қауіп белгілеріне ие бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігімен қылмыстан айтарлықтай айырмасы болады.
Азаматтық теріс қылықтар (деликттер) – мүліктік және сондай-ақ мүліктік емес аймақта жасалатын құқық бұзушылық, ол адам үшін рухани құндылық болып табылады. Азаматтық құқық бұзушылық — ұйымдарға және жеке азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтірумен бейнеленеді. Азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзылған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты санкцияларды қолдануға алып келеді.
Еңбек құқығын бұзу (еңбек туралы заңды бұзу) – еңбек міндеттерін бұзудан, орындамаудан тұратын және еңбек туралы заңның нормаларында болатын санкциялармен тыйым салынған еңбек құқығы субъектісінің құқыққа қайшы айыпты іс-әрекеті.
Халықаралық құқық бұзушылық – халықаралық құқық нормаларына немесе жеке басының міндеттемелеріне қайшы келетін әрекет немесе басқа субъектіге, халықаралық құқық субъектілерінің тобына немесе барлық халықаралық қауымдастыққа залал келтіретін халықаралық құқық субъектісінің әрекетсіздігі. Халықаралық деликтіге – дипломатиялық өкілдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу жөнінде шаралар қолданбау, сауда міндеттемелерін бұзу және т.б. жатады.
Құқық бұзушылықты сөз еткенде қылмыс ұғымын да ұмытпау қажет. Себебі жалпы барлық елдегі болып жатқан құқық бұзушылықтың көпшілік бөлігі қылмыстық құқық бұзушылық. Қылмыстар дегеніміз — қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер. Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды[3].
Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян – материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиянк елтіреді. Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін.Сол себепті де құқық бұзушылықтың алдын алу қажет.
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету, елдегі құқық бұзушылықтың деңгейін азайту, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету қажет.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін осы міндеттерді негізге ала отырып, белгілі бір жазаларды немесе шараларды қолдану қажет. Құқық бұзушылықтың алдын алу қызметін жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асыратын органдар – мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік ұйымдар. Құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден бір тәсілі алдын алу шараларын жүзеге асыру болып табылады: халықтың неғұрлым қауқарсыз тобын әлеуметтік қорғау және экономиканы жалпы сауықтыру жөніндегі әлеуметтік-экономикалық шараларды; экономиканы, әлеуметтік саланы, құқық қорғау қызметін басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұйымдастырушылық-басқару шараларын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуды нормативтік, ақпараттық, әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған шараларды; қоғамдық санада құқыққа қарсы мінез-құқыққа және қоғамға қарсы іс-әрекеттерге төзбеушілікті қалыптастыратын азаматтардың бойында жалпы адамзат құндылықтарына бағытталған адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, құқық бұзушылықты жасауға кедергі болатын ғылым мен техниканы; құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетілдіруді; құқық бұзушылық субъектілерінің қызметін құқықтық реттеуді; нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша криминологиялық сараптама жүргізу кіретін құқықтық шараларды қолдану арқылы іске асырылады[4].
Құқық бұзушылықты зерттейтін әртүрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады.
Қорытындылай келе, құқық бұзушылықтың алдын алу – еліміздің басты міндеті. Халыққа құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің барын түсіндіру және оның алдын алу үшін шаралар қолдану қажеттілігін насихаттау қажет. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің басты мақсаттары құқық тәртіптерін қорғау және азаматтарды құқықты құрметтеу рухында тәрбиелеу деп санауға болады.
- Теория государства и права: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.М. Корельского и проф. В.Д. Перевалова. 2-е издание, измен. и доп. — М.: «НОРМА», 2000. — 616 б.
- Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. — Алматы: «HAS» баспа компаниясы, 2003. — 320 б.
- Лазарев В. В., Липиев С. В. Общая теория государства и права: Учебник для вузов. — М.: «Спарк», 2000.
- Общая теория государства права: Учебник / Под ред. М. Н. Марченко и др. — М., 1998. Б. 580.