admin 25.09.2020

Мукажанов А. Е. — Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» кафед­расының аға оқытушысы

Әбдәлі А. А. — Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қос­та­най академиясының «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» кафедра­сының оқытушысы

Жұмашев А. А. — Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қос­та­най академиясының «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» кафед­ра­сының оқытушысы

Мукажанов А. Е. — старший преподаватель кафедры «Административная деятельность органов внутренних дел» Костанайской академии МВД Респуб­лики Казахстан имени Ш. Кабылбаев

Әбдәлі А. А. — преподаватель кафедры «Административная деятельность органов внутренних дел» Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Ш. Кабылбаев

Жумашев А. А. — преподаватель кафедры «Административная деятель­ность органов внутренних дел» Костанайской академии МВД Республики Ка­захс­тан имени Ш. Кабылбаев

Mukazhanov A. E. — senior lecturer of the Department of administrative activities of Kostanay Academy of the Ministry of internal affairs of the Republic of Kazakhstan named after Sh. Kabylbayev

Abdali A. A. — lecturer of the Department of administrative activities of Kostanay Academy of the Ministry of internal affairs of the Republic of Kazakhstan named after Sh. Kabylbayev

Zhumashev A. A. — lecturer of the Department of administrative activities of Kostanay Academy of the Ministry of internal affairs of the Republic of Kazakhstan named after Sh. Kabylbayev

ӘОЖ 342.922

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧАСТКОВЫХ ИНСПЕКТОРОВ ПОЛИЦИИ

PROBLEMS AND PROSPECTS FOR IMPROVING THE ACTIVITIES OF DISTRICT POLICE INSPECTORS

Түйінді сөздер: учаскелік полиция инспекторы, әкімшілік учаске, құқық бұзу­шы­лықтың алдын алу, УПИ қызметін әлеуметтік қорғау, УПИ құзыреті.

Ключевые слова: участковый инспектор полиции, административный учас­ток, профилактика правонарушений, социальная защита деятельности УИП, компетенция УПИ.

Keywords: district police inspector, administrative division, crime prevention, social protection of the DPI activities, competence of the DPI.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесіндегі негізгі буын халықпен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын және жергілікті атқарушы органдарға есеп беретін учас­келік полиция инспекторлары болып табылады. Учаскелік инспектор ішкі іс­тер органдары қызмет көрсететін аумақтың белгіленген тәртіппен өзіне бекітіл­ген бөлігінде қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде өзіне жүк­телген міндеттерді орындайды. Бұл ретте, азаматтардың полицияға деген се­нім деңгейі олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне тікелей байланысты болады.

Учаскелік полиция инспекторларының қызметін бағалаудағы басты өлшем­шарт­тардың бірі — азаматтардың өтініштерін, шағымдарын және өзге де өтініш­терін уақытылы, сапалы қарау, сондай-ақ процестік шешім қабылдау кезінде заңдылықты сақтау. Бұл учаскелік полиция инспекторларының халық алдындағы тоқсан сайынғы есептері заң деңгейінде бекітілген бүгінгі күні ерекше өзекті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қа­зақс­тан халқына Жолдауында «Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқы­лы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Ол аза­маттар алдында танымал, қолжетімді әрі беделді болуға, солардың құқық­та­рын қорғауға тиіс. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұртпен ашық әң­гіме жүргізуге үйретудің маңызы зор. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа айналуы қажет» деп атап көрсетті[1]. Осы орайда, Қа­зақс­тан Республикасы ІІМ ведомствосының басшысы 2020 жылды «Учаскелік поли­ция инспекторлары жылы» деп жариялағанын атай кетейік.

Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың кө­мек­ші­лерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 3-тарауының 14-тармағына сәйкес, учаскелік полиция инспектор: рецидивтік, тұрмыстық, алкогольдік қыл­мыс­тардың алдын алуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анық­тауды жүзеге асырады; адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заң­ды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етеді; профилактикалық есепте тұрған адамдарға қатысты құқық бұзушылықтардың же­ке профилактикасын жүргізеді; құқық бұзушылықтарды анықтайды және жолын кеседі; жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдайды, тіркейді және қарайды, арыз берушіге қабылданған шешім туралы заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлайды және тағы басқаларды атқарады[2].

Учаскелік полиция инспекторлардың функционалдық міндеттерінің ауқымы әртүрлі және көлемді екенін атап өткен жөн. Халық арасындағы тұрақты жұмыс, азаматтармен күнделікті қарым-қатынас, сан алуан және әртүрлі күнделікті мә­се­ле­лерді шешу учаскелік полиция инспектордың негізгі жұмысын құрайды. Ста­тис­тикаға сәйкес, әрбір бесінші қылмыстың немесе құқық бұзушылықтың жолын ке­су немесе ашу учаскелік полиция инспекторына тиесілі. Алайда, учаскелік инс­пек­тордың кәсіби қызметінің маңызды бағыттарының бірі, біздің ойымызша, оның құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және болдырмауға бағытталған профилактикалық шешімі болып табылады.

Қылмыстың алдын алу — заң бұзушылықтың алдын алу және адамның өмірі мен денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен бірге елдегі қоғамдық тәртіптің қа­лыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Учаскелік полиция инспекторы жұмысының ерекшелігі қызмет көрсетілетін учаскенің халқымен барынша тығыз байланысты орнатуды талап етеді. Алайда, бұл оңай емес, адамдардың бәрі бірдей емес, ниеті де әртүрлі: тату, талапшыл, сақ, аңдысқан немесе тіпті агрессивті. Олармен байланыс орнату аз, сонымен қа­тар, құрметке, сенім мен беделге де ие болуыңыз керек. Учаскелік инспектордың жұмысының ерекшелігі, атап айтқанда, ол өз учаскесінің азаматтарымен көшеде, аулада ғана емес, олардың үйінде де кездеседі, кейде «қиын» пәтер мен отбасы­лық жанжалдарға тап болады. Дұрыс әрекет ету үшін «учаскелік инспектор» көп­теген адамдардың өмір салтын, байланыстарын, мүдделерін, іс-әрекеттерін жақсы білуі керек, қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақта ақпаратқа ие болуы керек. Ақ­парат алу үшін ол барлық заңды құралдарды пайдалануға міндетті.

Жоғарыда аталғандардан, учаскелік полиция инспекторының негізгі міндет­тері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және қызмет көрсетілетін аумақта оларды жою үшін белсенді шаралар қабылдау болып табылатынын көреміз.

Учаскелік полиция инспекторы әрбір азаматтың, сондай-ақ кәсіпорын­дар­дың, мекемелер мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан және өзге де заңсыз әрекеттерден қорғайды. Оның барлық қыз­меті заңдылық аясында жүруі керек. Сонымен қатар, бүгінгі таңда учаскелік полиция инспекторына көптеген түрлі міндеттер жүктелгенін, оларды оның жұ­мы­сын бақылайтындар тарапынан ешқандай шағымдар болмайтындай дәрежеде орындау мүмкін еместігін ұмытпаған жөн.

Учаскелік полиция инспекторлары қызметіндегі орын алып отырған мәсе­ле­лерді кешенді зерттеу, қазіргі жағдайда олардың тиімділігін арттыру өзекті си­пат­қа ие. Бұдан әрі қазіргі учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктелген міндет­терді толық орындауға кедергі келтіретін маңызды мәселелер мен қайшы­лық­тарды ашатын боламыз.

Біріншіден, бір учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде халық санының артуы. Қостанай облыстық орталығы 15 учаскеге бөлін­ген. Олардың әрқайсысында бірнеше инспектор жұмыс істейді, учаскедегі штат саны жұмыс жүктемесіне байланысты белгіленуі керек, бірақ учаскелерде учас­ке­лік полиция инспекторлары жетіспейді. Мысалы, «Текстильный» учаскелік пунк­тінде 4 инспектор ғана қызмет көрсетеді, ал әкімшілік учаскеде тұратын халық­тың саны 20000 адамнан асып жығылады. Бірақ, «Ішкі істер органдарының учас­келік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1598 қаулысына сәйкес халық са­нына байланысты бір УПИ-ға жүктеменің өзге де нормалары бекітілген[3].

Қалада бір учаскелік полиция инспекторы 3000-нан аспайтын адамға қызмет көрсетуі тиіс, ал Қостанай қаласында бір УПИ 5000 адамға қызмет көрсетеді, бұл ҚР Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысында көзделгеннен екі есе көп. Сондай-ақ, біздің зерттеуіміз учаскелік полиция пункттерінің жұмысына жауапты УПИ мен УПИ көмекшісінің жұмысы шамадан тыс жүктелгенін және күн сайын, демалыссыз 14 сағаттан жұмыс істейтінін көрсетті, сондықтан мұндай жүктеме кезінде дәстүрлі УПИ функциясының сапасы – құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы да зардап шегеді. Бір учаскелік полиция инспекторы қызмет көр­се­тетін халық санының артуына байланысты азаматтарға құқық қорғау қыз­мет­терін көрсету жөніндегі жұмыс сапасы төмендейді, сондай-ақ бұл учаскелік инспектордың оларға жүктелген өзге де функцияларды тиісінше орындауына кедергі келтіреді.

Екіншіден, қылмыстар, әкімшілік құқық бұзушылықтар, оқиғалар туралы өті­ніштер мен хабарламаларды тексеру саласында УПИ құзыретін іске асыруда қиындықтар туындайды. Бұл міндетті іске асыру проблемасы УПИ-ға тексеру үшін 102 қызметтен азаматтардың келіп түскен өтініштерінің (арыздары мен ха­бар­ламаларының) өсуіне байланысты, орташа алғанда бір учаскелік полиция пунктіне бір күнде 10-нан 12-ге дейін өтініш түседі, осы өтініштер бойынша УПИ жауап қайтаруға және 15-20 минут ішінде оқиға орнына келуге міндетті. Бірақ, Қос­танай қаласында қызметтік көліктері жиі жөндеуді қажет ететін және жанар-жағармай материалдарымен толыққанды қамтамасыз етіле бермейтін кездер де болады.

Үшіншіден, халықтың көпшілігі өздерінің учаскелік полиция инспектор­ла­рын білмейді. Учаскелік полиция инспекторының міндетіне әкімшілік учаскені жоспарлы аралау кіреді. Оның барысында ол проблемалық аймақтарды анықтап, оларды бақылауға алады. Әрбір учаскелік инспектор тәртіп бұзушылармен про­фи­лак­тикалық әңгіме жүргізіп, қажет болған жағдайда оларды бақылауға алын­ған азаматтардың тізіміне енгізуі керек. Бүгінде олар профилактикалық есепте тұрған адамдардың бес санатының және тізімдік есепте тұрған азаматтардың 9 санатының мінез-құлқын бақылайды[4].

Төртіншіден, жалдамалы пәтерлерде қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартуда проблемалар бар. Полиция жалдамалы пәтер­лер­де тыныштықты бұзумен қатар, басқа да құқық бұзушылықтар мен тіпті қылмыстар жиі кездесетінін айтады (бұл бұзақылық, адамға қатысты зорлық-зом­былық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, біреудің мүлкіне зиян келтіру болуы мүмкін).

Соңғы уақытта қалада притондар саны артты. Олардың кейбіреулері осындай пәтерлерде немесе жақында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шық­қан азаматтардың үйлерінде орын алып жатыр. Айта кететін болсақ, учаскелік по­лиция қызметкері шақыруға қызмет көрсете отырып, иелеріне кәсіпкерлік қызметке рұқсат беретін құжаттардың бар-жоғын тексеруге міндетті. Егер ондай болмаса, онда материалдар мемлекеттік кірістер басқармасына берілетін болады. Әдетте, мұндай тұрғын үй учаскелік полиция инспекторының бақылауына алынады.

Бесіншіден, жедел-тергеу тобының құрамындағы кезекшілік, көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, күштеп әкелуді орындау, әс­керге шақырылған адамдарды іздестіру және т.б. сияқты УПИ-ға тән емес мін­деттерді орындауға тартудың теріс практикасы жалғасуда.

Қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік процестерді жаңғырту және оларды элект­рондық форматқа көшіру — барлық құқық қорғау органдары жұмысының негізгі басымдықтарының бірі, ал жаңа талаптар аталған инфрақұрылымды біртіндеп жақ­сартуды талап етеді[5]. Еліміздің барлық құқық қорғау жүйесі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (СДТБТ) жүйесі жұмысына ауысқаны баршаға мәлім.

СДТБТ — автоматтандырылған деректер жүйесі тізілімде тіркеу және тиісті қаулы шығару үшін 24 сағат ішінде төрт шешімнің бірі қабылдануы тиіс: СДТБТ-де тіркеу, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ оқиғалар санатына ауыс­тыру, уәкілетті мемлекеттік органдарға тексеру үшін жіберу, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін өтінішті жолдау. СДТБТ-де тіркеу жүр­гізілгеннен кейін сотқа дейінгі тергеу басталады[6].

Алайда, бұл жүйеде жұмыс істеу көптеген проблемаларды тудырады. Бұл жүйе учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктемені арттырды, біріншіден, бұл дерек­терді тіркеуге уақыттың жетіспеуі, өйткені олар тек 24 сағат береді; екін­шіден, учаскелік полиция инспекторлары көбінесе әкімшілік учаскеде бір-бірін алмастырады, қате деректерді жинайды немесе асығыс қате шешімдер қа­был­дайды, бұл олардың жұмысын баяулатады, өйткені практикада пайда болатын қа­телерді түзету керек болады, ал ол бір сәтте шешілетін мәселе емес.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, біз мынадай ұсыныстар жасадық, олар­ды қалалық полиция бөлімінің тәжірибелік қызметіне енгізу учаскелік поли­ция инспекторы қызметінің тиімділігін едәуір арттырады:

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1598 қау­лысына сәйкес, сондай-ақ, УПИ бөлімшесін жасақтау рәсімін жетілдіру жолы­мен УПИ қызметінің штат санын ұлғайтуды қамтамасыз ету;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 701 қау­лысы­мен ұсынылған нормалар бойынша учаскелік полиция көмекшілерімен қамтамасыз ету[7];

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде өз құзыретіне жатпайтын УПИ қызметінің нақты тізбесін бекіте отырып, УПИ мен оның көмекшісін мақ­сатсыз пайдалануға тыйым салатын норма қабылдау;

– УПИ қызметінің материалдық және техникалық қамтамасыз етілуін арттыру, атап айтқанда:

1) УПИ және оның көмекшісі үшін жеңілдетілген кредит берудің арнайы бағ­дарламаларының көмегімен тікелей қызмет көрсетілетін учаскеде тұрғын үй са­тып алуға құқық беру. Бұл шара әбден орынды болып табылады, өйткені ол УПИ тұрғын үй мәселесін шешуге және оның әкімшілік учаскеде тұрақты тұруына ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде алдын алу қызметіне және «УПИ-дің қадамдық қолжетімділігі» қағидатын қамтамасыз етуге оң әсер етеді;

2) УПИ қызметкерлерінің балаларын қызмет көрсетілетін учаскедегі мемле­кеттік мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру. Жекелеген елді мекендердің бір-бірінен алшақтығына байланысты, ауылдық жерлерде бұл шара әбден қо­лайлы болып табылады. Ал қалалық жерлерде бұл қажет емес, өйткені қазіргі уақыт­та балаларды аталған ұйымдарға орналастыру «еркін тіркеу» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте қалаған мектепке дейінгі мекемелер қыз­мет көрсетілетін әкімшілік учаскеде әрдайым бола бермеуі мүмкін;

3) УПИ балаларын ведомстволық ЖОО-ға жеңілдікпен түсіру;

4) УПИ-дың қоғамдық көлікте тегін жол жүруі. Бұл шара қолайлы болып табылады, себебі қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде қызметтік көлік болмаған жағдайда УПИ-дың жинақтылығын қамтамасыз етеді. Алайда, бұл ретте, УПИ тарапынан бұл құқықты теріс пайдалану фактілерінің алдын алу тетігін (қызмет­тік емес, жеке мақсаттарға қол жеткізу үшін тегін жол жүру) қарау қажет.

Аталған өзгерістерді енгізу әкімшілік учаскеде учаскелік полиция инспектор­ларының алдын алу функцияларын жүзеге асыруының тиімділігін едәуір арт­тырады және жергілікті жерлерде учаскелік инспекторлардың қызметі әлдеқайда тиімді болады деп санаймыз.

 

ТҮЙІН

Мақалада учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілері қызметінің жұмысын жетілдіру мәселелері қаралған. Учаскелік полиция инспек­торлары ІІО әкімшілік юрисдикциялық қызметінің негізгі субъектілері және олар үшін бұл қызмет дәстүрлі болып табылады. Мақалада сауалнама және сұхбат жүр­гізу арқылы полицияның учаскелік инспекторларының қызметіне қысқаша талдау жүргізіліп, соның нәтижесінде ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер және олардың қызметін құқықтық реттеу анықталған. Автор зерттеу жүргізілген қызметтің негізгі мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынған.

АННОТАЦИЯ

В статье рассмотрены вопросы совершенствования работы службы участ­ковых инспекторов полиции и их помощников. Участковые инспекторы полиции являются основными субъектами административной юрисдикционной деятель­ности ОВД и для них эта деятельность является традиционной. В статье проведен краткий анализ деятельности учатковых инспекторов полиции путем анкети­ро­вания и проведения интервью. В результате были выявлены вопросы организа­ционного характера и правового регулирования их деятельности. Авторами опре­делены основные проблемы исследуемой деятельности и предложены пути их решения.

ANNOTATION

The article deals with the improving issues of the work, service of district police inspectors and their assistants. District police inspectors are the main subjects of administrative jurisdiction of the IAB and this activity is traditional for them. In the scientific work analyzes the activities of the DPI through questionnaires and interviews. As a result, issues of organizational nature and legal regulation of their activities were identified. The author defines the main problems of the research activity and suggests ways to solve them.

  1. [1]      Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек // https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2020-zhylgy-1-kyrkuiek.
  2. [2]      «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік поли­ция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшіле­рінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы. ҚР ӘдМ-не 2016 жылғы 4 ақпанда № 13004 болып тіркелген // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500013004.
  3. [3]      Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті сақ­таудағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1598 қаулысы // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=51007064.
  4. [4]      «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік поли­ция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмек­ші­лері­нің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы. ҚР ӘдМ-не 2016 жылғы 4 ақпанда № 13004 болып тіркелген // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500013004.
  5. [5]      Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1598 қаулысы. // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=51007064.
  6. [6]      Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабыл­дау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 Бұйрығы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14W0009744.
  7. [7]      Қоғамдық тәртіпті нығайту және ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының рөлін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 701 қаулысы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P010000701.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*