admin 20.09.2019

А. Умурзакова — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының күндізгі оқу факультетінің оқытушы-әдіскері, полиция майоры

ӘОЖ 378

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЯХ

USE OF NEW TECHNOLOGIES IN EDUCATIONAL INSTITUTIONS

Түйінді сөздер: оқыту әдісі, сабақ, ғылыми технология, технология, педаго­гика, компьютерлік технология, жеке дара оқыту, оқытушы.

Ключевые слова: методика обучения, урок, научная технология, технология, пе­да­гогика, компьютерная технология, индивидуальное обучение, препо­дава­тель.

Keywords: teaching methods, lesson, scientific technology, technology, pedagogy, computer technology, individual training, teacher.

«Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе —  сапалы білім беріп, ғылымды дамыту.

Осы орайда білім ордасы — біздің қызмет жасап отырған институт, ал институттың жүрегі педагогтар екендігі белгілі. Бүгінгі білім — ХХІ ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр — бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры, ұрпағымыздың әлемдік білімнің асқар шыңына шырқай алар шағы. Өте күрделі, көп мағыналы ұғымдардың бірі «білім» сөзі. Білім — адамның жүйеленген білік, дағдыларды меңгеру үрдісі мен нәтижесі.

Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог ғалымдар қазіргі кезде қол­данылып жүрген білім беру технология терминің әр қырынан ашып көрсетуде.

Олар технология терминіне келесідей анықтама береді:

Технология — өндірістік үрдісті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.

  • технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жоба­лау­дың жан-жақты ойластырылуын білдіреді;
  • технология – дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі;
  • педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайда­ланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі;
  • педагогикалық технология – тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы,  ал, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі;
  • оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші ғылым саласында оқыту үрдісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар және нақты оқыту үрдісі саласында функция атқарады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жаңа технологияларды пайдалану мәселесі бойынша қазір­гі уақытта кең көлемде жұмыстар жүргізуде. Нақтырақ айтсақ, тәуелсіз мемле­кет­тер достастығы елдерінің ведомстволық оқу орындарымен жасалынған білім беру және ғылыми қызметтер саласындағы халықаралық серіктестік жөніндегі хатта­ма­лар негізінде бірігіп жұмыстар атқаруда. Мысалы, Ресей ІІМ Воронеж инсти­ту­тытының, Ресей ІІМ Нижегород академиясының,  Ресей ІІМ Баранауыл заң ин­сти­ту­тының, Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институтының, И.Д. Путилин атындағы Белгород заң институтының, Ростов заң институтының, Нижегород академия­сының профессорлық-оқытушылық құрамымен онлайн байланыста көптеген дөң­гелек үстелдер мен дәрістер өткізілуде. бұл дегеніміз, қазіргі уақытта техниканың дамығандығын пайдалана отырып, көптеген жұмыстарды жедел түрде атқаруға үлкен мүмкіншілік туып отыр. Іс-шаралар барысында көптеген ұсыныстар айтылып, профессорлық-оқытушылық құрам мен курсанттар кең көлемдегі мағлұматтарға ие болды[1].

Сабақ – оқытудың ең басты формасы. Педагогикалық үрдісті ұйымдас­тыру­дағы сабақтың артықшылығы, оның жеке, топтық және бақылау жұмыстарын қо­лайлы түрде үйлестіру мүмкіндігінің кең болуында. Сондай-ақ ол оқытушыға ма­териалды жүйелі түрде беруге, педагогикалық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері арқы­лы тәрбие тапсырмасын да нәтижелі шешуге мүмкіндік береді. Әдіссіз оқыту үрдісі жүзеге асырылуы мүмкін емес.

Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Оқыту әдісі — дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асы­ры­луына байланысты. Ол – оқытушы мен тыңдаушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білімнің, іскерліктің, дағдының қалыптасып, тыңдау­шының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы.

Білім беру технологиялары мына негізде ұсынылады:

1) дамыта оқыту технологиясы;

2) модульдік оқыту технологиясы;

3) ірі блогты шоғырландыра оқыту технологиясы;

4) перспективалық – озық оқыту технологиясы;

5) ойындық оқыту технологиясы;

6) оқу материалдарының сызбалық және белгілік модельдерінің негізінде жеделдетіп, оқыту технологиясы;

7) жекелеген оқытудың технологиясы;

8) топ ішіндегі саралап оқыту технологиясы.

Педагогикалық технология ұғымы мынадай деңгейлерде қолданылады. Сала­лық (пәндік): бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.

Педагогикалық технологияларды мынадай талаптарға жинақтауға болады:

1) педагогикалық қарым-қатынасты ізгіліктік негізінде құру;

2) ынтымақтастық педагогика;

3) ізгілікті-тұлғалық оқыту технологиясы;

4) адамгершілікті қалыптастыруға негіздеу.

Тыңдаушының  әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:

1) ойын сабақ технологиясы;

2) проблемалық оқыту;

3) тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы;

4) коммуникативті оқыту жүйесі.

Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген:

1) программалап оқыту;

2) дифференциалдап оқыту;

3) даралап оқыту;

4) ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;

5) компьютерлік технология.

Қазіргі таңда жаңа технологияларды пайдалану білім жүйесінің басты фак­торы болып табылады. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.[2]

Бүгінгі білім беру жүйесінің басқаша екендігі: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шың­дауға бағытталған білім алу үшін қажеттті жағдайлар жасау» делінген Қа­зақстан Республикасының Білім беру туралы заңында. Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ете­тін жаңаша білім мазмұнын құру — жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәсе­ленің бірі. Сабақты жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арт­ты­рып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамы­тады[3].

Бүгінгі таңда оқытудың жаңа технологияларын жасап, институт практика­сы­на енгізуді іске асыру — өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, әдістемелік жұ­мысты ұйымдастырудың жаңашыл жолы шығармашылық топтардың жұмы­сына үлкен көңіл бөлу қажет. Олар оқытудың жаңа түрлерімен жақын танысып, тиімді әдіс-тәсілдерін күнделікті сабақтарында пайдаланып, әріптестерімен тәжі­рибе алмасу мақсатында тәжірибелік, панорамалық сабақ түрлерін көрсетеді жә­не олар институт кеңестері арқылы талқыланып, болашақта оқу-тәрбие процесіне пай­да­лануларына жолдама алуы қажет деп ойлаймын.

Үздіксіз өзгеріп тұрған заман тұлғаның сол заман талабына сай білім алып, жаңа әдістерді меңгеруін талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа пе­да­го­гикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана біз саналы да, білімді аза­мат тәрбиелей аламыз.

 

ТҮЙІН

Мақалада автор жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді және білім сапасын жақсарту құралдарын пайдалану білім беру жүйесінің маңызды факторы болып табылады деген пікірін білдірді.

АННОТАЦИЯ

В статье автор высказывает свое мнение о том, что использование новых тех­нологий, методов и средств повышения качества образования является ключевым фактором системы образования.

ANNOTATION

In the article, the author expresses his opinion that the use of new technologies, methods and means of improving the quality of education is a key factor in the education system.

  1. [1]      Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының сайты.
  2. [2]      Бұл да сонда.
  3. [3]      Загвязинский И. В. Теория обучения: Современная интерпритация: Учеб. пос. для студентов высших педагогических учебных заведений: 2-е изд., испр. — М.: Издательский центр «Академия», 2014.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*