А. Ж. Жарасхан — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры;
М. С.Салауатов — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі
ӘОЖ
КУРСАНТТАРДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ
ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ ФОРМИРОВАНИЯ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ КУРСАНТОВ
PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL CONDITIONS FOR THE FORMATION OF ANTI-CORRUPTION CULTURE OF CADETS
Түйінді сөздер: заң, сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметші, сыбайлас қауіпті әрекеттер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзыреттілік, идеология, курсанттар.
Ключевые слова: закон, коррупция, государственный служащий, коррупционно-опасные деяния, коррупционные риски, антикоррупционная компетентность, идеология, курсанты.
Keywords: law, corruption, civil servant, corrupt dangerous acts, corruption risks, anti-corruption competence, ideology, cadets.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ұйымдастыру мен алдын алу жұмыстарын жүргізу — өте маңызды міндеттердің бірі екендігінбасып айтқан болатын. Бүкіл әлемді қармағына іліп, арбап алғанжемқорлық мемлекетіміздің билік қауіпсіздігіне, экономикалық және саяси дамуына, жеке тұлға құқықтарының қорғалуына кері әсер корсетіп, отанымыздың дамуына үлкен қатер төндіріп тұрғаны сөзсіз мәлім[1].
Кейбір дамыған елдер қатарында жемқорлық құқық бұзушылық аясында жасалатын қылмыстар төмен көрсеткіш беретін мемлекеттер бар. Атап айтсақ: Сингапур, Португалия және Швеция. Бұл мемлекеттер сыбайлас жемқорлық субъектілері мен объектілерінің терең тамырына балта шауып, елді басқарудың ашық саясатын ұтымды жүргізеді.
Мемлекетімізде пара беру, алу әрекетімен күрес жұмыстары қарқынды дамып келеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында Үкімет тарапынан жоспарланған заңнамалар мен бағдарламалар қабылданды. 1989 жылы Қазақстан 36 мемлекетпен бірлесіп «Халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күрес туралы» конвенцияға қол қойды. Осы конвенция аясында елімізде 1998 жылдың 2 шілде күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. Бұл заңнама негізінде еліміздің барлық азаматтары сыбайлас жемқорлықтың қандай болмасын заң бұзушылық түрлеріне тосқауыл қою мақсатында жеке тұлғаның сана-сезімін, қоғамға деген дұрыс пікірін, көз-қарасын өзгертуді қалыптастырады.
2011 жылы «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама» қабылданды. Қабылданған заңнамалар мен бағдарламалар оң нәтиже көрсетті. Елімізде азаматтардың жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасып, сана-сезімі мен әрекеті өзгеріп, жемқорлықтың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ведомстволық білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында көптеген алдын алу шаралары өткізіледі. Курсанттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырып, ең алдымен білім беру ордасы аясында олардың пара беру және алу әрекеттерін түбегейлі жойып, құқық бұзушылық әрекеттеріне балта шабуымыз керек. Осындай тәрбие жұмысын жүргізу арқылы әрбір оқытушы білім алушыларға өз отанын сүюге, сыйлауға және ең басты қорғауға үйретеді.
2015 жылдан бастап оқытылу бағытында еліміздің барлық білім беру жүйесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа қосымша пән дайындық үстінде орындалып жатыр. Жоспар негізінде жоғарыда көрсетілген пән алғашқы кезде қосымша тәжірибе сабағы ретінде оқытылады, кейін пәндік оқу әдістемелік бағдарламасына енгізілетін болады. Оқу-әдістемелік кешенін даярлау барысында Малайзия, Скандинавия және Сингапур елдерінің тәжірибесі ескерілген.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында 2014-2016 жылдары 386 білім беру қызметкері жемқорлық құқық бұзушылық қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылғандығы туралы мәлімет берді. Бұл өте үлкен көрсеткіш, оқытушылар білім алушыларғатиесілі бағасын «пара алу» арқылы қойып, болашақ маманның білімі мен сапасына кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде, елімізде «білімсіз мұғалімдер», «сапасыз дәрігерлер» т.б. «жалған дипломды» мамандар даярланады. Бұл мемлекет экономикасына кері әсерін тигізіп, көптеген шешімі қиын мәселелер туындауына әкеп соғады.
«Жемқорлыққа қарсы стратегияда қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы әдебі мен мәдениеті «Мәңгілік ел» идеологиясы тұрғысында қалыптасуы тиіс.
Қазақстандық қоғамда жемқорлыққа қарсы әдебі мен мәдениетін ұстана отырып, «Мәңгілік ел» идеологиясы тұрғысында ІІО қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы стратегиясын басты бағытқа алып күнделікті жұмыс барысында қалыптастыруға бейімделуіміз қажет. Осы негізде мемлекет басшысы білім беру мәселесіне айрықша назарға алған. Яғни, ұлт жоспарында 100 нақты қадам реформасын алға тарту барысында білім беру мекемесінде ақсаңдап тұрғандығы барлығымызға мәлім. Мысал келтіретін болсақ, 2017 жылдың есебі бойынша тексеру нәтижесінде жемқорлық құқық бұзушылық қылмыстары 116 млрд. теңгеге бұзылғандығы анықталды[2].
Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы тарапынан барлық оқу орындарының жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін көрсететін рейтингін жариялап отыруды тапсырды. «Нұр Отан» партиясы «Стоп Қылмыс» жобасын қабылдап, білім беру орындарында жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін анықтау мақсатында «Таза сессия» акциясын жүргізіп келеді. Әрбір оқу орындарында «Нұр Отан» партиясының сенім жәшіктері орнатылып, жылына бірнеше рет білім алушылардан анонимді түрде сауалнама жүргізіліп отырады. Сауалнама қорытындысы партияның ресми сайтында жарияланады[3].
Қазіргі таңда осындай шаралар өзіміздің ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты курсанттары, жеке құрамы және ауыспалы құрам арасында анонимді түрде сауалнамалар жүелі түрде өткізіледі. Институт психологы курсанттармен жеке және топ арасында жұмыс жүргізіп, өз кеңестерін береді. Психологпен курсанттар арасында сенімді қарым-қатынас орнатылған, барлық сұрақтар ашық қойылып, мәселе шешімін бірлесіп шығарады. Сонымен қатар курсанттарға пара берудің өзі құқық бұзушылық екендігі және осындай жасалған әрекет үшін заң алдында жауап беретіндігі туралы түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жоспарлы жұмыс институт басшылары мен қызметкерлері тарапынан қарқынды жүргізіліп келеді.
Қорытындылай келе, төмендегідей ведомстволық білім беру жүйесінде білім алатын курсанттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жетілдіру мақсатында келесідей ұсыныс білдіреміз:
- Курсанттардың құқықтық білімін арттыру.
- Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу мақсатында ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу. Курсанттарға барлық заңнамалық құжаттар туралы ақпарат беру, таныстыру.
- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу жолдары» атты пәнді қосымша факультатив сабағы ретінде енгізу.
Курсанттардың құқығын қорғайтын арнайы ұйым жұмысын ұйымдастыру, тәрбие ісі жөніндегі бөлім қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнату.
Курсанттардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін институт қабырғасынан бастап қалыптастыру, құқықтық жетілдіру.
ТҮЙІН
Мақала авторлары «сыбайлас жемқорлық» ұғымын және сыбайлас жемқорлықты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік беретін сипаттарды қарастырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын сипаттайды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін профилактикалық сипаттағы іс-шараларды жедел өткізу қажеттілігін көрсетеді және курсанттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру үшін өткізілетін қажетті іс-шаралардың қысқаша тізбесін ұсынады.
АННОТАЦИЯ
Авторы статьи раскрывают понятие коррупции и характер, позволяющий отличить коррупцию от других противоправных действий, характеризуют коррупционные преступления. Также указывают на необходимость оперативного проведения мероприятий профилактического характера для борьбы с коррупцией и представляют краткий перечень необходимых мероприятий, проводимых для формирования антикоррупционной культуры курсантов.
ANNOTATION
The authors of the article reveal the concept of corruption and the nature that makes it possible to distinguish corruption from other illegal actions, characterize corruption crimes. They also point out the need for prompt preventive measures to combat corruption and provide a short list of necessary measures to form an anticorruption culture of cadets.
- [1] «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана қ., 2014 жылғы 17 қаңтар) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400002014.
- [2] Джаппарова Р. Т., Карабек Н. Ф. Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы // Молодой ученый. — 2016. — № 8-9 (112.9). — С. 33-36. // https://moluch.ru/archive/112/29212.
- [3] «Нұр Отан» партиясының «Стоп Қылмыс» жобасы // www.inform.kz.