admin 13.09.2019

Р. Б. Молдыбаева — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушы-әдіс­кері, заң ғылымдарының магистрі

ӘОЖ 378.13:364

КУРСАНТТАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛІК ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

АКАДЕМИЧЕСКАЯ МОБИЛЬНОСТЬ КУРСАНТОВ ВЕДОМСТВЕННЫХ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ КАК СРЕДСТВО СЕТЕВОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ

ACADEMIC MOBILITY OF CADETS DEPARTMENTAL HIGHER EDUCATIONAL INSTITUTIONS AS A MEANS OF NETWORKING

Түйінді сөздер: ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық, білім алушы, кредит­тік оқыту технологиясы, ҚР ІІМ ЖОО.

Ключевые слова: сотрудничество, академическая мобильность, обучающийся, кредитная технология обучения, ВУЗы МВД РК.

Keywords: cooperation, academic mobility, student, credit technology of training, Universities of the MIA of RK.

Кез келген заманауи ЖОО үшін шетелдік және отандық жоғары оқу орын­дарымен ынтымақтастық маңызды. Бұл тармақ талапкерлер үшін оның имид­жінің, танымалдығының және тартымдылығының көрсеткіші болып табылады, сондай-ақ адам қызметінің барлық салаларына, соның ішінде жоғары білім беруге қатысты  интернационалдандыру мен жаһандану үрдістерінің заңды салдары болып табылады. Жоғары оқу орындарының интеграциясы қазіргі заманғы жоға­ры білімнің негізгі үрдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес академиялық ұтқырлықты дамыту — Болон декларациясының принциптерінің бірі ретінде мақсатты индикаторлардың бірі болып айқындалған. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы білім сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, жоғары оқу орнының миссиясын орындауға ықпал ететін институт қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

ЖОО интеграциясының бір түрі желілік өзара іс-қимыл болып табылады, ол бір-бірімен ынтымақтасатын оқу орындарының желісін құруды көздейді.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары білім алушыларының 2011 жылғы 19 қаңтардағы академиялық ұтқырлық тұжырымдамасын атап өту қа­жет, ол Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылу абыройына ие болған және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы қатысушысы болып табылатын бірінші Орталық Азия мемлекеті болып табылады.  Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық жоғары оқу орындары мен білім алушылар үшін белгілі бір мүмкіндіктер береді:

1) отандық білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын еуропалық стандарттарға сәйкес келтіру;

2) отандық біліктілікті және академиялық дәрежелерді тану;

3) білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету;

4) қазақстандық жоғары оқу орындарының білім алушыларының кредиттерін шетелдік университеттерде қайта есептеу және керісінше;

5) бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру;

6) Еуропалық өңірде жоғары білім туралы қазақстандық дипломдардың айыр­басталуын және түлектердің кез келген елде жұмысқа орналасу құқығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Халықаралық білім беру кеңістігіне қозғалыс жү­зеге асырылатын басты мақсат — әлемдік стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету, оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Болон декларациясының негізгі принциптерінің бірі білім алу­шылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы болып табылады.

Ақтөбе заң институты бүгінгі таңда Қазақстанның он жоғары оқу орындарымен, оның ішінде ІІМ-нің үш академиясымен өзара іс-қимыл жасайды. 2 айда 1 рет ЖОО-лар білім беру жүйесіне қатысты қандай да бір мәселелерді талқылау, оқу үрдісін жетілдіру, білім сапасын арттыру және жаңалықтарды енгізу үшін оты­рыс шеңберінде жиналады. Білім алушылардың академиялық ұтқырлық мәселесі бірнеше рет көтерілгеніне қарамастан, ол бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындары арасында іске асырылмаған негізгі сұ­рақтардың бірі болып келеді.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) болып бөлінеді. Ішкі академиялық ұтқырлық деп білім алушыларды оқыту, сондай-ақ жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында оқытушы-зерттеушілердің жұ­мы­сы түсіндіріледі. Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тағылым­дама­лардан ерекшеленеді, ең алдымен, білім алушылар шетелге шектеулі, бірақ ұзақ мерзімге — семестрден оқу жылына дейін оқуға барады, екіншіден, мұндай тағы­лым­дамалар кезінде олар тілді және жеке пәндерді оқып қана қоймай, толық семестрлік немесе жылдық курстан өтеді, ол базалық ЖОО-на қайтып келгеннен кейін есептеледі.

Сыртқы академиялық ұтқырлық деп шетелдік жоғары оқу орындарында бі­лім алушыларды оқыту, сондай-ақ зерттеушілердің шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелердегі жұмысы түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта сыртқы академиялық ұтқырлық курсанттарды ІІМ ведомст­волық оқу орындарында Қазақстан Республикасында да, шетелде де оқытуда орын­далмайды. Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі. Біздің курсанттарымызды шетелде оқыту үшін мүдделі министрліктер арасындағы екі жақты келісім қажет. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы министрліктерінің арасында 2005 жылдан бастап курсанттардың толық білім алуы бойынша 5 жыл бойы Ресей аумағында курсанттарды оқыту туралы келісім бар, ал академиялық ұтқыр­лық ұғымда белгіленгендей, атап айтқанда «білім алушыларды белгілі бір ака­демиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылына) ауыстыру» ведомстволық білім беру жүйесінде іске асырылмайды, себебі екі жақты келісім жоқ.

Егер ведомстволық ЖОО арасындағы академиялық ұтқырлықты ел ішінде қарайтын болсақ, онда бұл нұсқа орынсыз болып табылады, сондай-ақ оны орын­дау мүмкін емес. ІІМ-нің әрбір оқу орнына әртүрлі мамандандырулар бөлін­гендіктен және тиісінше әрбір ведомстволық ЖОО-ның оқытуға белгілі бір бағы­ты бар, сәйкесінше, сол мамандандыруларды алуға әртүрлі кредиттер бар. Сон­дықтан біздің ойымызша, әрбір ведомстволық ЖОО осы норманы табысты іске асыру үшін барлық бағыттар бойынша білім алуы қажет. Егер осы шектеуді ше­шуге болатын болса, онда «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ОӘБ-ның ЖОО-да білім алушылардың ведомствоішілік академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу қажет.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде:

  1. Тиісті мамандық бойынша бірыңғай нормативтік құжат әзірлеу, оның негізінде ЖОО арасында ведомстволық академиялық ұтқырлық рәсімі жүзеге асырылатын болады.
  2. 1-семестр аяқталғаннан кейін күндізгі оқу бөлімінің 1-курс білім алушыла­рының санаты үшін және күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс білім алушыларының білім алушының таңдауы бойынша академиялық кезеңдердің біріне алмасу мүмкіндігін қарастыру.
  3. Үлгерімнің орташа балын анықтау — «3,0» білім алушылардың академия­лық ұтқырлық мүмкіндігін ұсынады.

Осылайша, әлемдік қауымдастық білім алушының академиялық ұтқырлы­ғының оң екендігін атап өткім келеді және жыл сайын осы оқыту әдісі бойынша шетелде немесе ел ішінде білім алушылардың санын арттырады. Бірақ академия­лық ұтқырлық еліміздің азаматтық жоғары оқу орындарында толық көлемде жүзе­ге асырылып жатқанын, ал ведомстволық оқу орындарында жоғарыда атап өткеніміздей жөн. Осындай тәсілді негізге ала отырып, біз “Білім туралы” Қа­зақстан Республикасы заңының осы нормасының іске асырылуын көріп отырмыз.

 

ТҮЙІН

Берілген мақалада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ве­домстволық оқу орындарында білім алушылардың академиялық ұтқырлығын шешу мәселелері мен жолдары қарастырылады.

АННОТАЦИЯ

В данной статье рассматриваются проблемы и пути решения академической мо­бильности обучающихся в ведомственных учебных заведениях  МВД Рес­публики Казахстан.

ANNOTATION

This article discusses the problems and ways to solve academic mobility of students in departmental educational institutions of the Ministry of internal affairs of the Republic of Kazakhstan.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*