admin 01.10.2022

Отеуова АК. — М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, магистр

Отеуова А. К. — преподаватель кафедры правовых дисциплин Западно-Казахстанского Университета им. М. Утемисова (г. Уральск, Республика Казахстан), магистр

Oteuova A. K. — lecturer of the department of legal disciplines of the West Kazakhstan University named after. M. Utemisov (Uralsk city, Republic of Kazakhstan), master

ОӘЖ 347.61/.64

ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СЕМЕЙНОГО ПРАВА

ACTUAL PROBLEMS OF FAMILY LAW

ТҮЙІН

Мақалада Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің, сондай-ақ ақпараттық дереккөздердің негізінде қоғамда бо­лып жатқан отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы мәселе қарас­ты­рылған. Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамның ауыр дертіне айналған ма­ңыз­ды мәселелердің бірі болып табылады. Атап айтқанда, ажырасу және ажырас­қан­нан кейін орын алатын алимент төлеу мәселесі. Ажырасудың нақты себептері көр­сетілген. Алайда, ажырасуды түпкілікті жоя алмайтынымыз белгілі. Қай мемлекет­те болсын ажырасу саны бар, оны мүлдем жою — мүмкін еместің қасы. Мақалада ажырасу саны мен алимент төлеуден жалтарғандардың көрсеткішттері көрсе­тіл­ген. Мұндай оқиғалардың алдын алу шарттары сипатталып, ұсыныстар ұсынылды.

АННОТАЦИЯ

На основе Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье», а также информационных источниках в данной статье рассматривается вопрос о фак­тах насилия в семье, происходящих в обществе. Насилие в семье является од­ной из важнейших проблем общества, ставшей серьезной болезнью. В частности, развод и проблема с выплатой алиментов, которая происходит после развода. Ука­заны конкретные причины развода. Однако известно, что окончательно ликви­ди­ро­вать развод мы не сможем. В каком бы государстве ни было количество раз­во­дов, его вообще нельзя отменить. В статье указаны количество разводов и пока­за­тели тех, кто уклоняется от уплаты алиментов. Были описаны условия преду­преж­дения подобных происшествий и предложены рекомендации.

ANNOTATION

On the basis of the Code of the Republic of Kazakhstan «On marriage (matrimony) and the family», as well as information sources, this article discusses the facts of domestic violence occurring in society. Domestic violence is one of the most important problems of society, which has become a serious disease. In particular, the divorce and the problem with the payment of alimony, which occurs after the divorce. The specific reasons for the divorce are indicated. However, it is known that we will not be able to finally liquidate the divorce. In whatever state there is a number of divorces, it cannot be canceled at all. The article shows the number of divorces and indicators of those who evade alimony payments. The conditions for preventing such incidents were described and recommendations were proposed.

Түйінді сөздер: отбасы, неке, зорлық-зомбылық, ажырасу, алимент, жауапкершілік.

Ключевые слова: семья, брак, насилие, развод, алименты, обязанность.

Keywords: family, marriage, violence, divorce, alimony, obligation

 Әрбір тұлғаның өмірінде отбасы ерекше орын алады. Отбасы деген ұғымды әр адам әртүрлі түсінеді. Заң тұрғысынан алғанда, отбасы — некеден, туыстықтан, жек­жаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы[1]. Ал жалпы түрде алып қарастыратын болсақ, отбасы — бақыт мекені, отбасы — сыйластық пен махаббат орнаған шағын мемлекет, айта беретін болсақ отбасы туралы түрлі пікір бар. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасында алғашқы қадам жасалады.

Aлайда отбасылық өмірде де келеңсіз оқиғалар орын алып жатады. Отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, ұрыс-керіс, ашуыза отбасының ажырауына әкеліп соқтырады. Ажырасу қоғамда маңызды мәселеге айналып, оны шешудің сан түрлі амалдары қарастырылуда. Ажырасу санының көбеюі жылдан жылға артып келеді.

Ресми статистикаға сүйенсек, ranking.kz деректері бойынша Қазақстанда 2019 жылдың бірінші тоқсанында некеге тұрғандар саны 27,9 мыңды құрап, 2018 жылдың бірінші тоқсанымен сaлыстырғанда 1,8 пайызға азайған. Сонымен қатар, некенің үштен екісі қалаларда тіркелсе, еліміздегі ажырасудың төрттен үш бөлігі де қалаларда тіркелген. Қалада некеге тұрудың үлесі 67 % немесе 18,7 мың, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 % артық. Ауылдық жерлерде олардың үлесі тиісінше 33 %-ды немесе 9,2 мың құрайды — 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 7,1 %-ға аз. Айта кетейік, 2018 жылы 54,8 мың ажырасу тіркелді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,3 % көп. Ажырасулардың төрттен үш бөлігі қалаларда (бір жыл бұрын 74,6 %), ал тек 25 % ауылдық жерлерде (бір жыл бұрын 25,4 %) болған. Бұдан байқайтынымыз – ажырасу санының көбейіп келе жатқаны. Біріккен Ұлттар Ұйымының «2017 жылғы Демогрaфиялық есебіне» сәйкес, Қазақстан ажырасулар саны бойынша әлемдегі алғашқы 10 елдің қатарына енген[2].

Пандемия басталғалы бүкіл әлемде ажырасуға өтініш бергендердің саны арт­қан. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мәліметінше, карантин кезінде некені бұзуға 311 онлайн өтініш түссе, некеге тұруға 1 152 мың өті­ніш түскен. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыз-шағымдар саны екі есеге өскен. «Дағдарыс орталықтары одағының» қоғамдық ұйымының мәліметі бойынша, Қа­зақ­станда барлық ауыр зорлық-зомбылық қылмыстарының 40 пайызы отбасында жасалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе отбасының ең әлсіз және осал мүшелеріне — әйелдерге, балаларға, мүгедектерге және қарттарға әсер етеді. «Дағ­дарыс орталықтары одағының» мәліметі бойынша, 2019 жылы Қазақстанда екі миллионнан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен: олардың 45 пайызы психологиялық, 20 пайызы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бұл ретте зардап шеккендердің тек 7 пaйызы ғана полицияға жүгінеді. Карантин енгізілгеннен кейін Одақтың сенім телефонына қоңыраулар саны екі есеге артқан[3].

Ал ажырасудан кейінгі болатын мәселелерде аз емес. Мәселен, соның бірін­шісі — баланың тағдыры, ата-анасы бола тұра тірі жетімге айналуы. Кәмелетке толмаған балалардың психикасының бұзылуы, баланың өзгеруі кейбір жағдайларда тіпті баланың бұзақылық жасауына әкеліп соқтырады. Көп жағдайда ата-анасы ажырасқаннан кейін бала таңдау жағдайында қалып қояды. Бұның барлығы балаға психологиялық тұрғыдан қатты әсер етеді. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына бұл жағдайлар қатты әсер ететіні сөзсіз. Екіншісі алимент төлемеу. Яғни алимент төлеуден жалтарғаны үшін көптеген азаматтар жауапкершілікке тартылуда.

Жалпы алимент баршамызға белгілі, бір адам оны алуға құқығы бар екінші адам­ға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат болып саналады. 2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 миллионнан аса атқарушылық құжат болды. Өндіріп алушылардың пайдасына 7 триллион теңге сомасынан асатын атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Атқарушылық іс құжаттардың орындалуы 69,9 пайыз болды. Осылайша, министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары орындалды. Алимент санатындағы борышкерлердің 76 дана жылжымайтын мүлігінен және 62 дана көлік құралдарынан берешек өндіріліп алынған. 2020 елімізде төленбеген алимент 6 миллиард теңгеден асқан[4].

Кәмелет жасына толмаған балаға төленетін алимент мөлшері қалай есептеледі? Ерлі-зайыптылардың арасында бала болса, міндетті түрде сот арқылы ажырасады. Сол кезде міндетті түрде шешілетін сұрақ — алимент мәселесі. Оны төлеудің екі жолы бар. Біріншісі – ерлі-зайыпты ажырасар кезде нотариус арқылы келісімшартқа қол қою. Мысалы, бала анасында қалса, әкесі ай сайын осынша сомада немесе, айталық, 20 АЕК алимент төлеп отыруға немесе табысының белгілі бір пайызын төлеп отыруға міндеттеледі. Екіншісі, ондай келісім болмаса, бұл мәсе­лені сот шешіп береді. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда кәме­летке толмаған балалар үшін алимент сотпен олардың ата-аналарынан ай сайын: бір балаға — төрттен бір, екі балаға ата-анасының жалақысының немесе өзге де кірісінің үштен бір бөлігі, үш және одан көп балаға — жартысы төленеді. Егер ерлі-зайыпты заңды некеде тіркелмеген болса, баланың нaғыз әкесі немесе нағыз анасы екенін сот сараптамасы арқылы анықтау үшін олар арызбен бірге алимент өндіру туралы арызды да бірге сотқа жіберуі керек. Бұл көрсеткіштер жоғары да, төмен де өзгеруі мүмкін, яғни ата-анасының табысына және басқа себептерге байланысты. Aлайда ақшалай төлемдерді өзгерту сотта ғана мүмкін[5].

Ажырасудың салдарларының өзі көптеген жағдайларға әкеліп соқтырып жат­қанын күнделікті өмірде де байқап жүрміз. Ажырасудың алдын алу үшін не істеуге болады? Негізінен ажырасудың алдын алу қарым-қатынасты дұрыс құрудан басталады. Отбасын құру оңай шаруа емес, сондықтан оған үлкен дайындықпен келу қажет. Психологтардың айтуынша, ажырасудың шектен тыс көбеюі адамдардың өмірлік серік таңдағанда оның жан-дүниесіне үңілмей, сыртқы факторларға қарап қана бағалап таңдауынан болады. Сонымен бірге, жастардың материалдық қиын­дық көріп, оған шыдамай жататындықтары да басты себептердің бірі. Демек, отбасы құрар алдында жастарда үлкен дайындық болуы керек.

Қазіргі таңда мемлекет те ажырасу көрсеткішін азайту үшін әртүрлі шара-ларды қолға алуда. Мәселен Парламент мүшелері Үкіметке отбасы институтын сақтау туралы өз ұсыныстарын ұсынды. Атап айтқанда, депутат Дархан Мыңбай: «Жастар арасында тұрақты отбасы институтының құндылықтарын қалыптастыру мен танымал етудің жандануына байланысты орта және жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар өткізуді қарастырған жөн. Ажырасу жағдайында сот алдындағы медиация жұмысын жүйелеу және ынталандыру, өркениетті елдердің отбасын сақ­тауға бағытталған тәжірибесін насихаттау ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өз Жолдауында атап өткендей, тұрғын үй сатып алу мақсатында зейнетақы жинақтарының жеткілікті мөлшерден асатын бөлігін «Отбасы банкіне» ауыстыруға рұқсат беру қажет. Көп балалы отбасыларды қолдаудың осындай теті­гін жетілдіру қажет. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерде, ұйымдарда және ұжымдарда өткізілуге тиіс. Отбасылық құндылықтарды заманауи форматта дәріптейтін әлеуметтік желілер мен бұқ­аралық ақпарат құралдарында ақпаратты, бейне контентті тираждау қажет. Халық арасында «Отан — отбасынан басталады» деген қанатты сөз бар. Біз әрбір отбасы мен жас шаңырақты қолдау мен қорғау мемлекеттің адами капиталдың сапасын арттырудағы кезек күттірмейтін міндеті деп санаймыз», — деп қорытындылады[6].

Бірақ, әрине кейбір жағдайларда ажырасудың қаншама жолдары болса да, кейбір себептерге мемлекет тарапынан кінәнің жоқтығын мойындаған жөн. Кейбір отбасылық мәселелер өзара келіспеушіліктерден болатынын білеміз. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінбеуі, отбасы мүшелерінің қарсылығы, ішімдік­ке немесе нашақорлыққа салыну деген сияқты себептер бұл өзара шешілетін мән-жайлар. Бұдан байқайтынымыз ажырасуды түпкілікті жоя алмайтынымыз белгілі. Қай мемлекетте болсын ажырасу саны, оны мүлдем жою мүмкін еместің қасы. Ажырасудан кейінгі ең қатты өкініш — баланың тірідей жетімге айналуы. Әрине қайсыбір жұп болсын үйленер алдында «ажырасам» деген оймен отбасын құр­майды. Сол арқылы көп жылдар өткесін бір-бірін түсінбеушілік орын алып жатады.

Менің ойымша, ажырасу санын алдын алу үшін ең бірінші мемлекет тарапынан жас отбасыларға жұмыс, тұрғын үй жағы қамтамасыз етілсе. Көп жағдайлардың бірі жұмыссыздық болып табылатынында. Сонымен бірге көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы санын көбейту, бір жағынан халықтың санының артатындығын білдіреді. Қазіргі күні көп жағдайда барлық бағаның шарықтауы арқа­сында балаларды асыраудың өзі қиынға айналып келе жатқанында. Ажырасудың алдын алу үшін белгілі бір орталықтар ашу керек. Сол арқылы ең бірінші отбасыларды өзара келісімге медиацияға шақыру қажет. Қайбір қоғам болмасын ажырасу мәселесімен түпкілікті күресетіні анық. Отбасы тыныштығын сақтау — ердің де әйелдің де міндеті. Жауапкершілік сезіну арқылы әрдайым бір-біріне қолдау білді­рулері тиіс. Сонымен әрбір отбасын сақтау — Отанымыздың тұрақтылығының кепілі. Ойымды мемлекет басшысы сөзімен қорытындыласам: «Жас отбасының шаңырағы бақыт бесігіне айналуы тиіс»[7].

  1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі // «Әділет» АҚЖ. URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518 (жүгіну мерзімі: 15.04.2022).
  2. Нурбай Р. Разводы в Казахстане: причины, тенденции и выплата алиментов // Информационное агентство Strategy2050.kz. 22.07.2020. URL: https://strategy2050.kz/ru/news/razvody-v-kazakhstane-prichiny-tendentsii-i-vyplata-alimentov-/ (дата обращения: 15.04.2022).
  3. Бұл да сонда.
  4. Тлеуова Р. Алимент төлемеген қазақстандықтардан былтыр 76 жылжымайтын мүлік өндірілді // Тengrinews.kz сайты. 22.01.2021. URL: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/aliment-tolemegen-kazakstandyiktardan-byiltyir-76-426694/ (жүгіну мерзімі: 15.04.2022).
  5. Әке деп тану және алимент өндіру // Шымкент қалалық соты сайты. 24.05.2021. URL: https://shymkent.sud.kz/kaz/news/ke-dep-tanu-zhne-aliment-ondiru (жүгіну мерзімі: 15.04.2022).
  6. Күн сайын 164 отбасы ажырасады — Дархан Мыңбай дабыл қақты // «matritca.kz» ақпараттық-саяси порталы, 13.10.2021. URL: https://matritca.kz/old/news/99128-kn-sayyn-164-otbasy-azhyrasady-darhan-mybay-dabyl-aty.html (жүгіну мерзімі: 15.04.2022).
  7. Қ.-Ж. Тоқаев Жас шаңырақ бақыт бесігіне айналуға тиіс // «Inbusiness.kz» ақпараттық порталы. 10.12.19. URL: https://inbusiness.kz/kz/last/kasym-zhomart-tokaev-zhas-shanyrak-bakyt-besigine-ajnaluga-tiis (жүгіну мерзімі: 15.04.2022).

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*