МРНТИ 10.77.91
УДК 343.3/.7
Сеилханов Ж. Д. — «Астана» Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, (Қазақстан Республикасы, Астана қ.)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДАНЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Бұл мақалада Қазақстан Республикасында экономикалық контрабанданы саралаудың ерекшеліктері қаралады. Осы қылмысты зерттеу барысында теориялық және тәжірибелік пікірлер айтылады. Автор тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз алып өту бойынша экономикалық контрабанданы саралауды зерттейді.
Автор кедендік шекара арқылы тауарлар мен өзге де заттардың заңсыз өткізілуін құқықтық реттеу саласында зерттеу жүргізген. Контрабанданың объективті жағын құрайтын құқықтық санаттардың айқындылығын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі айқындалады және негізделеді.
Сонымен қатар, айналымнан алынған нәрселерді немесе айналымы шектеулі нәрселерді қылмыстардың қатарына жатқызу үшін саралаудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелерін зерттейді. Сонымен бірге, қылмыстық процестік заңын нормаларын қатаң сақтаумен де қамтамасыз етілетінін қозғайтын болады.
Зерттеу барысында контрабанданы дайындау, қастандық және аяқталған қылмыс кезеңдерінде саралау кезінде қайшылықтар анықталды; анықталған қайшылықтар мен проблемаларды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Алынған нәтижелер негізінде қылмыстық заңнаманы жетілдіруге, құқық қорғау органдарының кеден саласындағы қылмыстарды саралау қызметін жетілдіруге болады.
Мақала контрабандаға қарсы күреспен айналысатын көптеген мамандарға пайдалы болуы мүмкін. Мақалада Қазақстан Республикасындағы экономикалық контрабанда құрамының ерекшеліктерін және заңнаманың нормаларын, тергеу және сот тәжірибелерін басшылыққа ала отырып көрсетіледі.
Түйінді сөздер: қылмыскерлік, контрабанда, экономика, құрамы, кедендік алым, сот, қылмыстық топтар, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, шекара.
Сеилханов Ж. Д. — старший преподаватель Высшей школы права Международного университета «Астана», магистр юридических наук (Республика Казахстан, г. Астана)
ПРОБЛЕМЫ КВАЛИФИКАЦИИ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ КОНТРАБАНДЫ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Аннотация. В данной статье рассматриваются особенности квалификации экономической контрабанды в Республике Казахстан. В ходе изучения данного преступления высказываются теоретические и практические мнения автора. Автор исследует квалификации экономической контрабанды по незаконному перемещению товаров или других ценностей и предметов через таможенную границу Евразийского экономического союза.
Автором проводится исследование в области правовой регламентации незаконного перемещения товаров и иных предметов через таможенную границу. Выявляется и обосновывается необходимость внесения изменений и дополнений в действующее законодательство Республики Казахстан в области таможенного регулирования с целью установления определенности правовых категорий, составляющих объективную сторону контрабанды.
Вместе с тем рассматриваются проблемы теории и практики разграничения с целью отнесения к преступлениям вещей, полученных из оборота, или вещей с ограниченным оборотом. При этом отметим, что это будет обеспечиваться неукоснительным соблюдением норм уголовно-процессуального законодательства.
В ходе исследования выявлены противоречия при квалификации контрабанды на стадиях приготовления, покушения и оконченного преступления; разработаны конкретные рекомендации по устранению выявленных противоречий и проблем. На основе полученных результатов возможно совершенствование уголовного законодательства, совершенствование деятельности правоохранительных органов, квалификации преступлений в таможенной сфере.
Статья может быть полезна широкому кругу специалистов, занимающихся вопросами противодействия контрабанде. В статье отражаются особенности состава экономической контрабанды в Республике Казахстан и нормы законодательства, следственная и судебная практика.
Ключевые слова: преступность, контрабанда, экономика, состав, таможенная пошлина, суд, преступная группировка, преступная организация, преступное сообщество, граница.
Seilkhanov Zh. D. — senior lecturer at the higher school of law of the Astana International University, master of law (Republic of Kazakhstan, Astana)
PROBLEMS OF QUALIFICATION OF ECONOMIC SMUGGLING IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Annotation. This article discusses the features of the qualification of economic smuggling in the Republic of Kazakhstan. In the course of studying this crime, the author’s theoretical and practical opinions are expressed. The author examines the qualifications of economic smuggling for the illegal movement of goods or other valuables and items across the customs border of the Eurasian Economic Union.
The author conducts research in the field of legal regulation of illegal movement of goods and other items across the customs border. The necessity of introducing amendments and additions to the current legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of customs regulation is identified and justified in order to establish the certainty of the legal categories that make up the objective side of smuggling.
At the same time, the problems of the theory and practice of differentiation are considered in order to classify things obtained from circulation or things with limited turnover as crimes. At the same time, we note that this will be ensured by strict compliance with the norms of criminal procedure legislation.
The study revealed contradictions in the qualification of smuggling at the stages of preparation, attempted and completed crimes; specific recommendations were developed to eliminate the identified contradictions and problems. Based on the results obtained, it is possible to improve criminal legislation, improve the activities of law enforcement agencies, and the qualification of crimes in the customs sphere.
The article can be useful to a wide range of specialists dealing with anti-smuggling issues. The article reflects the peculiarities of the composition of economic smuggling in the Republic of Kazakhstan and the norms of legislation, investigative and judicial practice.
Keywords: crime, smuggling, economy, composition, customs duty, court, criminal group, criminal organization, criminal community, border.
Кіріспе. Қоғамға қауіпті қылмысты зерттеудің ұғымы екі жақты түсіндірелді: Біріншіден Қылмыстық заңның екінші бөлігінің нормаларында белгіленген қылмыс құрамдарының белгілеріне нақты әлеуметтік қауіпті әрекеттің (жағдайдың) сәйкестігін (ұқсастығын) анықтау бойынша алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының жұмысы ретінде белгілі бір тәртіптік үрдіс ретінде анықтау жатады; Екіншіден осы процестің нәтижесі ретінде — нақты танылған және қылмыстық процестің формасына айналған, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыстардың қатарына жатқызу үшін құқықтық негіз бен бағалануы керек.
К. Ж. Балтабаевтың пікірінше, қылмысты және теріс қылықты дұрыс саралау үшін, белгілі бір қылмыстық әрекетте немесе әрекетсіздікте қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы мәселені шешу үшін осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтықтарын анықтау қажет. ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бабында «Қылмыстық құқық бұзушылық жасау, яғни заңда көзделген қылмыстың немесе теріс қылық жасаған құқық бұзушылықтың барлық белгілерін қамтитын әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады»[1].
Қылмысты және теріс қылық жасаған құқық бұзушылықты квалификациялау мәселесі қылмыстық құқықтағы ең күрделі және маңызды проблемалардың бірі болып табылады, тек теориялық әдіспен ғана емес, сонымен қатар, тәжірибелік тұрғыдан да өте маңызды, өйткені қылмыстық заңның тиімділігі және адамның жеке басының тағдыры сол немесе басқа әрекеттің қалай жасалғанына байланысты. Сотқа дейінгі тергеу әрекеттерінде және сот төрелігін жүзеге асыру үшін бұл қылмыстың және теріс қылықтың қылмыстық-құқықтық норманың қолданылуы мен дұрыс анықталуы маңызды болып табылады. Осы негізде ғана сотқа дейінгі тергеп тексеру және сот тергеуі заңға сәйкес контрабанда қылмыстарын қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің дұрыс жүзеге асуына кепіл болып табылады.
Контрабанда қылмыстарын дұрыс анықтау мәселелерін зерттей отырып, оны саралау қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен шектелмейді, сонымен бірге, қылмыстық-процестік кодекстің нормаларын қатаң сақтау қажет. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңының тиісті баптарына сәйкес қылмыстық процесс бойынша анықталуға жататын барлық мән-жайларды жинақтаудан, бекітуден, зерттеуден және баға берудің тәртібі қылмыстық процестік заңға сәйкес орындаулы керек. Сонымен қатар, ҚР Жоғары сотының қаулыларына ерекше назар аударған жөн. Мәселен, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының ережелерін басшылыққа алып жаза тағайындалу керек[2].
Жаза тағайындау кезінде судьялар ҚР Қылмыстық кодексінің жалпы бөлімінде көрсетілген жаза тағайындаудың нормаларын мүлтіксіз сақтауы, сондай-ақ қылмыстың санаттарын, қайталанудың, қауіпті қайталанудың болуын, қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезеңдерін, қылмыс жасаған сотталушының қылмысқа қатысушылық рөлін, жасалған қылмыстың мақсаты мен ниетінің орындалуын және келтірілген зиянның қоғамға қауіпті мөлшері мен сипатын, ҚР қылмыстық кодексінің 53 және 54 баптары бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қолданылуы маңызды болып табылады»[3].
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, анықтау, қадағалау және соттардың, үш буынды моделі негізінде тәжірибелік қызметінде контрабанданың дұрыс саралау тәртіптері сақталуы керек. Мәселен, қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің жағдайларын толық және жан-жақты тергеу, қоғамға жасалған қылмыс құрамының толық белгілерін болуын анықтау болып табылады. Қылмысты дәлелдеу процесіне қатысты және контрабанданы тергеуді анықтайтын адамдар қызметінің сыртқы қылмыстық процестік бағыттарын сипаттайды, бұл жұмыстың ішкі жағын, мән-жайын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі тұрғысынан экономикалық контрабанданы саралаудың барлық үрдісі сотқа дейінгі іс жүргізудің басталу кезеңінен бастап судьяның айыптау немесе ақтау үкімдерінің заңды күшіне енуімен аяқталады және оның бірнеше айқындалған сатыларын сипаттау арқылы көрініс табады.
Азаматтың әрекетінде экономикалық контрабанда құрамының белгілерін табу үшін заңға сәйкес барлық қылмыс құрамдарының белгілері анықталу керек. Тергеушінің процессуалдық материалдарында контрабанданы саралау үшін келесі міндеттерді орындау керек:
- қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдану;
- азаматтың экономикалық контрабанда қылмысын жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды күдіктінің іс-әрекетін саралау;
- қылмыстық заңға сәйкес оған бұлтартпау шараларын бірін таңдау[4].
Талқылау. Қазақстан Республикасында экономикалық контрабанданы саралау кезінде әрекеттің әлеуметке қауіптілігі, кінәлі азаматқа жаза тағайындау кезінде барлық мән-жайларды ескеру қажет, қылмыс құрамының элементтерінің ашылмауы тергеуді толық және ашып жүргізуге кедергі болады. Мәселен, экономикалық контрабанданың элементтерін ашқан кезде азаматтың есінің дұрыстығы жауапқа тарту мен жаза тағайындауға үлкен әсері бар, бірақ іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі осы белгімен ғана айқындалмайды. Басқа тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қылмыстық әрекетті істеу, мәселен, кедендік аймақ арқылы құжаттарды дұрыс рәсімдемей тауарларды өткізу жасалған құқықбұзушылықтың әлеуметке қауіптілік деңгейін ашыуға ықпал болады, бірақ азаматтың экономикалық контрабанда жасады деп жауапқа тартуға себеп болмайды. Қылмысты ашып саралайтын тергеуші экономикалық контрабанданың барлық белгілерін ғана анықтап әлеуметтік қауіпті, күдіктіні және іс-әрекеттің қылмыстық заңға қайшылығын анықтауға негізделуі керек.
Бұл ретте экономикалық контрабанда белгілі бір белсенділік белгілері белгілі бір қарқындылықпен көрінгенде ғана қылмыс құрамы бар деп айта аламыз. Кедендік бақылаудан жалтару немесе Қазақстан Республикасының кеден аймағынан ол арқылы жасырын өту (әртүрлі тәсілдермен тауарларды заңсыз алып өту, кедендік шекара аймағын айналып өту, бір затты екіншісімен араластыру арқылы іздерін жасыру және т. б.) болуы мүмкін.
Қазіргі кезде кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың контрабандалық жолмен өткенін анықтау, қылмыстарды ашқан кезде қылмыстың объектісі мен затын анықтау да қиындыққа түседі. Себебі адамдар құжаттарды немесе кедендік тауарларды аяқтық жолмен кеден органдарына жалған құжаттар мен тауарларды көрсету арқылы кеден шекарасы аймағынан өтуге тырысады. Декларация жасамай немесе жалған декларация құжаттарында көрсетілетін тауарлар мен құндылықтарды жазбай өтірік мәліметтер енгізеді. Лауазымды адамдар кедендік шекара арқылы өтетін тыйым салынған тауарлар немесе өткізуге рұқсаты жоқ заттардың тізімі арнаулы нормативтік актілерге сәйкес жүргізу керек.
Шекара аймағы арқылы өткізілетін тауарларды арнайы ережелердің тәртібімен реттеледі. Қылмыстық кодекс бойынша экономикалық контрабанданың диспозициясы бланкеттік болып табылады. Кедендік шекара, кедендік декларация т.б. ұғымдардың түсінігі Қазақстан Республикасының Кеден реттеу туралы кодексінде берілген, ал қандай тауарлар мен заттардың кедендік реттеу шекарасынан өткізілу немесе өткізілмеуі оларға шек қойылуы арнайы ережелермен және нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Айтылып өткен заңсыз әрекеттер кедендік құжаттарды, тауарларды, заттарды, құнды заттарды ірі мөлшерде шекара арқылы заңсыз жолмен өткізумен көрсетілсе, жасалған қылмыстық әрекет аяқталған деп сараланады. Қылмыстық заңның нормасында экономикалық контрабанданың ауырлатылған құрамы (қылмыс қайталанса; адам өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, кедендік тексеруді жүргізетін адамға күш қолданса, ірі мөлшерде, азаматтармен алдын ала сөйлесіп келісіп жасалса), қылмыстық кодекстің 234-бабының 3-тармағында аса ауырлататын (мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын адам не лауазымды адам, егер олар өздерінің қызметін пайдаланумен қатар істесе; қылмыстық ұйым жасағаны әрекеттер) белгілері көрсетілген. Қайталап жасалған қылмыстың анықтамасы қылмыстық заңның 2-бабында жазылған. Адам өзінің кызмет бабын пайдаланып, кеден кызметі органдарының, сондай-ақ заңмен көрсетілген мемлекеттік мекемелердің, басқа да лауазым азаматтардың кеден шекарасы аймағынан өту кезінде қызметін пайдаланып зиян жасауы, кедендік тексеруді жүзеге асыратын адамға күш көрсету әрекеттері туралы айтылып отыр. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын уәкілетті адам не оған теңдестірілген адамның түсінігі қылмыстық заңның 3-бабының 27, 28-тармактарында берілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының 3 және 38-тармақтарына байланысты осы бапта көзделген іс-әрекеттер, егер өткізілген заттар мен тауарлар бағасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын болса және ірі мөлшерде болатын болса өткізілген заттар мен тауарлардың құны он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, аса ірі мөлшерде жасалған қылмыстық әрекеттер деп айтылады[5].
Экономикалық контрабанда қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген арнайы субъектінің ерекше белгілерін түсіндіру де сот практикасының саласына тікелей қатысты. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының Ерекше бөлімінде арнайы құрам берілген, бүгінгі таңда аталған белгілерді түсіндіру ҚР Жоғарғы сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 нормативтік қаулысы анық түсіндірмесін береді[6].
Экономикалық контрабанданы талдау кезінде қолданылатын айрықша белгілер оның басқа ерекшеліктерінен туындамайтын, осы қылмыстың басқа ерекше белгілері мен шығармайтын қасиеттерін сипаттауы керек, сондықтан, әрбір кезде, қылмыстық дағды белгіленуге тиіс. Мәселен, объектінің барлық белгілері экономикалық контрабанданың белгісі болмайды, бірақ оларды іс-әрекеттің басқа белгілері мен қылмыс атауының құрамынан шығарып алу қиын емес. Олардың бар болғанын белгілегеннен кейін экономикалық контрабанда әлеуметтік қатынастарға қол сұғады деген дерегі де негізсіз болады.
Экономикалық контрабанда объектісі болып экономикалық қызмет, кедендік бақылаудың белгіленген тәртібі, кедендік шекара арқылы өткізу шарттары, тұтастай алғанда Еуразиялық экономикалық одақтың да, атап айтқанда Қазақстан Республикасының да егемендігі мен қауіпсіздігі табылады.
Нысанды дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік-құқықтық сипатын, жасалған қылмыстық құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліктің нысандары мен шектерін түсінуге көмектеседі.
Белгілі бір форманы түсіну ұқсас қылмыс құрамын бір-бірінен, қылмыстық іс-әрекеттерді қылмыс емес іс-әрекеттерден бөліп алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез-келген әрекеттің әлеуметтік қауіптілік деңгейі бір талай деңгейде қай объектіге қол сұғушылыққа ұшырайтынына байланысты, сондықтан қолданыстағы қылмыстық кодекстің «әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды делінген және ҚР қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қандай-да бір іс-әрекеттің белгілеріне ие болса да, қоғамға елеусіз болуына байланысты қоғамдық қауіп төндірмейді» деп көрсетілген. Алайда, объектінің рөлі мұнымен бітпейді[7].
Қылмыстық заңның 234-бабының 1-бөлігінде, кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып жасалған не декларациялаумен немесе көрінеу анық емес декларациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетумен, оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және көрінеу анық емес мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, ері мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы қағидалары белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
234-баптың 2-бөлігінде, қайталанып жасаса; азамат өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын азаматқа күш қолданып; аса iрi мөлшерде; адамдар тобының алдын ала келісумен жасалған іс-әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР ҚК-нің 234-бабының 3-бөлігінде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасалса, қылмыстық топ жасаған әрекеттер болса мүлкi тәркiленiп, ал бірінші тармақта көзделген жағдайларда белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетілген.
ҚР ҚПК-нің 3-бабының 38-тармағындағы түсіндірме бойынша, ірі мөлшерде өткізілген заттардың бес мың айлық есептік көрсеткіштен көп құны айтылады. Аса ірі мөлшер деп алып алып кірген заттардың он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын бағасы айтылады.
Тауарларды заңсыз өткізуде бірнеше тәсілдер қолданылады — ресми, ашық түрде, яғни құжатта көрсетілген затқа екінші бір затты қосып өткізу және жасырын түрде, яғни кеден шекарасын сырт айналып өткізу арқылы немесе құжатқа мүлдем көрсетпеу арқылы жасалады.
Экономикалық контрабанданы құрайтын әрекеттер келесі жағдайларда аяқталған болып есептеледі:
- құжатта ішінара көрсетілген тауарларды ресми түрде өткізуге оқталғанда;
- кедендік құжатты толтырып болған сәтте, ал арнайы ережелермен қарастырылған заттарды ереже талаптарын сақтамай өткізу барысында;
- шекаралық бақылау рәсімі аяқталған сәтте;
- шекарадан тауарларды ресми түрде алып өтуге оқталғанда;
- кедендік рәсімдеу аяқталған сәтте;
- тауарларды жасырын өткізу жағдайларында;
- шекараны заңсыз өту сәтінен бастап есептеледі.
Контрабанда тұрғысында жасалған қылмыстардың туралы нақты мәліметтерді анықтаумен қатар, оның саралануы үшін бұл барлық көрсетілген айғақтар шын және нақты құқықтық баға беру маңыз, бұл іс жүзінде әрдайым бола бермейді. Бұл жерде негізгі ерекшеліктері төмендегідей.
Контрабанда қылмыстарын қайталап істелген жағдайда саралау. Қылмыстық әрекеттердің қайталап жасалынуы қылмыстық заңның нақты бабының немесе бабының бөлігінде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттерді жасауы қылмыстық әрекетті бiрнеше рет қайталап жасалуы деп түсіндіріледі. Қылмыс пен бірге қайталап қылмыстық теріс қылық жасаса бірнеше рет жасалды деп танылмайды.
Адам бұрын жасаған қылмыстық әрекеті үшін жауапқа тартылған болса не заңда белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босаа шықса, қылмыстық әрекет бірнеше рет жасалған деп есептелмейді.
Жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, бiр ниетпен және бiр мақсатпен болатын болса, бiр қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын, құқыққа қарсы бiрқатар бiрдей әрекеттерден тұратын қылмыстық әрекет бiрнеше рет жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылмайды.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы қылмыстық заңда қатаң жазаға әкеп соғатын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда, азаматтың жасаған қылмыстық әрекеттері қылмыстық заңының нормалары бойынша қылмыстарды бiрнеше рет жасағаны үшiн жаза көзделетiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша саралайды[8].
Азаматтарды қылмыстық заңға сәйкес негізсіз айыптаулар мен соттардан қорғауды тиісінше қолдану, сондай-ақ сотталғандардың өз әрекеттеріне сәйкес әділ жаза тағайындауын қамтамасыз ету. Сондықтан бір адам бірнеше контрабанда құқық бұзушылықтарын жасаған кезде қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы үшін қажетті мән-жайларды айқындайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 12 және 13-баптарының ережелерін және жалғасып жатқан (созылмалы) қылмыстық құқық бұзушылықтың, бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылықтардың, қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты және анық жасалуын ескере отырып, жасалған іс-әрекетті ескеру және саралау қажет.
Экономикалық контрабанда қылмыстық әрекеттерді бірнеше рет қайталап жасалуын және осы жасалған іс-әрекеттің жалғаспалы немесе созылмалы қылмыстық әрекеттерден ажырата білу керек. Нақты сол адамның бірыңғай пиғылымен және мақсатпен, материалдық құрамымен және келтірілген зардаптарының бірегейлігімен сипатталатын, қылмыстық әрекеттер жасау әдісі мен объектісі бойынша өзара ұқсас екі және одан да көп қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасауы қылмыстық әрекеттің бірнеше рет жасалуын құрамайды. Бұл жағдайларда барлық жасалған қылмыстарды тұтастай жалғаспалы қылмыстық әрекеттер ретінде біліп, осы қылмыстық әрекетті жасағаны үшін жауаптылық көздейтін 234-бап бойынша немесе бабының бөлігі бойынша саралаған дұрыс.
Азамат қылмыстық заңның бір бөлігімен қарастырылған жалғасқан қылмыстық әрекетті жасаған кезде, белгілері қылмыстық заңның жалғасқан қылмыстары үшін жауаптылықты көздейтін бабының (мәселен, аса ірі мөлшердегі есірткіні заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау кезеңінде оның бөліктерін бірнеше мәрте өткізу) диспозициясымен қамтылмайтын басқа бөлігінде көзделген басқа қылмыстық әрекеттер жасаған жағдайда, оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 234-бабының неғұрлым қатаң жаза белгіленетін бөлігі бойынша саралауға жатады. Бұл ретте адамның жасаған барлық қылмыстарның белгілері айыптауда және үкімде көрсетілуге керек.
Экономикалық контрабанда қылмыстарында азамат өзінің лауазымын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттің саралануы. Қылмыстардың бұл түрі қызмет бабын пайдаланған азаматтар істеген қылмыстың басқа құрамдарымен салыстырғанда үлкен ерекшеліктерге ие. Біз зерделеген тергеу әрекеттерінде және сот тәжірибесінде экономикалық контрабанда жасайтын лауазымды адамдар жиі кездеседі, бірақ бұл қылмыстар латтентті көрініс табады. Осы қылмыстарды жасаған лауазымды тұлғаны, тергеу кезінде нақты фактілер болмаса анықтап көрсету қиындыққа түседі. Осы қылмыстар жасалған кезде лауазымды тұлғалардың өздері кедендік аймақ арқылы заттарды өткізуге өздері қатыспайды, сол себептен экономикалық контрабанда қылмыстарын іс бойынша нақты кінәлілерді анықтау қиыныдыққа түседі.
Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адам деп, қызмет парызы бойынша кедендiк және шекаралық бақылауды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен басқа құнды заттар және нәрселердi қарау бойынша тиiстi ықпал жасайтын және шекарадан өтуге рұқсат беретiн адамды айтады.
«Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 нормативтік қаулысында, яғна өзiнiң лауазымдық қызметін пайдаланып асалған экономикалық контрабанда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару жүйесінің мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ҚР ҚК-нің баптары бойынша қосымша саралауды қажеті жоқ6.
Өзiнің лауазымдық өкілеттігін пайдаланып экономикалық контрабанда жасаған мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті не соған теңестірілген басқа азаматтарға жалпы негiзде, яғни лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша және аталған саралау белгiлерiне сілтемесіз ҚР ҚК-нiң 234-бабының тиiстi бөліктерi бойынша жауапкершiлiк жүктеледi.
Қазақстан Республикасында экономикалық контрабанданы саралау кезінде «Ұйымдасқан топтың» саралану белгiлерi деп алдын ала контрабанда жасау үшiн бiрлескен адамдардың қалыптасқан тобын айтамыз. Бірнеше азаматқа, соның ішінде оның өзіне де тиесілі заттарды немесе өзге де құнды заттарды заңсыз өткізуге қасақана ниетті азамат біріккен контрабандалық заттардың контрабандасы үшін жауапкершілік көтеруге тиіс. Қасақана ниеті контрабандалық заттардың қалған бөлігін заңсыз өткізу бойынша басқа азаматтардың іс-әрекетін қамтымайтын, орны ауыстырылуы өзіне көрінеу заңсыз мұндай тауарлардың немесе құндылықтардың жеке бөлігінің иесі тек оған тиесілі мүліктің контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қылмыстық топ деп экономикалық контрабанданы белгісінің болуы ҚР ҚК-нің 3-бабының 24-тармағы мазмұнының негізінде айқындалады.
Қорытындылар. Мақаланы қорытындылай келе, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің нормаларын қате таңдап қолданса, кез келген қылмыс бойынша жазаның ауырлығы мен түрі бойынша әділетсіз жаза тағайындауға ғана емес, сонымен бірге, кінәлі адам үшін басқа да көптеген келеңсіз зардаптарға (атап айтқанда, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданбау, рақымшылық жасау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеудің қатаң режимін тағайындау және т.б.) соқтыруы мүмкін.
Дұрыс емес сараланған қылмыстардың жекелеген түрлерінің нақты деңгейі мен динамикасын бұрмалауы, жекелеген аймақтарда, жалпы Қазақстан Республикасы бойынша қылмысқа қарсы күрес және олардың алдын алуға қылмыстық саясатты дұрыс пайдалануға, шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруды қиындатуы мүмкін. Қылмысты дұрыс саралаудың аса маңызды талаптары қойылған қоғамда әділетті мемлекет орнайды.
Әдебиеттер тізімі
- Балтабаев К. Ж. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. — Астана: издательство ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2015. Б. 188 (421 б.).
- Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысы» (05.11.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // URL: https:// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P150000004S (10.02.2023 ж.)..
- Бекмагамбетов А. Б., Ревин В. П. Уголовное право Республики Казахстан. Общая и Особенная части: Учебник // Международный журнал экспериментального образования. — 2015. — № 8-2. — Б. 288-290 // URL: https://expeducation.ru/ru/article/view?id=7990
- Қазақстан Респубдикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ (05.11.2022ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231#z60 (қаралған күні:12.02.2023).
- Ағыбаев А. Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және Ерекше бөліктер. — Алматы: Жеті Жарғы, 2015. Б. 205 (768 б.).
- Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілде N 10 нормативтік қаулысы. «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» (20.04.2018 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P97000010S (қаралған күні: 12.02.2023).
- Каиржанов Е. И. Объект преступления // Уголовное право Казахстана. Общая часть. — Алматы: «Правовая инициатива», 1998. Б. 48 (305 б.).
- Борчашвили И. Ш. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы бөлік. — Алматы: Жеті Жарғы, 2021. 1 Т. — 820 б.
References
- Baltabaev K. J. Ugolovnoe pravo Respýblıkı Kazahstan. Obshaıa chast. — Astana: ızdatelstvo ENÝ ım. L.N. Gýmıleva, 2015. S. 188 (421 s.).
- Normativnoye postanovleniye Verkhovnogo Suda Respubliki Kazakhstan ot 25 iyunya 2015 goda № 4 «O nekotorykh voprosakh naznacheniya ugolovnogo nakazaniya» (s izmeneniyami i dopolneniyami po sostoyaniyu na 05.11.2022 g.) // URL: https:// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P150000004S (10.02.2023 ж.).
- Bekmagambetov A. B., Revın V. P. Ýgolovnoe pravo Respýblıkı Kazahstan. Obshaıa ı Osobennaıa chastı: Ýchebnık // Mezhdunarodnyy zhurnal eksperimental’nogo obrazovaniya. — 2015. — № 8-2. — S. 288-290. // URL: https://expeducation.ru/ru/article/view?id=7990
- Ugolovno-protsessual’nyy kodeks Respubliki Kazakhstan ot 4 iyulya 2014 goda № 231-V ZRK (S izmeneniyami i dopolneniyami po sostoyaniyu na 05.11.2022 g.) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231#z60 (12.02.2023).
- Aǵybaev A. N., Kommentarıı k Ýgolovnomý Kodeksý Respýblıkı Kazahstan Obshaıa ı Osobennaıa chast. — Almaty: Jetі Jarǵy, 2015. S. 205 (768 s.).
- Normativnoye postanovleniye Verkhovnogo Suda Respubliki Kazakhstan ot 18 iyulya 1997 goda N 10. » O praktike primeneniya zakonov ob ugolovnoy otvetstvennosti za kontrabandu » (s izmeneniyami i dopolneniyami po sostoyaniyu na 20.04.2018 g.) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P97000010S (12.02.2023).
- Kaırjanov E. I. Obekt prestýplenııa // Ýgolovnoe pravo Kazahstana. Obshaıa chast. — Almaty: «Pravovaıa ınıtsıatıva», 1998. S.48 (305 s.).
- Borchashvılı I. Sh. Kommentarıı k Ýgolovnomý Kodeksý Respýblıkı Kazahstan (Obshaıa chast). — Almaty: Jetі Jarǵy, 2021. 1 T. — 820 s.