admin 18.03.2022

Сагиева Ғ. К. — Баишев университетінің «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты (Ақтөбе қ.);

Назарбаев А. — Баишев университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бітіруші курсының студенті (Ақтөбе қ.)

Сагиева Г. К. — доцент кафедры «Права и общеобразовательных дисциплин» Баишев Университета (г. Актобе), кандидат юридических наук;

Назарбаев А. М. — студент выпускного курса ОП «Юриспруденция» Баишев Университета (г. Актобе)

Sagiуeva G. K. — associate professor of the department of «Law and general education disciplines» of Baishev University (Aktobe), candidate of legal sciences;

Nazarbayev A.M. — graduate student of the EP «Jurisprudence» of Baishev University (Aktobe)

ӘОЖ 347.961

АТҚАРУШЫЛЫҚ ЖАЗБА МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ

ИСПОЛНИТЕЛЬНАЯ НАДПИСЬ КАК ВАЖНЫЙ ПРАВОВОЙ ИНСТРУМЕНТ

EXECUTIVE INSCRIPTION AS AN IMPORTANT LEGAL INSTRUMENT

ТҮЙІН

Бұл мақалада атқарушылық жазбаның түсінігі мен мәні қарастырылады. Өндіріп алушы мен борышкердің құқықтары мен мүдделерін қорғау теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында атқарушылық жазбаны жасауды құқықтық реттеуді жақсартуға бағытталған атқарушылық жазбаны жасау тәртібін реттейтін норма­тивтік құқықтық актілерге өзгерістер ұсынылды.

АННОТАЦИЯ

В данной статье рассматривается понятие и сущность исполнительной над­писи. В целях обеспечения баланса защиты прав и интересов взыскателя и долж­ника представлены изменения в нормативные правовые акты, регулирующие по­рядок совершения исполнительной надписи, направленные на улучшение право­вого регулирования совершения исполнительной надписи.

ANNOTATION

This article discusses the concept and essence of the executive inscription. In order to ensure a balance of protection of the rights and interests of the recoverer and the debtor, amendments to regulatory legal acts regulating the procedure for the execution of an executive inscription aimed at improving the legal regulation of the execution of an executive inscription are presented.

Түйінді сөздер: атқарушылық жазба, нотариат, нотариаттық қызмет, борышкер, өндіріп алу

Ключевые слова: исполнительная надпись, нотариат, нотариальная деятельность, должник, взыскание

Keywords: executive inscription, notary, notary activity, debtor, recovery

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 2015 жылғы 20 мамыр­да­ғы «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Бес институционал­дық реформасын 172 іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам — Ұлт жоспары» атты мақаласында алға қойған міндеттерінің бірі — жеңілдетілген іс жүргізу мен тату­лас­тыру рәсімдерін, оның ішінде нотариустың атқарушылық жазба институтын енгі­зуді кеңінен қолдану болып табылады[1].

Осылайша, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына 2000 жылы жоғалған нотариат­тық іс-әрекетті атқарушылық жазбаларды жасауды Қазақстандық нотариустарға қайтаруды көздейтін өзгерістер қолданысқа енгізілді. Нотариаттық қызмет жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, заңды мүдделерін сақтау және қорғау, қам­та­масыз ету үшін тұрақты құқықтық кепілдіктер жасайды.

Атқарушылық жазба даусыз сипаттағы талаптардың тез және тиімді шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құқықтық құралдардың бірі болып табы­лады. Берешекті өндіріп алудың: сот ісін жүргізу немесе бұйрық шығару туралы өтініш беру арқылы немесе медиация арқылы соттан тыс тәртіпте әртүрлі тәсілдері бар.

Проблемалық қарыздармен күресудің салыстырмалы түрде қолайлы және жыл­дам әдісі — нотариустың атқарушы жазбасы. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әді­лет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығының 217-тармағына сәй­кес атқарушылық жазба өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша сомасын борыш­керден өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді[2].

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат тура­лы» Заңының 92-1 бабы (әрі қарай — Заң):

  1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды.
  2. Атқарушылық жазба негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша бере­шекті өндіріп алу жүргізіледі:

1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;

4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;

5) ломбард кепіл беруші — борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;

6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондо­ми­ниум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті 173 шығыс­тарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өн­діріп алу туралы;

7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсе­тілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсеті­летін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;

8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;

9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлем­дерді өндіріп алу туралы[3].

Бұдан басқа, атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 135-бабында белгіленген[4].

Атқарушылық жазба, егер ұсынылған құжаттар борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің немесе өзге де жауапкершілігінің даусыздығын растаса, сондай-ақ егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан ас­паса, жасалатынын атап өту маңызды.

Өндіріп алушының борышкерге қоятын талабының даусыздығы нотариустың атқарушылық жазбаны жасауының негізгі шарты болып табылады және өндіріп алушы ұсынған және қойылатын талаптардың даусыздығын растайтын құжаттар бойынша айқындалады.

Талаптардың даусыздығын растайтын негізгі құжаттар Қазақстан Республика­сы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Но­тариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларында көзделген, олар­дың негізінде нотариустың атқарушылық жазбаны жасау арқылы берешекті даус­ыз тәртіппен өндіріп алу жүргізіледі. Нотариус ұсынылған құжаттар бойынша та­лап­тардың даусыздығын ғана тексереді.

Нотариустардың атқарушылық жазбаны жүргізу бойынша даусыз талаптарды анықтауда іс жүзінде қиындықтары бар.

Сөзбе-сөз түсіндірген кезде «даусыздық» тек борышкердің борышпен келісе­ті­ні туралы пікірімен, хатымен ғана расталуы мүмкін. Заңның 92-1-бабының 2- тармағына сәйкес барлық талаптардың тізбесінде тек бір ғана жағдайда міндетті шарт — борышкердің талапты мойындағанын растайтын құжатты ұсынуы көздел­ген: бұл орындау мерзімі басталған жазбаша мәмілеге негізделген берешекті өнді­ріп алу кезінде, ал қалған талаптарда мұндай міндетті шарт қамтылмайды.

Егер Заңның 92-2-бабына «берешектің даусыздығы» ұғымын «берешектің болу фактісіне» ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілсе, онда мұндай түзету көр­сетілген норманың біркелкі түсіндірілуін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір анықтық енгізер еді.

«Нотариат туралы» заңның нормаларына сәйкес, атқарушылық жазба жасал­ған­нан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін табыс етілгені туралы хабарламамен борышкерге жібереді. Борышкер атқарушылық жаз­баның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық 174 жаз­баны жасаған нотариусқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын жазбаша түрде хабарлай отырып жіберуге құқылы[5].

Борышкерге атқарушылық жазбаның көшірмесін табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер борышкерден белгіленген мерзімде нотариусқа қар­сы­лық келіп түспесе, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны орындауға ұсыну үшін береді.

Өндіріп алушыға берілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариустың іс жүргізуінде қалады. Борышкерден атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қар­сылық келіп түскен жағдайда, нотариус қарсылық келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.

Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмелері өндіріп алушы мен борышкерге ол шығарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешік­тірілмей жіберіледі. Егер нотариустың қаулысымен жасалған атқарушылық жаз­баның борышкердің қарсылығы бойынша күші жойылмаған жағдайда, атқару­шылық жазбаға дау айту сот тәртібімен, яғни АПК-нің 45-тарауының тәртібімен жүзеге асырылады, атап айтқанда нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне нота­риус орналасқан жердегі сотқа шағым жасалады.

Шағым, арыз берушіге жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы немесе нотари­ат­тық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы белгілі болған күннен бастап он күн мерзімде сотқа беріледі. Арыз берушінің шағымын қанағаттандырған сот шешімі жасалған нотариаттық әрекеттің күшін жояды немесе осындай әрекетті орындауға міндеттейді.

БНАЖ-да (Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде) жеке немесе заңды тұлға атқарушылық жазбаның болуын/болмауын тексеруге құқылы (ЖСН/БСН енгізу жеткілікті).

1-сурет  — БНАЖ атқарушылық жазбасын тексеру

Қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, атқарушылық жазба — бұл сотқа дейін­гі талаптың, сот шешімінің және атқару парағының симбиозы. Барлық шарт­тар мен іс-қимылдар алгоритмі сақталған жағдайда, осы құжат автоматты түрде сот орындаушыға мәжбүрлеп орындауға түседі, ол «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі №261-ІV ҚР Заңымен регламенттелген өндіріп алу үшін қажетті барлық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті[6].

Сонымен бірге, нотариустың атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тарту жөніндегі әрекеттеріне дау айтылмайтынын атап өткен жөн, бұл жағдайда сот қозғаған іс жүргізуді Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277- бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жат­пайтындай етіп тоқтатқан жөн, өйткені «Нотариат туралы» Заңның 92-8-бабы 2-тармағының 3-бөлігіне сәйкес сот тәртібімен атқарушылық жазбаға дау айту жүзе­ге асырылады, бұл АПК-нің 45-тарауының нормаларына қайшы келмейді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының статистикасына сәйкес 2020 жылы барлығы қозғалған: жалға алу шарты бойынша — 4584 іс; қарыз шарты бой­ын­ша — 84223 іс; тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін төлем өндіріп алу туралы — 10334 іс қаралған[7].

Қазақстан Республикасы Республикалық нотариаттық палатасының жыл сай­ын­ғы есебіне сәйкес 2020 жылы нотариустар 802 896 атқарушылық жазбалар жа­саған, бұл 2019 жылы (752 944) 49 952 іс-әрекетке көп).

Жекеше нотариустар жасаған 2020 жылға арналған атқарушылық жазбаларға қатысты мәліметтер:

1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы — 9 974;

2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жі­берілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген мін­деттемені орындау туралы — 467 788;

3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы — 59;

4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ли­зинг нысанасын талап ету туралы — 9 555;

5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы — 122 205;

6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондо­миниум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы — 25 164;

7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсе­тілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көр­се­ті­летін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы — 155 222;

8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы — 948;

9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлем­дерді өндіріп алу туралы — 11 981.

Оның ішінде нотариустар борышкердің қарсылығы бойынша 52 991 күшін жойды, 1 287 сот тәртібімен шағымданды, 87 шағым жасалғандардың ішінен сот күшін жойды[8].

Айта кету керек, сот істерінің бұл түрлері көбінесе бір іс-қимыл алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады, ал жүйелілігіне қатысты барлық істің мән-жайлары бірдей.

Сот жүйесіне жүктемені азайту мақсатында атқару жазбасы институты енгі­зіл­ді.

Атқарушылық жазбаның артықшылығы неде?

2-сурет — Атқарушылық жазбаның артықшылығы

2021 жылғы 15 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған Заң «Нотариат туралы» заңнаманы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар­дың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған. Енгізілген түзетулерге сәйкес нотариаттық құжаттарды сақтау және есепке алу үшін репозиторийдің және электрондық мұрағаттың орталықтанды­рыл­ған электрондық жүйесі құрылды[9].

Қазақстан Республикасында дауларды реттеу бойынша соттан тыс шаралар белсенді қолданылады және Біз атқарушылық жазба болашақта азаматтар өзде­рінің бұзылған құқықтарын тез және артық шығынсыз қалпына келтіре алатын шара болады деп санаймыз.

Атқарушылық жазба сот істерінің санын қысқартуға ықпал ете отырып, заңды талаптарды қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді және пәрменді тетіктердің бірі болып табылады.

  1. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам — Ұлт жоспары (2015 жылғы мамыр) // httрs://оnlіnе.zаkоn.kz
  2. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 149 бұйрығы // httрs://оnlіnе.zаkоn.kz
  3. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-І Заңы (15.02.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // httрs://оnlіnе.zаkоn.kz
  4. «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі» 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Кодексі (02.01.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // httрs://оnlіnе.zаkоn.kz
  5. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-І Заңы (15.02.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // httрs://оnlіnе.zаkоn.kz
  6. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-ІV Қазақстан Республикасының Заңы (02.01.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // httрs://оnlіnе.zаkоn.kz
  7. «Төрелік» сот органдарының ақпараттық-талдау жүйесі» Республикалық нотариаттық палатаның ресми сайты // httр://www.nоtаrіаt.kz/
  8. Бұл да сонда.
  9. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2021 жылғы 15 ақпандағы № 5-VІІ Қазақстан Республикасының Заңы» // httрs://оnlіnе.zаkоn.kz

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*