admin 25.11.2025

МРТНИ 10.31.35

УДК 347.941.5

Кубашев Алимжан Абзалұлы — тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті», педагогика ғылымдарының магистрі (Қазақстан Республикасы, Орал қ.)

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕР

Түйін. Бұл мақалада азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық дәлелде­ме­лердің түсінігі, мазмұны, түрлері және олардың құқықтық табиғаты жан-жақты қа­растырылады. Соттық дәлелдеу ұғымының теориялық негіздері талданып, дәлел­демелердің азаматтық процестегі орны мен маңызы айқындалады. Зерттеуде Қа­зақ­стан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормалары мен отан­дық және шетелдік ғалымдардың ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, дәлел­демелер институтының мәні ашылады. Дәлелдемелердің заң талаптарына сәйкес алынуы, ұсынылуы, жиналуы, зерттелуі және бағалануы мәселелері сараланады. Дәлелдеу пәні, дәлелдемелердің қайнар көздері, олардың іске қатыстылығы мен жол берілетіндігі, заңсыз алынған дәлелдемелердің құқықтық салдары кеңінен тал­қыланады. Сонымен қатар, преюдициялық мән-жайлар мен жалпыға белгілі факті­лердің дәлелдеуден босатылуы ғылыми тұрғыда зерттеледі. Мақалада сот тәжіри­бесінде дәлелдемелерді дұрыс қолданбау салдарынан туындайтын құқықтық мәсе­лелерге — атап айтқанда, сот шешімдерінің күшін жоюға әкелетін процессуалдық бұзушылықтарға — назар аударылып, дәлелдеме институтының азаматтық іс жүр­гізудегі шешуші рөлі теориялық және практикалық тұрғыдан негізделеді. Зерттеу нәтижелері дәлелдемелер институтын одан әрі жетілдіру қажеттігін және сот тәжі­рибесіндегі біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мәселесін өзекті екенін дәлел­дейді. Дәлелдемелер институты толық құрылмағандықтан әрі қарай ғылыми зерт­теуді қажет етеді.

Түйінді сөздер: соттық дәлелдемелер, азаматтық іс жүргізу, қайнар көздері, қатыстылығы, жол берілетіндігі, преюдициялық мән-жайлар, жалпыға белгілі фактілер, бағалау, сот шешімі, процессуалдық нормалар.

Кубашев Алимжан Абзалович — старший преподаватель кафедры истории и права Западно-Казахстанского инновационно-технологического университета, магистр педагогических наук (Республика Казахстан, г. Уральск)

ДОКАЗАТЕЛЬСТВА И СРЕДСТВА ДОКАЗЫВАНИЯ В ГРАЖДАНСКОМ ПРОЦЕССЕ

Аннотация. В данной статье всесторонне рассматриваются понятие, содержа­ние, виды и правовая природа судебных доказательств в гражданском процессу­аль­ном праве. Анализируются теоретические основы института судебного дока­зы­вания, раскрываются место и значение доказательств в гражданском процессе. В хо­де исследования на основе норм Гражданского процессуального кодекса Рес­пуб­лики Казахстан и научных концепций отечественных и зарубежных ученых рас­крывается сущность института доказательств. Исследуются вопросы полу­че­ния, представления, собирания, исследования и оценки доказательств в соответ­ст­вии с требованиями закона. Рассматриваются предмет доказывания, источники до­казательств, их относимость и допустимость, а также правовые последствия ис­поль­зования доказательств, полученных с нарушением закона. Научному анализу подвергаются преюдициальные обстоятельства и общеизвестные факты, освобож­да­емые от доказывания. В статье уделяется внимание правовым проблемам, воз­ни­кающим в судебной практике вследствие неправильного применения доказа­тельств — в частности, процессуальным нарушениям, влекущим отмену судебных актов, — и обосновывается решающая роль института доказательств в граждан­ском судопроизводстве как с теоретической, так и с практической точки зрения. Ре­зультаты исследования свидетельствуют об актуальности дальнейшего совер­шенствования института доказательств и обеспечения его единообразного приме­не­ния в судебной практике. Так как институт доказательств не полностью сфор­мирован и требует дальнейшего научного исследования.

Ключевые слова: судебные доказательства, гражданский процесс, источ­ни­ки, относимость, допустимость, преюдициальные обстоятельства, общеизвестные факты, оценка, судебное решение, процессуальные нормы.

Kubashev Alimzhan Abzaluly — senior lecturer of the department of history and law at West Kazakhstan Innovation and Technology University, master of pedagogical sciences (Republic of Kazakhstan, Uralsk)

EVIDENCE AND PROOFS IN CIVIL PROCEEDINGS

Annotation. This article comprehensively examines the concept, content, types, and legal nature of judicial evidence in civil procedural law. The theoretical foundations of the judicial proof institution are analyzed, and the role and significance of evidence in civil proceedings are clarified. Drawing on the norms of the Civil Procedure Code of the Republic of Kazakhstan and the scholarly concepts of domestic and foreign scientists the essence of the evidence institution is revealed. Particular attention is paid to the issues of obtaining, presenting, collecting, examining, and evaluating evidence in accordance with legal requirements. The article explores the subject of proof, the sources of evidence, their relevance and admissibility, as well as the legal consequences of using unlawfully obtained evidence. Prejudicial circumstances and generally known facts exempt from proof are analyzed from a scientific perspective. The paper highlights legal problems arising in judicial practice due to the improper use of evidence — particularly procedural violations leading to the annulment of judicial acts — and substantiates the decisive role of the evidence institution in civil justice from both theoretical and practical perspectives. The research findings demonstrate the relevance of further improving the evidence institution and ensuring its uniform application in judicial practice. Since the institute of evidence is not fully formed and requires further scientific research.

Keywords: judicial evidence, civil procedure, sources, relevance, admissibility, prejudicial circumstances, generally known facts, evaluation, court decision, procedural norms.

 

Кіріспе. Қазақстан мемлекеті, оның барлық органдары заңдылыққа негізделіп, қоғамның мүдделерін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қарауды қамтамасыз етеді[1].

Азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырудағы органдардың ішінде ерекше орын сот әділдігі органы ретінде сотқа беріледі. Оның қызметі істің ақиқатын қамтамасыз ететін азаматтық іс жүргізу құқығының норма­ларымен реттеледі.

Сотпен субъективтік құқықтарды және заңмен қаралатын мүдделерді қарау азаматтық істерді қарау мен шешу арқылы жүргізіледі. Құқықтар мен мүдделерді қорғау актісі болып заңды және негізделген сот шешімі табылады[2].

Сот төрелігін жүзеге асыру үшін сотқа алдымен азаматтық істі қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды анықтау қажет, содан кейін оларға ма­териалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Фактілік мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерді жүзеге асыру арқылы жаса­лады.

Соттық дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап алып және қолдануда жататын материалдық нормаларға сүйене отырып, сот ішкі наным көмегімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы қорытындыға жетеді[3].

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән-жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның нәтижесінде мұндай істер бойынша шығарылған шешімдердің күші жойылуда[4].

Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп бөлігі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған бай­ланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтарды қарау және оны тәжірибеде азамат­тық іс жүргізуде пайдалану ерекше маңызға ие болады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз — заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіз­дейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер. Осы баптың екінші тармақшасында мынадай қағида бекітілген: бұл нақты де­рек­тер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақ­тарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргі­зу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу барысында азаматтық іс жүргі­зу құқығындағы дәлелдемелер институтына қатысты ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасы, сот тәжірибесі және процес­суалдық құқық теориясы зерттелді.

Зерттеудің әдіснамалық негізін диалектикалық, салыстырмалы-құқықтық, формальды-логикалық, жүйелік талдау және құқықтық модельдеу әдістері құрады.

Сонымен қатар, дәлелдемелердің құқықтық табиғатын, олардың азаматтық процестегі маңызын және дәлелдеу механизмдерін анықтау мақсатында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми көзқарастары талданды[5].

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу ко­дексінің нормаларына құқықтық талдау жүргізіліп, дәлелдемелерді бағалау және қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер қарастырылды[6].

Талқылау және нәтижелер. Дәлелдемелерге берілген анықтамаларға тоқта­лып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі процессуалист ғалымы К. Н. Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің растығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін қамтиды. Бұл мағынада дәлелдемелер логика ғылымына жатады — ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер — даулы юридикалық фактінің бар-жоқтығы туралы соттық шешімге себеп болатын заңды негіз» деп анықтама берген[7]. Шын мәнінде К. Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманы логика­лық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған.

Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде қарайды. М. С. Стро­гович: «Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған — жасамағандығын, қылмыстың бар-жоқтығын анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері» деп атаған[8].

Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы. Тараптар мен іске қа­тысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағ­дайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдем­деседі[9].

Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көр­сетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.

Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.

Азаматтық іс жүргізуде істің ақиқатты мән-жайын анықтау қызметі соттық дәлелдеу деп аталады. Соттың анықтайтын мән-жайлары дәлелдеу пәні, ал дәлел­деудің жүзеге асу құралдары соттық дәлелдемелер деп аталады. Осыдан, соттық дәлелдемелер — істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін сотпен қолданылатын құралдар болып табылады[10].

Дәлелдемелер сот мәжілісінде жариялық, ауызша, тікелейлік, үзіліссіз, жары­су­шылық қағидалары арқылы зерттеледі. Сот мәжілісінде тараптардың түсіндір­мелері тыңдалады, куәлар сұралады, сарапшылар қорытындысы жарияланады. Жазбаша дәлелдемелер жарияланады, ал заттық дәлелдемелер қаралады.

Зерттеу нәтижесінде азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер институтының сот төрелігін жүзеге асырудағы шешуші рөл атқаратыны анықталды. Дәлел­де­ме­лердің заң талаптарына сәйкес жиналуы мен зерттелуі сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі болып табылады.

Талдау барысында азаматтық істер бойынша тәжірибеде дәлелдемелерді дұрыс бағаламау, олардың қатыстылығы мен жол берілетіндігін толық зерттемеу салдарынан сот актілерінің күші жойылатын жағдайлар кездесетіні айқындалды.

Сонымен қатар, дәлелдеу процесінде тараптардың процессуалдық құқықта­рын сақтау мен соттың белсенді рөлі ерекше маңызға ие екендігі анықталды. Соттың дәлелдемелерді жинауға жәрдемдесуі азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

Зерттеу қорытындысы дәлелдемелер институтын әрі қарай ғылыми тұрғыдан жетілдіру және сот тәжірибесінде біркелкі қолдану қажеттігін көрсетті.

Қорытынды. Жалпы тақырыбымызда қорытындылай келе, дәлелдемелердің түсінігі мен түрлерін қарастырып, олардың азаматтық іс жүргізу процессіндегі маңызын ашуға талпыныс жасалды. Сонымен дәлелдемелер дегеніміз — заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктеме­лері­мен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшының қорытынды­ла­рымен, іс жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анық­талады. Жалпы дәлелдемелер сотта азаматтық іс жүргізудің кепілі және объек­тивтік шындыққа жетудің маңызды құралы болып табылады.

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән-жайларды дәлел­дейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидаттары бұзылады. Соның нәтижесінде мұндай істер бойынша шығарылған шешімдердің күші жойылады. Дәлелдеме институты толық қалыптаспаған және одан әрі ғылыми зерттеуді талап етеді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылғы 30 тамыз // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі: 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377
  3. Саханова Т. В. Гражданский процесс Республики Казахстан. — Алматы: Жеті Жарғы, 2008. Б. 78.
  4. Курылев С. В. Теория доказательств в советском праве. — М., 1973. Б 12.
  5. Треушников М. К. Судебные доказательства. — М.: Городец, 2004. Б. 45.
  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану туралы» № 2 нормативтік қаулысы // https://adilet.zan.kz/kaz/docs
  7. Малышев К. Н. Курс гражданского судопроизводства. — СПб., 1912. Т. 1. Б 82.
  8. Строгович М. С. Курс советского уголовного процесса. — М.: Наука, 1968. Б. 288.
  9. Осипов Ю. К. Подведомственность юридических дел. — Свердловск, 1973. Б. 123.
  10. Абрамов С. Н. Советский гражданский процесс. — М., 1952. — 178-б.

References

  1. Qazaqstan Respwblïkasınıñ Konstïtwcïyası: 1995 jılğı 30 tamız // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_
  2. Qazaqstan Respwblïkasınıñ Azamattıq is jürgizw kodeksi: 2015 jılğı 31 qazandağı № 377-V QRZ // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377
  3. Sakhanova T.V. Grazhdanskiy protsess Respubliki Kazakhstan. — Almaty: Jeti Jarğı, 2008. B. 78.
  4. Kurulev S.V. Teoriya dokazatel’stv v sovetskom prave. — M., 1973. B. 12.
  5. Treushnikov M.K. Sudebno-meditsinskaya ekspertiza. — M.: Gorodets, 2004. B. 45.
  6. Qazaqstan Respwblïkası Joğarğı Sotınıñ 2020 jılğı 24 jeltoqsandağı «Azamattıq is jürgizw zañnamasın qoldanw twralı» № 2 normatïvtik qawlısı // https://adilet.zan.kz/kaz/docs
  7. Malyshev K. N. Kurs grazhdanskogo sudoproizvodstva. — SPb., 1912. T. 1. B 82.
  8. Strogovich M. S. Kurs sovetskogo ugolovnogo protsessa. — M.: Nauka, 1968. B. 288.
  9. Osipov YU. K. Podvedomstvennost’ yuridicheskikh del. — Sverdlovsk, 1973. B. 123.
  10. Abramov S. N. Sovetskiy grazhdanskiy protsess. — M., 1952. — 178-b.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*