Жумабаева Г. А. — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құқықтану кафедрасының заң ғылымдарының магистрі
Жумабаева Г. А. — магистр юридических наук кафедры правоведения Актюбинского регионального государственного университета им. К.Жубанова
Zhumabayeva G. A. — master of law of the department of jurisprudence of Aktobe Regional State University named after K. Zhubanov
ӘОЖ 10.01.17
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СӨЗ ЕРКІНДІГІ
СВОБОДА СЛОВА В СОЦИАЛЬНОЙ СЕТИ
FREEDOM OF SPEECH ON THE SOCIAL NETWORK
ТҮЙІН
Бұл мақала еліміздегі әлеуметтік желі пайдаланушыларының сөз еркіндігі жайлы жазылған. Қазақстан Республикасының азаматтары әртүрлі әлеуметтік желіде өз ойын қаншалықты білдіруге құқылы екендігі қамтылады. Әлеуметтік желіде ойланбай пікір жазып, жат ағымды насихаттаушылар мен басқа да теріс әрекетке барғандар үшін әртүрлі жаза түрлері қарастырылған. Соңғы уақытта әлеуметтік желідегі ақпараттар сұрыпталып, бақылауға алынып жүр. Соның бір дәлелі ретінде әлеуметтік желідегі мониторингтерді айтуға болады. Мақаладан Facebook әлеуметтік желісі бойынша жүргізілген мониторингті көруге болады. Негізінен әлеуметтік желіде жаман пікір жазып, террористік және экстремистік ұйымдарға үгіттеу, ел саясаты жайлы жағымсыз пікір айтып, фейк ақпарат таратқандар үшін шара қолданылады. Қоғамда әлеуметтік желіге байланысты арнайы заң қабылдау туралы пікір екі жақты. Қоғамның бір бөлігі заңның қабылданғанын қолдап, нәтижесінде жоғарыда аталып өткен жағымсыз қылықтар азаяды дейді. Ал енді бір бөлігі мұндай заңға қарсы. Себебі бұл Қазақстан Республикасында тұрып жатқан азаматтардың сөз бостандығын шектейді деген пікірде. Сонымен қатар, анонимді пікір қалдыруды шектеу жайлы да адамдардың пікірі екіге бөлініп отыр. Бір топ мұны қолдап отырса, енді бірі әлеуметтік желідегі сөз еркіндігіне тыйым салынады деген пікірде. Әрине, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандықтан әрбір азаматтың пікірі маңызды. Алайда әрбір қазақстандық азамат кез келген тыйым салынбаған ақпаратқа еркін түрде қол жеткізе алады. Бірақ бұл мемлекеттік құпияны жария қылып, оны әлеуметтік желіде тарату дегенді білдірмейді.
АННОТАЦИЯ
Эта статья посвящена свободе слова пользователей социальных сетей в нашей стране. Охватывается, насколько граждане Республики Казахстан имеют право выражать свои мысли в различных социальных сетях. В социальных сетях предусмотрены различные виды наказаний для тех, кто бездумно пишет комментарии, пропагандирует чуждые течения и другие негативные действия. В последнее время информация в социальных сетях сортируется и контролируется. Одним из доказательств этого можно назвать мониторинг в социальных сетях. В статье показан мониторинг, проведенный по социальной сети Facebook. В основном для тех, кто пишет плохие отзывы в социальных сетях, агитирует за террористические и экстремистские организации, негативно отзывается о политике страны, распространяет фейковую информацию. В обществе мнение о принятии специального закона, связанного с социальной сетью, неоднозначно. Часть общества поддерживает принятие закона и говорит, что в результате вышеупомянутых негативных поступков будет меньше. А другая часть против такого закона. Так как это ограничивает свободу слова граждан, проживающих в Республике Казахстан. В то же время мнения людей разделились и об ограничении анонимных комментариев. Одна группа поддерживает это, а другая утверждает, что свобода слова в социальной сети запрещена. Конечно, мнение каждого гражданина важно, потому что он живет в независимой стране. Однако каждый казахстанский гражданин имеет свободный доступ к любой не запрещенной информации. Но это не означает разглашение государственной тайны и распространение ее в социальных сетях.
ANNOTATION
This article is about the freedom of speech of users of social networks in the country. Citizens of the Republic of Kazakhstan have the right to express their opinion in various social networks. Various types of punishment are provided for those who do not hesitate to write comments on the social network, propagandists and other negative actions. Recently, information in social networks has been sorted and monitored. One of the reasons for this is monitoring in social networks. In the article, you can see the monitoring carried out on the social network Facebook. In general, measures are taken for those who write bad reviews in social networks, campaign against terrorist and extremist organizations, give negative opinions about the country’s policy, and spread fake information. The opinion in society about the adoption of a special law related to the social network is ambiguous. Part of the society supports the adoption of the law, saying that as a result, the above-mentioned negative behavior will be reduced. And now part of it is against such a law. Because they believe that this restricts the freedom of speech of citizens living in the Republic of Kazakhstan. At the same time, people’s opinions about the restriction of anonymous comments are divided. One group supports this, and another believes that freedom of speech in social networks is prohibited. Of course, the opinion of every citizen is important because we live in an independent country. However, every citizen of Kazakhstan has free access to any non-prohibited information. But this does not mean disclosing state secrets and spreading them on a social network.
Түйін сөздер: әлеуметтік желі, әлеуметтанушы, жалған аккаунт, жалған ақпарат, Ұлттық қауіпсіздік сертификаты, анонимді пікір, жеке ақпарат, адам құқығы, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, ақпарат кеңістігі, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Еуроодақ құжаттары, MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, «Freedom House» ұйымы, пікір білдіру, лүпіл басу, мониторинг, цензура, айыппұл, түзету жұмыстары.
Ключевые слова: социальная сеть, социолог, фейковый аккаунт, фейковая информация, сертификат национальной безопасности, анонимное мнение, личная информация, права человека, средства массовой информации, телекоммуникации, информационное пространство, Конституция Республики Казахстан, документы Евросоюза, Международный центр журналистики MediaNet, организация «Freedom House», комментирование, перепечатка, мониторинг, цензура, штраф, исправительные работы.
Keywords: social network, sociologist, fake account, false information, national security certificate, anonymous opinion, personal information, human rights, mass media, telecommunications, information space, Constitution of the Republic of Kazakhstan, European Union documents, MediaNet international journalism center, Freedom House organization, expression, suppression, monitoring, censorship, fines, correctional labor.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желіні пайдаланбайтын адам кемде-кем. Instagram, WhatsApp, Facebook секілді әлеуметтік желілер ең кең таралғандардың қатарына жатады. Мұнда желіні пайдаланушылар ақпаратпен бөлісіп, фото-видео жүктейді. Тіпті, осы жүктелген ақпаратқа пікір жазуға да болады. Қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы пікір жазып, ақпарат бөлісу құнды болып табылады. Себебі бұл қоғам назарын аудартып, көпшіліктің талқысына түсіретін аты шулы тақырыптардың таралуына ықпал етеді. Әлеуметтік желіні қолданушылар бірден екі құқықты іске асырады: ойды білдіру еркіндігі және жиын еркіндігі құқығы. Өйткені әлеуметтік желілер көзқарас тұрғысында да қолданылып, сонымен қатар, вируалды қауымдастық құру және оған қатысу үшін де қолданылады.
Қазақстандағы сөз еркіндігі — Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген заңды жолмен кез келген ақпаратты еркін іздеу, тарату. Үкіметтік емес «Freedom House» ұйымының сөз бостандығына байланысты рейтингісінің нәтижесінде 199 елдің ішінен Қазақстан 179 орынға ие болып отыр.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің ресми өкілі Альбина Атеннің сөзінше, әртүрлі ақпарат кеңістігінде, сәйкесінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 130-бабы бойынша[1], яғни өзгенің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарату фактілері көбеймесе азаймай тұр. Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып адамға немесе оның беделіне нұқсан келтірсе, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жұмылдырылады, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектейді[2].
Жалпы әлеуметтік желіде сөз еркіндігіне шектеу негізінен ар-намыс, қадір-қасиетке байланысты белгіленген. Кез келген әлеуметтік желіде адамдар арнайы пост немесе пікір білдіру арқылы өз ойларын білдіреді. Алайда бұл пікірлер мен ойлар сол тұлғалардың атақ-абыройына кір келтірмеуі керек. Себебі қазіргі таңда көптеген даулы мәселелер осы әлеуметтік желі пайдаланушыларының бір бірін балағаттап немесе жаман пікір жазуынан туындап отыр.
Қазақстандықтардың арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі — Facebook. Бұл желіні әлем бойынша 2 миллиардтай адам қолданады. Пайдаланушы өз атына парақша ашып, фото-видео жүктеп, сілтемелермен бөлісіп, достарымен байланыса алады. Тек қана Facebook емес, жалпы әлеуметтік желіде адамдар өз пікірлерін сауатты білдірмейді немесе мәдениетсіздік танытады. MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «Қазақстандағы әлеуметтік желілердегі өшпенділік тілінің мониторингі» атты кітап шығарды. Бұл зерттеу матераилында осы әлеуметтік желі бойынша 20 белсенді адам таңдалынды. Мониторинг нәтижесінде, өшпенділік тілінің түрлері анықталды. Деңгей бойынша: қатты, орташа, жұмсақ деп бөлінеді. Ең көп тарағаны — мәтін немесе мәтіннің бір бөлігі арқылы этникалық немесе діни топтың жағымсыз образын қалыптастыру. Осыған байланысты 14 жазба жарияланған. Оның ішінде 8 жазба қазақ тілінде, 6 жазба орын тілінде екен. Өшпенділік тілінде жазылған жазбаларда «қара қытай», «орыс қатын» сияқты жағымсыз теңеулер көп кездеседі. Бұл жазбалардың мақсаты – әртүрлі қоғамдық топтарды бір-біріне қарсы қою, еліміздегі көптілділік мәселелері. Серік Бейсембаев: «Кейбір елдердің тәжірибесі көрсеткендей, өшпенділікке шақыратын сөздері бар бір жазбаның салдары ауыр болуы мүмкін, соның ішінде шынайы өмірдегі ашықтан-ашық жеккөрушілікке алып келуі де ықтимал», — дейді[3].
Әлеуметтік желі күн санап күшейіп барады. Мұнда адамдар өз ойларымен, пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, әртүрлі дүниелерді жарнамалайды, насихаттайды. Бюджеттің әр тиынын есептеп, мемлекеттің бөлген қаржысын санап, елдің саясатына араласып қана қоймай, әлеуметтік желіде осы мәселелер жөнінде жазба жариялап, жағымсыз пікір айтуға көз үйренді. Сонымен қатар, әртүрлі теріс діни бағыттарды, терроризмді насихаттап үндеушілер де бар. Әлеуметтік желіні заңмен шектегісі келетін бар. Солардың бірі – сенатор Бақытжан Жұмағұлов. Сенатор ағымдағы жылдың 30 наурызында өткен Парламент тыңдауында өз ұсынысын білдірді. Бұл ұсыныс әлеуметтік желіні заңмен шектеуге байланысты еді.
Осы уақытқа дейін 22 экстремистік, террористік ұйымның қызметіне тыйым салынды. Бұл ұйымдар – елдің қоғамдық өмірін бұзуға ниеттеніп, діни бағытты өзгертіп, терроризмді насихаттағысы келгендер. Әлеуметтік желіде мұндай ұйымдардың қызметіне тыйым салынып жүр.
Қоғамдағы болып жатқан оқиғалардың, жағдайлардың әлеуметтік желіде көрініс табатыны даусыз. Мәселен, 2019 жылдан бері әлемді жайлаған короновирус індеті туралы ақпаратқа адамдар әлеуметтік желі, ғаламтор арқылы қол жеткізді. Індет туралы әртүрлі жалған ақпараттар, оны емдеудің не түрлі жолын ұсынып, пайда тапқысы келгендер де болды. Бірі індетті қолдан жасалған, жалған дүние деп әлеуметтік желіде әртүрлі пікір қалдырып жатты. Бұдан бөлек жалған ақпаратты таратушылар саны да азаймай тұр. Сол себептен сенатор әлеуметтік желіге байланысты арнайы заң қабылдауды жөн көреді.
Алайда бұл пікірмен келіспейтіндер мен жаңа заң енгізуді қолдамайтындар да табылды. Соның бірі – әлеуметтанушы Серік Бейсембаев. Ол: «Өз басым арнайы заңның қабылдануына қарсымын. Әлеуметтік желіде өзге мәдениет насихаты тарап жатыр дегенмен де келіспеймін. Өйткені басқа мәдениет дегенде – абстрактілі ұғым. Оны бір адам не мемлекет ажырата алмайды», — дейді[4]. Әлеуметтанушы заң қабылдаған жағдайда сөз бостандығы шектеліп қалатынын ескертті. Олай болса, адамдардың ақпаратқа қол жеткізу деңгейі төмендейді. Мемлекет авторитарлы мемлекет ретінде көрініс табады. Серік Бейсембаев әлеуметтік желіні шектейтін заңның қабылдануына қарсы пікір айтып, желідегі мұндай келеңсіз жағдайларды реттеудің жолын ұсынды. Бұл – адамдардың арасындағы мәдениет деңгейін көтеру, медиасауаттылықты арттыру. Осылайша әлеуметтік желдегі жағдайда реттеп, жалған ақпараттың таралуына, терроризм, эскстремизмнің ел ішінде насихатталмауына шектеу қоюға болады.
Жоғарыда келтірілген мысалдар әлеуметтік желіде сөз бостандығы жоқ немесе оны болғызбау керек дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабы бойынша: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп көрсетілген[5]. Демек кез келген азамат сөз бостандығына ие және шығармашылықпен айналысуына ешкім де, ештеңе де бөгет бола алмайды.
Сонымен қатар, 20-бап бойынша, әр адам кез келген тыйым салынбаған ақпаратқа қол жеткізе алады деп жазылған. Алайда мемлекеттік құпияны біліп алуға, таратуға тыйым салынады. Әлеуметтік желіде де дәл солай. Кез келген әлеуметтік желіге тіркелуші өзі қалаған ақпаратқа оңай қол жеткізе алады. Бірақ әлеуметтік желіде мемлекеттік құпия туралы ақпарат жарияламаған жөн.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы бойынша, әр адамның жеке өміріне қол сұғылмауы керек. Яғни ар-намысын таптап, абыройын аяқ асты етуге болмайды. Сонымен қатар, жинаған қаражаты, хабарламалар, телефондағы сөйлескен сөздер басқа да ақпараттар құпия түрде сақталады. Мұндай ақпаратты әлдекімнің таратуына болмайды.
Жоғарыда атап өткендей әрекеттерге барған жағдайда әртүрлі жаза түрлері қарастырылған.
256-бап бойынша терроризмді насихаттаған жағдайда бұл әрекет барған адамның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сол себепті де қазіргі таңда әлеуметтік желідегі әртүрлі діни бағыттағы парақшалар, ондағы жазбалар бақыланып жүр.
Әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат беретіндер саны азаймай тұр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 274-бабымен тікелей байланысты. Жалған ақпарат беруші 5000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе түзету жұмысын атқарады. Тіпті, 2 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылу да көзделген.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, көпшілік алдында қорлаған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 373, 375, 376, 378-баптары бойынша шара қолданылады. Егер Президенттің абыройына кір келтірген жағдайда 3000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе түзету жұмысына тартылады. Бас бостандығынан 3 жыл айырылуы мүмкін. Депутаттың қадір-қасиетіне нұқсан келтірсе, 2000 АЕК көлемінде айыппұл төлеу көзделген. 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы да мүмкін. Ал үкіметтегілерге тоқталатын болсақ, мұндай жағдайда 300 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 240 сағат түзету жұмысын істейді немесе 75 тәулікке қамауға алынады.
Заңсыз көтерілісті қайта жалғастыру үшін адамды үгіттеп, айдап салу Қазақстан Республикасы Конституциясының 402-бабында қарастырылады. Мұндай жағдайда 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе түзету жұмысын істейді. Тіпті, 1 жыл бойы бас бостандығынан айыру да мүмкін.
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде жүргізілетін бақылау күшейтілген. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жеке ақпараттарының сақталуына, желідегі адам құқықтарының тапталмауына, фейк ақпараттардың желіде таралып кетпеуіне септігін тигізеді. Осы себептен де ақпарат пен байланысқа қатысты заңдарда түзетулер енгізілуде. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтардың іс-әрекеттеріне бақылауды күшейту мақсатында «Байланыс» туралы заңға түзетулер енгізілді. Яғни бұл заң бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік желіге қосылған барлық құрылғының міндетті түрде сертификаты болуы тиіс. Мұндағы басты мақсат – азаматтардың жеке ақпаратын қорғау. Бұл әрекет желі пайдаланушының жеке парақшасына қандай да бір теріс әсерін тигізбейді, бұрынғыша ақпаратқа қолжеткізу мүмкіндігі сақталады. Комитеттің сөзінше, Ұлттық қауіпсіздік сертификаты шетелдік интернет ресурстармен жұмыс істегенде, ақпарат алмасқанда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желіде жарияланған постқа пікір қалдыруға да болады. Сонымен қатар, пікір жазып, лүпіл басып, достарға тарату мүмкіндігі де бар. Алайда пікір қалдырамын деп шеттен шығып, бейәдеп сөздерді қолданып жататындар да болады. Бұл тіпті қылмыстық іске де әкеліп соғуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ақпаратқа байланысты заңдарға толықтырулар мен түзетулер енгізіліп жатыр. Солардың ішінде 2017 жылғы 28 желтоқсандағы «Бұқаралық ақпарат құралдары» және «Ақпараттандыру» жайлы заңдарды атап өтуге болады. Интернетті пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша интернет порталдар электронды түрде қызмет етуі тиіс. «Электрондық үкімет egov.kz» порталында сәйкестендіру арқылы немесе бір реттік смс хабарлама арқылы қолжеткізуге болады.
Жалпы жоғарыда аталған заңдағы түзетулерде ақпарат туралы нақты анықтама берілмейді. Дегенмен Ақпарат министрінің сөзінше интернет-порталдарда анонимді пікір қалдыруға тыйым салынады. Соңғы уақытта жалған, яғни фейк аккаунттар ашып немесе бүркеншік есіммен пікір қалдырып жатқандар көп. Анонимді пікірлерге тыйым салу қоғамда әртүрлі ой туындатты. Бір тарап мұны жақтаса, екінші тарап мұндай шектеуге қарсы болып отыр. Еуроодақ құжаттарында анонимділік құқығы әрбір азаматтың айнымас құқығы ретінде қарастырылады. Ал бір жағынан сөз бостандығы анонимді бола алмайды. Әрине, қоғам бар жерде кез келген құбылысқа қатысты екі жақты пікірдің туатыны анық. Бұл пікірлерді жоққа шығара алмаймыз.
Әлеуметтік желіде сөз бостандығына тым ерік беріп, не айтарын ой елегінен өткізбей жазатындар туралы психологтардың берер бағасы бар. Психотерапевт Сәлима Сатылғанқызының сөзінше, аггресивті, адамдардан көп көңілі қалып, ашу-ызаға булыққандар және өзіне көңілі толмайтындар әлеуметтік желіде жаман пікір жазуға әуес келеді екен. Бұдан бөлек те себептері толып жатыр. Алайда нақты екі негіздерді атап өткен жөн. Бірінші — негіз айналасынан жылулықты күтетін жандар. Мұндай адамдар бала кезінде анасынан я болмаса басқа да отбасы мүшелерімен арасы жақын болмай, ұрыс-керісті көріп өскен отбасыда тәрбиеленген балалар. Сол себепті адамдарға жалтақтап, олардан жылулық күтеді. Екінші – негіз адамдар мені ұмытып кетті деп санайтын адамдар. Адам өз ортасында ашыла алмайды. Өзі туралы жағымды пікір күтеді.
Қоғамдық өмірде болып жатқан кез келген құбылыс әлеуметтік желіде бірнеше минут өтпей жатып тез таралады. Мұнда адамдар әлемдегі оқиғалардан хабардар болып, өз ойы мен пікірін жеткізуге құқылы. Алайда бұл адамның немесе тұлғаның арнамысын таптап, қадір-қасиетін қорлау дегенді білдірмейді. Тіпті, психологтардың сөзінше әлеуметтік желіде нашар пікір қалдырушылар іштей ашу-ызаға булығып, өзіне көңілі толмай жүрген жандардан туындап отырады дейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында әлеуметтік желі туралы арнайы заң жоқ. Қоғамда әлеуметтік желі туралы заңды бекітуді қолдайтындар да, қолдамайтындар да бар. Қолдайтындардың сөзінше, қоғамдағы теріс қылықтардың алдын алуға болады. Ал қолдамайтындар, сөз бостандығын шектейді деген пікірде. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерді қолданушылардың жазбалары, пікірлеріне байланысты мониторингтер өтіп тұрады. Алайда жалпы ақпаратпен жұмыс істегенде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтіндер үшін жалған ақпарат таратуға, әртүрлі теріс бағыттарды насихаттауға, біреудің абыройына нұқсан келтіруге тыйым салынады. Дегенмен әлеуметтік желіде дөрекі пікір қалдырып, біреудің қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеген жөн.
- 2020 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес алып тасталды № 349-VI // https://online.zakon.kz/document/? doc_id=31575252&doc_id2=32819136#activate_doc=2&pos=2162;-76&pos2=1;-8
- За какие комментарии в социальных сетях человек может быть наказан? // https://www.zakon.kz/4865959-za-kakie-kommentarii-v-sotsialnyh.html
- Қазақстандағы әлеуметтік желілердегі өшпенділік тілінің мониторингі / Құраст. П.Банников. —– Алматы: Medianet ХЖО, 2017. 80 бет. (қазақша, орысша).
- Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар // https://aikyn.kz/125174/eleumettik-zhelini-zanmen-shektey-me/
- Қазақстан Республика Конституциясы // https://adilet.zan.kz/rus/docs/K950001000_