admin 06.09.2021

Ғабитова А. Ғ. — М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Габитова А. Г. — преподаватель Западно-Казахстанского университета им. М. Утемисова, магистр юридических наук

Gabitova A.G. — lecturer of the West Kazakhstan University named after M. Utemisov, master of law

ӘОЖ 343.85

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ПРОФИЛАКТИКА ПРАВОНАРУШЕНИЙ

CRIME PREVENTION

ТҮЙІН

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі құқықтың кез келген саласында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе өзекті мәселелердің біріне айналуда, өйткені қиын өмірлік жағдайға тап болған құқық бұзушылардың саны азаймайды. Мақалада құқық бұзушылықтардың түрлері және олардың алдын алу шаралары баяндалған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу, бұл —құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және күшейтуге бағытталған мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар кешені. Сондай-ақ, мақалада құқық бұзушылықтың кейбір түрлерінің ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Қылмыс пен заңсыздықтың арасындағы айырмашылық талданады.

АННОТАЦИЯ

Одной из главных задач, стоящих сегодня перед обществом, является про­филактика правонарушений среди любых отраслей права и недопущение роста преступности. Этот вопрос в настоящее время становится одним из актуальных, так как количество правонарушителей, оказавшихся в трудной жизненной ситуа­ции, не уменьшается. В статье изложены виды правонарушений и меры их преду­преж­дения. В настоящее время профилактика правонарушений — это ком­плекс мер, осуществляемых государственными органами, направленных на сохранение и усиление правопорядка путем выявления, устранения причин и условий, спо­собствующих совершению правонарушений. Также в статье основное внимание уделено особенностям некоторых видов правонарушений. Проанализирована раз­ница между преступлением и проступком.

ANNOTATION

One of the main tasks facing society today is the prevention of offenses among any branches of law and the prevention of crime growth. This issue is currently becoming one of the most urgent, since the number of offenders who find themselves in a difficult life situation is not decreasing. The article outlines the types of offenses and measures to prevent them. Currently, crime prevention is a set of measures implemented by State bodies aimed at preserving and strengthening the rule of law by identifying, eliminating the causes and conditions that contribute to the commission of offenses. The article also focuses on the peculiarities of some types of offenses. The difference between a crime and a misdemeanor is analyzed.

Түйінді сөздер: құқық, халық, қоғам, ұйым, бостандық, мемлекет, қастындық

Ключевые слова: право, народ, общество, организация, свобода, государство, заговор

Keywords: law, people, society, organization, freedom, state, enmity

Барлық мемлекеттер сан жылдар бойы құқық бұзушылықпен күресіп келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғы күйде күрделі, әрі қарама-қайшылықта. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады[1]. Яғни ешбір қоғам құқық бұзушылықты түп тамырымен жойып жібере алмайды. Құқық бұзушылық әрқашан болады, тек оны бәсеңдетіп, бірқалыпты болуына әрекет ету керек. Cондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет.

Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бұл ұғымның мағынасы мен түрлерін білу қажет.

Сонымен, құқық бұзушылық деген не? Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті. Ал қылмыс – бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.

Құқық бұзушылық – бұл адамның әрекет етуінен немесе әрекетсіздігінен байқалатын қылық. Құқық бұзушылыққа ой, сезім, ниет жатпайды, себебі олар адамның қылығының белгілі бір актісінде байқалмайынша, құқықпен реттелмейді. Егер адам құқық нормаларында қарастырылған белгілі бір әрекетті жасау керек болып, бірақ жасамаса (мысалы, өміріне қауіп төніп тұрған адамға көмек көрсетпегенде), онда бұл әрекетсіздік болып табылады.

Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады[2].

Теріс қылықтар – бұл, қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ол қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық салаларында қолда­нарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін қарым-қатынас түрлері бой­ын­ша және солар үшін қолданылатын жаза түрлеріне қарай топтауға болады.

Тәртіптік теріс қылық – қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қаты­настың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол еңбек, қызмет немесе оқу тәртібін әлсіре­теді де, тәртіптік теріс қылықты тудырады. Тәртіптік жазаның мерзімі – бір жыл.

Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) — заң бойынша бекітілген қо­ғам­дық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару және орналастыру қызметі саласын­дағы қарым-қатынасқа қастандық жасайтын, қызметтік міндеттерді жүзеге асыру­мен байланысты емес құқық бұзушылық. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зиян­дылық немесе қауіп белгілеріне ие бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігі­мен қылмыстан айтарлықтай айырмасы болады.

Азаматтық теріс қылықтар (деликттер) – мүліктік және сондай-ақ мүліктік емес аймақта жасалатын құқық бұзушылық, ол адам үшін рухани құндылық болып табылады. Азаматтық құқық бұзушылық — ұйымдарға және жеке азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтіру­мен бейнеленеді. Азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзыл­ған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты санкцияларды қолдануға алып келеді.

Еңбек құқығын бұзу (еңбек туралы заңды бұзу) – еңбек міндеттерін бұзудан, орындамаудан тұратын және еңбек туралы заңның нормаларында болатын санкциялармен тыйым салынған еңбек құқығы субъектісінің құқыққа қайшы айыпты іс-әрекеті.

Халықаралық құқық бұзушылық – халықаралық құқық нормаларына немесе жеке басының міндеттемелеріне қайшы келетін әрекет немесе басқа субъектіге, халық­аралық құқық субъектілерінің тобына немесе барлық халықаралық қауым­дастыққа залал келтіретін халықаралық құқық субъектісінің әрекетсіздігі. Халық­аралық деликтіге – дипломатиялық өкілдерге қатысты құқыққа қайшы әрекет­тер­дің жолын кесу жөнінде шаралар қолданбау, сауда міндеттемелерін бұзу және т.б. жатады.

Құқық бұзушылықты сөз еткенде қылмыс ұғымын да ұмытпау қажет. Себебі жал­пы барлық елдегі болып жатқан құқық бұзушылықтың көпшілік бөлігі қыл­мыс­тық құқық бұзушылық. Қылмыстар дегеніміз — қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп та­был­ған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекі­тілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер. Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекет­сіздік қылмыс болып табылмайды[3].

Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдде­лері­не залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян – материал­дық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушы­лық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиянк елтіреді. Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін.Сол себепті де құқық бұзушылықтың алдын алу қажет.

Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін азаматтардың құқықтарын, бостандық­тарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамта­масыз ету, елдегі құқық бұзушылықтың деңгейін азайту, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдай­ларды анықтау, жою, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжат­тары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту, құқық бұзушылық­тың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлес­тіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұл­тарт­пастығын қамтамасыз ету қажет.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін осы міндеттерді негізге ала отырып, белгілі бір жазаларды немесе шараларды қолдану қажет. Құқық бұзушылықтың алдын алу қызметін жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзу­шылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асыратын органдар – мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік ұйымдар. Құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс білікті­леуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден бір тәсілі алдын алу шараларын жүзеге асыру болып табылады: халықтың неғұрлым қауқарсыз тобын әлеуметтік қорғау және экономиканы жалпы сауықтыру жөніндегі әлеуметтік-экономикалық шараларды; экономиканы, әлеуметтік саланы, құқық қорғау қызметін басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұйымдастырушылық-басқару ша­ра­ларын, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуды нормативтік, ақпарат­тық, әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған шара­лар­ды; қоғамдық санада құқыққа қарсы мінез-құқыққа және қоғамға қарсы іс-әре­кеттерге төзбеушілікті қалыптастыратын азаматтардың бойында жалпы адамзат құндылықтарына бағытталған адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, құқық бұзушылықты жасауға кедергі болатын ғылым мен техниканы; құқық бұзушылық­тың алдын алу саласындағы заңнаманы жетілдіруді; құқық бұзушылық субъекті­лерінің қызметін құқықтық реттеуді; нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша криминологиялық сараптама жүргізу кіретін құқықтық шараларды қол­дану арқылы іске асырылады[4].

Құқық бұзушылықты зерттейтін әртүрлі анықтаулар бар. Жалпы қоры­тын­дылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әре­кет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзу­шылыққа ұласады.

Қорытындылай келе, құқық бұзушылықтың алдын алу – еліміздің басты мін­деті. Халыққа құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің барын түсіндіру және оның алдын алу үшін шаралар қолдану қажеттілігін насихаттау қажет. Заң жүзін­дегі жауапкершіліктің басты мақсаттары құқық тәртіптерін қорғау және азамат­тарды құқықты құрметтеу рухында тәрбиелеу деп санауға болады.

  1. Теория государства и права: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.М. Корельского и проф. В.Д. Перевалова. 2-е издание, измен. и доп. — М.: «НОРМА», 2000. — 616 б.
  2. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. — Алматы: «HAS» баспа компаниясы, 2003. — 320 б.
  3. Лазарев В. В., Липиев С. В. Общая теория государства и права: Учебник для вузов. — М.: «Спарк», 2000.
  4. Общая теория государства права: Учебник / Под ред. М. Н. Марченко и др. — М., 1998. Б. 580.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*