admin 20.04.2023

МРНТИ 10.77.91

УДК 343.3/.7

Сеилханов Ж. Д. — «Астана» Халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, (Қазақстан Республикасы, Астана қ.)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНТРАБАНДАНЫ САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Түйін. Бұл мақалада Қазақстан Республикасында экономикалық контрабан­да­ны саралаудың ерекшеліктері қаралады. Осы қылмысты зерттеу барысында тео­рия­лық және тәжірибелік пікірлер айтылады. Автор тауарларды немесе өзге де құн­дылықтар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекара­сы арқылы заңсыз алып өту бойынша экономикалық контрабанданы саралауды зерттейді.

Автор кедендік шекара арқылы тауарлар мен өзге де заттардың заңсыз өткі­зілуін құқықтық реттеу саласында зерттеу жүргізген. Контрабанданың объективті жа­ғын құрайтын құқықтық санаттардың айқындылығын белгілеу мақсатында Қа­зақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасы­на өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі айқындалады және негізделеді.

Сонымен қатар, айналымнан алынған нәрселерді немесе айналымы шектеулі нәрселерді қылмыстардың қатарына жатқызу үшін саралаудың теориясы мен тәжі­ри­бесінің мәселелерін зерттейді. Сонымен бірге, қылмыстық процестік заңын нор­маларын қатаң сақтаумен де қамтамасыз етілетінін қозғайтын болады.

Зерттеу барысында контрабанданы дайындау, қастандық және аяқталған қыл­мыс кезеңдерінде саралау кезінде қайшылықтар анықталды; анықталған қайшы­лық­тар мен проблемаларды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Алынған нә­тижелер негізінде қылмыстық заңнаманы жетілдіруге, құқық қорғау органда­ры­ның кеден саласындағы қылмыстарды саралау қызметін жетілдіруге болады.

Мақала контрабандаға қарсы күреспен айналысатын көптеген мамандарға пай­далы болуы мүмкін. Мақалада Қазақстан Республикасындағы экономикалық контрабанда құрамының ерекшеліктерін және заңнаманың нормаларын, тергеу және сот тәжірибелерін басшылыққа ала отырып көрсетіледі.

Түйінді сөздер: қылмыскерлік, контрабанда, экономика, құрамы, кедендік алым, сот, қылмыстық топтар, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, шекара.

Сеилханов Ж. Д. — старший преподаватель Высшей школы права Международного университета «Астана», магистр юридических наук (Республика Казахстан, г. Астана)

ПРОБЛЕМЫ КВАЛИФИКАЦИИ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ КОНТРАБАНДЫ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

Аннотация. В данной статье рассматриваются особенности квалификации эко­номической контрабанды в Республике Казахстан. В ходе изучения данного преступления высказываются теоретические и практические мнения автора. Автор ис­следует квалификации экономической контрабанды по незаконному пере­мещению товаров или других ценностей и предметов через таможенную границу Евразийского экономического союза.

Автором проводится исследование в области правовой регламентации неза­кон­ного перемещения товаров и иных предметов через таможенную границу. Вы­является и обосновывается необходимость внесения изменений и дополнений в дей­ствующее законодательство Республики Казахстан в области таможенного ре­гулирования с целью установления определенности правовых категорий, состав­ляю­щих объективную сторону контрабанды.

Вместе с тем рассматриваются проблемы теории и практики разграничения с целью отнесения к преступлениям вещей, полученных из оборота, или вещей с ог­раниченным оборотом. При этом отметим, что это будет обеспечиваться неукос­нительным соблюдением норм уголовно-процессуального законодательства.

В ходе исследования выявлены противоречия при квалификации контрабанды на стадиях приготовления, покушения и оконченного преступления; разработаны конкретные рекомендации по устранению выявленных противоречий и проблем. На основе полученных результатов возможно совершенствование уголовного за­конодательства, совершенствование деятельности правоохранительных органов, квалификации преступлений в таможенной сфере.

Статья может быть полезна широкому кругу специалистов, занимающихся во­просами противодействия контрабанде. В статье отражаются особенности состава экономической контрабанды в Республике Казахстан и нормы законодательства, следственная и судебная практика.

Ключевые слова: преступность, контрабанда, экономика, состав, тамо­жен­ная пошлина, суд, преступная группировка, преступная организация, пре­ступное сообщество, граница.

Seilkhanov Zh. D. — senior lecturer at the higher school of law of the Astana International University, master of law (Republic of Kazakhstan, Astana)

PROBLEMS OF QUALIFICATION OF ECONOMIC SMUGGLING IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Annotation. This article discusses the features of the qualification of economic smuggling in the Republic of Kazakhstan. In the course of studying this crime, the author’s theoretical and practical opinions are expressed. The author examines the qualifications of economic smuggling for the illegal movement of goods or other valuables and items across the customs border of the Eurasian Economic Union.

The author conducts research in the field of legal regulation of illegal movement of goods and other items across the customs border. The necessity of introducing amendments and additions to the current legislation of the Republic of Kazakhstan in the field of customs regulation is identified and justified in order to establish the certainty of the legal categories that make up the objective side of smuggling.

At the same time, the problems of the theory and practice of differentiation are considered in order to classify things obtained from circulation or things with limited turnover as crimes. At the same time, we note that this will be ensured by strict compliance with the norms of criminal procedure legislation.

The study revealed contradictions in the qualification of smuggling at the stages of preparation, attempted and completed crimes; specific recommendations were developed to eliminate the identified contradictions and problems. Based on the results obtained, it is possible to improve criminal legislation, improve the activities of law enforcement agencies, and the qualification of crimes in the customs sphere.

The article can be useful to a wide range of specialists dealing with anti-smuggling issues. The article reflects the peculiarities of the composition of economic smuggling in the Republic of Kazakhstan and the norms of legislation, investigative and judicial practice.

Keywords: crime, smuggling, economy, composition, customs duty, court, criminal group, criminal organization, criminal community, border.

 

Кіріспе. Қоғамға қауіпті қылмысты зерттеудің ұғымы екі жақты түсіндірелді: Біріншіден Қылмыстық заңның екінші бөлігінің нормаларында белгіленген қыл­мыс құрамдарының белгілеріне нақты әлеуметтік қауіпті әрекеттің (жағдайдың) сәйкестігін (ұқсастығын) анықтау бойынша алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының жұмысы ретінде белгілі бір тәртіптік үрдіс ретінде анықтау жа­тады; Екіншіден осы процестің нәтижесі ретінде — нақты танылған және қылмыс­тық процестің формасына айналған, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыстардың қа­та­рына жатқызу үшін құқықтық негіз бен бағалануы керек.

К. Ж. Балтабаевтың пікірінше, қылмысты және теріс қылықты дұрыс саралау үшін, белгілі бір қылмыстық әрекетте немесе әрекетсіздікте қылмыстық құқық бұзу­шылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы мәселені шешу үшін осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту­ға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтықтарын анықтау қажет. ҚР Қыл­мыстық кодексінің 4-бабында «Қылмыстық құқық бұзушылық жасау, яғни заңда көздел­ген қылмыстың немесе теріс қылық жасаған құқық бұзушылықтың барлық белгілерін қамтитын әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады»[1].

Қылмысты және теріс қылық жасаған құқық бұзушылықты квалификациялау мә­селесі қылмыстық құқықтағы ең күрделі және маңызды проблемалардың бірі бо­лып табылады, тек теориялық әдіспен ғана емес, сонымен қатар, тәжірибелік тұр­ғы­дан да өте маңызды, өйткені қылмыстық заңның тиімділігі және адамның жеке басының тағдыры сол немесе басқа әрекеттің қалай жасалғанына байла­ныс­ты. Сотқа дейінгі тергеу әрекеттерінде және сот төрелігін жүзеге асыру үшін бұл қылмыстың және теріс қылықтың қылмыстық-құқықтық норманың қолданылуы мен дұрыс анықталуы маңызды болып табылады. Осы негізде ғана сотқа дейінгі тер­геп тексеру және сот тергеуі заңға сәйкес контрабанда қылмыстарын қылмыс­тық істер бойынша сот шешімдерінің дұрыс жүзеге асуына кепіл болып табылады.

Контрабанда қылмыстарын дұрыс анықтау мәселелерін зерттей отырып, оны саралау қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен шектелмейді, сонымен бір­ге, қылмыстық-процестік кодекстің нормаларын қатаң сақтау қажет. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңының тиісті баптарына сәйкес қыл­мыс­тық процесс бойынша анықталуға жататын барлық мән-жайларды жинақтау­дан, бекітуден, зерттеуден және баға берудің тәртібі қылмыстық процестік заңға сәйкес орындаулы керек. Сонымен қатар, ҚР Жоғары сотының қаулыларына ерек­ше назар аударған жөн. Мәселен, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының ережелерін басшылыққа алып жаза тағайындалу керек[2].

Жаза тағайындау кезінде судьялар ҚР Қылмыстық кодексінің жалпы бөлі­мін­де көрсетілген жаза тағайындаудың нормаларын мүлтіксіз сақтауы, сондай-ақ қыл­мыс­тың санаттарын, қайталанудың, қауіпті қайталанудың болуын, қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезеңдерін, қылмыс жасаған сотталушының қылмысқа қа­тысушылық рөлін, жасалған қылмыстың мақсаты мен ниетінің орындалуын және келтірілген зиянның қоғамға қауіпті мөлшері мен сипатын, ҚР қылмыстық ко­дексінің 53 және 54 баптары бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны же­ңіл­дететін немесе ауырлататын мән-жайлар қолданылуы маңызды болып табы­ла­ды»[3].

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, анықтау, қадағалау және соттардың, үш буынды мо­делі негізінде тәжірибелік қызметінде контрабанданың дұрыс саралау тәртіп­те­рі сақталуы керек. Мәселен, қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің жағдайларын толық және жан-жақты тергеу, қоғамға жасалған қылмыс құрамының толық белгілерін бо­луын анықтау болып табылады. Қылмысты дәлелдеу процесіне қатысты және контрабанданы тергеуді анықтайтын адамдар қызметінің сыртқы қылмыстық про­цестік бағыттарын сипаттайды, бұл жұмыстың ішкі жағын, мән-жайын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі тұрғысынан эко­но­ми­калық контрабанданы саралаудың барлық үрдісі сотқа дейінгі іс жүргізудің басталу кезеңінен бастап судьяның айыптау немесе ақтау үкімдерінің заңды күші­не енуімен аяқталады және оның бірнеше айқындалған сатыларын сипаттау ар­қы­лы көрініс табады.

Азаматтың әрекетінде экономикалық контрабанда құрамының белгілерін табу үшін заңға сәйкес барлық қылмыс құрамдарының белгілері анықталу керек. Тер­геу­шінің процессуалдық материалдарында контрабанданы саралау үшін келесі мін­деттерді орындау керек:

  • қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдану;
  • азаматтың экономикалық контрабанда қылмысын жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды күдіктінің іс-әрекетін саралау;
  • қылмыстық заңға сәйкес оған бұлтартпау шараларын бірін таңдау[4].

Талқылау. Қазақстан Республикасында экономикалық контрабанданы сара­лау кезінде әрекеттің әлеуметке қауіптілігі, кінәлі азаматқа жаза тағайындау кезін­де барлық мән-жайларды ескеру қажет, қылмыс құрамының элементтерінің ашыл­мауы тергеуді толық және ашып жүргізуге кедергі болады. Мәселен, экономи­ка­лық контрабанданың элементтерін ашқан кезде азаматтың есінің дұрыстығы жауап­қа тарту мен жаза тағайындауға үлкен әсері бар, бірақ іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі осы белгімен ғана айқындалмайды. Басқа тұрғыдан алып қарайтын бол­сақ, қылмыстық әрекетті істеу, мәселен, кедендік аймақ арқылы құжаттарды дұрыс рәсімдемей тауарларды өткізу жасалған құқықбұзушылықтың әлеуметке қауіпті­лік деңгейін ашыуға ықпал болады, бірақ азаматтың экономикалық контрабанда жа­сады деп жауапқа тартуға себеп болмайды. Қылмысты ашып саралайтын тергеу­ші экономикалық контрабанданың барлық белгілерін ғана анықтап әлеуметтік қауіп­ті, күдіктіні және іс-әрекеттің қылмыстық заңға қайшылығын анықтауға негіз­делуі керек.

Бұл ретте экономикалық контрабанда белгілі бір белсенділік белгілері белгілі бір қарқындылықпен көрінгенде ғана қылмыс құрамы бар деп айта аламыз. Кеден­дік бақылаудан жалтару немесе Қазақстан Республикасының кеден аймағынан ол арқылы жасырын өту (әртүрлі тәсілдермен тауарларды заңсыз алып өту, кедендік шекара аймағын айналып өту, бір затты екіншісімен араластыру арқылы іздерін жасыру және т. б.) болуы мүмкін.

Қазіргі кезде кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың контрабандалық жолмен өткенін анықтау, қылмыстарды ашқан кезде қылмыстың объектісі мен затын анықтау да қиындыққа түседі. Себебі адамдар құжаттарды немесе кедендік тауарларды аяқтық жолмен кеден органдарына жалған құжаттар мен тауарларды көрсету арқылы кеден шекарасы аймағынан өтуге тырысады. Декларация жасамай не­месе жалған декларация құжаттарында көрсетілетін тауарлар мен құндылық­тар­ды жазбай өтірік мәліметтер енгізеді. Лауазымды адамдар кедендік шекара арқылы өтетін тыйым салынған тауарлар немесе өткізуге рұқсаты жоқ заттардың тізімі ар­наулы нормативтік актілерге сәйкес жүргізу керек.

Шекара аймағы арқылы өткізілетін тауарларды арнайы ережелердің тәртібі­мен реттеледі. Қылмыстық кодекс бойынша экономикалық контрабанданың дис­по­зициясы бланкеттік болып табылады. Кедендік шекара, кедендік декларация т.б. ұғымдардың түсінігі Қазақстан Республикасының Кеден реттеу туралы кодексінде берілген, ал қандай тауарлар мен заттардың кедендік реттеу шекарасынан өткізілу немесе өткізілмеуі оларға шек қойылуы арнайы ережелермен және нормативтік құ­қық­тық актілерде көрсетілген. Айтылып өткен заңсыз әрекеттер кедендік құжат­тарды, тауарларды, заттарды, құнды заттарды ірі мөлшерде шекара арқылы заңсыз жолмен өткізумен көрсетілсе, жасалған қылмыстық әрекет аяқталған деп сарала­на­ды. Қылмыстық заңның нормасында экономикалық контрабанданың ауырла­тыл­ған құрамы (қылмыс қайталанса; адам өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, кедендік тексеруді жүргізетін адамға күш қолданса, ірі мөлшерде, азаматтармен алдын ала сөйлесіп келісіп жасалса), қылмыстық кодекстің 234-ба­бы­ның 3-тармағында аса ауырлататын (мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын адам не лауазымды адам, егер олар өздерінің қызметін пайдаланумен қатар істесе; қылмыстық ұйым жасағаны әрекеттер) белгілері көрсетілген. Қайталап жасалған қылмыстың анықтамасы қылмыстық заңның 2-бабында жазылған. Адам өзінің кыз­мет бабын пайдаланып, кеден кызметі органдарының, сондай-ақ заңмен көрсе­т­іл­ген мемлекеттік мекемелердің, басқа да лауазым азаматтардың кеден шекарасы аймағынан өту кезінде қызметін пайдаланып зиян жасауы, кедендік тексеруді жү­зеге асыратын адамға күш көрсету әрекеттері туралы айтылып отыр. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын уәкілетті адам не оған теңдестірілген адамның түсінігі қылмыстық заңның 3-бабының 27, 28-тармактарында берілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының 3 және 38-тармақтарына байланысты осы бапта көзделген іс-әрекеттер, егер өткізілген заттар мен тауарлар бағасы бес мың айлық есептік көр­сеткіштен асатын болса және ірі мөлшерде болатын болса өткізілген заттар мен тауарлардың құны он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, аса ірі мөл­шерде жасалған қылмыстық әрекеттер деп айтылады[5].

Экономикалық контрабанда қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген ар­найы субъектінің ерекше белгілерін түсіндіру де сот практикасының саласына ті­ке­лей қатысты. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының Ерекше бөлімінде ар­найы құрам берілген, бүгінгі таңда аталған белгілерді түсіндіру ҚР Жоғарғы соты­ның 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 нормативтік қаулысы анық түсіндірмесін береді[6].

Экономикалық контрабанданы талдау кезінде қолданылатын айрықша белгі­лер оның басқа ерекшеліктерінен туындамайтын, осы қылмыстың басқа ерекше бел­гілері мен шығармайтын қасиеттерін сипаттауы керек, сондықтан, әрбір кезде, қылмыстық дағды белгіленуге тиіс. Мәселен, объектінің барлық белгілері эконо­ми­калық контрабанданың белгісі болмайды, бірақ оларды іс-әрекеттің басқа белгі­лері мен қылмыс атауының құрамынан шығарып алу қиын емес. Олардың бар бол­ғанын белгілегеннен кейін экономикалық контрабанда әлеуметтік қатынастарға қол сұғады деген дерегі де негізсіз болады.

Экономикалық контрабанда объектісі болып экономикалық қызмет, кедендік бақылаудың белгіленген тәртібі, кедендік шекара арқылы өткізу шарттары, тұтас­тай алғанда Еуразиялық экономикалық одақтың да, атап айтқанда Қазақстан Рес­публикасының да егемендігі мен қауіпсіздігі табылады.

Нысанды дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік-құқықтық сипатын, жасалған қылмыстық құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліктің ны­сан­дары мен шектерін түсінуге көмектеседі.

Белгілі бір форманы түсіну ұқсас қылмыс құрамын бір-бірінен, қылмыстық іс-әрекеттерді қылмыс емес іс-әрекеттерден бөліп алуға мүмкіндік береді. Сонымен қа­тар, кез-келген әрекеттің әлеуметтік қауіптілік деңгейі бір талай деңгейде қай объек­тіге қол сұғушылыққа ұшырайтынына байланысты, сондықтан қолданыс­та­ғы қылмыстық кодекстің «әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзу­шы­лық болып табылмайды делінген және ҚР қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қандай-да бір іс-әрекеттің белгілеріне ие болса да, қоғамға елеусіз болуы­на байланысты қоғамдық қауіп төндірмейді» деп көрсетілген. Алайда, объекті­нің рөлі мұнымен бітпейді[7].

Қылмыстық заңның 234-бабының 1-бөлігінде, кедендік бақылаудан тыс неме­се одан жасырын не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып жасалған не декларациялаумен немесе көрінеу анық емес декла­рациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште не уақытша әкелу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсе­ту­мен, оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және көрінеу анық емес мәлімет­терді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, ері мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған не­месе шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы қағидалары белгі­лен­ген тауарларды, заттар мен құндылықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың ке­дендік шекарасы арқылы өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тар­туға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

234-баптың 2-бөлігінде, қайталанып жасаса; азамат өзінің қызмет бабын пай­да­лана отырып; шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын азаматқа күш қолданып; аса iрi мөлшерде; адамдар тобының алдын ала келісумен жасалған іс-әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөл­шер­де айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР ҚК-нің 234-бабының 3-бөлігінде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қыз­мет бабын пайдалануымен жасалса, қылмыстық топ жасаған әрекеттер болса мүлкi тәркiленiп, ал бірінші тармақта көзделген жағдайларда белгiлi бiр лауазымды ат­қару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра оты­рып, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазала­нады деп көрсетілген.

ҚР ҚПК-нің 3-бабының 38-тармағындағы түсіндірме бойынша, ірі мөлшерде өткізілген заттардың бес мың айлық есептік көрсеткіштен көп құны айтылады. Аса ірі мөлшер деп алып алып кірген заттардың он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын бағасы айтылады.

Тауарларды заңсыз өткізуде бірнеше тәсілдер қолданылады — ресми, ашық түрде, яғни құжатта көрсетілген затқа екінші бір затты қосып өткізу және жасырын түрде, яғни кеден шекарасын сырт айналып өткізу арқылы немесе құжатқа мүлдем көрсетпеу арқылы жасалады.

Экономикалық контрабанданы құрайтын әрекеттер келесі жағдайларда аяқ­тал­ған болып есептеледі:

  • құжатта ішінара көрсетілген тауарларды ресми түрде өткізуге оқталғанда;
  • кедендік құжатты толтырып болған сәтте, ал арнайы ережелермен қарасты­рыл­ған заттарды ереже талаптарын сақтамай өткізу барысында;
  • шекаралық бақылау рәсімі аяқталған сәтте;
  • шекарадан тауарларды ресми түрде алып өтуге оқталғанда;
  • кедендік рәсімдеу аяқталған сәтте;
  • тауарларды жасырын өткізу жағдайларында;
  • шекараны заңсыз өту сәтінен бастап есептеледі.

Контрабанда тұрғысында жасалған қылмыстардың туралы нақты мәліметтер­ді анықтаумен қатар, оның саралануы үшін бұл барлық көрсетілген айғақтар шын және нақты құқықтық баға беру маңыз, бұл іс жүзінде әрдайым бола бермейді. Бұл жерде негізгі ерекшеліктері төмендегідей.

Контрабанда қылмыстарын қайталап істелген жағдайда саралау. Қылмыс­тық әрекеттердің қайталап жасалынуы қылмыстық заңның нақты бабының немесе бабының бөлігінде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттерді жасауы қыл­мыс­тық әрекетті бiрнеше рет қайталап жасалуы деп түсіндіріледі. Қылмыс пен бірге қайталап қылмыстық теріс қылық жасаса бірнеше рет жасалды деп танылмайды.

Адам бұрын жасаған қылмыстық әрекеті үшін жауапқа тартылған болса не заңда белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босаа шықса, қыл­мыс­тық әрекет бірнеше рет жасалған деп есептелмейді.

Жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, бiр ниетпен және бiр мақсатпен бо­латын болса, бiр қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын, құқыққа қарсы бiрқатар бiрдей әрекеттерден тұратын қылмыстық әрекет бiрнеше рет жасалған қыл­мыстық құқық бұзушылық деп танылмайды.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы қылмыстық заңда қатаң жазаға әкеп соға­тын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда, азаматтың жасаған қылмыстық әрекеттері қылмыстық заңының нормалары бойынша қылмыстарды бiрнеше рет жасағаны үшiн жаза көзделетiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша саралайды[8].

Азаматтарды қылмыстық заңға сәйкес негізсіз айыптаулар мен соттардан қор­ғауды тиісінше қолдану, сондай-ақ сотталғандардың өз әрекеттеріне сәйкес әділ жа­за тағайындауын қамтамасыз ету. Сондықтан бір адам бірнеше контрабанда құқық бұзушылықтарын жасаған кезде қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы үш­ін қажетті мән-жайларды айқындайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық ко­дексі­нің 12 және 13-баптарының ережелерін және жалғасып жатқан (созылмалы) қыл­мыстық құқық бұзушылықтың, бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылық­тар­дың, қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты және анық жасалуын ескере отырып, жасалған іс-әрекетті ескеру және саралау қажет.

Экономикалық контрабанда қылмыстық әрекеттерді бірнеше рет қайталап жа­салуын және осы жасалған іс-әрекеттің жалғаспалы немесе созылмалы қылмыстық әрекеттерден ажырата білу керек. Нақты сол адамның бірыңғай пиғылымен және мақсатпен, материалдық құрамымен және келтірілген зардаптарының бірегейлігі­мен сипатталатын, қылмыстық әрекеттер жасау әдісі мен объектісі бойынша өзара ұқсас екі және одан да көп қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасауы қылмыстық әрекеттің бірнеше рет жасалуын құрамайды. Бұл жағдайларда барлық жасалған қыл­мыстарды тұтастай жалғаспалы қылмыстық әрекеттер ретінде біліп, осы қыл­мыстық әрекетті жасағаны үшін жауаптылық көздейтін 234-бап бойынша немесе бабының бөлігі бойынша саралаған дұрыс.

Азамат қылмыстық заңның бір бөлігімен қарастырылған жалғасқан қылмыс­тық әрекетті жасаған кезде, белгілері қылмыстық заңның жалғасқан қылмыстары үшін жауаптылықты көздейтін бабының (мәселен, аса ірі мөлшердегі есірткіні заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау кезеңінде оның бөліктерін бірнеше мәр­те өткізу) диспозициясымен қамтылмайтын басқа бөлігінде көзделген басқа қыл­мыстық әрекеттер жасаған жағдайда, оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 234-бабының неғұрлым қатаң жаза белгіленетін бөлігі бойынша саралауға жатады. Бұл ретте адамның жасаған барлық қылмыстарның белгілері айыптауда және үкімде көрсетілуге керек.

Экономикалық контрабанда қылмыстарында азамат өзінің лауазымын пай­да­лана отырып жасаған іс-әрекеттің саралануы. Қылмыстардың бұл түрі қызмет бабын пайдаланған азаматтар істеген қылмыстың басқа құрамдарымен салыстыр­ғанда үлкен ерекшеліктерге ие. Біз зерделеген тергеу әрекеттерінде және сот тәжі­ри­бесінде экономикалық контрабанда жасайтын лауазымды адамдар жиі кез­де­се­ді, бірақ бұл қылмыстар латтентті көрініс табады. Осы қылмыстарды жасаған лау­аз­ымды тұлғаны, тергеу кезінде нақты фактілер болмаса анықтап көрсету қиын­дық­қа түседі. Осы қылмыстар жасалған кезде лауазымды тұлғалардың өздері ке­ден­дік аймақ арқылы заттарды өткізуге өздері қатыспайды, сол себептен эконо­ми­калық контрабанда қылмыстарын іс бойынша нақты кінәлілерді анықтау қиыны­дыққа түседі.

Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адам деп, қызмет парызы бойынша кедендiк және шекаралық бақылауды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен басқа құнды заттар және нәрселердi қарау бойынша тиiстi ықпал жасайтын және шек­арадан өтуге рұқсат беретiн адамды айтады.

«Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңнаманы қолдану прак­ти­касы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1997 жылғы 18 шілде­дегі № 10 нормативтік қаулысында, яғна өзiнiң лауазымдық қызметін пайдаланып асалған экономикалық контрабанда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару жүйесі­нің мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзу­шы­лықтар туралы ҚР ҚК-нің баптары бойынша қосымша саралауды қажеті жоқ6.

Өзiнің лауазымдық өкілеттігін пайдаланып экономикалық контрабанда жаса­ған мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті не соған теңестірілген басқа аза­маттарға жалпы негiзде, яғни лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылықтар ту­ра­лы қылмыстық заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстық құқық бұзушы­лық­тардың жиынтығы бойынша және аталған саралау белгiлерiне сілтемесіз ҚР ҚК-нiң 234-бабының тиiстi бөліктерi бойынша жауапкершiлiк жүктеледi.

Қазақстан Республикасында экономикалық контрабанданы саралау кезінде «Ұйым­дасқан топтың» саралану белгiлерi деп алдын ала контрабанда жасау үшiн бiр­лескен адамдардың қалыптасқан тобын айтамыз. Бірнеше азаматқа, соның ішінде оның өзіне де тиесілі заттарды немесе өзге де құнды заттарды заңсыз өткі­зу­ге қасақана ниетті азамат біріккен контрабандалық заттардың контрабандасы үшін жауапкершілік көтеруге тиіс. Қасақана ниеті контрабандалық заттардың қал­ған бөлігін заңсыз өткізу бойынша басқа азаматтардың іс-әрекетін қамтымайтын, орны ауыстырылуы өзіне көрінеу заңсыз мұндай тауарлардың немесе құнды­лық­тардың жеке бөлігінің иесі тек оған тиесілі мүліктің контрабандасы үшін қыл­мыс­тық жауапкершілікке тартылады.

Қылмыстық топ деп экономикалық контрабанданы белгісінің болуы ҚР ҚК-нің 3-бабының 24-тармағы мазмұнының негізінде айқындалады.

Қорытындылар. Мақаланы қорытындылай келе, Қылмыстық кодекстің Ерек­ше бөлігінің нормаларын қате таңдап қолданса, кез келген қылмыс бойынша жазаның ауырлығы мен түрі бойынша әділетсіз жаза тағайындауға ғана емес, со­ны­мен бірге, кінәлі адам үшін басқа да көптеген келеңсіз зардаптарға (атап айт­қан­да, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданбау, рақым­шылық жасау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеудің қатаң режимін тағайындау және т.б.) соқтыруы мүмкін.

Дұрыс емес сараланған қылмыстардың жекелеген түрлерінің нақты деңгейі мен динамикасын бұрмалауы, жекелеген аймақтарда, жалпы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы бойынша қылмысқа қарсы күрес және олардың алдын алуға қылмыстық сая­сат­ты дұрыс пайдалануға, шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруды қиындатуы мүм­кін. Қылмысты дұрыс саралаудың аса маңызды талаптары қойылған қоғамда әділетті мемлекет орнайды.

Әдебиеттер тізімі

  1. Балтабаев К. Ж. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. — Астана: издательство ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2015. Б. 188 (421 б.).
  2. Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысы» (05.11.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // URL: https:// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P150000004S (10.02.2023 ж.)..
  3. Бекмагамбетов А. Б., Ревин В. П. Уголовное право Республики Казахстан. Общая и Особенная части: Учебник // Международный журнал экспериментального образования. — 2015. — № 8-2. — Б. 288-290 // URL: https://expeducation.ru/ru/article/view?id=7990
  4. Қазақстан Респубдикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ (05.11.2022ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231#z60 (қаралған күні:12.02.2023).
  5. Ағыбаев А. Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және Ерекше бөліктер. — Алматы: Жеті Жарғы, 2015. Б. 205 (768 б.).
  6. Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілде N 10 нормативтік қаулысы. «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» (20.04.2018 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P97000010S (қаралған күні: 12.02.2023).
  7. Каиржанов Е. И. Объект преступления // Уголовное право Казахстана. Общая часть. — Алматы: «Правовая инициатива», 1998. Б. 48 (305 б.).
  8. Борчашвили И. Ш. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы бөлік. — Алматы: Жеті Жарғы, 2021. 1 Т. — 820 б.

References

  1. Baltabaev K. J. Ugolovnoe pravo Respýblıkı Kazahstan. Obshaıa chast. — Astana: ızdatelstvo ENÝ ım. L.N. Gýmıleva, 2015. S. 188 (421 s.).
  2. Normativnoye postanovleniye Verkhovnogo Suda Respubliki Kazakhstan ot 25 iyunya 2015 goda № 4 «O nekotorykh voprosakh naznacheniya ugolovnogo nakazaniya» (s izmeneniyami i dopolneniyami po sostoyaniyu na 05.11.2022 g.) // URL: https:// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P150000004S (10.02.2023 ж.).
  3. Bekmagambetov A. B., Revın V. P. Ýgolovnoe pravo Respýblıkı Kazahstan. Obshaıa ı Osobennaıa chastı: Ýchebnık // Mezhdunarodnyy zhurnal eksperimental’nogo obrazovaniya. — 2015. — № 8-2. — S. 288-290. // URL: https://expeducation.ru/ru/article/view?id=7990
  4. Ugolovno-protsessual’nyy kodeks Respubliki Kazakhstan ot 4 iyulya 2014 goda № 231-V ZRK (S izmeneniyami i dopolneniyami po sostoyaniyu na 05.11.2022 g.) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231#z60 (12.02.2023).
  5. Aǵybaev A. N., Kommentarıı k Ýgolovnomý Kodeksý Respýblıkı Kazahstan Obshaıa ı Osobennaıa chast. — Almaty: Jetі Jarǵy, 2015. S. 205 (768 s.).
  6. Normativnoye postanovleniye Verkhovnogo Suda Respubliki Kazakhstan ot 18 iyulya 1997 goda N 10. » O praktike primeneniya zakonov ob ugolovnoy otvetstvennosti za kontrabandu » (s izmeneniyami i dopolneniyami po sostoyaniyu na 20.04.2018 g.) // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P97000010S (12.02.2023).
  7. Kaırjanov E. I. Obekt prestýplenııa // Ýgolovnoe pravo Kazahstana. Obshaıa chast. — Almaty: «Pravovaıa ınıtsıatıva», 1998. S.48 (305 s.).
  8. Borchashvılı I. Sh. Kommentarıı k Ýgolovnomý Kodeksý Respýblıkı Kazahstan (Obshaıa chast). — Almaty: Jetі Jarǵy, 2021. 1 T. — 820 s.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*