Жумабаева Г. А. — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, заң ғылымдарының магистрі
Жумабаева Г. А. — преподаватель кафедры правоведения Актюбинского регионального государственного университета им. К. Жубанова, магистр юридических наук
Zhumabayeva G. A. — lecturer of the Department of Jurisprudence of Aktobe regional state University named after K. Zhubanov, master of law
ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ
ТҮЙІН
Бұл мақала ғаламтордағы алаяқтық, олардың түрлері туралы жазылған. Ғаламтор желісі дамыған сайын ондағы алаяқтық та өршіп тұр. Алаяқтар әртүрлі қитұрқы әрекеттерімен адамдарды алдап, арбап, сан соқтырып жатыр. Интернетте алаяқтықтың түр-түрі бар. Мәселен: интернет дүкенде, банк карталары арқылы, фишинг, қайырымдылық акциялары, бопсалау, жалған ұтыс т.б. Алаяқтар адамның сенімін теріс пайдаланады. Олардың басты мақсаты – оңай жолмен ақша табу. Интернет алаяқтар адамның психологиясын әбден меңгерген. Олар адамның ақпараттық жүйедегі сауатсыздығын пайдаланып, әртүрлі жолдармен ақша қол жеткізеді. Алаяқтар ақпараттық коммуникациялық технологияны жақсы меңгергені сонша, әлеуметтік парақшаны, электронды поштаны да оп-оңай бұзып алады. Біреудің атын жамылып, қарызға ақша да сұрайды. Интернет дүкендердегі алаяқтық қоғамда кең таралған. Адамдар алаяқтардың сөзіне сеніп, тауардың ақшасын бірден аударып жібереді. Интернет дүкеннің алаяқтары банк картаның құпия сөзін де біліп алуы мүмкін. Ғаламтордағы алаяқтарға алданбас үшін ғаламторды сауатты пайдалану керек. Мамандар жеке ақпаратты әлеуметтік желіге жарияламауға кеңес береді. Себебі алаяқтар қулығын асыру үшін адамның жеке ақпараттарын пайдаланады.
АННОТАЦИЯ
Эта статья посвящена мошенничеству в интернете, их видам. По мере развития сети Интернет в ней процветает мошенничество. Мошенники обманывают людей различными способами. Существует разновидность интернет-мошенничества. Например: в интернет-магазине, через банковские карты, фишинг, благотворительные акции, шантаж, фальшивые выигрыши и т. д. Мошенники злоупотребляют доверием человека. Их главная цель — заработать деньги простым способом. Интернет-мошенники, владея психологией, пользуясь неграмотностью человека в информационной системе, добиваются денег разными способами. Они настолько хорошо владеют информационно-коммуникационными технологиями, что легко могут взломать социальную страницу, электронную почту. Под прикрытием чьего-то имени могут просить денег в долг или узнать пароль банковской карты. Мошенничество в Интернет-магазинах широко распространено в обществе. Люди, поверив словам мошенников, сразу переводят деньги за товар. Чтобы не быть обманутыми интернет-мошенниками, нужно грамотно пользоваться интернетом. Специалисты советуют не размещать личную информацию в социальной сети. Потому что мошенники используют личную информацию человека для совершения мошенничества.
ANNOTATION
This article is devoted to fraud on the Internet and their types. As the Internet de-velops, fraud flourishes in it. Scammers cheat and deceive people in various ways. There is a kind of Internet fraud. For example: in an online store, through bank cards, phishing, charity events, blackmail, fake winnings, etc. Fraudsters abuse a person’s trust. Their main goal is to make money in a simple way. Internet scammers are quite proficient in human psychology. They take advantage of a person’s illiteracy in the information system, seeking money in various ways. Scammers are so proficient in information and communication technologies that they can easily hack a social page, email. Under the cover of someone’s name and asks for money in debt. Fraud in online stores is widespread in society. People, believing the words of scammers, immediate-ly transfer money for the goods. Fraudsters of the online store can also find out the password of the bank card. In order not to deceive Internet scammers, you need to use the Internet correctly. Experts advise not to post personal information on a social net-work. Because scammers use a person’s personal information to commit fraud.
Түйін сөздер: ғаламтор, әлеуметтік желі, ақпарат кеңістік, ақпараттық жүйе, интернет дүкен, фишинг, телефон, SMS, бонус, жарнама, банк картасы, құқық қорғау органдары, IT саласы, медиа сауатсыздық, айыппұл, электронды пошта, логин, құпия сөз, вирустық бағдарлама, сілтеме, тапсырыс беруші, медиа сауаттылық, инвестиция, айыппұл, статистикалық мәлімет.
Ключевые слова: интернет, социальная сеть, информационное пространство, информационная система, интернет магазин, фишинг, телефон, SMS, бонус, реклама, банковская карта, правоохранительные органы, IT сфера, медиаграмотность, штраф, электронная почта, логин, пароль, вирусная программа, ссылка, клиент, медиаграмотность, инвестиции, штраф, статистические данные.
Keywords: internet, social network, information space, information system, online store, phishing, phone, SMS, bonus, advertising, bank card, law enforcement agencies, IT sphere, media literacy, fine, email, login, password, virus program, link, client, media literacy, investment, fine, statistics.
Қазақта «Аңқау елге – арамза молда» деген мәтел бар. Күн санап ғаламтор мен әлеуметтік желінің көз ілеспес жылдамдықпен қарыштап дамып, оның ішіндегі ақпараттардың тез таралатындығына таңқалып жүргенде ғаламторда қалтаны қағып, бармақ тістетіп жүрген алаяқтар арам жолмен кәсіптерін өркендетіп жатыр. Алаяқтық – ерте замандардан бері қоғамда бар теріс әрекет. Заман дамып, түрлі техниканың өмірге келуі ғаламтордың әлемде таралуына ықпал етті. Нәтижесінде қоғамда онсыз да өмір сүріп келе жатқан алаяқтық ғаламторда да көрініс тапты. Ғаламтордағы алаяқтық, бұл – ақпарат кеңістігінде адамдарды алдап арбау. Оң-солын танып үлгермеген жастар мен ғаламторды енді ғана игеріп жүрген үлкендер алаяқтардың құрығына оңай түседі. Осы тұрғыда кез келген ғаламтор немесе әлеуметтік желі пайдаланушылары үшін медиасауаттылық пен ақпарат жүйесіндегі қауіпсіздікті біліп жүру артық етпейді. Ғаламтордағы алаяқтыққа біреудің мүлкін жымқыру, бөтен мүлікті иемдену, адамның сенімін теріс пайдаланып, ақша бопсалау сияқты әрекеттер жатады.
Ғаламторда алаяқтықтықтың сан түрі таралған. Желіде әккі қулардың құры-ғына түсіп қалмас үшін сауатты болу керек. Ақпарат жүйесіндегі кез келген ақ-паратқа сене беруге болмайды. Ең әуелі, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын тексеріп алу керек. Аңқаулыққа салынып, алаяқтың ұсынысын бірден қабыл алуға болмайды. Ғаламтордағы алаяқтар дәстүрлі айланы қолданатыны шындық. Алайда алаяқтықтар не түрлі әрекеттерге барады. Мәселен, алаяқтықтың мына түрлерін ерекше атап өтуге болады: интернет дүкендердегі саудасаттық немесе алыпсатарлық, фишинг, ғаламтор арқылы қайыр сұрау, телефон немесе SMS арқылы алаяқтық.
«Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры Серікқазы Кәкіба-ланов: «Ғаламтордағы алаяқтарға алданбас үшін, ең алдымен, барлық адам сауатты болуы керек. Әдетте сенгіш, арзан дүние көрсе дереу сатып алуға дайын тұратын жандар олардың басты нысанасы», – дейді[1]. Теледидардағы жаңалықтар, әлеуметтік желідегі хабарларға құлақ түріп жүргендер күн сайын ғаламтордағы алаяқтық фактілері жайлы естіп отырады. Бір жағынан, алаяқтардың көбеюіне, адамдардың тез алданып, сеніп қалуына сауатсыз болудың, соның ішінде медиасауатсыздықтың кесірі деп білу керек. Құқық қорғау органдары да әрекетсіз емес. Олар алаяқтар туралы мәлімет беріп, адамдарды сақтандырып отырады.
Бұл алаяқтықтық негізінен телефон немесе банк карталары арқылы жүзеге асады. Алаяқтар өзінің емес, өзгенің пайдасын ойлағандай болып, әбден сенімге кіріп алады. Тауарды арзан бағада ұсынады. Тұрғылықты мекенжайға тез немесе тегін жеткізіп береміз деген жалған уәде береді. Сонымен қатар, алған тауардың жанына сыйлық немесе бонус қосамыз деп өтірік айтып жатады. Интернет дүкендердегі саудасаттық – алаяқтықтың нағыз ошағы. Мұнда алаяқ сатылымға шығарған тауардың иесіне телефон шалып, оның сеніміне кіріп, банк картасының суретін жіберуді өтінеді. Телефонға келген хабарламаны айтуын өтініп, оп-оңай ақша жымқырып кетеді. Егер интернет дүкен заңды түрде жұмыс жасаса, онда ол тауар тапсырыс берушінің қолына тимес бұрын ақша сұрамайтын еді. Заң бойынша тапсырыс беруші тауарды пошта бөлімшесінен немесе басқа да жолдар арқылы алғаннан кейін ғана ақысы төленуі керек.
Интернет дүкендерде, жалпы ғаламторда жалған жарнамалар өріп жүр. Интернет дүкендегі алаяқтықтарға алданатындар – жалған жарнаманың, құр уәденің күшімен тапсырыс беруге бел буғандар. Себебі алаяқтар тауар туралы жарнаманы үйіптөгеді. Жарнаманың жалғандығына күмәнданбағандар алаяққа қоңырау шалып, тапсырыс береді. Интернет дүкендердегі алаяқтар құжаттар арқылы оңай табыс табады. Яғни тапсырыс берушіден кез келген бір құжатты, банк картасын сұрауы мүмкін. Ғаламтордағы шексіз мүмкіндіктер – айлакерге таптырмас орта. Сондықтан алаяқ өз ойлағанын оңай іске асыра алады. Алаяқ сол құжаттар мен карталар арқылы несие рәсімдеуі де мүмкін. Виртуалды әлемдегі мүмкіндіктердің шексіздігі сонша, адамды сан соқтырып, соқыр тиынсыз қалдыруы да ықтимал.
Алаяқ кез келген мамандық иесі болуы мүмкін. Негізінен банк жүйесін, қызметін жақсы білетін немесе IT саласын меңгерген адамдар осындай қулыққа баратындар. Құқық қорғау қызметі күн сайын дамып жатқан ғаламтордағы алаяқтықты зерттеп те үлгермей жатады.
Ғаламтор мен әлеуметтік желінің дамығаны соншалық, адамдар бірін-бірі туралы ақпаратқа оңай қол жеткізе алады. Тіпті, сол адам туралы оның күнделік-ті не ішіп, не жеп, не кигеніне дейін хабардар болу мүмкіндігі бар. Адамдар ға-ламторды пайдаланып халықтан, қоғамнан, биліктен де көмек сұрап жатады. «Көп түкірсе – көл» деген халық даналығына сай, ел болып, сол қиындықты еңсеруге көмектесетін қайырымды жандар көп. Әлеуметтік желіде, ғаламторда бірі жаман ауруға шалдығып, енді бірі басқа да отбасылық қиыншылықтарына байланысты көмек сұрайды. Алайда осындай жағдайды жамылып, адамдарды алдап, арбап, көмекке мұқтаж адамның кейіпін салып, ақша жымқырып жүргендер жоқ емес. Интернеттегі алаяқтықтың кең таралған тағы бір түрі – қайырымдылық қор және қайырымдылық акциялары. Жағдайдың қиын екендігін айтып, адамдарды оңай сендіріп алады. Аңқаулар бірден қомақты сомманы аударып жіберіп жатады.
Хакерлер немесе IT саласы бойынша білімін теріс пайдаланып жүргендер ғаламтордағы алаяқтықты жасауға бейім келеді. Олар әртүрлі вирустық бағдар-ламалар мен сілтімелерді ойлап тауып, адамдарды оп-оңай құрығына түсіреді. Арам пиғылдылар әлеуметтік желідегі парақшаны бұзып алады. Оны пайдаланып, бұзылған парақшаның иесінің достарымен байланысады. Сол адамның есімін жамылып, қарызға ақша сұрауы да мүмкін. Досының сөзіне алданғандар картаға ақшаны лезде аударып жібереді. Кейін бұл парақшаның атын жамылған адаммен байланысу, тіпті мүмкін болмай қалады. Алаяқтар вирустық бағдарламалар мен сілтемелерді бұзып алған парақшаның достарына таратуы да әбден мүмкін. Сілтемелер әртүрлі болады. Негізінен жарнамалық бағытта болады. Парақшаны бұзып алған алаяқтар арам ниетін басқа тәсілмен де жүзеге асырып жатады. Мәселен, парақшаны бұзып алғаннан кейін суреттер мен жеке чаттағы әңгімелерді көшіріп алады. Осындай жеке ақпараттарды «мүдделі тараптарға» жіберетінін айтып бопсалайтындар бар. Осыған иланғандар интернеттегі алаяқтардың сұраған соммасын есепшоттарына аударып жатады. Осы себептен де заңгер Нұрлан Жылқыайдарұлы, ғаламторда ешқашан өзіңіз жайлы жеке ақпараттармен бөліспей, оларды құпия ұстауға шақырады[2].
Жоғарыда айтылған вирустық бағдарламалар, сілтемелер, бопсалау әрекет-теріндегі негізгі қадам – фишинг. Фишинг – интернет алаяқтықтың бір түрі. Қазіргі таңда кең таралған деп те айтуға болады. Фишинг – алаяқтардың логин және құпия сөзге қол жеткізуі. Ең әуелі поштаға немесе басқа да әлеуметтік желідегі хабарлама бөліміне хат келеді. Бұл хатта логин және құпия сөзді енгізуін өтінеді немесе айлакерлікке басып, «құпия сөзіңізді қайта қалпына келтіріңіз» деген хабарлама болады. Хатта сілтеме болуы мүмкін. Пайдаланушы хаттағы сілтемені басқаннан соң алаяқтар әр түрлі психологиялық тәсілдерді пайдаланып, жалған бетке логин мен құпия сөзді енгізуге дейін әкеледі.
Алаяқтардың айласына құрық бойламайды. «Ұтысқа ие болдыңыз, миллион – сіздікі» деген хаттар – интернеттегі алаяқтардың қалыптасқан кезекті айласы. Шындығында «жеңіске жеткен адам» мүлдем сол ұтысқа қатыспаған немесе ұтысқа қатысып көрмеген болуы мүмкін. Осындай типтегі хабарламаға алданып қалатындар көп. Алаяқтар осы арқылы оңай олжаға кенеледі.
Алайда алаяқтар заң алдында жауап береді. Қазақстан Республикасы Қыл-мыстық Кодексінің 190-бабымен алаяқтық бойынша тиісті шара қолданылады. Бұл баптың мазмұны жалпы алаяқтыққа қатысты. Сәйкесінше, мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады[3].
Ал ірі мөлшерде және бірнеше адамға қатысты, көп жасалған алаяқтық үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе бас бостандығын шектейді. Егер де қылмыстық топ аса ірі мөлшерде алаяқтыққа барса, онда белгілі бір қызметпен айналысуға шектеу қойылады. Бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
2020 жылы Қазақстанда интернет алаяқтық фактілерінің саны 70,6%-ға өсті, – деп хабарлайды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті[4]. Ғаламтордағы алаяқтық ақпараттық жүйенің сәт сайын қарыштап дамығанына, жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты қоғамда кең тарап барады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылы 7 мың интернет алаяқтық фактілері тіркелсе, 2020 жылы саны 5 мыңға өсіп, 12 мыңға жуық дерек тіркелген.
Ғаламтордағы алаяқтықтан сақтануға болады. Мысалы, мынадай қарапайым тәсілдер алаяққа алданудың ықтималдылығын төмендетеді:
— оңай ақша жолын іздемеңіз. Әдетте, алаяқтар оңай ақша табудың сан түрлі жолдарын ұсынып, адамдарды жолдан тайдырады. Тек алаяқтар ғана құрығына ілінгелі тұрғандарды бір апта ішінде байытуға уәде береді. Ғаламторда «инвестициясыз ақша табу» деген тіркес кең таралған. Осы арқылы алаяқтар адамдарды пирамидалық жүйеге, алаяқтық желіге ақырындап тарта бастайды.
Парақшаңыздағы достарыңыздың есімін жамылып, қарызға ақша сұрайтын-дар болады. Алаяқ түрлі сылтаулар айтуы мүмкін. Кенеттен «телефон нөмірім өзгерді», «қиын жағдайға тап болдым», «көк тиынсыз далада қалдым» деген сынды не түрлі сылтаулар айтып, қалтаңыздан ақшаны алғанша сезімдеріңізді билеп алады.
Қиын құпия сөз ойлап табыңыз. Банк картасының, телефонның, электронды пошта мен әлеуметтік желілердің құпия сөзін қарапайым туған күнмен, туған жылмен байланыстырмай, күрделірек етіп қойған жөн.
Ғаламтордағы алаяқтық — ақпараттық жүйедегі адамдарды алдап арбау. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық түрі елімізде кең таралған. Ғаламтордағы алаяқтықтың түр-түрі бар. Алаяқтардың басты мақсаты — адамдардан ақша жымқыру. Алаяқтық қоғамда бұрыннан өмір сүріп келеді. Алайда адамдардың өмірінде ғаламтор пайда болғаннан кейін алаяқтық оны да жайлап алды. Ақпарат кеңістігін пайдаланып, онымен жұмыс істегенде абай болу керек. Себебі онлайн отырып, опық жеп қалғандар аз емес. Алаяқтар өз әрекетін жүзеге асырған соң, көзден ғайып болады. Кейін онымен байланысу тіпті мүмкін болмай қалады. Алаяқтарға алданып қалмас үшін ең бірінші ғаламторды сауатты пайдалана білу керек. Егер қоғам ғаламторды сауатты пайдаланып, жеке ақпараттарды жарияламаса, таныс емес адамдармен байланыспаса, мұндай деректер аз тіркеледі. Интернет алаяқтар заң алдында қашып құтыла алмайды. Бірнеше жылға бас бостандығынан айырылады немесе айыппұл мөлшерін төлейді.