admin 01.02.2021
Г. К. Сагиева — (Ақтөбе қ.) Баишев Университетінің «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Д. А. Бисекенова — (Ақтөбе қ.) Баишев Университетінің «Құқықтану» мамандығының 4- курс студенті Сагиева Г. К. — заведующая кафедрой «Права и общеобразовательных дис­циплин» Баишев Университета (г. Актобе), кандидат юридических наук Бисекенова Д. А. — студент 4 курса специальности «Юриспруденция» Баишев Университета (г.Актобе) Sagieva G. K. — Head of the Department of «Law and General Education Disciplines» of Baishev University (Aktobe), Candidate of Law Bisekenova D. A. — 4th year student of the specialty «Jurisprudence» of Baishev University (Aktobe) ӘОЖ 346.9

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА МЕДИАЦИЯ РӘСІМІН ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ

ПРАКТИКА ПРИМЕНЕНИЯ ПРОЦЕДУРЫ МЕДИАЦИИ В УСОВИЯХ ПАНДЕМИИ

PRACTICE OF THE MEDIATION PROCEDURE IN THE CONTEXT OF A PANDEMIC

ТҮЙІН Бүкіл әлемдегі коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты бүкіл елде әртүрлі іс-шараларды өткізуге шектеу немесе толықтай тыйым салынған. Бұл жағдай еліміздің әр азаматының күнделікті өміріне әсер етті. Өзін-өзі оқшаулап отырған отбасылар, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы даулар күшейе түсті. Осындай уақытта жақсы қарым-қатынасты сақ­тау, жанжалдарды болдырмау әрқайсымыз үшін маңызды фактор болып табылады. Пандемия дауларды шешудің баламала рәсімдері үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл мақала пандемия кезінде медиация рәсімін қолдану ерекшеліктеріне арналған. АННОТАЦИЯ Данная статья посвящена особенностям применения процедуры медиации во время пандемии. Ограничение или полный запрет на проведение различных меро­прия­тий по всей стране, связанных с введением чрезвычайного положения в связи с пандемией коронавируса во всем мире. Эта ситуация повлияла на повседневную жизнь каждого гражданина нашей страны. Обострились споры между самоизо­ли­ро­ванными семьями, работодателем и работником. Поддержание хороших отно­шений в такое время, избегание конфликтов — важный фактор для каждого из нас. Пандемия открыла новые возможности для альтернативных процедур разрешения споров. ANNOTATION This article is devoted to the peculiarities of the mediation procedure during the pandemic. Restriction or complete ban on various events throughout the country related to the introduction of a state of emergency in connection with the coronavirus pandemic worldwide. This situation has affected the daily life of every citizen of our country. Disputes between self-isolated families, employer and employee have escalated. Maintaining good relationships at such a time, avoiding conflicts is an important factor for each of us. The pandemic has opened up new opportunities for alternative dispute resolution procedures. Ключевые слова: пандемия, медиация, COVID-19, бейнеконференция, сот, дау­ларды баламалы шешу. Түйінді сөздер: пандемия, медиация, COVID-19, видеоконференция, суд, медиа­тор, альтернативное разрешение споров. Keywords: pandemic, mediation, COVID-19, video conference, court, mediator, alternative dispute resolution. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялануына байланысты, 2020 жылғы 11 наурызда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызда 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуірде 07 сағат 00 минут мерзімге төтенше жағдай енгізілді. Қазақстан Республи­касы Президентінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 Жарлығы мен төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутқа ұзартылды[1]. Біз қаласақ та, қаламасақ та біздің әлем әрдайым өзгеріп тұрады. Жаңа техно­логия­лардың пайда болуымен, адамдарға қажет және қолдануға болатын жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Менің ойымша, пандемия халықты әлі де білмейтін осындай технологияларды үйренуге итермеледі. Баршамызға мәлім пандемия бас­қаша айтқанда жаһандық оқшаулау әлі де жалғасын табуда. Коронавирустық пандемия бүкіл әлемнің қоғамдық іскерлігі мен әлеуметтік белсенділігін төмен­дет­ті. Covid-19 вирустің алдын алу жолдары, яғни әлеуметтік алыстау шаралары біраз уақыт бойы өз күшінде болатыны анық. Бірақ бұндай кезеңде де даулардың себеп­тері жоғалып немесе керісінше артта түсті. Психология ғылымына сүйенсек, әрбір адамның бойында көңіл-күйін, жағдайын басқаратын төрт фактор қызмет етеді. Қа­зір­гі кезде басым болып отырған эмоционалды фактор, ол адамның денсау­лығына әсер ету арқылы дауға, қақтығысқа, жанжалға жол беріп отыр[2]. Өз үйінің кеңістігінде өзін-өзі оқшаулау барысында отбасында орын алатын қақтығыстар артып келеді. Тіптен ажырасуға өтініштердің саны артуда. Өтініштердің көпшілігі сот мекемелеріне түсетіні анық. Бірақ, сот арқылы шешілген отбасылық даулар көп жағдайда татуласу емес, ажырасу немесе баланың қай ата-анамен қалатынын анық­таумен аяқталады. Қазақстанда сот ісі қашықтықтан жүргізіледі. Енді барлық істер онлайн режимде қаралып жатыр[3]. Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов істерді онлайн режимде қарау қалыпты жағдайға айналғанын айтады. Бұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін бүкіл елдің соттарында 152 мобильді бейнеконференцбайланыс серверлері жұмыс жасауда. Мобильді бейнекон­ференц­байланыс, сондай-ақ WhatsApp, Skype т.б. көмегімен 4000-нан астам сот ісі жүргі­зілді. Бұл үшін тек «Сот кабинетіне» арыз беріп, оған сотпен бейнеконференц­бай­ланысқа шығу уақыты хабарланады, — дейді Айдос Садуақасов. Яғни, Қазақстанда сот онлайн режимде сот отырысын жүргізуге дайын екенін көрсетеді. Бірақ, сот қызметкерлері төтенше жағдай аяқталғанға дейін сот ісін кейінге қалдыруға немесе сотқа дейін, соттан тыс татуласуға шақырады[4]. Ол үшін «Сот кабинетінде» қазіргі таңда «Онлайн татуласу» қол жетімді. Ол жерден дауларды сотқа жеткізбей шешуге көмектесетін медиаторлар тізімін табуға болатынын айтады. Пандемия — әлеуметтік алыстау кезінде дауды қалай тиімді шешуге болады? Жаппай әлеуметтік алыстау дауларды шешудің балама рәсімдеріне жаңа мүмкін­дік­тер ашады. Пандемия кезінде онлайн режимде медиация рәсіміне жүгіну мүм­кін болды, тіпті кейде қажет болды. Медиация рәсімін онлайн режимде өткізу артық­шылықтарын туралы айтатын болсақ:
  • қашықтықты сақтай отырып, денсаулықты уайымдамай сөйлесе аласыз;
  • қаражат пен уақытты үнемдей аласыз;
  • мүмкіндігі шектеулі тараптар үшін қол жетімді;
  • кездесуге ыңғайлы уақыт таңдай аласыз;
  • географиялық шектеулер жоқ, бұл біздің кең мемлекетіміз үшін өте маңызды.
Онлайн режимде өтетін медиация рәсімі медиатор мен тараптарға, әрқайсысы өз компьютерімен бірге жиналуға мүмкіндік береді. Бағдарламалық жасақтама на­ры­ғы медиатор мен тараптарға байланысу үшін, ақпарат алмасу үшін(мәтіндік, аудио және бейне файлдармен алмасу) көптеген мессенджерлерді (Zoom, Discord, Skype, Whatsapp, Microsoft Teams және басқаларды) ұсынады. Олардағы байланыс бірге және жеке түрде де ұйымдастырылуы мүмкін. Ал құпиялылыққа келетін бол­сақ ең маңызды аспект – қоңырауларды шифрлау және саясат деректерді қорғау[5]. Осындай мүмкіндіктері пайдалана отырып, елімізге күрделі 2020 жылы жанжалдарды шешуге қалай көмектескені туралы Алматы қаласында ҚХА-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жанында ашылған медиация кабинетінің кәсіби медиаторы Нұрсәуле Әльтекова айтып берді. Оның айтуынша олар виртуалды қабылдау бөлмесін ұйымдастырған, онда еліміздің азаматары судья­дан, ҚХА медиаторларынан, психологтан, заңгерден өз мәселелері бойынша кеңес ала алады. Жанжалдарды, дауларды шешу үшін медиация онлайн режимде жүр­гізілген. Бір жұмыс күні шінде медиация рәсімінің көмегімен тараптардың татуласу мүмкіндігіне алты өтініш түскен. Ал Қызылорда қаласында «карантин ке­зін­дегі медиацияның халыққа пайдасы» тақырыбында онлайн-конференция өткізілген. Онлайн-конференцияны ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жағылар Тәжмаханов жүргізген. Конференция ZOOM қосышасы арқылы тікелей эфирде өткен[6]. Осындай пандемия — әлеуметтік оқшаулау кезінде медиация рәсімінің маңы­зын айта отырып, медиация рәсімі бізге қажет екенін айтқым келеді. Менің ізденіс­терімнің нәтижесі бойынша еліміздің көп бөлігі онлайн режимде медиация рәсімін жүргізуге әлі де ойлануда. Бірақ елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде медиация рәсімін жүргізу арқылы біз медиацияның дамуын ары қарай жалғастырып, халыққа медиацияның жаңа қырларын ашамыз деп ойлаймын. Бір жағынан – сот қызметкерлеріне көмек, ал екінші жағынан медиация үшін бұл үлкен тәжірибе болар еді[7].
  1. «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы (2020.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // https://online.zakon.kz/document/?doc_id=30928762.
  2. Манина И.И. Влияние особых условий на формирование смысл о жизненных и ценностных ориентации подростков // Психологические проблемы смысла жизни и акме. — 2020. — № 15 // URL: https://cyberleninka.ru/article/n/vliyanie-osobyh-usloviy-na-formirovanie-smyslozhiznennyh-i-tsennostnyh-orientatsii-podrostkov (дата обращения: 20.02.2021).
  3. Вольтон Д. Информация не значит коммуникация / Пер. с фр. Н.Н. Цветковой; отв.ред. К.Г. Сальберг-Вачнадзе. 2-е изд. — М.: ПОЛПРЕД, Справочники, 2011. С. 23 // URL: https://www.studmed.ru/volton-d-informaciya-ne-znachit-kommunikaciya_cf58476e2e9.html (дата обращения: 19.01.2021).
  4. Ескали Р. Новые онлайн возможности медиации в условиях карантина // Ассамблея народа Казахстана // https://assembly.kz/ru/news/novye-onlayn-vozmozhnosti-mediatsii-v-usloviyakh-karantina/ (дата обращения: 15.01.2021).
  5. Удаленная медиация в период пандемии // https://iqdecision.com/udalennaja-mediacija-v-period-pandemii/ (дата обращения: 20.02.2021).
  6. Альтекова Н. Приём онлайн, виртуальный кабинет и межэтническое согласие. Как работает медиация в Алматы на карантине. / информ Бюро. — 2020. // https://news.myseldon.com/ru/news/index/234374560 (дата обращения: 03.02.2021).
  7. Бойкова А.В., Малючков Д.Г. Применение процедуры медиации в условиях пандемии коронавируса // Международный журнал гуманитарных и естественных наук. — 2020. — № 7-2 // URL: https://cyberleninka.ru/article/n/primenenie-protsedury-mediatsii-v-usloviyah-pandemii-koronavirusa (дата обращения: 20.02.2021).

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*