admin 15.04.2021

Сагиева Г. К. — Баишев Университетінің «Құқық және жалпы білім беру пән­дері» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты

Танатканова Г. Н. — Баишев Университетінің «Құқықтану» мамандығының 4- курс студенті

Сагиева Г. К. — заведующая кафедрой «Права и общеобразовательных дис­циплин» Баишев Университета, кандидат юридических наук

Танатканова Г.Н. — студент 4 курса специальности «Юриспруденция» Баишев Университета

Sagieva G. K. — head of the department of «Law and general education disciplines» of Baishev University, candidate of law

Tanatkanova G. N. — 4th year student of the specialty «Jurisprudence» of Baishev University

ӘОЖ 346.9

МЕДИАЦИЯ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

МЕДИАЦИЯ КАК СПОСОБ РАЗРЕШЕНИЯ ПРАВОВЫХ СПОРОВ

MEDIATION AS A WAY TO RESOLVE LEGAL DISPUTES

ТҮЙІН

Берілген мақалада медиация туралы жалпылама түсінік беріліп, оның түрлеріне тоқталған. Себебі қазіргі уақытта медиация рәсімі азаматтар арасында кең және нақты жылдамдықпен таратылуда. Медиация рәсімі мен сот рәсімінің негізгі айырмашылығы – оның пайдасы мен түрлерінде. Медиация рәсімі бүкіл әлемде түрлі күрделілік санатындағы және әртүрлі деңгейдегі дауларды шешудің тиімді құралы ретінде танылды.

АННОТАЦИЯ

В этой статье рассматривается обобщенное представление о медиации и о ее видах. Потому что в настоящее время процедура медиации широко распространяется среди граждан. Основное различие между процедурой медиации и судебной процедурой заключается в ее пользе и видах. Процедура медиации признана во всем мире эффективным средством разрешения споров различной категории и разного уровня сложности.

ANNOTATION

This article discusses a generalized view of mediation and its types. Because at present, the mediation procedure is widely and at a real speed spreading among citizens. The main difference between the mediation procedure and the judicial procedure is its benefits and types. The mediation procedure is recognized all over the world as an effective means of resolving disputes of various categories of complexity and different levels of complexity.

Түйінді сөздер: медиация, сотсыз татуластыру рәсімдері, отбасылық дау­лар, еңбек даулары, қылмыстық даулар, азаматтық даулар, медиация.

Ключевые слова: медиация, судебные примирительные процедуры, семейные споры, трудовые споры, уголовные споры, гражданские споры, медиация.

Keywords: mediation, judicial conciliation procedures, family disputes, labor disputes, criminal disputes, civil disputes, mediation.

Медиация (лат. Mediare — делдалдық ету) — жанжалдарды соттың қаты­суынсыз, үшінші бейтарап жақ-медиатордың (делдал) көмегімен шешу формасы.

Медиация жанжалдарды баламалы шешудің жеңіл түрі болып табылады. Ме­диа­ция рәсімі кезінде, жанжалға қатысушы жақтар медиатордың біліміне, тәжіри­бесіне және шеберлігіне сүйене отырып өзара тиімді шешімге келеді. Жанжалдың шешілуі толықтай жанжалдасушылардың өздерінің күш-жігерімен байланысты.

Медиация жанжалға қатысушылардың эмоционалды күшін, ақшасын жә­не уақытын үнемдеуге көмектеседі.

  1. Медиация дауға қатысушылардың эмоционалды күшін, уақытын және ақшасын үнемдеуге көмектеседі.
  2. Оны жүргізу кезінде процесстің жағдайы, ұйымдастырылуы, ұзақтығы және мазмұны жеке анықталуы мүмкін.
  3. Медиация дауға (кім рас, кім кінәлі екенін анықтауға) немесе жеңіске емес, шешімнің құрылымдық іздестірілуіне бағдарланады.
  4. Уақытша шығындарға байланысты медиация қатысушылардың қалауына қа­рай құрылады және даудың эмоционалды және жеке аспектілерін ескере ала алады.
  5. Сонымен бірге, қатысушылардың жеке қызығушылықтарының ортасы толықтай қорғаулы, себебі медиация процесі- жасырын процесс болып табылады.
  6. Медиация дау қатысушыларына болашаққа қарауға және өздерінің шығар­машылық қабілеттерін қолдануға мүмкіндік береді.
  7. Медиация арқылы дауды шешу кезіндегі жеткен келісімдер берік болады.

Медиация дау-жанжалдармен бірге бұрыннан бері өмір сүріп келе жатыр. Тарих­шылар бұрынғы кезде медиацияның тек халықаралық, этникааралық және тек көпжақты жанжалдарды шешу үшін қолданғанын жақсы біледі. Бұл әрқалай аталған: «делдалдылық», «өтініш», «игі қызметтер ұсыну». Жанжалдарды шешу­дің мұндай әдістері тек келіссөздер тығырыққа тірелген кезде, және жетістікке жету үшін таласушы жақтарды бір-бірінің көзқарасын түсініп, қабылдату үшін жиі қолданылатын. Дау туған жағдайды оны шешу тәсілі ретінде ережелер мен иерар­хия­лық тәртіпті қолдануға қарағанда, келіссөзге келіп, ортақ шешімге бірлесіп жеткен қайда ыңғайлы әрі ұтымды екенін адамдар ежелгі заманнан-ақ білген.

Қазіргі кезде медиация Еуропа, АҚШ және Австралия мемлекеттерінде бел­сенді қолданылады.

Сотсыз татуластыру рәсімдері адам өмірінің барлық салаларында қолда­нылады. Оларға:

  • Қалпына келтіру медиациясы;
  • Отбасылық даулар;
  • Қылмыстық дауларындағы медиация;
  • Еңбек дауларындағы медиация;
  • Корпоративтік даулар;
  • Коммерциялық даулар және тағы басқалары жатады.

Кей кезде медиация қолданылмайтын да кездер болады, егерде тараптардың бі­рі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туын­дайтын дауларға (жанжалдарға) қолданылмайды. Аталған дауларға (жанжал­дар­ға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұл­ға­лардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғайтын немесе қозғауы мүмкін болса, сыбайлас жем­қорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Нақтырақ тоқталатын болсақ, сот төрелігінің қазіргі таңда басты проблемасы — бұл азаматтық соттардың шамадан тыс жүктелуі және судьяларға аса зор міндет артуы. Біріншіден, азаматтық-құқықтық даулар (қарызды өндіріп алу туралы, қызметтерді төлеу бойынша соманы өндіріп алу туралы, міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімдері туралы, мүлікті меншік иелері арасында бөлу туралы, борыш­ты қайта құрылымдауға келісу туралы, бизнестегі медиация, медицинадағы медиа­ция, мектептегі медиация, жер дауларындағы медиация, кәсіпкерлік субъек­тілері арасындағы медиация, тұтынушылық даулардағы медиация, банктік даулар мен микроқаржы ұйымдарындағы медиация, сақтандыру қызметіндегі медиация, коммуналдық даулардағы медиация, бірлескен мүлікті пайдалану туралы және т.б.) азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесінде медиация жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өзара күнделікті іс-қимылдарының барлық саласын қамтиды. Азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесін сипаттайтын және де олардың құрылу мен даму негіздемесін айқын қылатын негізгі азаматтық-құқықтық қатынастар бо­лып саналады. Заңнамаға сүйенетін болсақ заңда тікелей тұжырымдалған немесе жекеленген құқықтық нормалардан туындайтын қағидалардың мақсаты норма­ларды дұрыс қолданылады және де азаматтық-құқықтық ретеудің мақсаттары мен мазмұның терең түсініп білуге көмектеседі[1]. ҚР АПК-нің 48-бабына татуластыру рәсімдері деп мыналарды жатқызсақ болады: бітімгершілік, келісім жасау, дауды(жанжалды, конфликтті) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу келісімі жатқызылады. Істі сот талқы­лауына дайындау барысында судья тараптарға құқықтары мен міндеттерін түсін­діре отырып, оларға істі бітімгершілік келісіммен, партисипативтік рәсім тәрті­бімен шешу немесе медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі туралы ескертеді[2].

Азаматтық заңдар көбіне өзі реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңді­гін танып білуге, қол сұғылмаушылықты тануға, келісім бостандығын, жеке іс бары­сын­да тұлғаның өз бетінше шешім қабылдамауға, азаматтық-құқықтарды жүзеге асыру қажеттілігіне, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге және де оларды сот арқылы қорғауға негізделіп бағытталған. Татуласу келісімі — екі тарап арасында болатын жазбаша шарт, бұл шартта тараптардың құқықтық даулы қаты­настар жөніңде міндеттер мен жауапкершілік, орындалу мерзімі, уақыты белгі­ленеді және де борышты толық немесе ішінара кешіргені туралы жазылады. АПК 177-бапқа сәйкес сот тиісті іс жүргізу әрекеттерін қабылдағанға дейін оңтайлы жақатары мен салдарын түсіндіреді. АПК 277-бабының 5-бөлігіне сәйкес егер де екі тарап татуласу туралы шарт жасасса және де келісімін бекітсе сот істі тоқ­татады. Шығарылған ұйғарымда екі тараптың бітімгершілікке келуі туралы соттың келісімі болуы міндетті және де айта кететін маңызды бөлік егерде нақ осы екі тараптың арасында, дәл осы іс негіздері қайта туындаса ҚР АПК-і бойынша іс қайта қаралуға жол берілмейді[3].

Барлығымыз білетіндей, сот — бұл жария процесс, ал медиацияға келетін болсақ, медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді және де медиаторға белгілі болған ақпараттар тараптардың рұқсатынсыз, келісімінсіз жария етуге мүмкіндік берілмейді. Нақтылай келе демек, медиатордан куәгер ретінде жауап алуға рұқсат берілмейді. Тараптар медиаторға жүгінуді екі жақты келісіммен келеді. Ал, егерде дауды (проблеманы) медиациямен шешу мүмкін болмаса, тараптарда сотқа жүгіну құқығы сол қалыпта сақталады[4].

Азаматтық Процестік Кодексі ережелерінде айтылғандай, бірінші сатыдағы сот­та медиацияны жүргізу үшін басқа судьяға берілетіндегі бекітілген, бірақ та тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны ең басында бастаған судья аяқтай алады.

Егерде, медиация аппеляциялық сатыдағы сотта жүргізілетін болса, әдетте соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне жүктеледі.

Татуласу келісімі азаматтық-құқықтық дауларды реттеу тәртібі ретінде қарас­тырсақ. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында сот органдарында дауды медиация тәрті­бімен реттеу туралы келісімдер кеңінен қолданылып дамуда. Осы орайда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар да медиацияға белсенді түрде жүгінетін болса, сот жүйесіне түсетін салмақты едәуір азайтып, сот арқылы ірі істерді шешу сапасын екі немесе үш есе арттыруға болады. Келесі тоқталатын медиацияның ауқымды да маңызды проблемаларының бір түрі — еңбек даулары.

Жалпы еңбек құқығы бұл заңның жеке-қоғамдық саласы, оны реттеу импе­ративті және диспозивті әдісті біріктіру негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 159-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы реттелмеген қақтығыстар мен келіспеушіліктерді еңбек дауы деп атауға болады. Еңбек дауларын арнайы бірнеше топқа бөлуге болады (еңбек ақысын және басқа да ақшалай кепілдіктер мен өтемақыларды аңықтау сала­сындағы қақтығыстар, жалақыны төлемеу немесе уақтылы төлемеу туралы, кезекті еңбек демалысын бермеу туралы, заңсыз жұмыстан босату туралы, әлеу­меттік кепілдіктерді төлеу тәртібі туралы, және т.б.) еңбек қақтығыстарына себеп болатын көп себептерді айтуға болады. Кей кездерде жұмыс беруші мен жұмыс­кердің арасындағы алға қойған мақсаттары мен міндеттері, жұмыскердің жыл соныңдағы нәтижелері, жалақысы және тағы басқалары жатады. Дауды шешу ба­ры­сында ішкі қолданылатын шаралар таусылған кезде, тараптардың сыртқы көмекке жүгінуіне тура келеді[5].

Еңбек дауларындағы медиацияның маңыздылығы жағымды жақтармен аңықталады:

Біріншіден, ұжымдағы, кәсіпорындардағы дауларды шешу үшін жұмсалатын қаражат пен шығын азаяды;

Екіншіден, мәселені шешу жылдамдығы артады, бұндай жағдайда өндірістік және де басқа процестерді тоқтатпайды;

Үшіншіден, медиация жанжалдарды реттеудің инновациялық әдісі ретінде кәсіпорындардың атағы мен беделін сақтап қалуға мүмкіндік береді, және де кәсі­порында болған жанжалды жария қылмауға, кең көлемде таралып кетпеуіне себеп болады. Еңбек дауынан кейінгі орында, маңыздылығымен бірінші орында тұрған медиацияның бір түрі — отбасылық-құқықтақ даулар (отбасылық медиация).

Отбасылық-құқықтық дауларға (баланың тұрғылықты жерін анықтау тәрті­біне қатысты даулар, кәмелетке толмаған баланың жеке тұратын ата-аналарымен, ата-әжелерімен және басқа жақын туыстарымен қарым-қатынас тәртібі туралы және т.б) осы түрлерін жатқызуға болады. Отбасылық медиация — бұл консесусқа қол жеткізуге көмектесетін және балалардың мүдделері мен қажеттіліктерін басты орынға қоятын шешім деуге болады .

Отбасылық медиация Еуропа елдерінде отбасылық келіспеушіліктерді соттан тыс шешу әдісі ретінде қолданады. Медиацияның бұл түрі тараптар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмегін тигізеді. Қазақстан Республикасының Конс­ти­ту­циясына сәйкес «Неке және отбасы, ана, әке, бала мемлекеттің қорғауында, балаларға қамқорлық қылу және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады». Қазақстан халқына кезекті жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ол елдегі отбасылық-де­мог­ра­фиялық жағдайды ең басты және ең маңызды мәселе екенің айтқан. Барлығымыз білетіндей мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі — отбасы институты, өткені неке қатынастары одан әрі дамуына әсер ететіндіктен, отбасы мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту үшін отбасы институтын нығайту қажет. Отбасылық медиа­цияда медиатор дауласушы тараптарға ортақ шешімге келу және өзара келіссөздер жүргізу үшін, диалогты белгілі бір стадияда ұстап тұру үшін және де пробле­маларды талқылауға көмектесетін делдал болып табылады. Отбасылық медиатор шешім қабылдамайды, мәселелерді шешпейді, жай шешім іздеуге, табуға көмегін тигізеді. Тараптардың еріктілігі, тәуелсіздігі, бейтараптылығы және құпиялылығы медиация процесінің барлық қатысушылары үшін үлкен маңызға ие. Медиа­ция­ның соттан басты айырмашылығы — баланың құқықтық қорғауда болуын қамта­ма­сыз ету. Ата-анаға көмек көрсету барысында баланыңда жағдайын ойлау жатады[6].

2018 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Жоғары Со­тында «Отбасылық сот» деген атаумен пилоттық жоба іске қосылды, бұл жобаның басты мақсаты балаға достық қарым қатынасты және де отбасы құқығын қорғауы үшін негізделген. Пилоттық жоба аясында сот дауды шешу бойынша белсенді шаралар қабылдайды, оларды ұйымдастыру арқылы оны шешудің баламалы жол­дарын қолдана отырып, отбасылық проблемалармен айналысатын ұйымдарға психологиялық көмек көрсету, кеңес беру, ата-ананы, баланы қорғау сияқты мәсе­лелер қаралады. Қорытындылай келе, мен отбасылық медиацияның кеңінен қолда­нылғанын қалаймын, ата-аналардың мүмкіндігінше ауыр сот ісіне жүгінбей, ең алдымен отбасылық медиатормен ортақ, зардапсыз шешімге келуіне шақырамын.

Қазіргі таңда медиация жолымен азаматтық-құқықтық қатынастар, отбасылық даулы қатынастар, еңбек даулары ғана емес қылмыстық теріс қылықтарды да жатқызу ға болады. Қылмыстық жанжалдарды шешудің құқықтық практикасына медиацияны енгізу батыс елдерінде көптеген проблемаларды шешті, мемлекеттің сотқа деген ауырпалығын, шығындарын азайтты, абақтыға қамалғандардың санын азайтты және т.б. Қылмыстық медиация — күрделі және сонымен қатар қызықты бағыттардың бірі болып табылады, ол — Қазақстан Республикасындағы жанжал­дар­ды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі. Сонымен қатар, осылайша сот отыры­сына жеткізбей, алдын ала шешуді қылмыстық құқықта да қолдана білді. Қыл­мыстық істер бойынша медиацияның нормативтік базасын жалпы тәртіп және арнайы нормативтік актілер құрайды. Жалпы тәртіп ережелері барлығына қатысты қылмыстық-құқықтық жанжалдарды қоса алғанда, ал арнайы тәртіп ережелеріне тек қылмыстық қақтығыстар жатады. Қылмыстық процесте Қазақстан Респуб­ли­касының Қылмыстық Кодексінің 68-бабына сәйкес медиация рәсімін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Қылмыстық процесті бастау үшін ең басты сәттердің бірі — қылмыстық рәсімі бар деп тіркеліп тұру немесе қылмыстық құқық бұзу­шылық деген арыздар мен хабарламалардың болуы. Азаматтық-құқықтық дау­лардан бірінші айырмашылықтарының бірі — бұл сот органдарында тіркелуі.

Келтірілген залалды жою мақсатында жәбірленушіге зиян келтіру және қыл­мыстық құқық бұзушылық жасаған адаммен татуласу мақсатында қылмыстық про­цесті жүргізетін органға дереу жіберіліп мән-жайды түсіндіреді, кейін мән-жай белгілі болған сон қылмыстық қудалауды тоқтататуға мүмкіндік береді.

Медиация рәсімі жүргізу туралы ұсынысты сот немесе қылмыстық қудалау органдарының тараптарынан және де ерікті екі жақты диалогқа дайын болған жағдайда жүргізеді .

Сотталушаның медиатордың көмегіне жүгінуінің басты себептері қылмыстық істің тоқтатылуы және қылмыстық теріс қылықтар, ауыртпалығы жеңіл және орташа істер, өлімге байланысты істер емес. ҚР «Медиация туралы» Заңының 24 бабына сәйкес егерде сотталушы татуластыру рәсімін жүргізуге келіссе, онда бұл олай емес бұл оның кінәсін дәлелденген деп санауға негіз береді, өткені медиа­цияға қатысудан бас тарту мүмкін емес сот ісін жүргізуге қатысушының жағдайын нашарлатуға тиым салынады.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатылу мүмкін, егерде қылмыс бірінші рет және де ауырлығы жеңіл немесе орташа болса, жасалған қылмыс адам өміріне зиян келтірмесе, өлімге әкеліп соқпаса[7]. Оның қатарына:

  • кәмелетке толмағандар;
  • жүкті әйелдер;
  • он сегізге толмаған балалары бар әйілдер;
  • он сегізге толмаған балаларды қарауда отқан әкелер;
  • елу сегіз жастағы әйілдер және одан жоғары жастағылар;
  • алпыс үш жастағы ер адамдар және одан жоғары жастағылар.

Татуласу рәсімдерінің қолданылудың негізгі шарттары — жәбірленуші мен сотталушының татуласып, келтірілген зиянды кешіргені. Тағы да айта кететін ма­ңызды ерекшелік — медиацияны қылмыстық кодекстке жол-көлік оқиғасына әкеп соққанда және оқиға кезінде сотталушаның жақын тустарының немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы кезінде[8].

Қорытындылай келе, медиацияны қылмыстық құқықтық дауларда дамыт­қа­нымыз жөн, оның басты мақсаты қоғамдағы қақтығыстардың азаюына, соттың ауыр қылмыстарды шешуіне көп ықпалын тигізеді. Қылмыстық медиацияда аса ауыр қылмыстарды қарамағанымен жеңілдігі орташа және жеңіл істерді қарап ауырпашылықты азайтуға болады. Айта кететін болсақ, қылмыстық медиацияда басқа медиация түріне қарағанда өзгешеліктер бар.

  1. Абай Д. А. Институт примирения, альтернативное регулирование гражданских споров и конфликтов в суде // Молодой ученый. — 2016. — № 9 (113). — Б. 787-789 // URL: https://moluch.ru/archive/113/29463.
  2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Кодексі (2021.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=32683909.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) (2021.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=51006061.
  4. Альтернативное разрешение споров: Учебник / Под ред. Е. А. Борисовой. — М.: Городец, 2019. Б. 6.
  5. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ // https://kodeksy-kz.com/trudovoj_kodeks.htm.
  6. Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV // https://kodeksy-kz.com/o_brake_i_seme.htm.
  7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226.
  8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ // adilet.zan.kz.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*