admin 29.11.2021

Нұридин С. Н. — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінің 2-ші курс докторанты, заң ғылымдарының магистрі

Нұридин С. Н. — докторант 2-курса Евразийского государственного университета им. Л.Н.Гумилева, магистр юридических наук

Nuridin S. N. — 2nd year doctoral student of L. N. Gumilyov Eurasian national university, master of law

ӘОЖ 343.85

ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТЫЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

ПРОФИЛАКТИКА ПРЕСТУПНОСТИ СРЕДИ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ ЛИЦ, УСЛОВНО-ДОСРОЧНО ОСВОБОЖДЕННЫХ ОТ ОТБЫВАНИЯ НАКАЗАНИЯ

PREVENTION OF CRIME AMONG EARLY RELEASED MINORS ON PAROLE FROM SERVING THEIR SENTENCES

ТҮЙІН

Мақалада автор жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін қарастыр­ған. Пробация қызметі жүргізетін жеке профилактиканың заңнамалық шараларын қарау кезінде жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кәме­летке толмаған адамдарға қатысты осы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.

АННОТАЦИЯ

В статье автор рассматривает вопросы профилактики преступности среди несо­вершеннолетних лиц, условно-досрочно освобожденных от отбывания нака­зания. При рассмотрении законодательных мер индивидуальной профилактики, проводимой службой пробации, представлены некоторые предложения по совер­шен­ствованию деятельности этих органов в отношении несовершеннолетних лиц, условно-досрочно освобожденных от отбывания наказания.

ANNOTATION

In the article, the author examines the issues of crime prevention among minors released on parole from serving their sentences. When considering the legislative measures of individual prevention carried out by the probation service, some proposals are presented to improve the activities of these bodies in relation to minors released on parole from serving their sentences.

Ключевые слова: профилактика, несовершеннолетние, условно-досрочно освобожденные лица, отбывание наказания, пробация, меры профилактики, правоохранительные органы

Түйінді сөздер: профилактика (алдын алу), кәмелетке толмағандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар, жазасын өтеу, пробация, алдын алу шаралары, құқық қорғау органдары

Keywords: prevention of minors, parolees, serving sentences, probation, preventive measures, law enforcement agencies

 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профи­лак­тикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Заңына (2020 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістермен жә­не толықтырулармен) сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзу­шы­лықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және па­насыз қалуының алдын алу — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзу­шылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалу­дың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандардың оларды тәрбиелеу, оқыту немесе бағып-күту жөніндегі мін­деттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналармен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке тол­мағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген  өзге де адамдармен жеке профилактикалық шара­ларын қоса жүзеге асыратын құқық­тық, педагогикалық және өзге де ша­ралар жүйесі[1].

Құқық қорғау органдары бүгінгі күні кәмелетке толмағандар қыл­мы­сының профилактикасы және алдын алу жұмыстарын жүргізуде мем­лекет­тік саясаттың негізгі бөлігі болып табылады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі поли­ция бөлімшелері — жасөспірімдермен жұмыс істеудің алдыңғы қатарында. Олар­дың алдына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 жел­тоқ­сандағы «Ішкі істер органдарының кәме­летке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспектор­ларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 1098 бұйрығымен осы бағытта нақты міндеттер қойылды. Мәселен, жазаны өтеу­ден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар арасындағы қылмыстың профилактикасы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөнін­дегі учаскелік полиция инспекторлары арнаулы білім беру ұйым­дарына және ерек­ше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандарды тәрбие­леу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты ата-ана құқық­тарынан айыруға не оларды шектеуге жіберілетін кәмелетке толма­ған­дарға, сондай-ақ қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына сотталған кәме­летке толма­ған­дардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылауды қамта­масыз етуде про­бация қызметіне жәрдем көрсетеді[2].

Алайда жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кәме­лет­ке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтар жа­сау­дың алдын алу үшін пробация қызметі осы адамдардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы ша­ра­лар­ды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» ҚР Заңының 7-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының пробация тура­лы заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жұмыс істей­тін мемлекеттік органдар, сондай-ақ осы Заңның 11-бабына сәйкес аза­маттар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар пробация­ны жүзеге асыратын субъектілер болып табы­лады»[3].

Демек, құқық қорғау органдары, өзге де мемлекеттік органдар және бү­кіл жұрт­шылық жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатыл­ған, рақым­шылық жасау туралы актінің салдарынан немесе кешірім жа­сауға байланысты жазадан босатылған кәмелетке толмағандарға ғана емес, сондай-ақ оларға қатысты жеке профилактикалық жұмыстар жүргізеді:

  • жағдайдың өзгеруіне байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмаған адам­ды түзеу­ге тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану ар­қы­лы қол жет­кі­зуге болады деп танылған жағдайларда қылмыстық жауап­тылықтан босатыл­ған­дар;
  • қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және қылмыстық жауаптылық бас­талатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуілдеуі салдарынан қылмыс­тық жауаптылыққа жат­пай­тындар;
  • оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шара­ла­ры таңдалған қылмыстарды жасағаны үшін айыпталушылар немесе күдік­тілер;
  • жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырудын емесе үкімді орындауды кейінге қалдыруды алғандар;
  • қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылғандар, жабық үлгі­дегі ар­найы оқу-тәрбие мекемелерінен оралғандар, егер олар аталған меке­мелерде болған кезеңде режимді бұзуға жол берсе, құқыққа қарсы әрекет­тер жасаса және (немесе) босатылғаннан (босатылғаннан) кейін әлеуметтік қауіпті жағдайда болса және (не­месе) әлеуметтік көмекке және (немесе) оңалтуға мұқтаж болса;
  • ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып жазадан боса­тыл­ғандар;
  • шартты түрде сотталғандар, міндетті жұмыстарға, түзеу жұмыс­тары­нан еме­се бас бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау­шараларына сот­тал­ғандар.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профи­лак­ти­касы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заң­ның 19-бабына сәйкес жоғарыда аталған адамдарға қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргізіледі:

  1. профилактикалық әңгімелесу;
  2. құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;
  3. профилактикалық есепке алу және бақылау;
  4. арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;
  5. тәрбиелік ықпал ету шаралары;
  6. қорғау нұсқамасы;
  7. әкімшілік жаза қолданылады;
  8. сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар;
  9. медициналық-әлеуметтік есепке алуды қамтиды.

Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу құқық бұзу­шы­лықтың алдын алу жүйесінің мемлекеттік органы мен мекемесі өкілінің және оның ата-анасының, педагогтерінің немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен жүргі­зеді[4].

Алайда, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының осы бағытта сапасыз жүргізілген жұмысы кәмелетке толмағандардың жаңа құқық бұзу­шы­лықтар жа­сауы­на себеп болуы мүмкін екенін атап өткім келеді. Сон­дықтан біздің көз­қа­ра­сымыз бойынша, заңнамада осы органдардың қыз­метін жетілдіру жөніндегі ша­ралар көзделуге тиіс.

Біріншіден, жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын боса­тылған кәме­летке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилак­тикасының тиім­ділігін арттыру үшін барлық құқық тәртібі органдарының, мемлекеттік басқару­дың, осындай адамдардың проблемаларымен айналы­сатын жастар мен қоғамды құйымдар мен мекемелердің қызметін, өзара іс-қимылын үйлестіру жөніндегі ша­ралар кешенін әзірлеу қажет. Осы мақ­сатта үйлестіруші орган балалар мен жасөс­пірімдердің құқық бұзушы­лық­тарының алдыналуға байланысты шараларды жү­зеге асыру кезінде жинақ­талатын мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейлерде ақпарат, тәжірибе, білім алмасуды жандандыруы тиіс.

Екіншіден, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар, бі­лім бе­ру органдары, қамқоршылық және қорғаншылық органдары, жастар ісі, денсаулық сақтау басқармалары, ішкі істер органдары ең алдымен мыналарды ескеруі керек: жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сәйкес келмейтін балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқы көбінесе өсу процесіне байланысты және олар есей­ген сайын олардың мінез-құлқы өзге­реді. Жасөспірімдерді тәртіпті құқық бұзу­шылар немесе жаңадан келген құқық бұзушылар ретінде анықтау көбінесе жастар­дың тұрақты теріс мі­нез-құлық көзқарастарының дамуына әсер етеді.

Біздің ойымызша, құқық бұзушылық профилактикасы шеңберінде мем­ле­кет­тің әлеуметтік саясаты, ең алдымен, қамқоршылары баланы оқытуға және жұмыс орнын алуға жағдайы жоқ кәмелетке толмаған адамдардың мемлекет есебінен жоғары және орта арнайы білім алу мүмкіндігін қам­тамасыз етуге бағытталуы керек.

Сотталған адамды жаза түрін қолданғаннан кейін қоғамдағы өмірге қай­та кіріктіру жөнінде ауқымды кешенді жоспар әзірлеу орынды. Бұл өмірдің барлық салаларына қатысты шаралар, яғни денсаулық, жұмыспен қамту, білім деңгейін көтеру, кәсіби деңгей болуы керек.

Оның үстіне, қылмысқа қарсы күресте құқық бұзушылықтың профилак­тикасы маңызды іс болып табылады. Осыған байланысты жастардың пси­хи­калық және физикалық әл-ауқатына, олардың сыртқы әлеммен өзара әре­кет­тесуі кезінде және кәмелетке толмағандар жасайтын әлеуметтік қауіпті әрекеттерге қатысты қолда­ны­латын құқықтық нормаларды шешуге бағытталған арнайы бағдарламаны қа­был­дау өте қажет. Бұдан басқа, осы бағдарлама шеңберінде «Жазасын өтеуден шарт­ты түрде мерзімінен бұрын босатылған кәмелетке толмағандарға көмек көр­се­ту орталығын» ашу қа­жет, оның басты бағыттарының бірі кәмелетке толма­ғандар арасындағы қылмыстың алдын алу проблемалары мен идеялары болуға тиіс. Орталық­тың бөлімшелері (топтары, зертханалары) әрбір өңірде, облыста жұмыс істеуі тиіс. Бұл жұмысқа жастарды тәрбиелеуге байланысты барлық мем­лекеттік мекемелердің (әсіресе білім беру, еңбек, әлеуметтік қорғау меке­мелері), құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, педаго­ги­калық, психология­лық, медициналық және басқа да әлеуметтік (профи­лактикалық) субъектілердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажет. Өз кезегінде, кәмелетке толмаған қыл­мыскерлермен жұмыс жүргізетін әлеу­мет­тік және әлеуметтік-педагогикалық қыз­мет бөлімшелері оңалту (патро­наж) қызметтерін де жүзеге асыруы тиіс.

Осылайша, ұсынылған шаралар, біздің ойымызша, жасөспірімдердің құқық­тық санасын жоғары деңгейге көтеруге, қоғамның ұмытылған мо­раль­дық құнды­лықтарын қалпына келтіруге, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнін­дегі комиссияның жұмысын жандандыруға, бар­лық мүдделі ұйымдардың жұмысын үйлестіруге көмектеседі. Қылмыстың алдын алу жазасын өтеуден шарт­ты түрде мерзімінен бұрын босатылған кәмелетке толмаған адамдарды одан әрі тәрбиелеу және олардың мүд­делерін қорғау сияқты мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жас ұрпақ өзіне ерекше назар аударуды және тәрбиелік сипат­тағы тиімді шараларды үздіксіз жүргізуді, сондай-ақ қоршаған әлем­нің заңды­лы­ғын дұрыс түсіну үшін үздіксіз көмек көрсетуді қажет етеді. Олай болса, болашақ бүгіннен басталатынын ескерсек, жас ұрпақтың проб­лемасына мемлекеттік дең­гей­де назар аудару қажет. Жастардың мәсе­ле­лерін шешуге асығатын және ше­ше­тін ел ғана мінсіз болашақ бола алады.

  1. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профи­лак­тикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Заңы (2020 жылғы 7 шілдедегі өзгерістермен және толықтырулармен) // https://online.zakon.kz.
  2. «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учас­келік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №2098 бұйрығы // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012953.
  3. «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №38-VІ Заңы. // https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1600000038.
  4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқық­та­рын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қыз­метімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы2019 жылғы 1 сәуірдегі № 240-VI ҚРЗ. // https:// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000240.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*