admin 10.02.2021
Г. К. Сагиева — (Ақтөбе қ.) Баишев Университетінің «Құқық және жалпы бі­лім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты М. Ғалиасқар — (Ақтөбе қ.) Баишев Университетінің «Құқықтану» маман­ды­ғы­ның 4- курс студенті Сагиева Г. К. — заведующая кафедрой «Права и общеобразовательных дис­цип­лин» Баишев Университета (г. Актобе), кандидат юридических наук Галиаскар М. — студент 4 курса специальности «Юриспруденция» Баишев Университета (г.Актобе) Sagieva G. K. — Head of the Department of «Law and General Education Disciplines» of Baishev University (Aktobe), Candidate of Law Galiaskar M. — 4th year student of the specialty «Jurisprudence» of Baishev University (Aktobe) ӘОЖ 347.9

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІН ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ

ПРАКТИКА СОВЕРШЕНИЯ ПРИМИРИТЕЛЬНЫХ ПРОЦЕДУР В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

THE PRACTICE OF PERFORMING MEDIATION PROCEDURES IN THE AKTOBE REGION

ТҮЙІН Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру ниеті аясында Медиация институтының дамуы ерекше өзектілікке ие болуда. Республика бойынша Ақтөбе облысында медиация рәсімі қарқынды даму үстінде. Көптеген мекемелерде медиация кабинеттері ашылып, өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда. АННОТАЦИЯ Особую актуальность приобретает развитие института медиации в рамках намерения Казахстана войти в число 30-ти конкурентоспособных стран мира до 2050 года. По республике активно развивается процедура медиации в Актюбинской области. Во многих учреждениях открыты кабинеты медиации, которые работают на должном уровне. ANNOTATION The development of the mediation institute is of particular relevance within the framework of Kazakhstan’s intention to become one of the 30 competitive countries in the world until 2050. The mediation procedure in the Aktobe region is actively developing in the republic. In many institutions, mediation offices are open and work at a high level. Түйінді сөздер: медиация институты, медиативтік келісім, кәсіби медиа­тор, мектептегі медиация, сот. Ключевые слова: медиативное соглашение, профессиональный медиатор, медиация в школе, суд. Keywords: mediation agreement, professional mediator, mediation at school, court. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына медиацияны да­мы­ту жөнінде жұмысты күшейту туралы тапсырма берген еді. Бұл қоғамдағы жанжалдар деңгейін және соттарға түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында құқықтық жүйені жетілдірудегі маңызды қадамдардың бірі медиация институты болып табылады, ол сот талқылауларында уақытты жоғал­тудан, қосымша және аяқталмаған шығындардан құтылуға мүмкіндік береді[1]. Облысымызда медиация институты туралы ақпарат аз. Дауды «татуласты­ру­шы­лардың» көмегімен шешуге болатындығы туралы көптеген азаматтар тек сотта біледі. «Медиация туралы» заңның қабылдануынан кейін Ақтөбе облысында да Ме­диа­ция орталықтары ашылып, бірқатар шаруалар атқарылды. Алғашқы заң қабыл­данған кездерде медиация институты баяу қарқынмен дамып, халыққа енді таныла бастаған еді[2]. Соңғы жылдары медиаторлардың көмегімен 2500-ге жуық әртүрлі салалар­да­ғы даулар шешілді. Медиацияны дамытуда Ақтөбе қаласының судьялары үлкен рөл атқарып жүр. Көптеген мекемелерде медиация кабинеттері ашылып, медиаторлар қызмет атқаруда. Төменде осыларға нақтырақ тоқталып өтеміз. 2019 жылы Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасында еңбек дауларын реттеуде медиация кабинетінің ашылу салтанаты өтті.  Бұл пилот­тық жобаға Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты үлкен қолдау танытты. Мере­ке­лік салтанатқа судьялар, медиаторлар еңбек инспекторлары қатысты. Кабинет Ті­леу батыр көшесі 9-шы үйдегі облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма­сы­ның ғимаратында орналасқан. Медиация кабинетін ашудағы мақсат – халыққа еңбек дауларын реттеу кезінде соттан тыс қызмет көрсету. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жанжалдарды енді сотқа дейін шешуге мүмкіндік мол.  Ақтөбе қалалық сотының орынбасары Қанат Сембековтың айтуы бойынша мұндай каби­нет­тің ашылуы еңбек ұжымындағы даулардың деңгейін түсіреді[3]. Негізінен, еңбек дауларындағы талапкерлер жұмысқа қайта алу, қызметке ақы тө­леу, моральдық, материалдық шығынның орнын толтыру бойынша шағым­да­нады. 2019 жылда Ақтөбе қаласында Кәсіпкерлер палатасында да медиация кабинеті ашылып, медиаторлар жұмыс жасайды. Онда барған аймақтың кәсіпкерлері даулы мәселелері бойынша медиаторлардың, заңгерлер мен судьялардың тегін көмегіне жүгіне алады. Өңірлік палатаның бастамасымен Ақтөбе облысының Мамандан­ды­рыл­ған ауданаралық экономикалық сотымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Қазақстанның Тәуелсіз заңгерлер Альянсы» заң консуль­тант­тары палатасының қолдауымен «Атамекен» ғимаратында медиация кабинеті ашылды. 2018 жылы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бітімгер­шілік келісіммен 146 іс, медиаторлық әдіспен 182 іс, партисипативтік келісіммен 1 іс аяқталды. Яғни, бұл көрсеткіш бизнес субьектілерінің арасындағы дауларды келісім арқылы шешуге болатынын дәлелдеп отыр. 2019 жылғы 28 ақпанда «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Медиация рәсі­мін Қылмыстық процесте дамыту» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай өткізілген іс-шараға ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіптік білім беру факультеті қатысты. Нақ­ты­рақ айтсақ, институт пен  Ақтөбе қаласы судьяларының  ынтымақтастық туралы  қол қойылған меморандумы   аясында «Татуластыру рәсімінің артықшылықтары» туралы дөңгелек үстел өтті. Қазіргі уақытта облыстың бірқатар аудандарында әкімдіктер жанынан  медиа­ция кабинеттері ашылды. Атап айтсақ: Мұғалжар, Байғанин, Ырғыз, Темір, Ойыл аудандарында, Ембі, Қандыағаш қалаларында оқыту семинарлары өткізіліп, ме­диа­ция кабинеттері ашылған[4]. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде, Байшев Универси­тетін­де, Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылық колледжінде және көптеген оқу орын­дарында волонтер студенттермен медиацияны дамыту мәселесі бойынша кез­де­сулер өтті. Тағы бір таңғаларлығы, облысымыздың мектептерінде де медиация бұрышы, кабинеттері ашылып жатыр. Облысымыздың 8 мектебінде медиация институ­ты­ның түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер ашылған[5]. Мектептегі медиа­ция — бұл білім беру әдісі ғана емес, сонымен бірге басқа адамды түсінуге, қабылдауға және тыңдауға және естуге негізделген тұтас дүниетаным. Оны білім беру саласындағы өткір жағдайларды шешуде қолдану керек. Мұғалім мен оқушы арасында қандай да бір жанжал, түсініксіздік немесе ата-аналар мен оқушылар ара­сында жанжал туындаған жағдайда, оларды шешу басты міндет болып табылады. Бұл кеңсе мұндай жағдайларды сотқа жеткізбеу үшін қажет. Ең бастысы, адамдар дауларды татуласу арқылы шешеді. 2016 жылы  татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, облыста 724 азаматтық іс аяқталды, оның ішінде бітімгершілік келісіммен – 509 іс, 190 – медиацияны қол­дану арқылы жеке және заңды тұлғаларға 72 млн теңгеге мемлекеттік баж қайта­рылды. 2019 жылда Ақтөбе облысында «Соттан тыс татуластыру» жобасы аясында 3 татуластыру орталығы, 78 медиация кабинеті, 43 билер кеңесі құрылды. Осы жыл­дың бірінші жарты жылдығында 75 медиативтік келісім жасалды. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 16 нотариус медиатор жұмыс жасайды. «Ха­лық­аралық құқық қорғау» орталығы реестірінде 23 кәсіби медиатор тіркелген[6]. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына түзетулер енгізу, сон­дай-ақ медиативтік қызмет ашықтық және транспаренттілік қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс. Медиация рәсімдерінің орындалу мерзімдеріне тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңында қарама-қайшылық бар. Мәселен, «Ме­диация туралы» Заңның 20-бабының 8-бөлігіне сәйкес, егер медиация аза­мат­тық не қылмыстық процесс шеңберінен тыс жүзеге асырылатын болса, медиатор мен тараптар аталған рәсім күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тоқта­ты­луы үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға тиіс деп айқындалған. Айрықша жағдайларда шешілетін даудың (дау-шардың) күрделілігіне, қосымша ақпарат немесе құжаттар алудың қажеттілігіне байланысты медиацияны жүргізу мерзімі медиация тараптарының уағдаласуы бойынша және медиатор келіскен кезде ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Медиацияның барлығы тоқсан күнге созылуы мүмкін. Бірақ осы Заңның 23-бабының 1-бөлігі медиация жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынас­тары­нан туындайтын дауларды реттеу кезінде Медиация туралы шарт жасалған күн­нен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс екені көр­сетілген. Қажет болған жағдайларда Тараптардың өзара шешімі бойынша ме­диа­цияны жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ жиынтығында ол күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Яғни, барлығы алпыс күнтізбелік күн. Тұтастай алғанда, медиацияны дамытудың негізгі проблемасы осы рәсімді заңнамалық реттеуде де, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның практи­калық қызметінде де кешенді және жүйелі тәсілдің болмауы болып табылады. Жақын арада медиацияны қоғам құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешудің пайдалы және үйреншікті тәсілі ретінде қабылдайды деп үміттенеміз. Заңнамаларда көптеген сәйкессіздіктер бар, бұл бірегей институтты – медиа­ция­ны жергілікті жерлерде енгізу үшінкөп нәрсе жазылмаған және қарасты­рыл­маған. Қазіргі уақытта медиация жанжалдардағы медиацияның кеңінентанымал және кең таралған әдісіне айналуда. Қазір Қазақстанда медиация мен бітімгершіліктің бірыңғай орталығы жұмыс істейді, онда Медиация негіздерін оқытудан өткен  мамандар жұмыс істейді. Ме­диаторлар адамдарға бір-бірін тыңдауға және даулы құқықтық мәселелер бойынша белгілі бір шешім табуға көмектеседі. Медиация идеясын Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлері И. Рогов, Ф. Бычкова, А. Дьяченко және басқалары бел­сен­ді алға тартты. «Медиация туралы» заң жобасын қабылдауда Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше. Біздің ойымызша, Ақтөбе облысында медиацияны одан әрі дамыту үшін қоға­мы­мызда медиативтік қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, га­зеттер, әлеуметтік желілер) насихаттау қажет. Біз оқып жатырған Баишев университеті қабырғасында да медиация каби­не­тінің ашылуын қалаймыз. Медиация кабинеті медиатордың нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету үшін медиация рәсімін қолдану және оның артықшылықтары туралы қажетті ақпарат­тық материалдармен және буклеттермен, оларды орналастыратын стендпен, компью­тер­мен, ұйымдастыру техникасы менжәне ыңғайлы жиһазбен, техникамен жабдықталуы тиіс. Медиаторларға онлайн байланыс арқылы қашықтықтан кеңес беру мүмкіндігі ұйымдастыру қажет. Университеттің факультет басшыларына медиация техноло­гия­сын қолданудың үздік тәжірибелеріне арналған конференциялар, дөңгелек  үстелдер, семинарлар өткізуі қажет. Ақтөбедегі медиация институтын дамыту бойынша өз ұсыныстарымызды біл­діруге рұқсат етіңіздер: Біріншіден, медиаторлардың кәсіпқойлығын арттыру мақсатында жанжал­дар­ды, оның ішінде келіссөздер мен татуластыру рәсімдері саласындағы жанжал­дар­ды шешудің жаңа құралдарынүйретуді бастау қажет. Екіншіден, ықтимал жанжалдардың алдын алу үшін қақтығыс аймақтарын, оның ішінде жинақы тұратын этностардың аймақтарында анықтау бойынша тал­дау-зерттеу жұмыстарын жалғастыру маңызды. Үшіншіден, бізде мектеп психологтары және оқушылар, жоғары оқу орын­дарының жас мамандары үшін «жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша медиация негіздері» семинар-тренингтері жиі-жиі өткізілуі тиіс. Төртіншіден, колледждер мен университеттерде магистрлік бағдарла­малар­мен қатар, жанжалдаушыларды, медиаторлар мен  келіссөз жүргізушілерді, оның ішінде этномедиация саласында даярлау жөнінде арнаулы модульдерді  әзірлеу қажет. Ақтөбе облысында қоғамдық орындарда, көліктерде медиация туралы жарна­малар, видео хабарламалар көбірек көрсетілуі тиіс. Халықтың көп бөлігі әлі күнге дейінмедиацияның не екенін түсінбейді. Ақтөбе қаласының жалпы білім беру мектептерінде әлі медиация кабинеттері толық ашылмады. Сондықтан барлық мектептерде медиацияға мән берілгені  дұ­рыс. Мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында осы саланы оқу бағдарлама­ла­рына  қосса, кең көлемде танылар еді. Ойымызды қорытындылай келе айтарымыз: медиативтік келісім — қоғамы­мызға қажет дүние. Сондықтан оның кең танылуы үшін мемлекет тарапынан қол­дау жасалуы тиіс. Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйенетін болсақ, Ақтөбе облы­сы — дау-жанжалды медиация рәсімімен ең жоғары деңгейдегі шешетін облыстардың бірі. Ақтөбе облысы қарқынды дамыған облыстарының бірі болса да, қозғалатын бірқатар мәселелер бар. 2021 жылдың 27 қаңтарында өткен Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кабинеті отыры­сын­да Қазақстан Республикасының медиация заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай болған іс-шарада Ақтөбе қаласындағы кейбір мектептерде медиа­ция­ны енгізу мақсатында мектеп медиациясы жұмыс жасап жатқаны, мектеп ішілік жас медиаторлардың қатарға қосылуы айтылған болатын. Қазіргі кезде Ақтөбе облысында мектеп қабырғасында медиация кабинеттері болғанымен, он­дай мектептер аз. Бұл — мектеп медиациясы енді дамып келе жатқан қажет жобалардың бірі. Бұл жобаны маңызды деп айтудағы басты мақсатымыз, бар­лы­ғымыз білетіндей, қазіргі таңда мектеп қабырғасындағы оқушылар арасында түсі­ніс­пеушіліктің көптеп кездесуінде. Сол себепті оқушыларды мектеп медиация­сына үйрету (медиацияны қолдана отырып, жанжалды реттеу), оқушылырға медиативтік келісімге келуге ықпалын тигізу болып жатады.
  1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U090000858_/links.
  2. Рика ТВ, 2016.–режим входа: https://youtu.be/L3Jj4eR-Bvk.
  3. Эффективный способ решения проблем. Медиация (М. Дуйсен, председатель Мартукского районного суда Актюбинской области) // https://www.zakon.kz/4646729-jeffektivnyjj-sposob-reshenija-problem..html.
  4. Ашық есік» сағаты // https://www.instagram.com/p/CDsY-aUjj49/?igshid=4i0iic95rq3q.
  5. Бұл да сонда.
  6. Нотариусы — медиаторы Актюбинской области // www.notariat.kz.

Leave a comment.

Your email address will not be published. Required fields are marked*