МРНТИ 10.81.55
УДК 343.9
Айдарова А. А. — Alikhan Bokeikhan University, заң факультетінің докторанты (Қазақстан Республикасы, Семей қ.);
Сабитов С. М. — Alikhan Bokeikhan University, заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы (Қазақстан Республикасы, Семей қ.);
Байгундинов Е. Н. — Alikhan Bokeikhan University, PhD докторы (Қазақстан Республикасы, Семей қ.)
АДАМ САУДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН АНЫҚТАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Адам саудасы көңіл қоюды талап ететін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Адам саудагерлері жезөкшелер үйі, фабрикалар, ауыл шаруашылығы, балық аулау және тау-кен өндірісі сияқты жерлерде ерлердің, әйелдер мен балалардың мәжбүрлі еңбегін құлдық қанау және сол арқылы пайда табу үшін күштеу, алдау және мәжбүрлеу әрекеттері негізінде жүзеге асырылады. Адам саудасы қазіргі уақытта жаһандық жауап беруді қажет ететін жаһандық мәселе ретінде танылды және көптеген елдер адам саудасы мен адам саудагерлерін жазалаудың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған негізгі халықаралық құжаттарға мүше ретінде қосылды. Алайда, тиімді алдын алу, заңдарды орындау және адам саудасының құрбандарына берілген қорғаныс пен көмек көптеген елдерде шындыққа жанаспайды.
Мақаланың мақсаты — персонал мамандары адам саудасына қатысты мифтер мен фактілер арасындағы айырмашылықты түсінетінін және олардың білімі кейінгі қызмет көрсетуге әсер ететінін анықтау.
Әлеуметтік жұмыстың құндылықтарына сүйене отырып, мақалада шекара қызметтерінің, полиция қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің қызметіне баға беріледі және адам саудасының құрбандарына жақсы қызмет көрсету үшін қызмет көрсетуді және құрбандарды анықтауды күшейту ұсынылады. Адам саудасын азайтудағы жаһандық тенденциялар, күш-жігер мен шектеулер талқыланады. Қазіргі уақытта адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру ауыртпалығы шекара қызметтеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүктеледі. Сонымен қатар, күнделікті өмірде адам саудасының құрбандарын дәл анықтау және одан кейін қызмет көрсету адам саудасына қатысты кең таралған мифтерге кедергі келтіруі мүмкін.
Түйінді сөздер: адам саудасы, құлдық, ықтимал құрбаны, сауда құрбаны, адам саудасыныың алдын алу, мигранттар.
Айдарова А. А. — докторант юридического факультета Alikhan Bokeikhan University (Республика Казахстан, г. Семей);
Сабитов С. М. — заведующий кафедрой уголовно-правовых дисциплин юридического факультета Alikhan Bokeikhan University, доктор PhD (Республика Казахстан, г. Семей);
Байгундинов Е. Н. — доктор PhD Alikhan Bokeikhan University (Республика Казахстан, г. Семей)
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ АНАЛИЗА ЖЕРТВ ТОРГОВЛИ ЛЮДЬМИ
Аннотация. Торговля людьми является серьезной проблемой. Торговцы людьми используют силу, обман и принуждение для эксплуатации и получения прибыли от принудительного труда и рабства мужчин, женщин и детей в таких местах, как публичные дома, фабрики, сельское хозяйство, рыболовство и добыча полезных ископаемых. Торговля людьми в настоящее время признана глобальной проблемой, требующей глобального реагирования, и большинство стран присоединились в качестве участников к ключевым международным документам, предназначенным для предотвращения и пресечения торговли людьми и наказания торговцев людьми. Однако эффективная профилактика, обеспечение соблюдения законов, а также защита и помощь, предусмотренные для жертв торговли людьми, не являются реальностью во многих странах.
Цель статьи — определить, понимают ли специалисты по работе с персоналом разницу между мифами и фактами, относящимися к торговле людьми, и влияют ли их знания на последующее предоставление услуг.
Основываясь на ценностях социальной работы, в статье дается оценка деятельности пограничных служб, передовых сотрудников полиции, сотрудников неправительственных организаций, социальных работников, и предлагается усилить предоставление услуг и идентификацию жертв, чтобы лучше оказывать помощь жертвам торговли людьми. Также обсуждаются глобальные тенденции, усилия и ограничения в сокращении торговли людьми, бремя идентификации жертв торговли людьми, которые в настоящее время ложатся на пограничные службы, сотрудников правоохранительных органов. Тем более, что точной идентификации жертв торговли людьми в быту и последующему предоставлению услуг могут препятствовать распространенные мифы, связанные с торговлей людьми.
Ключевые слова: торговля людьми, рабство, потенциальная жертва, жертва торговли, предотвращение торговли людьми, мигранты.
Aidarova A. A. — doctoral student of the legal faculty of Alikhan Bokeikhan University (Republic of Kazakhstan, Semey);
Sabitov S. M. — head of the department of criminal law disciplines of the faculty of law of Alikhan Bokeikhan University, PhD (Republic of Kazakhstan, Semey);
Baigundinov E. N. — doctor of PhD of Alikhan Bokeikhan University (Republic of Kazakhstan, Semey)
ACTUAL PROBLEMS OF ANALYSIS OF VICTIMS OF HUMAN TRAFFICKING
Annotation. Human trafficking is a serious problem. Traffickers use force, deception and coercion to exploit and profit from the forced labor and slavery of men, women and children in places such as brothels, factories, agriculture, fishing and mining. Human trafficking is now recognized as a global problem requiring a global response, and most countries have joined as participants in key international instruments designed to prevent and suppress human trafficking and punish traffickers. However, effective prevention, law enforcement, and protection and assistance provided for victims of human trafficking are not a reality in many countries.
The purpose of the article is to determine whether a human resources specialists understand the difference between myths and facts related to human trafficking, and whether their knowledge affects the subsequent provision of services.
Based on the values of social work, the article assesses the activities of border services, advanced police officers, employees of non-governmental organizations, social workers, and proposes to strengthen the provision of services and identification of victims in order to better assist victims of human trafficking. They also discuss global trends, efforts and restrictions in reducing human trafficking, the burden of identifying victims of human trafficking, which currently falls on border services, law enforcement officers. Moreover, the accurate identification of victims of human trafficking in everyday life and the subsequent provision of services may be hindered by widespread myths related to human trafficking.
Keywords: human trafficking, slavery, potential victim, victim of trafficking, prevention of human trafficking, migrants.
Кіріспе. Адам саудасы әлемнің барлық континентінде кездесетін ауқымды халықаралық мәселеге айналған. Адамдарды саудалау сексуалды қанау, еңбек қанауы, еріксіз неке құру, мәжбүрлі түрде қайыршылықпен айналысу, органдарды алу және балаларды солдат ретінде қолдану мақсатында жүзеге асырылады. Адам саудасының құрбанына айналғандардың нақты санын анықтау мүмкін емес, оған себеп — бұл құбылыстың жасырын, жоғары латентті болуы. Жалпы санақ бойынша адам саудасының құрбандарының саны миллиондардан асады. БҰҰ мәліметі бойынша әлем да 50 млн астам адам заманауи құлдықта жүр. Бүгінгі таңда 28 млн адам мәжбүрлі еңбектің құрбанына айналған болса, 22 млн адам өз еркінен тыс некеге отырған[1].
Мәжбүрлі еңбектің 86 пайызы жеке секторларда қолданылады, оның 23 пайызы — «мәжбүрлі коммерциялық сексуалды қанау». Зорлық-зомбылықпен пайдалану фактілері әлемнің барлық мемлекеттерінде тіркелген. Кез келген мемлекетте халық өкілі адам саудасының құрбаны болуы мүмкін. Сонымен қатар, мәжбүрлі еңбек жағдайларының жартысынан көбі және барлық мәжбүрлі некенің төрттен бір бөлігі табыс деңгейі орташадан жоғары елдерге тиесілі. Басқа ересек жұмысшыларға қарағанда мигранттар үш есе жиі «құл» болады[2].
Статистикаға сәйкес, 2019 жылы Қазақстанда адам саудасы құрбандарының саны 120 адамды құрады — 85 ер адам және 35 әйел, 2020 жылы 141 адам — 99 ер адам және 42 әйел, 2021 жылы 200 адам болды, олардың ішінде 166 ер адам және 34 әйел. 2022 жылдың жеті айында бұл көрсеткіш 102 адамды құрады, оның 94-і ерлер және 8-і әйел[3].
Адам саудасының соңғы он жылдықта қарқынды артуының көптеген тұрақты себептері бар. Қазіргі әлемдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың ұлғаюына алып келді. Адам саудасының шапшаң таралуының кейбір себептеріне жаһандану мен әлемдік экономиканың өсуі, аймақтық шиеленістер мен климаттың өзгеруі де кіреді. Жаһандану үрдісі экономикалық және демографиялық теңсіздіктің күшеюіне, кедейлік пен ауылдық қауымның маргиналдануына, көлік шығындарының төмендеуі мен секс туризмнің ұлғаюына алып келді. Әлемдік экономиканың өсуінен өндірушілер арзан тауарлар мен қызметтерді іздейтін тұтынушыларды қанағаттандыру мақсатында және бәсекелестікті сақтап қалу үшін жұмыс күшін қанауға тәуелділігі артты. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін аймақтық қақтығыстардың күшеюі осал адамдар мен босқындардың көбеюіне әкелді. Олардың кейбіреулері көтерілісшілер топтары өздерінің әскери операцияларын қаржыландыру үшін пайдаланған және әлі де қолданады. Климаттың өзгеруі теңіз бойындағы халықтардың осал топтарын тіршілік ету көзін іздеу мақсатында қалаларға және таулы аймақтарға қоныс аударуына себеп болды[4]. Сұраныс пен ұсыныстың артуы салдарынан жергілікті және трансұлттық қылмыстық топтардың бизнесінің өркендей түсті. Олар адам саудасы қауіп-қатері төмен және пайдасы орасан зор қызмет екенін түсінді. Бүгінгі таңда адам саудасы есірткі және қару жарақ саудасымен қатар, кірісі мол трансұлттық қылмыстылықтың нысанына айналған. Адам саудасының тыйылмай, жылдан жылға артуының тағы бір себебі қылмыстық топтардың белсенді қылмыстық іс әрекеттерін жүзеге асыруына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуы мен өкілетті тұлғалардың жемқорлығы болып табылады.
Халықаралық қауымдастық мүшелері адам саудасымен күресуге бағытталған стратегия құрып, оны жүзеге асыруға кірісті. Бұл стратегиялар адам саудасын алдын алу, құрбандарды қорғау және қылмыскерлерді қылмыстық қудалауға бағытталған[5].
Қазақстан Республикасының соттарына келіп түскен істерді негізге ала отырып, адам саудасының негізгі нысандары жыныстық қанау мақсатында және құл еңбегін пайдалану мақсатында сауда жасау, аз дәрежеде — бала асырап алу мақсатында балаларды сату болып табылады. Адам саудасы жоғары латентті қылмыстар қатарына жатады. Қылмыстың бұл түрін анықтаудағы басты мәселе – адам саудасының құрбандарын анықтау[6].
Адам саудасы бойынша ситуацияны, адам саудасының құрбаны мен қылмыскерді дұрыс анықтау күрделі мәселе болғанымен, адам саудасының құрбанына айналған тұлғаларға ерекше құқықтарын қамтамасыз етуде шешуі мәнге ие.
Талқылау. Адам саудасының құрбандарын қорғау, оларға көмек көрсету және қолдау үшін оларды дұрыс сәйкестендіру қажет. Адам саудасының құрбандарының статусы заңсыз мигранттардың статусына қарағанда өзгеше мәнге ие болады. Егер адам саудасы құрбандарын дұрыс сәйкестендірмесе, олар тиісті көмек пен қажетті қорғану құқығынан айрылады, ол өз кезегінде қайта саудалануға алып келуі мүмкін. Сәйкестендірудің болмауы немесе дұрыс сәйкестендірілмеу қаупінің себептері құрбандардың өзіне немесе сәйкестендіруді жүзеге асыратын құзыретті органдардың қателігінен орын алуы мүмкін. Осылайша, адам саудасының құрбаны болған адамды дұрыс анықтау мақсатында, халықаралық және аймақтық құқықтық құжаттар мемлекеттерден сәйкестендіру кезінде қателіктерді болдырмауды қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылдауды талап етеді.
Адам саудасын анықтауда туындайтын қиындықтардың себептері әртүрлі. Мысалы, адам саудасының құрбандары өздерінің құрбанға айналғанын түсінбеуі салдарынан дер кезінде шағымданбауы мүмкін, ал қылмыс құрбанына айналғанын түсінген уақытта өздерінің мемлекеттегі тұрақсыз статусына байланысты, жергілікті заңдарды бұзғанын сезініп, жауаптылыққа тартылу қаупінен қорыққандықтан, жергілікті билік өкілдеріне сенім артпауынан көмек сұраудан бас тартады.
Билік өкілдері тарапынан адам саудасы концепциясын түсінбеуі, міндеттеме мен ресурстардың болмауы, белсенді тергеу жүргізуге және объектілерге (мысалы, жезөкшелер үйлері) рейдтер жасауға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың болуы құрбанға көмек көрсету мәселесін тудырады. Сонымен қатар, адам саудасы құрбандарының еркін жүріп-тұруы, мүмкіндігі бола тұра жұмыс орнынан қашып кетпеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қанау құрбандарын анықтауда қате түсініктер қалыптастыруы мүмкін.
Адам саудасының құрбандарын анықтауда заңсыз мигранттар мен қылмыскер арасындағы айырмашылықтарды нақтылау қажет. 2008 жылғы 4 маусымдағы № 38-ІV ҚР Заңымен ратификацияланған, Бас Ассамблеяның 2000 жылғы 15 қарашадағы 55/25 қарарымен қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттамасының 3 (а) бабына сәйкес: «мигранттарды заңсыз әкелу» тікелей немесе жанама қандай да бір қаржылық немесе өзге де материалдық пайда алу мақсатында қандай да бір Қатысушы мемлекетке оның азаматы болып табылмайтын немесе оның аумағында тұрақты тұрмайтын кез келген адамның заңсыз кіруін қамтамасыз етуді білдіреді»[7].
Мигранттарды заңсыз әкелудің негізгің үш элемент құрайды: 1) өзге тұлғаның заңсыз кіруіне көмек көрсету; 2) қатысушы мемлекет; 3) қаржылық немесе өзге де материалдық пайда алу мақсаты. Теориялық тұрғыда адам саудасы мен заңсыз мигранттарды әкелу арасында үш негізгі айырмашылықты атап өтуге болады. Бұл айырмашылықтар адамды қанау элементтерімен, трансұлттылық және екі қылмыс арасындағы байланысқа байланысты болады. Әдетте, заңсыз әкелген мигрант немесе делдал контрабандашыға ақшаны белгіленген пунктке келгеннен кейін немесе дейін береді. Контрабандашы мен заңсыз әкелінген мигрант арасында шекараны заңсыз кесіп өткеннен кейін, яғни белгіленген пунктке жеткеннен кейін байланыс үзіледі. Контрабандашыда заңсыз әкелінген мигрантты келгеннен соң қанау ниеті болмайды. Керісінше, адам саудасының мақсаты үнемі құрбанды қылмыскер тарапынан қанауға ұшырату болып саналады. Себебі адамды саудалаушылардың негізгі материалдық табыс көзі адамды қанау арқылы жүзеге асырылады. Екіншіден, мигранттарды заңсыз әкелу трансұлттық сипатқа ие, себебі мигранттарды заңсыз әкелудің немесе соған байланысты әрекеттердің мақсаты әрқашан адамның бір елден екінші елге заңсыз кіруіне немесе сол елде болуына ықпал ету болып табылады. Мигранттарды заңсыз әкелуге қарағанда адам саудасы шекарадан асу арқылы немесе бір мемлекеттің ішінде болуы мүмкін. Үшінші айырмашылық, заңсыз келген мигрант тарапынан өзге елге заңсыз кіруге өзінің келісім болады. Ал адам саудасының құрбандарының басым көпшілігі өз келісімін бермейді, немесе адам сатушылар тарапынан қорқыту, алдау арқылы алынған келісім болады, әдетте ол келісімнің күшін жояды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, теориялық тұрғыдан иммигранттарды заңсыз әкелу мен адам саудасы арасында айырмашылықтар бар және оларды атап өтуге болады. Алайда, іс жүзінде екі қылмысты ажырату әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Мұның бірнеше себептері бар. Олардың бірі-адам саудасының құрбаны болған адам өз маршрутын заңсыз әкелінген адам ретінде бастауы мүмкін, және адам саудагерлері күдік тудырмау мақсатында заңсыз шекараны өткеннен кейін өз қызметінің өтеуін талап етеді. Кейде қылмыскерлердің алғашқы мақсаты контрабандалық жолмен шекараны өткізу болса, кейін тиімді сәтті пайдаланып қалу мақсатында және қаржылық жағынан мол пайдаға кенелу мақсатында контрабандашылар адам саудагеріне және адамды қанаушыға айналып жатады.
Жоғарыда аталған мәселелер көптеген елдерде адам саудасының құрбандары сәйкестендірлмейді, немесе халықаралық сауда объектісіне айналған тұлғаларды заңсыз мигранттар, заңсыз жұмысшылар немесе заңсыз әкелінген мигранттар ретінде қате сәйкестендіруге әкеледі. Адам саудасының құрбандарын дұрыс сәйкестендірмеу оның құрбан ретінде қолдана алатын құқықтарына шектеу қояды.
Егер адам саудасының құрбаны болған адам қылмыскер, заңсыз немесе заңсыз әкелінген иммигрант ретінде мүлде анықталмаса немесе қате анықталмаса, бұл адамның өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру қабілетіне тікелей әсер етеді. Қысқаша айтқанда, адам саудасының құрбандарын тез және дәл анықтай алмау мұндай адамдарға берілген кез-келген құқықты жалған етеді[8].
Халықаралық құқық адам саудасының құрбандарына заңсыз әкелінген мигранттарға қарағанда жеңілдіктер мен құқықтар көлемі кеңірек берілген. Адам саудасының құрбандарына берілетін құқықтарға, атап айтқанда, олар орналасқан мемлекеттің жедел қолдау құқығы және одан әрі қанау мен залалдан қорғау, қауіпсіз және ерікті түрде оралу құқығы, сондай-ақ жеткілікті және тиісті қаражат алу құқығы кіреді.
Халықаралық және өңірлік құқықтық актілер қатысушы мемлекеттерге адам саудасының құрбандарын анықтау жөнінде шаралар қабылдауға міндеттеме жүктейді. Бұл шараларға қатысушы мемлекеттер немесе ұлттық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық, шекараларды анықтау, Ұлттық нұсқаулар мен рәсімдерді дайындау және дамыту кіреді. Алайда, жүктелген міндеттемелер кейде екі жағы болады және мемлекеттердің одан әрі тәжірибесі олардың өте шектеулі нәтиже беретіндігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында адам саудасының құрбандарына көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі бар. Бұл жүйе шегінде тек адам саудасының құрбаны ретінде сәйкестендірілген адамға ғана көмек көрсету бойынша қызметтер топтамасы қаржыландырылады. Аталған жүйе ықтимал құрбандарды анықтау және оларды сәйкестендіру бойынша жұмыс көлемін қаржыландырмайды. Адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) құрбандарды анықтау бойынша шараларды өз күштерімен жүргізеді, дегенмен жобалық қаржыландыруға тәуелділік толық қызмет жасауға кедергі келтіреді.
Қазақстан Республикасы «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты» адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру, оларға көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетудің түрлері мен процедурасы анықталған[9].
Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттамасы (әрі қарай Хаттама) шекарада ақпарат алмасуды, оқытуды және сәйкестендіруді қажет етеді. Хаттаманың 10-бап(1)(a) сәйкес халықаралық шекаралардан кіру/шығу құжаттарынсыз немесе басқа адамдардың құжаттарымен өтетін немесе өтуге тырысатын адамдар адамдарды сатушы немесе осындай сатудың құрбандары болып табылады[10]. Шекаралық бақылауға келетін болсақ, 11-баптың 1-бөлігінде «қатысушы елдер адам саудасының алдын алу және анықтау үшін қажет болуы мүмкін шекаралық бақылауды барынша күшейтеді» делінген.
Іс жүзінде шекарашылар құрбандарды анықтау міндетін қиын деп санайды және көптеген құрбандар анықталмағанын мойындайды. Себептердің бірі – шекарадағы көптеген құрбандар бір күні олар баратын елдегі адам саудасының құрбаны болатынын білмейді, сондықтан олар өз жағдайына шағымдану үшін шекарашыларға жүгінбейді. Шекарашылар адамдардың қанауға ұшыраған белгілерін анықтай алады, бірақ қандай да бір қанау болғанға дейін адам саудасының құрбандары немесе ықтимал құрбандары шекарада ұсталған жағдайларда оларды анықтау өте қиын. Шекара қызметкерлері ықтимал адам саудасының құрбандарымен қарым-қатынас орнату уақыты өте шектеулі және шекара қызметкерлері барлығымен сөйлесе бермейді[11].
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың қолдауымен еліміздің әртүрлі өңірлерінде адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді, Адам саудасының құрбандарына арналған баспаналар құрылуда, онда оларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Осындай ҮЕҰ «Родник» орталығының базасында 2006 жылдан бастап адам саудасының құрбандарына айналған 149 адамға еліне оралуға, заң көмегі, медициналық және психологиялық көмек көрсетілген[12].
Қазақстанда адам саудасының құрбандарын анықтау бойынша нәтижелі көрсеткіштерге Үкіметтік емес ұйымдар жетіп отыр. Адам саудасының құрбандары құқық қорғау қызметкерлеріне қарағанда ҮЕҰ мүшелеріне сенімі мол екенін атап өткен.
Аймақтық құқықтық актілер сонымен қатар Адам саудасын алдын алуда құрбандармен немесе ықтимал құрбандармен байланыста болуы мүмкін тиісті өкілетті тұлғаларға көмек көрсету үшін әдістемелік нұсқаулықтарды ұсынудың маңыздылығын көрсетеді.
Тиісті лауазымды тұлғаларға құқық қорғау органдарының, миграциялық және әлеуметтік қызметтердің қызметкерлері, елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлері және шекарашылар кіреді. Алайда, іс жүзінде әлемнің әр түкпірінен келген бақылаушылар әлі де тұрақты және мамандандырылған дайындықтың жоқтығын атап өтеді, бұл қызметкерлердің құрбандарды тез және дәл анықтау қабілетін айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар, біздің ойымызша, адам саудасының құрбандарын анықтауда жедел жәрдем қызметкерлерінің атқаратын рөлі зор. Жедел жәрдем қызметкерлері уақытылы және дер кезінде ықтимал адам саудасының құрбандарын анықтап, оларға қатысты тиісті шешім қабылдау бойынша дайындықтары болуы керек.
Бұдан басқа, өңірлік құқықтық актілер қатысушы мемлекеттерден өздерінің құзыретті органдарының бір-бірімен немесе қолдаушы ұйымдармен ынтымақтасуын қамтамасыз етуді талап етеді. Соңғысы, мысалы, психологтар немесе мемлекеттік сектордың немесе коммерциялық емес ұйымның әлеуметтік қызметкерлері болуы мүмкін. Мұндай қолдау ұйымдарымен ынтымақтастық маңызды шара болып табылады, әсіресе дайындықтың болмауына байланысты полиция немесе сот қызметкерлері адам саудасының құрбанын заңсыз әкелінген немесе заңсыз мигранттан ажырата алмаса, құрбандарды анықтауға және дұрыс қорғауға көмектесе алмайды.
Жәбірленушінің мәртебесін ресми түрде анықтау — бұл уақытты қажет ететін процесс (апталар немесе айлар). Осылайша, қылмыстық қудалаудың орнына адам құқықтарын қорғау тәсіліне сүйене отырып, Еуропалық адам саудасы конвенциясы мен ЕО-ның Адам саудасына қарсы Заңы шектеулі мәнге ие, өйткені олар адамның осалдығын анықтауға мүмкіндік бергенімен, олар заңсыз әкелінген мигранттар арасындағы айырмашылықты анықтауға көмектеспейді.
Қорытынды. Адам саудасының құрбандарын тез және дәл анықтау олардың ұлттық және халықаралық құқықтарға сәйкес тиісті құқықтарға, көмекке, қолдауға және қорғауға ие болуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Сондықтан халықаралық және өңірлік құқықтық актілерде адам саудасы қылмысын әшкерелеу бойынша мемлекеттердің күш-жігерін жеңілдетуге және күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар көзделген. Бұл шараларға ресми қызметтермен немесе қолдау ұйымдарымен ынтымақтастық, жәбірленушілермен байланыста болуы мүмкін қызметкерлерді және басқа адамдарды арнайы даярлау, заңнамалық және басқа да шаралар (құралдар, нұсқаулықтар, индикаторлар және т.б.) қабылдау, сондай-ақ шекаралық бақылау кіреді. Алайда құрбандарды анықтау маңызды мәселе болып қала береді. Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғам мүшелерінің үлкен күш-жігеріне қарамастан, адам саудасы әлі де көрінбейтін қылмыс болып табылады.
Сәйкестендірудің төмен деңгейінің көптеген себептері бар, соның ішінде бір жағынан алдыңғы қатардағы қызметкерлердің хабардар болмауы мен ресурстарының жеткіліксіздігі, екінші жағынан, жәбірленушілердің сыбайлас жемқорлық пен құзыретті органдардың серіктестігі туралы түсінігі. Егер адам құқық қорғау органдарының қызметкерлері, шекарашылар, ҮЕҰ қызметкерлері сияқты жедел әрекет ету қызметтеріне жүгінуге жеткілікті сенімділікке ие болмаса және өзін құрбан ретінде тани алмаса, оның ешқашан адам саудасының құрбаны ретінде анықталмау және ешқашан тиісті қолдау мен қорғаныс қызметіне жіберілмеу қаупі жоғары.
Жылдам және дәл сәйкестендіру мәселесін шешу үшін келесідей шешімдер ұсынылды. Баратын елдерді, транзит елдерін, сондай-ақ шыққан елдерді құзыретті органдардың белсенді анықтауы үшін көбірек күш салу қажет.
Әдебиеттер тізімі
- Рабство в наши дни: 50 млн человек принуждают к труду или браку // https://news.un.org/ru/story/2022/09/1431301. Жүгіну күні: 01.02.2023.
- 50 млн человек в мире принуждают к труду или браку. Международная Информационное Агенство Kazinform // https://www.inform.kz/ru/50-mln-chelovek-v-mire-prinuzhdayut-k-trudu-ili-braku_a3978044. Жүгіну күні: 01.02.2023.
- Махсутов Р. Как пресечь факты торговли людьми? / Юридическая газета. № 92 (3693) // https://www.gazety.kz/i/Archive/307.pdf. Жүгіну күні: 01.02.2023.
- For a thorough analysis of the root causes of human trafficking, see Louise Shelley, Human Trafficking: A Global Perspective (Cambridge University Press, 2010) 37-58.
- US Department of State, 3Ps: Prosecution, Protection, and Prevention // https://www.state.gov/404. Жүгіну күні: 01.02.2023.
- Агыбаева Л. Рабство XXI века // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id =38624273&pos=6;-108#pos=6;-108. Жүгіну күні: 01.02.2023.
- 2008 жылғы 4 маусымдағы № 38-ІV ҚР Заңымен ратификацияланған, Бас Ассамблеяның 2000 жылғы 15 қарашадағы 55/25 қарарымен қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге қарсы хаттамасы // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000038_. Жүгіну күні: 01.02.2023.
- Права человека и торговля людьми. Изложение фактов № 3 ООН. — Нью-Йорк-Женева, 2014. С. 15 // https://www.ohchr.org/sites/default/files/ Documents/ Publications/ FS36_ru.pdf
- Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013543. Жүгіну күні: 01.02.2023.
- Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 маусымдағы № 37-IV Заңы // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000037_ Жүгіну күні: 01.02.2023.
- International Organization for Migration, Identification and Protection Schemes for Victims of Trafficking in Persons in Europe: Tools and Best Practices (IOM, December 2005) 14.
- Бекирова А. В Казахстане большинство жертв торговли людьми вербуется для трудовой эксплуатации // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31183018&pos=3;-53#pos=3;-53 Жүгіну күні: 01.02.2023.
References
- Rabstvo v nashi dni: 50 mln chelovek prinuzhdayut k trudu ili braku // https://news.un.org/ru/story/2022/09/1431301. data obrashcheniya: 01.02.2023.
- 50 mln chelovek v mire prinuzhdayut k trudu ili braku. Mezhdunarodnaya Informatsionnoye Agenstvo Kazinform // https://www.inform.kz/ru/50-mln-chelovek-v-mire-prinuzhdayut-k-trudu-ili-braku_a3978044. data obrashcheniya: 01.02.2023.
- Makhsutov R. Kak presech’ fakty torgovli lyud’mi? / Yuridicheskaya gazeta. № 92 (3693) // https://www.gazety.kz/i/Archive/307.pdf. data obrashcheniya: 01.02.2023.
- For a thorough analysis of the root causes of human trafficking, see Louise Shelley, Human Trafficking: A Global Perspective (Cambridge University Press, 2010) 37-58.
- US Department of State, 3Ps: Prosecution, Protection, and Prevention // https://www.state.gov/404. data obrashcheniya: 01.02.2023.
- Agıbaeva L. Rabstvo XXI veka // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id =38624273&pos=6;-108#pos=6;-108. data obrashcheniya: 01.02.2023.
- Protokol protiv nezakonnogo vvoza migrantov nazemnym, morskim i vozdushnym putem, dopolnyayushchiy Konventsiyu Organizatsii Ob»yedinennykh Natsiy protiv transnatsional’noy organizovannoy prestupnosti, ratifitsirovannyy Zakonom RK ot 4 iyunya 2008 goda № 38-IV, prinyatyy rezolyutsiyey General’noy Assamblei ot 15 noyabrya 2000 goda 55/25 // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000038_. data obrashcheniya: 01.02.2023.
- Prava cheloveka i torgovlya lyud’mi. Izlozheniye faktov № 3 OON. — N’yu-York-Zheneva, 2014. S. 15 // https://www.ohchr.org/sites/default/files/ Documents/ Publications/ FS36_ru.pdf
- Standart okazaniya spetsial’nykh sotsial’nykh uslug zhertvam torgovli lyud’mi // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013543. data obrashcheniya: 01.02.2023.
- Zakon Respubliki Kazakhstan ot 4 iyunya 2008 goda № 37-IV «O ratifikatsii Protokola o preduprezhdenii i presechenii prodazhi i nakazanii za neye lits, osobenno zhenshchin i detey, dopolnyayushchikh Konventsiyu Organizatsii Ob»yedinennykh Natsiy protiv transnatsional’noy organizovannoy prestupnosti» // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000037_ data obrashcheniya: 01.02.2023.
- International Organization for Migration, Identification and Protection Schemes for Victims of Trafficking in Persons in Europe: Tools and Best Practices (IOM, December 2005) 14.
- Bekirova A. V Kazakhstane bol’shinstvo zhertv torgovli lyud’mi verbuyetsya dlya trudovoy ekspluatatsii // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31183018&pos=3;-53#pos=3;-53 data obrashcheniya: 01.02.2023.