Г. К. Сагиева — (Ақтөбе қ.) Баишев Университетінің «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты
Д. А. Бисекенова — (Ақтөбе қ.) Баишев Университетінің «Құқықтану» мамандығының 4- курс студенті
Сагиева Г. К. — заведующая кафедрой «Права и общеобразовательных дисциплин» Баишев Университета (г. Актобе), кандидат юридических наук
Бисекенова Д. А. — студент 4 курса специальности «Юриспруденция» Баишев Университета (г.Актобе)
Sagieva G. K. — Head of the Department of «Law and General Education Disciplines» of Baishev University (Aktobe), Candidate of Law
Bisekenova D. A. — 4th year student of the specialty «Jurisprudence» of Baishev University (Aktobe)
ӘОЖ 346.9
ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА МЕДИАЦИЯ РӘСІМІН ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ
ПРАКТИКА ПРИМЕНЕНИЯ ПРОЦЕДУРЫ МЕДИАЦИИ В УСОВИЯХ ПАНДЕМИИ
PRACTICE OF THE MEDIATION PROCEDURE IN THE CONTEXT OF A PANDEMIC
ТҮЙІН Бүкіл әлемдегі коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне қатысты бүкіл елде әртүрлі іс-шараларды өткізуге шектеу немесе толықтай тыйым салынған. Бұл жағдай еліміздің әр азаматының күнделікті өміріне әсер етті. Өзін-өзі оқшаулап отырған отбасылар, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы даулар күшейе түсті. Осындай уақытта жақсы қарым-қатынасты сақтау, жанжалдарды болдырмау әрқайсымыз үшін маңызды фактор болып табылады. Пандемия дауларды шешудің баламала рәсімдері үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұл мақала пандемия кезінде медиация рәсімін қолдану ерекшеліктеріне арналған. АННОТАЦИЯ Данная статья посвящена особенностям применения процедуры медиации во время пандемии. Ограничение или полный запрет на проведение различных мероприятий по всей стране, связанных с введением чрезвычайного положения в связи с пандемией коронавируса во всем мире. Эта ситуация повлияла на повседневную жизнь каждого гражданина нашей страны. Обострились споры между самоизолированными семьями, работодателем и работником. Поддержание хороших отношений в такое время, избегание конфликтов — важный фактор для каждого из нас. Пандемия открыла новые возможности для альтернативных процедур разрешения споров. ANNOTATION This article is devoted to the peculiarities of the mediation procedure during the pandemic. Restriction or complete ban on various events throughout the country related to the introduction of a state of emergency in connection with the coronavirus pandemic worldwide. This situation has affected the daily life of every citizen of our country. Disputes between self-isolated families, employer and employee have escalated. Maintaining good relationships at such a time, avoiding conflicts is an important factor for each of us. The pandemic has opened up new opportunities for alternative dispute resolution procedures. Ключевые слова: пандемия, медиация, COVID-19, бейнеконференция, сот, дауларды баламалы шешу. Түйінді сөздер: пандемия, медиация, COVID-19, видеоконференция, суд, медиатор, альтернативное разрешение споров. Keywords: pandemic, mediation, COVID-19, video conference, court, mediator, alternative dispute resolution. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялануына байланысты, 2020 жылғы 11 наурызда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызда 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуірде 07 сағат 00 минут мерзімге төтенше жағдай енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 Жарлығы мен төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 11 мамырда 00 сағат 00 минутқа ұзартылды[1]. Біз қаласақ та, қаламасақ та біздің әлем әрдайым өзгеріп тұрады. Жаңа технологиялардың пайда болуымен, адамдарға қажет және қолдануға болатын жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Менің ойымша, пандемия халықты әлі де білмейтін осындай технологияларды үйренуге итермеледі. Баршамызға мәлім пандемия басқаша айтқанда жаһандық оқшаулау әлі де жалғасын табуда. Коронавирустық пандемия бүкіл әлемнің қоғамдық іскерлігі мен әлеуметтік белсенділігін төмендетті. Covid-19 вирустің алдын алу жолдары, яғни әлеуметтік алыстау шаралары біраз уақыт бойы өз күшінде болатыны анық. Бірақ бұндай кезеңде де даулардың себептері жоғалып немесе керісінше артта түсті. Психология ғылымына сүйенсек, әрбір адамның бойында көңіл-күйін, жағдайын басқаратын төрт фактор қызмет етеді. Қазіргі кезде басым болып отырған эмоционалды фактор, ол адамның денсаулығына әсер ету арқылы дауға, қақтығысқа, жанжалға жол беріп отыр[2]. Өз үйінің кеңістігінде өзін-өзі оқшаулау барысында отбасында орын алатын қақтығыстар артып келеді. Тіптен ажырасуға өтініштердің саны артуда. Өтініштердің көпшілігі сот мекемелеріне түсетіні анық. Бірақ, сот арқылы шешілген отбасылық даулар көп жағдайда татуласу емес, ажырасу немесе баланың қай ата-анамен қалатынын анықтаумен аяқталады. Қазақстанда сот ісі қашықтықтан жүргізіледі. Енді барлық істер онлайн режимде қаралып жатыр[3]. Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов істерді онлайн режимде қарау қалыпты жағдайға айналғанын айтады. Бұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін бүкіл елдің соттарында 152 мобильді бейнеконференцбайланыс серверлері жұмыс жасауда. Мобильді бейнеконференцбайланыс, сондай-ақ WhatsApp, Skype т.б. көмегімен 4000-нан астам сот ісі жүргізілді. Бұл үшін тек «Сот кабинетіне» арыз беріп, оған сотпен бейнеконференцбайланысқа шығу уақыты хабарланады, — дейді Айдос Садуақасов. Яғни, Қазақстанда сот онлайн режимде сот отырысын жүргізуге дайын екенін көрсетеді. Бірақ, сот қызметкерлері төтенше жағдай аяқталғанға дейін сот ісін кейінге қалдыруға немесе сотқа дейін, соттан тыс татуласуға шақырады[4]. Ол үшін «Сот кабинетінде» қазіргі таңда «Онлайн татуласу» қол жетімді. Ол жерден дауларды сотқа жеткізбей шешуге көмектесетін медиаторлар тізімін табуға болатынын айтады. Пандемия — әлеуметтік алыстау кезінде дауды қалай тиімді шешуге болады? Жаппай әлеуметтік алыстау дауларды шешудің балама рәсімдеріне жаңа мүмкіндіктер ашады. Пандемия кезінде онлайн режимде медиация рәсіміне жүгіну мүмкін болды, тіпті кейде қажет болды. Медиация рәсімін онлайн режимде өткізу артықшылықтарын туралы айтатын болсақ:- қашықтықты сақтай отырып, денсаулықты уайымдамай сөйлесе аласыз;
- қаражат пен уақытты үнемдей аласыз;
- мүмкіндігі шектеулі тараптар үшін қол жетімді;
- кездесуге ыңғайлы уақыт таңдай аласыз;
- географиялық шектеулер жоқ, бұл біздің кең мемлекетіміз үшін өте маңызды.
- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы (2020.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // https://online.zakon.kz/document/?doc_id=30928762.
- Манина И.И. Влияние особых условий на формирование смысл о жизненных и ценностных ориентации подростков // Психологические проблемы смысла жизни и акме. — 2020. — № 15 // URL: https://cyberleninka.ru/article/n/vliyanie-osobyh-usloviy-na-formirovanie-smyslozhiznennyh-i-tsennostnyh-orientatsii-podrostkov (дата обращения: 20.02.2021).
- Вольтон Д. Информация не значит коммуникация / Пер. с фр. Н.Н. Цветковой; отв.ред. К.Г. Сальберг-Вачнадзе. 2-е изд. — М.: ПОЛПРЕД, Справочники, 2011. С. 23 // URL: https://www.studmed.ru/volton-d-informaciya-ne-znachit-kommunikaciya_cf58476e2e9.html (дата обращения: 19.01.2021).
- Ескали Р. Новые онлайн возможности медиации в условиях карантина // Ассамблея народа Казахстана // https://assembly.kz/ru/news/novye-onlayn-vozmozhnosti-mediatsii-v-usloviyakh-karantina/ (дата обращения: 15.01.2021).
- Удаленная медиация в период пандемии // https://iqdecision.com/udalennaja-mediacija-v-period-pandemii/ (дата обращения: 20.02.2021).
- Альтекова Н. Приём онлайн, виртуальный кабинет и межэтническое согласие. Как работает медиация в Алматы на карантине. / информ Бюро. — 2020. // https://news.myseldon.com/ru/news/index/234374560 (дата обращения: 03.02.2021).
- Бойкова А.В., Малючков Д.Г. Применение процедуры медиации в условиях пандемии коронавируса // Международный журнал гуманитарных и естественных наук. — 2020. — № 7-2 // URL: https://cyberleninka.ru/article/n/primenenie-protsedury-mediatsii-v-usloviyah-pandemii-koronavirusa (дата обращения: 20.02.2021).