МРНТИ 10.79.37
УДК 343.182
Сахарбай Арман — Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ғылыми зерттеу орталығының бастығы, полиция подполковнигі, заң ғылымдарының магистрі (Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ.)
АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Түйін. Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасындағы қылмыстық процеске қатысушылардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан процестік бұзушылықтың туындауына орай түзілетін ақшалай өндіріп алу туралы сұрақтар қарастырылады.
Қылмыстық процестік мәжбүрлеудің өзге де шараларының бірі — ақшалай өндіріп алуды қолдануға байланысты қолданыстағы зерттеулерге талдау жүргізіледі. Ақшалай өндіріп алудың құқықтық реттелуіне қатысты отандық және шетел заңнамаларына зерделеу жасалды.
Мақаланың басты мақсаты — қылмыстық процестегі ақшалай өндіріп алудың құқықтық табиғатын зерттеп заңнамадағы негізгі орнын айқындау, шынайы құқықтық тағайындалуын анықтау.
Қылмыстық процестегі ақшалай өндіріп алуды тағайындаудың құқықтық сұрақтарына қатысты шетел тәжірибелері зерделенді. Мысалы, Бельгия, Франция, Германия, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, АҚШ елдерінің қылмыстық іс жүргізулік заңнамаларындағы айыппұл сипатындағы шараларына талдау жасалды. Олардың отандық заңнамамыздағы ақшалай өндіріп алу шарасымен салыстырмалы тұрғыда талдау жүргізілді. Көрсетілген жұмыстар ұсынылып отырған мақаланың нәтижелері ретінде көрініс табады.
Түйінді сөздер: қылмыстық процесс, қылмыстық іс жүргізу, мәжбүрлеу шаралары, қылмыстық-процестік мәжбүрлеу, ақшалай өндіріп алу, процестік мәжбүрлеудің өзге де шаралары, қылмыстық процеске қатысушылар, тағайындау, құқықтық реттелуі.
Сахарбай Арман — начальник научно-исследовательского центра Актюбинского юридического института МВД Республики Казахстан им. М. Букенбаева, магистр юридических наук, подполковник полиции (Республика Казахстан, г. Актобе)
ПРАВОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ ДЕНЕЖНОГО ВЗЫСКАНИЯ
Аннотация. В статье рассматриваются вопросы денежного взыскания, образующегося в связи с возникновением процессуального нарушения в результате неисполнения или ненадлежащего исполнения участниками уголовного процесса возложенных на них обязанностей в рамках Уголовно-процессуального законодательства Республики Казахстан.
Проводится анализ существующих исследований, связанных с применением одной из иных мер уголовно-процессуального принуждения — денежного взыскания. Проведено изучение отечественного и зарубежного законодательства, касающегося правового регулирования денежных взысканий.
Основная цель статьи — изучить правовую природу денежного взыскания в уголовном процессе, определить его основное место в законодательстве, определить истинное правовое назначение.
В связи с чем изучен зарубежный опыт по правовым вопросам назначения денежного взыскания в уголовном процессе. Например, проведен анализ мер штрафного характера в уголовно-процессуальном законодательстве Бельгии, Франции, Германии, Азербайджана, России, Узбекистана, Китая, США в сравнении с отечественным законодательством. Указанные работы отражаются как результаты представляемой статьи.
Ключевые слова: уголовный процесс, уголовное производство, принудительные меры, уголовно-процессуальное принуждение, денежное взыскание, иные меры процессуального принуждения, участники уголовного процесса, назначение, правовое регулирование.
Saкharbay Arman — head of the scientific research center of the Aktobe law institute of the Ministry of internal affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bokenbayev, master of law, lieutenant colonel of the Police (Republic of Kazakhstan, Aktobe)
Annotation. The article discusses the issues of monetary penalties resulting from the occurrence of a procedural violation as a result of non-fulfillment or improper fulfillment by participants in the criminal process of their duties under the Criminal procedure legislation of the Republic of Kazakhstan.
The analysis of existing studies related to the application of one of the other measures of criminal procedural coercion — monetary punishment is carried out. The study of domestic and foreign legislation concerning the legal regulation of monetary penalties has been carried out.
The main purpose of the article is to study the legal nature of monetary penalties in criminal proceedings, to determine its main place in legislation, to determine the true legal purpose.
In this connection, foreign experience on legal issues of imposing monetary penalties in criminal proceedings has been studied. For example, the analysis of punitive measures in the criminal procedure legislation of Belgium, France, Germany, Azerbaijan, Russia, Uzbekistan, China, and the United States in comparison with domestic legislation was carried out. These works are reflected as the results of the submitted article.
Keywords: criminal procedure, criminal proceedings, coercive measures, criminal procedural coercion, monetary penalty, other measures of procedural coercion, participants in criminal proceedings, appointment, legal regulation.
Кіріспе. Заманауи кезеңде қылмыстық-процестік қарым-қатынас шеңберінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғау алғы шепте тұр, сол себептен қылмыстық процесс барысында өздерінің процессуалдық міндеттерін тисті деңгейде орындамаған қатысушыларға олардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолдануды азайту қажет. Мұндай мәжбүрлеу шараларының көлемі қарастырылып отырған ақшалай өндіріп алу шарасының арқасында азайтылуы мүмкін. Ақшалай өндіріп алу — нарықтық қатынастардың дамуы аясында өмір сүруге құқығы бар, өздерінің іс жүргізулік міндеттерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын материалдық (қаржылық) сипаттағы жауапкершілікті жүктейтін үлкен әлеуеті бар шара.
Ақшалай өндіріп алу шарасының құқықтық реттелуі қолдағы деректерге сәйкес сонау 1923 жылғы қылмыстық процестік кодексінен (бұдан әрі — ҚПК) бастау алған. Қазақстан Республикасының ҚПК-і 1923 жылғы Кеңестік Одақ (бұдан былай — КО) кезеңіндегі ҚПК-де болған көптеген құқықтық нұсқаулықтарды және ақшалай өндіріп алу мен айппұлдарды қолдануды реттейтін нормаларды сақтап қалды. Дегенмен, заңнама кейбір нормалардан бас тартып, бір мезгілде ескі нормалардан өзгеше айырмашылықтары бар жаңа нормаларды тұжырымдады. Біздің зерттеуіміз үшін ақшалай өндіріп алуды процеске қатысушылар мен өзге де тұлғаларға қатысты қолданудың дамуы серпініндегі құқықтық негізін талдау күмәнсіз қызығушылықты танытып отыр. Мұндай талпыныс ақшалай өндіріп алудың тиімділігін, толықтығын, осыған қатысты қылмыстық-процестік заңнамасын әрмен қарай жетілдіру бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
Негізгі бөлім. Кейбір зерттеушілердің айтуынша 1923 жылғы КО ҚПК-де қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты ақшалай өндіріп алу мүлдем қарастырылмаған. Біздің пікірімізше, бұл қате пікір. Оған дәлел ретінде КО ҚПК-ң 261-бабын мысалға келтіреміз. Онда: «Сот отырысында төрағалық етушінің өкіміне бағынбаушылық әрекеттерін білдірген тұлғаға айыппұл салынады», делінген[1]. Сонымен қатар, айыпталушы мен күдіктінің тергеу барысында дұрыс мінез-құлық пен жүріп тұруын қамтамасыз етуге кепілгерлік берген тұлға өзінің міндеттерін тиісті түрде атқармаған жағдайда, онда оған қатысты мүліктік өндіріп алу жүргізілетіндігі көрсетілген және аталған заңның 57-бабына сәйкес, іс жүргізуге қатысуға қасақана жалтарған немесе өзінің процессуалдық міндеттерін орындамаған аудармашыға ақшалай өндіріп алу қолданылған. Осы жерде аудармашыға ақшалай өндіріп алу шарасын қолданудың негіздері ретінде келесілер танылады:
1) күдіктінің немесе айыпталушының сөздерін дұрыс аудармауы;
2) сөздерді толық аудармауы;
3) алдын ала тергеу жүргізуші органның шақыртуы бойынша қанағаттанарлық себептерсіз келмеуі.
Сонымен қатар, қылмыстық процестегі ақшалай өндіріп алудың реттелуі мен тағайындалуын ретроспективті талдау барысы бізді Ресей империясының 1864 жылы 20 қарашада қабылданған Қылмыстық іс жүргізудің жарғысына кезіктірді. Аталмыш Жарғының екінші бөлімінің 69 бабында: «Куә мен жәбірленуші қанағаттанарлық себептерсіз көрсетілген уақытта іс жүргізуге қатысуға келмесе соттың анықтауымен ақшалай өндіріп алуға тартылады …» немесе 7 бөлімнің 438 бабында «куә іс жүргізуге қатысу үшін шақырту қағазын алғаннан кейін себепсіз келмесе, онда соттық тергеуші оған ақшалай өндіріп алу қолданылады», делінген[2].
Ақшалай өндіріп алуға қатысты Н. А. Громов пен С. А. Полунин өздерінің пікірін былайша көрсетті: «Қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу барысында орын алған құқықбұзушылық оқиғасынан бастап шақырту бойынша келуден қасақана жалтарған куәға қатысты ақшалай өндіріп алудың салынғанына дейін ұзақ мерзім өтеді. Соған қоса, қарастырылып отырған іс жүргізулік санкцияны жүзеге асыру тәртібінің өзі (тергеушінің хаттама толтырып сотқа жолдауы) сотқа дейінгі тергеу жүргізу органының аталмыш шараны практикада сирек қолданылатындығын айқындайды. Мәселен, тергеуші мен анықтаушының құзыретіндегі зерделенген 245 қылмыстық істің тек екеуінде ғана сотқа дейінгі тергеу барысында келуден қасақана жалтарған куәға қатысты ақшалай өндіріп алудың қолданылғандығы туралы мағлұматтар болған»[3].
Бұл көзқарас белгілі бір күмән туғызады, өйткені, тергеу органына келуден жалтарған куәға қатысты ақшалай өндіріп алудың сирек қолданылатындығы осы мәселені реттейтін тиісті норманы тәжірибелік қызметкерлердің дұрыс түсінбейтіндігін куәландыруы мүмкін.
Негізінен КО ҚПК көрсетілген ақшалай өндіріп алу шарасын алдын ала тергеу мен сот отырысының кез келген сатысында қолдану мүмкіндігін А. П. Рыжаков[4] пен А. Ф. Родин көрсеткен болатын. Осы мәселе бойынша А. Ф. Родин: «Бұл норманың қылмыстық-процестік кезеңдерінің нақты біреуіне ғана тәуелді емес, себебі ол ҚПК-нің «Жалпы ережелер» тарауында орналасқан, сол себептен қарастырылып отырған норма қылмыстық іс жүргізудің барлық сатысына ортақ екендігін мойындау қажет. ҚПК-нің 323-б. мәні бойынша, тергеуші құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырып, оның қаралуы үшін сотқа жолдауы қажет. Бірақ, заңнаманың мұндай құжаттардың рәсімделуін реттемеуі тәжірибелік қызметкерлерді күрделі жағдайға қояды»[5].
Жеке кепілгерлік пен кәмелетке толмағанды қарауына беру түріндегі бұлтартпау шараларын қолдануға байланысты КО ҚПК 94, 394-баптары жеке кепілгерлік берушіден және жасы кәмелетке толмағанды қарауына алған ата-аналарынан, қамқоршылары мен қорғаншыларынан ақшалай өндіріп алу шарасын тағайындау арқылы ақшалай өндіріп алу мүмкіндігін анықтады. Өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқан немесе жалтарған маманға, сондай-ақ КО ҚПК 133-б. негізінде ақшалай өндіріп алу тағайындалуы мүмкін болған.
Назар аударатын жағдай, бұл КО ҚПК негізінде өздерінің іс жүргізулік міндеттерін орындамаған тұлғаға қатысты мүліктік жауапкершілікті қолдану сұрағын шешу барысында, ақшалай өндіріп алудың көлемі сол тұлғаның іс жүргізулік жағдайына байланысты саралануы. Мәселен, аудармашы мен маманға қатысты тағайындалуы мүмкін ақшалай өндіріп алудың көлемі, еңбек ақысының ең төменгі мөлшерінің үштен бірі көлемінде анықталған. Жасы кәмелетке толмаған тұлғалар мен куәлардан еңбек ақысының ең төменгі мөлшерінің бір көлеміне бара-бар ақшалай өндіріп алыну мүмкін болған.
Қазіргі таңда ақшалай өндіріп алу шарасы Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 53-б., 55-б., 71-б., 72-б., 73-б., 74-б., 78-б., 80-б., 81-б., 82-б., 90-б., 142-б., 144-б., 155-б., 156-б., 159-б., 160-б., 165-б., 346-б., 352-б., 415-б., 416-б., 650-б., 651-баптарымен реттеледі. Көрсетілген баптарға сәйкес қылмыстық іс жүргізу барысында өздерінің процесуалдық міндеттерін орындаудан бас тартқан немесе тиісінше орындамаған іс жүргізуге қатысушыларға қатысты ақшалай өндіріп алу шарасы тағайындалуы мүмкін.
Біздің пікірімізше, заңнаманың ақшалай өндіріп алу сомасы көлемдерінің әртүрлі шектерін анықтауы кездейсоқтық емес. Пайымдауымызша, ақшалай өндіріп алуға тартылуы мүмкін маман мен аудармашының жауаптылықтары олардың іс жүргізудегі атқаратын қызметтеріне байланысты қарастырылған. Маман – қылмыстық процестік кеңістігіне дәлелдеуге байланысты тартылатын білгір тұлға, ол тергеу органдарына дәлелдемелерді табу, бекіту мен алу бойынша көмектеседі. Ал, аудармашы әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар туралы конституциялық принципін (ҚР Конституциясының 19б.) қылмыстық іс жүргізуде жүзеге асыруға көмектесетін қосалқы техникалық міндеттерді шешеді.
Ретроспективті талдау жүргізе отырып келесіні байқауға болады, яғни маман, аудармашы, куә, жеке кепілгерлік беруші мен жасы кәмелетке толмағанды өз қарауына алған тұлғаларға қатысты ақшалай өндіріп алуды қолдану мүмкіндігімен қатар, КО ҚПК-і еңбек ақысының ең төменгі мөлшерінің оннан бірінен бастап үштен біріне дейін сот отырысына қатысып тәртіпті бұзған тұлғаларға да қатысты қолдануды рұқсат еткен. КО ҚПК-нің 263-б. мазмұнына қарағанда, айыппұлды сот отырысы залындағы «көпшілік» санатына жататын, бірақ, іс жүргізудің қатысушылары болып табылмайтын және іс жүргізуге қатыстырылмаған тұлғаларға ғана қатысты қолдану мүмкін болған. Бұл ережеде тек куәлар ғана ерекшеленеді, өйткені, олар сот отырысында жауап берген соң сол отырыста қалып, дәл осы жағдайда «қатысушылар» қатарына қосылады.
Қазіргі таңда ақшалай өндіріп алу шарасын тағайындау саласындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, яғни ҚПК-ке «Ақшалай өндіріп алуды қолдану тәртібі» (160-бап) енгізілген сәттен бастап ҚПК-і ақшалай өндіріп алуды тағайындау үшін ӘҚБтК-не сілтеме жасамайды. Себебі 160-баптың 4-тармағында нақты санкция мөлшері (50 а.е.к.) анықталған. Осы жерден ақшалай өндіріп алуды тағайындау тәртібіне қатысты Қазақстандық заңнаманың Ресей заңнамасынан басты айырмашылығы айқындалады.
Сот отырысында белгілі бір бұзушылық орын алса, ол бойынша судья тиісті тұлғаларға қатысты әсер ету шарасын қолдану мәселесін тікелей өзі шешеді. Тәжірибеде маңызды сұрақтардың бірі — бұл сот отырысындағы тәртіп бұзушыға қатысты судья ақшалай өндіріп алуды қолдану тәртібі қандай? Осыған жауап ретінде белгілі процессуалистер сот отырысындағы тәртіптің бұзылуы жағдайында қолданылатын ақшалай өндіріп алудың жүргізілу тәртібін қысқаша түсіндіреді[6]. Яғни, олардың пайымдауынша егер, жүргізіліп отырған сот отырысында белгілі бір тәртіп бұзушылық орын алса, онда ол тәртіп бұзушылық осы сот отырысында қаралып, судьямен құқық бұзушыға қатысты ақшалай өндіріп алу немесе айыппұл қолданылуы тиіс. Ал, басқа жағдайларда мұндай шара құқық бұзушыны сотқа шақырта отырып ұйымдастырылған сот отырысында жүзеге асырылады. Шақыртылған тұлғаның сотқа келмеуі, істің сотта қаралуына кедергі болмайды. Істің сырттай қаралуына негіз болып орын алған құқық бұзушылықтың сипатталып белгіленген, сотқа дейінгі тергеу барысында түзілген хаттамасы болып табылады. Сонымен қатар, сот отырысында аудармашының, маманның, жеке кепілгерлік беруші мен куәнің тәртіп бұзушылық әрекеттері белгіленген сот отырысы барысында түзілген хаттамасы да негіз болып табылады.
Аталған құжаттар жарияланғаннан соң, тәртіп бұзушының түсініктемесі оқылады, содан, егер іске прокурор қатысқан жағдайда онда оның қорытындысы жарияланады. Содан соң, сот тәртіп бұзушыға қатысты ақшалай өндіріп алу немесе айыппұл сомасын тиісті қаулы шығара отырып анықтайды. Мұндай шешім шығарған судья, өзінің шешімін орындауын үш айға дейін кейінге қалдыруға құқылы. Шығарылған сот шешімін тәртіп бұзушы жоғарғы инстанциялық сотқа шағымдануға құқылы, сонымен қатар, прокурор да қарсылық білдіруге құқылы болып табылады. Соттың ақшалай өндіріп алуға немесе айыппұлға тарту туралы шығарылған қаулысы жеті күннен кешіктірілмей орындалуы міндетті немесе жоғарғы инстанциялық соттың, түскен шағымды қарауды аяқтағаннан соң орындалуы тиіс[7]. Осының негізінде толықтыра кетсек, сот айыпталушыға қатысты үкім шығарса, ал қылмыстық процестің басқа қатысушыларына (жәбірленушіге, куәға, куәгерге т.б.) қатысты, орын алған бұзушылық үшін қаулы шығарады. Сонымен қатар, ақшалай өндіріп алу сот отырысындағы процеске қатысушыларына (жәбірленуші, куә, маман, аудармашы және т.б.) қатысты қолданылуы мүмкін.
Сотпен өндірілген ақша арнайы құрылған жәбірленушілерге өтемақы қорына аударылады. Аталмыш қор Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы №131-VI «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңымен реттеледі. Заңның 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес аталмыш қор Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулармен толтырылады.
Алайда көрсетілген заңның тиісті бабына (10-б.) өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет, себебі Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 9 маусымдағы № 49-VII Заңымен ҚПК-дегі ақшалай өндіріп алуға тартылуы мүмкін тұлғалардың қатары өзгерген болатын.
Қылмыстық процесс саласындағы бірқатар авторлар анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға алдын ала тергеу кезеңінде процеске қатысушылармен жіберілген тәртіп бұзушылық фактісі бойынша ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануға құқық бере отырып аталмыш шараны қолдану тәртібін жеңілдету туралы пікірлерін ескермеске болмайды.
Зерттеудің «маманнан сұхбат алу» әдісін (интервью) қолдану арқылы заң ғылымдарының докторы, профессор А. Н. Ақпановтан осы мәселе бойынша мәлімет алдық. «Сіз ақшалай өндіріп алу шарасын қолдану құқығын тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға беру арқылы аталмыш шараны қолданудың тәртібін жеңілдетуді қолдайсыз ба?», — деген сұраққа А. Ақпанов: «Ия, қолдаймын. Себебі бұл жағдайға қатысты заңдық тұрғыда ешқандай бөгет көріп тұрғаным жоқ. Мәселен, учаскелік полиция инспекторы, не болмаса патрульдік полиция қызметкерлері болсын орын алған құқық бұзушылықтарды көре сала, сол уақытта және сол жерде электрондық планшеттерін немесе хаттамаларын шығарып тиісті түрде рәсімдеп айыппұл салуға құқысы бар. Ал оларға қарағанда мәртебесі едәуір биік лауазымды тұлға бола тұра анықтаушының, тергеушінің немесе прокурордың неге ондай құқықтары болмасқа», — деп жауап берді.
Осы көзқарас төңірегінде В. Н. Ветрова былай дейді: «Тергеуші орын алған процесуалдық құқық бұзушылық үшін тұлғаның конституциялық құқықтары мен мүддесіне едәуір нұқсан келтіретін шараны — мәжбүрлеп алып келуді қолдануға құқысы бар, ал ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқысы жоқ. Бұл біздің пікірімізше парадокстық жағдай болып тұр»[8], деп негізді белгіледі.
Берілген пікірді И. Е. Быховский де қолдап отыр. Оның айтуынша ақшалай өндіріп алуды қолдану құқығын анықтаушыға, тергеуші мен прокурорға беру қисынға сәйкес келеді. Ал қолданылған ақшалай өндіріп алуға шағымды прокурор мен сотқа беру мүмкіндігі-заңдылықтың сақталуының жеткілікті деңгейдегі кепілдігі болып табылады[9].
Қылмыстық процеске қатысушыларға немесе оған басқаша нысанда қатысатын тұлғаларға қатысты қолданылатын ақшалай өндіріп алуды немесе айыппұлды қолдану мәселесін қылмыстық-процестік заңнамасын мейлінше жетілдіру бойынша заңгер ғалымдардың көптеген ұсыныстарын, ресми заң проектілер мен доктриналдық көзқарастарын ескере отырып, заңшығарушы ҚР ҚПК-ін қабылдау барысында ақшалай өндіріп алудың процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретіндегі құқықтық құрылым шеңберіндегі негізгі тағайындалуын заңи тұрғыда реттеді. Осы аталған құрылымның басты элементтері болып мына жағдайлар табылады:
- Ақшалай өндіріп алу өзінің мазмұны бойынша жазалаушы сипатқа ие: ақшалай өндіріп алуды тағайындау нәтижесінде және сотпен анықталған нақты соманы жазаланған тұлға төлеген жағдайда, ол белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алатындығы, оны пайдалану мен басқара алатындығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген (26-б.). Алайда, ҚР Конституциясы азаматтардың меншік пен мүліктерін ерекше жағдайда соттық тәртіп бойынша ғана айыруды қарастырған (26-б.). Сондықтан, ҚР ҚПК-де бекітілген ақшалай өндіріп алу шарасын қолдану шешімі, тек сот тәртібімен жүргізілуі тиіс және ол мүлік иесінің мүлкін, оның қаражатын қорғау туралы конституциялық ережелерге сәйкес келеді.
- Заңнамамен ақшалай өндіріп алу бір жағынан қылмыстық-процестік қызметіндегі белгілі бір қатысушылар тобының дұрыс мінез-құлық тәртібін қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылса, ал екінші жағынан — сот талқылауы барысында тәртіптің сақталуына көмектесетін шара ретінде қарастырылады. Екі жағдайда да ақшалай өндіріп алу өзіндік мәні бойынша қылмыстық-процестік құқығы нормаларының бұзылғандығы үшін процессуалдық жауапкершілік болып табылады.
- Ақшалай өндіріп алу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасының басты және негізгі тағайындалуының бірі — қылмыстық процеске қатысушыларының өздеріне заңмен жүктелген міндеттерін бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы қылмыстық-процестік мәжбүрлеу ғылымы мыналардан бастау алады: процестік субъектілері өздеріне жүктелген — процестік міндеттерінің орындалуы құқықтық мәжбүрлеу шаралар кешенімен кепілденуінен; осы шаралардың тек қылмыстық процеспен ғана емес, сонымен қатар, басқа да құқық салаларымен реттелуінен: әкімшілік құқық, қылмыстық құқық немесе мамандандырылған заңнама мен нормативтік актілер. Қылмыстық процеске қатысушылардың өздеріне жүктелген іс жүргізулік міндеттерінің жүзеге асырылуына, осы субъектілердің тәніне әсер ету арқылы да жетуге болады.
ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты жасалған қылмыс үшін жауапкершіліктерді анықтайтын тепе-теңдік нормалар жүйесі бекітілген. Бұл нормалар ҚР ҚК-нің «Сот әділдігіне қарсы қылмыстар» атты 15-тарауында біріктірілген. Бұдан басқа, қылмыстық -процестік қызметіне қатысушылардың мүдделерін қорғауға бағыттылығы ретінде «Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар» атты 3-тарауына енгізілген кейбір қылмыстардың құрамын да қарастыру қажеттілігі туады.
Осы жерде, бірінші кезекте алдымызға қылмыстық-құқықтық нормалардың процеске қатысушыларының мінез-құлқына және оның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету әрекеттеріне әсер ету механизмін жан-жақты талдау міндетін қою керек. Осы салада қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу қылмыстық-процестік қызметіне тартылатын азаматтардың конституциялық құқықтары мен қылмыстық істер бойынша әділдікке жету кеңістігіндегі қатынастарды қорғауда үлкен рөл атқарады. Осы аталған мәжбүрлеулік-құқықтық құралдар тобын шынайы түрде іске қосып қолданбау және аталған міндеттерді ескермеу, кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту, жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген зиянды өтеу мен қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді жинауға бағытталған қылмыстық процестің күнелтуінің өзі үлкен қауіп-қатерде болар еді.
Қылмыстық процеске көрсетілетін қарсы әрекеттер әртүрлі нысандарда байқалады. Олар мынадай жағдайлармен көрсетілуі мүмкін: қылмыстық-процестік қатынастарындағы субъектілер өз міндеттерін дұрыс орындамауы; қылмыстық іс бойынша іс жүргізіп отырған лауазымды тұлға мен соттың заңды талаптарын азаматтардың елемеуі; ұйымдар мен мекемелер басшыларының соттардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолданбау; сот қызметіне заңсыз араласу, қауіп-қатер төндіру, судьяларға, анықтаушыларға, тергеушілер мен прокурорларға қарсы күш қолдану және оларға қатысты қолданылған қауіпсіздік шаралар туралы мәліметтерді жария ету.
Көрсетілген әрекеттердің қауіптілік сипатына байланысты, осы әрекеттер заңнамамен тек қылмыс ретінде ғана емес, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде де қарастырылады. Осыған орай, ҚР ӘҚБтК-дегі «Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық» атты 29-тарауына, қорғау объектісі — қылмыстық-процестік тәртібі мен сот билігі болып табылатын тиісті баптар (653-521, 525-б.) енгізілген.
Қылмыстық процеске байланысты орын алатын тәртіп бұзушылық үшін азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үрдісі, сот әділдігіне қарсы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үрдісіне қарағанда, біріншісі тиімді, әрі жедел түрде жүзеге асуымен сипатталады. Сондықтан, әкімшілік-құқықтық санкциялардың көмегімен қылмыстық іс бойынша тергеулік әрекеттер мен басқа да процессуалдық әрекеттердің жүргізілуіне, сонымен қатар, істің сотта қаралуына кедергі болатын жағдайларды жедел жою мүмкіндігі бар.
Демек, қылмыстық-процестік кеңістігіндегі құқық бұзушылық үшін әкімшілік құқық санкциялары, лауазымды тұлғалармен қолданылатын-процестік нормаларын да қорғауға жәрдемдеседі. Ал, осы әрекет қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының өздеріне ҚПК-мен жүктелген міндеттерін бұлжытпай орындауына әсер етеді.
Сонымен, процессуалдық тәртіп бұзушылық қылмыстық-процестік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерге әкеліп соғуы мүмкін.
Мәселен, куә өзіне жүктелген ҚР ҚПК-нің 78-б. көрсетілген міндеттерін қасақана орындамаса, яғни, іс бойынша қасақана жалған жауап бергені үшін, жауап беруден бас тартқаны үшін және анықтаушының, тергеуші мен прокурордың рұқсатынсыз өзіне іс бойынша белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария еткені үшін, ол ҚР ҚК-нің үш бірдей баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Мәселен, Куба елінде керісінше куә өзі іс жүргізуге қатысуға ерік білдірмесе оны көндіру мақсатында оған ақшалай өндіріп алу секілді мәжбүрлеу шарасын қолдану мүлде қылмыс болып саналады. Осындай әрекетке жол берген лауазымды тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылады[10].
Өздерінің процессуалдық міндеттерін орындамаған қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты ақшалай өндіріп алуды қолдану мүмкіндігінің бар болуының өзі, кінәлі тұлғаға заң талаптарын бұзғаны үшін және ҚПК-де рұқсат етілмеген әрекеттерді жасағаны үшін қолданылатын айыппұл сипатындағы санкциясы болып табылады.
Ю. В. Францифировтың пікірінше, ақшалай өндіріп алу қылмыспен келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларына кіреді[11]. Бұл пікірмен келісуге болмайды, өйткені, заңнама ақшалай өндіріп алудың алдына мұндай мақсатты тұжырымдамайды. Оның қолданылуы қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларымен өздеріне ҚПК-мен жүктелген міндеттерін бұзуымен және сот отырысында тәртіптің бұзылуымен шартталған. Қылмыспен келтірілген зиянға мұндай құқық бұзушылықтардың біреуі де байланысты емес және оларды өтеуді мүлде қамтамасыз ете алмайды.
Осыдан 13 жыл бұрын заң әдебиеттерінде ақшалай өндіріп алуды түп негізінен қылмыстық-процестік тәртібімен жүзеге асыруға көшу ұсыныстары айтыла бастаған болатын. Олардың бірі, отандық ғалым, заң ғылымдарының докторы Т. А. Ханов еді. Оның пікірінше: «… барлық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі қылмыстық-процестік заңнамасымен реттелуі тиіс, сонымен қатар, қылмыстық процестегі ақшалай өндіріп алу да. Ақшалай өндіріп алуды қолданудың нақты анықталған іс жүргізулік тәртібінің болуы, іс жүргізулік қатынастардың кеңістігіне кіретін тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етілуіне септігін тигізеді. Яғни, бұл шара әкімшілік іс жүргізі тәртібімен емес, тек қылмыстық — процестік тәртібімен жүзеге асырылуы тиіс.
Қылмыстық-процестік заңы мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарының ережелерін өзара айырып алу жалпы заңнамалық-құқықтық тәртіптілікке әкеледі. Ақшалай өндіріп алуды қылмыстық-процестік тұрғысындағы тәртіппен қолдануға көшу, іс жүргізулік нормаларының дұрыс сақталуын, — процестік мен әкімшілік заңдарымен бекітілген ережелерінің бір-бірімен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді. Құқықтық ретсіздіктің болуынан сақтайды. Мемлекеттік органдардың қылмыспен күресуге бағытталған қызметін жүзеге асыру тәртібі өзгеше, сондықтан, сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізудің өзіндік ерекше мақсаттары мен міндеттері бар»8.
Т. А. Ханов пен Ю. В. Францифировтың пікірлерін уәж ретінде қабылдап ақшалай өндіріп алу шарасын шетел заңнамалары тұрғысында зерделеуді жүргізейік.
Мәселен, Өзбекстан Республикасының ҚПК-нің 272-б. сәйкес сот отырысында тәртіпті бұзған немесе төрағалық етушінің өкіміне бағынбай оған құрметтемеушілік білдірген құқық бұзушыға әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертіледі.
Өзбекстанның қылмыстық іс жүргізулік заңнамасы бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында өздерінің процесуалдық міндеттерін орындаудан бас тартқан тұлғаға ақшалай өндіріп алумен қатар айыппұл да қолданылуы мүмкін. Себебі, ҚПК-нің 274-бабында: «ақшалай өндіріп алу мен айыппұлды қылмыстық істі қарауға құзыретті сот заңда көрсетілген тәртіппен тағайындайды. Егер тәртіп бұзушылық сот отырысы залында орын алса, онда айыппұлды істі қарастырып отырған судья сол отырыста тағайындайды. Басқа жағдайларда ақшалай өндіріп алу мәселесі құқық бұзған тұлғаны шақырта отырып сот тағайындайды. Құқық бұзушының сотқа шақырту бойынша келмеуі мәселенің шешілуіне кедергі болмайды»[12]. Бұл сұрақты қарастыру барысында анықталғаны: ақшалай өндіріп алу — қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларға қатысты, ал айыппұл — іс жүргізудің қатысушысы болып табылмайтын адамдарға қатысты қолданылады.
Беларус Республикасының ҚПК-нің 133-б. 1-бөл. сәйкес қанағаттанарлық себептерсіз өздерінің процесуалдық міндеттерін орындамаған немесе қылмыстық іс жүргізуші органның талаптарына бағынбаған жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге, олардың өкілдеріне, куәға, маманға, сарапшыға, педагогқа, аудармашыға, куәгерге және басқа да тұлғаларға 3-тен 10-ға дейінгі төменгі жалақы мөлшерінде ақшалай өндіріп алу тағайындалады[13].
Ресей Федерациясының ҚПК-нің 117-бабында «Қылмыстық іс жүргізудің қатысушылары өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді орындамауы немесе сот отырысы залында тәртіпті бұзғаны үшін олар ақшалай өндіріп алуға тартылуы мүмкін …»[14]. Ю. А. Кузовенкованың пікірінше РФ ҚПК-де ақшалай өндіріп алу іс жүргізуге қатысушылардың өздеріне жүктелген процесуадық міндеттерін орындауды ынталандыру мақсатында қолданылады[15].
Литва Республикасының қылмыстық іс жүргізулік заңында іс жүргізуге қатысушылар өздерінің процесуалдық міндеттерін орындамаған жағдайда оларға айыппұл салынатындығы қарастырылған. Мәселен, аталған заңның 163-бабында қылмыстық іс жүргізудің қатысушысы ретінде танылатын куә іс жүргізуші органның шақыртуы бойынша қанағаттанарлық себептерсіз келмеген жағдайда оған өмір сүру құнының отызға еселенген сомасы көлемінде айыппұл салынады немесе заңда көрсетілдген жағдайларда бір айға дейін қамаққа алынады[16].
Литваның заңнамасы бойынша қылмыстық-процестік міндеттерін орындамаған тұлғаларға айыппұлды прокурор, сотқа дейінгі тергеу судьясы және сот, ал қамаққа алуды сотқай дейінгі тергеу судьясы немесе сот қолдануға құзыретті. Сонымен қатар, аталмыш заң бойынша іс жүргізуші органның шақыртуы бойынша қанағаттанарлық себептерсіз келмеген күдікті немесе айыпталушыға да қатысты айыппұл қолданылуы мүмкін. Прокурор белгілі бір тұлғаға қатысты айыппұл салу туралы қаулыны өз бастамашылығымен немесе сотқа дейінгі іс жүргізу органының өтініші бойынша шығарады. Прокурордың қаулысына Литва Республикасының ҚПК-нің 63-бабында анықталған талаптарға сәйкес шағым беріле алады. Ал сотқай дейінгі тергеу судьясы немесе сот қамаққа алу және айыппұл салу туралы қаулыны өз бастамашылығымен немесе прокурордың өтінішімен шығарады. Байқап отырғандай жоғарыда баяндалған шара біздің заңнамамыздағы «ақшалай өндіріп алу» болып табылады. Литва Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында аталмыш шара «айыппұл» деп көрсетілген.
Молдова мен Әзірбайжан Республикаларының Қылмыстық процесуалдық кодекстерінде қылмыстық процестің қатысушыларының өздеріне заңмен жүктелген міндеттерін бұзғаны үшін тағайындалатын айыппұлға қатысты ережелері өзара ұқсас келеді. Мысалы, Молдова Республикасының ҚПК-нің 184-б. 4-бөл. сәйкес қылмыстық іс бойынша жасы кәмелетке толмағанды өз қарауына алған тұлғаға, егер ол өзіне заңмен жүктелген міндеттерін бұзған жағдайда қылмыстық қудалау судьясымен немесе тиісті жағдайларға байланысты соттық инстанциямен 10-нан 25-ке дейін шарттық бегі көлемінде соттық айыппұл салынуы мүмкін[17].
Ал, Әзірбайжан Республикасы ҚПК-нің 166.2-бабы жеке кепілгерлік берген тұлғаға өзіне заңмен жүктелген міндеттерін бұзған жағдайда және 310.6.1-бабы сот отырысы залында тәртіпті бұзған тұлғаға айыппұл салуды қарастырады[18].
Түркменстан Республикасы ҚПК-нің 205-бабы тәртіп бұзған қылмыстық процестің тараптарына қатысты әкімшілік жауаптылық түріндегі айыппұлды қолдану тәртібін реттейді, ал кейбір жағдайларды (осы кодекстің 164-б. 2-бөл.) ол ақшалай өндіріп алу деп аталады.
Процессуалдық айыппұл — қылмыстық процестегі тәртіп бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық ретінде көрініс табатын санкциялық сипатқа ие жазалаушы шара. Айыппұлдың көлемі әкімшілік заңнамасымен анықталады, ал оны тағайындаудың негіздері Түркменстанның ҚПК-нің (168, 370-б.) басқа баптарымен реттеледі[19].
Германияда қылмыстық процесс кезінде сот отырысының тәртібін сақтамағаны үшін жауаптылық ретінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. «Ordnungsgeld» — неміс тілінен қазақ тіліне аударғанда «әкімшілік айыппұл» деген мағынаны береді. Қылмыстық заңның (Е int uhrungsgesetz zum Strafgesetzbuch — EGStGB) от 27. 01. 1877 г. (RGBl. 1 S. 77; BGBl. III 300-1) 6 бабына сәйкес сот отырысының тәртібін бұзған тұлғаға 5-тен 1000 евроға дейінгі көлемде айыппұл салынады. Ал егер судья орын алған тәртіп бұзушылықты елеусіз деп таныса, онда кінәлі тұлғаға аталған заңның § 153,47 сәйкес әкімшілік айыппұл салынбайды[20].
Сонымен қатар, Германияның Қылмыстық процестік кодексінің ережелерін талдау барысында өздерінің іс жүргізулік міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылық тек куә мен сарапшыға жүктелетіндігі анықталды. Германияның ҚПК-нің § 51 сәйкес сот отырысына тиісті талаптарға сәйкес шақыртылған куә қанағаттанарлық себептерсіз сот отырысына қатыспаған жағдайда, оған қатысты: куәні сот отырысына мәжбүрлеп әкелу; себепсіз келмеуіне байланысты орын алған шығындарды өтеттіру және ақшалай өндіріп алу да (шығындарды өтеттірумен қатар жүреді) жүктеледі. Егер ақшалай өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда қамаққа алу жүзеге асырылады. Сонымен қатар іс жүргізуге қатысушы куә процесуалдық құқық бұзушылықты қайталаған жағдайда мәжбүрлеу шаралары қайта қолданылады.
Егер шақыртылған куә өзінің отырысқа келмегендігі туралы қанағаттанарлық себептерін және отырысқа кешігіп келу себебі оған тәуелді емес жағдайлардан болғандығы жөнінде негізделген түсіндірмелерін дер кезінде хабарлаған жағдайда, онда оған қатысты мәжбүрлеу мен шығындарды өтеттіру шаралары қолданылмайды. Аталған шараларды қолдануға алдын ала тергеу шеңберінде судья немесе сот отырысын жүргізіп отырған соттың судьясы құзыретті.
Германия ҚПК-нің 77-бабына сәйкес ақшалай өндіріп алу сарапшыға да қолданылуы мүмкін. Сарапшы өзінің процесуалдық міндеттеріне сәйкес шақырту бойынша іс жүргізуші тұлғаға келмесе, сараптамалық қорытынды беруден бас тартса, онда оған қатысты осы жағдай бойынша жиналған қаржылық шығындардың орнын толтыру жүктеледі және ақшалай өндіріп алу қолданылады. Іс жүргізуші тұлғаның талаптарына қайталап бағынбаса, онда ақшалай өндіріп алу мен шығындарды өтеттіру шаралары қайта қолданылады.
Аталған заңның § 73-ке сәйкес сарапшымен сараптамалық қорытындыны берудің өзара келісілген мерзімі анықталады, егер сарапшы аталған мерзімді өткізіп алса, онда осы жағдай бойынша да сарапшыға қатысты ашалай өндіріп алу қолданылады. Ақшалай өндіріп алу шарасы тағайындалмас бұрын сарапшыға ескерту жолданады және сараптамалық қорытындыны беруге қосымша мерзім беріледі. Берілген мерзімді сарапшы қайталап өткізіп алса, ақшалай өндіріп алу оған қатысты қайта қолданылды.
Германия ҚПК-нің «Заңдық тұлғалар мен ұйымдарға қатысты ақша өндіріп алу барысында іс жүргізу» деп аталатын IV тарауына[21] назар аударған абзал, себебі бұл норма шетел заңнамасында іс жүргізуді қамтамасыз етуге байланысты бірқатар мәселелерді шешеді. Белгілі бір ұйым (мемлекеттік немесе жеке меншік болсын) іс жүргізудің қатысушысының жұмыс берушісі болуы мүмкін. Сол себептен процеске қатысушы (куә, куәгер, жәбірленуші) еңбек шарттарына сәйкес жұмыс берушіге тәуелді болады. Егер ұйымның басшысы өзіне тәуелді тұлғаның іс жүргізуге қатысуына қарсы болып өзінің мүддесін жоғары қоятын болса, онда мұндай жағдайлар барысында тиімді, толық және объективті іс жүргізудің орындалуы екі талай болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген норма ұйымдар мен заңдық тұлғаларға белгілі бір іс жүргізулік жауапкершілік арта отырып іс жүргізуге қатысушылардың еңбекке байланысты мүдделерін қорғап отыр.
Германияның «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңының §30-ға сәйкес ұйымдар мен мекемелерге қатысты ақшалай өндіріп алуды тағайындауға жол беріледі. Ал оны тағайындаудың процессуалдық тәртібі аталмыш елдің ҚПК-нің §444-ке сәйкес анықталады. Оған қоса төмендегідей әрекеттерге де жол беріледі, мысалы, Германияның «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңының §30-ке сәйкес ұйымдар мен мекемелерге қатысты ақшалай өндіріп алуды негіздер бар жағдайда жеке бөлек тағайындай беруге болады. Ал егер орын алған процессуалдық құқықбұзушылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалмаса немесе қысқартылса онда Германияның Қылмыстық процессуалдық кодексінің §444 (3-абз.) сәйкес ұйымдар мен мекемелерге қатысты ақшалай өндіріп алуды тағайындауға болады. Бұл жағдайда тағайындалған ақшалай өндіріп алу шарасы қылмыстық емес әкімшілік жауаптылық ретінде көрініс табады.
Сонымен, Германияның ҚПК-де көрсетілген куә мен маманның өздеріне жүктелген процессуалдық міндеттерін орындамағаны үшін төмендегідей процессуалдық жауаптылық қарастырылады: ақшалай өндіріп алу; шығындардың орнын толтыру; сот отырысында тәртіпті бұзғаны үшін қамаққа алу және мәжбүрлеп алып келу. Ал заңдық тұлғалар мен ұйымдарға салынатын ақшалай өндіріп алу шарасы әкімшілік айыппұл ретінде көрініс табады және оны сот өзінің процессуалдық немесе әкімшілік іс жүргізу қызметтерінде қолданады.
Германияның заңнамасына сәйкес ақшалай өндіріп алу шарасы бірнеше мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Біріншіден, өзінің міндеттерін орындамаған тұлғаны мүлкінен айыру мақсатында оған әсер етуді көздейді. Екіншіден, бұл санкция баламалы мақсаттарды көздейді, яғни, қылмыстық процеске қатысатын қандай да бір тұлғаның өзіне жүктелетін міндеттерге мұқият қарауын, оларды құрметтеуін болжайды. Сонымен қатар, бұл шарадан іс жүргізуге қатысуы мүмкін тұлғаларға кейінгі құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында баламалы түрде әсер етуі болжанады20.
Австрияның ҚПК бойынша ақшалай өндіріп алуды тағайындауға қатысты жоғарыда аталған елдердің заңнамаларына ұқсас ережелері бар. Австриялық сот процесс барысында іске қатысушылар тарапынан сот отырысының тәртібін бұзу фактілері орын алған жағдайда кінәліге қатысты ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануға міндетті. Австрияның ҚПК-нің §235,236-ға сәйкес мұндай әсер ету шаралары мәселен сотталушыға, куәгерге, жеке айыптаушыға, жәбірленушіге, куәға, сарапшыға, маманға және басқа да билік өкілі ретінде танылмайтын тұлғаларға қолданылуы мүмкін. Ал сотпен шығарылған шешім көп ұзатпай орындалуы тиіс және шағым берілуге жатпайды[22].
Егер куә немесе сарапшы сот отырысына шақырту бойынша келмесе, онда олар сот шешімі бойынша мәжбүрлеп әкелінуі мүмкін. Ал мәжбүрлеп алып келу мүмкін болмаса, онда сот тараптардың уәждерін тыңдап болған соң соттың үдерісін әрмен қарай жалғастыру немесе кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды, сонымен қатар, Австрия ҚПК-нің §242-ге сәйкес сотқа келмеген тұлғаларды сот отырысына қатыстыруға байланысты шаралар қолданады. Судья сот отырысын жалғастыру туралы шешім қабалдаған жағдайларда дәлелдемелерді зерттеу барысында сот отырысына келмеген қатысушылардың алдын ала тергеу сатысында берген жауаптарын тыңдауға құқылы. Бірақ сот отырысына шақырту бойынша келмеген тұлғалардың қанағаттанарлық себепсіз келмегендігі анықталса, онда сот кінәләге қатысты ақшалай өндіріп алу шарасын қолданады22.
Чехияда ақшалай өндіріп алу шарасы 1961 ж. қабылданған ҚПК-мен реттеледі. Аталмыш заңның § 66-ға сәйкес төмендегіше көрсетілген: «… кімде кім алдын ала ескертуден соң іс жүргізу барысында тәртіп бұзса немесе сотқа, мемлекет өкіліне, тергеушіге, полиция органына құрметтемеушілік көрсетсе және алдын ала тергеу барысында тергеушімен, мемлкет өкілімен, полиция органымен заңға сәйкес берілген өкімдер мен бұйрықтарды қанағаттанарлық түрде орындамаса 50000 кронға дейінгі сомада ақшалай жазаға тартылады»[23].
Бельгияның ҚПК сәйкес куә іс бойынша айғақтар беруге міндетті (153б.) және қажетті болған жағдайларда ол іс бойынша жауап беруге шақыртылады. Куә іс бойынша қатысуға, жауап беруге қанағаттанарлық себептерсіз бас тартса, онда ол мәжбүрлі түрде іс жүргізуші органға жеткізіледі. Куә айғақтар беруден негізсіз бас тартқан жағдайда оған қатысты айыппұл қолданылуы мүмкін (190б.). Сонымен қатар куә сот отырысына анықталған тәртіпке сәйкес шақыртылу барысында келмесе, онда бұл әрекет құқық бұзушылық деп танылып белгілі бір мөлшерде айыппұл шарасын қолдануға әкелуі мүмкін[24].
Францияның ҚПК ақшалай өндіріп алу шарасын процессуалдық тәртіп бұзушылыққа жол берген процеске қатысушылардың барлығына қатысты реттейді. Бұл норма ақшалай өндіріп алуды процесс барысында процессуалдық тәртіп бұзушылыққа жол берген әртүрлі лауазымды тұлғаларға да қатысты қолдануды қарастырады.
Францияның соттық полиция офицері — соттық билік тарапындағы лауазымды тұлға. Оның қызметтік міндеттері қазақстандық қылмыстық процестегі тергеушінің қызметтік міндеттеріне ұқсас келеді. Аталмыш лауазымды тұлғаның құқықтары:
- қылмыстық процесс барысында заңдылықты сақтай отырып істің қысқа мерзім ішінде, әділетті шешілуін қамтамасыз ету үшін іс жүргізуге қатысушыларды шақыртуға;
- қылмыстық іс бойынша күдіктінің кінәсін дәлелдеу мақсатында меншік иесіне қарамастан кез келген заттарды, құжаттарды, компьютерлік файлдарды, іс қағаздарды беруді талап етуге құқылы. Бұл талап жеке тұлғалар мен қатар кез келген ұйымдарға, мекемелер мен кәсіпорындарға (олардың басшыларына) қойылуы мүмкін. Егер іс жүргізуші органның талабын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда сол немесе басқа да ұйымдардың басшылары Францияның ҚПК 60-1 бабына сәйкес 3 750 евро көлемінде айыппұл салынады. Осындай көлемдегі айыппұл прокурормен немесе тергеулік судьямен іс бойынша саусақ іздерін беруден және суретке түсуден бас тартқан тұлғаға да қатысты қолданылуы мүмкін.
Францияның қылмыстық заңнамасы бойынша (ҚПК 438, 706-47-2-б.) куәға қатысты ақшалай өндіріп алуды қолданудың бірқатар негіздері көрсетілген:
1) іс бойынша сот отырысына шақырту барысында қанағаттанарлық себептерсіз келмесе;
2) сот отырысыда іс бойынша тек шындықты айтуға ант беруге қарсылық бідірсе;
3) іс бойынша дәлелдемелерді жинау барысында биологиялық үлгілерін (қан, сілекей, ұрық және т.б.) талдау үшін тапсырудан бас тартса;
4) іс бойынша қажетті медициналық тексерістен өтуден бас тартса. Көрсетілген жағдайлар орын алса, онда тиісті заңға сәйкес 3 750 евро көлемінде айыппұл қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар, ақшалай өндіріп алу шарасы сот отырсына шақырту бойынша себепсіз келмеген немесе өзінің процессуалдық міндеттерін орындаудан бас тартқан немесе тиісті түрде орындамаған сот алқа биіне қолданылуы мүмкін[25].
Францияда ақшалай өндіріп алуға тарту рәсімі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібімен орындалады. Яғни, бұл тәртіппен сотқа дейінгі тергеу жүргізілмейді, құқық бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлға (полицейлік агенттің өкіміне бағынбаған азамат) айыппұлды құқық бұзушылық фактісін анықтаған полицейлік агентке төлейді. Ол жөнінде хаттама түзіледі. Төленген айыппұл тұлғаның өз кінәсін мойындағандығын білдіреді[26].
Қытайдың қазіргі заманғы қылмыстық-процестік құқығының негіздері сонау 1950 ж. қабылданған. ҚХР Қылмыстық-процестік кодексі дәл КО Қылмыстық-процестік кодексінің үлгісі бойынша құрастырылған. Сондықтан, Қытай кодексін талдау барысында ақшалай өндіріп алудың тағайындалуына байланысты анық жаңалық байқалмайды[27]. Францияда ақшалай өндіріп алуға тарту рәсімі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібімен орындалады. Яғни, бұл тәртіппен сотқа дейінгі тергеу жүргізілмейді, құқық бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлға (полицейлік агенттің өкіміне бағынбаған азамат) айыппұлды құқық бұзушылық фактісін анықтаған полицейлік агентке төлейді. Ол жөнінде хаттама түзіледі. Төленген айыппұл тұлғаның өз кінәсін мойындағандығын білдіреді27.
Қорытынды. Қылмыстық процесс барысында өздерінің процессуалдық міндеттерін орындамаған және сот отырысында тәртіп бұзған қатысушыларға қатысты ақшалай өндіріп алуды қолдануды шетел заңнамалары негізінде зерделеу оның әлемдегі келесідей сипаттарын анықтауға мүмкіндік берді:
- ақша өндіріп алу шарасы алдын ала тергеу сатысында және сот отырысы кезінде тәртіпті бұзғаны үшін, сонымен қатар қылмыстық-процестік заңнамасында көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін қолданылатын қылмыстық процессуалдық жауапкершілік сипатына ие;
- ақша өндіріп алу шарасы — қылмыстық процеске қатысушылардың жіберген процессуалдық тәртіп бұзушылықтары үшін әкімшілік тәртіппен қолданылатын айыппұл;
- процеске қатысушыларға тиісті тәртіпті бұзғаны үшін және өздерінің процессуалдық міндеттерін орындамағаны үшін мәні бойынша әртүрлі мүліктік санкция ретінде танылатын айыппұл және онымен қатар ақшалай өндіріп алу да қолданылуы мүмкін;
- ақша өндіріп алу шарасы — қылмыстық процеске қатысушылардың жіберген процессуалдық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық процессуалдық тәртіппен қолданылатын айыппұл;
- қылмыстық процеске қатысушылар алдын ала тергеуге немесе сот отырысына қатысуға тиісті тәртіппен шақырту барысында қанағаттанарлық себептерсіз келуден бас тартқан жағдайда оларға қатысты айыппұл немесе ақшалай өндіріп алумен қатар оның келмеуі себебінен орын алған шығындардың орнын толтыруға міндеттелуі мүмкін.
Дегенмен, бұл көрсетілген сипаттардың барлығы біздің заңнамамыздың қисынына толықтай сәйкес келмейді. Алайда ақшалай өндіріп алудың қылмыстық процестегі ерекше бір феномен ретінде көрсететіндігі сөзсіз.
Тұжырым. Зерттеуіміздің осы бөлігінде айтылғандарды қорытындылай келе, келесі негізгі қағидаларға көңіл бөлу қажет деп есептейміз[28]:
- ақшалай өндіріп алуға жазалау сипаты тән, оны қолдану барысында тұлға материалдық шығынға және экономикалық мәжбүрлеуге ұшырайды;
- мүлік иесінің мүлкін, оның қаражатын қорғау туралы конституциялық ережелерді ескере отырып, кінәлі тұлғаның иелігіндегі белгілі бір үлкен көлемде анықталған мүліктер мен қаражаттан заңды түрде айыру тек сот тәртібімен жүзеге асырылады, ал елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуға тарту мүмкіндігін анықтаушыға, тергеуші мен прокурорға беру — заңнаманы оңтайландыруға септігін тигізеді;
- ақшалай өндіріп алу — қылмыстық процеске қатысушылардың дұрыс мінез-құлық тәртібін қамтамасыз ету құралы және сот талқылауы барысында тәртіптің сақталуына көмектесуші шара бола тұра, ол өзіндік мәні бойынша қылмыстық процестік заңнама нормаларының бұзылғандығы үшін іс жүргізулік жауапкершілік болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
- Уголовно-процессуальный кодекс РСФСР: принят 27 октября 1960 г. // https://base.garant.ru/3975252/?ysclid=l5nkt1vibe195569327.
- Учебник по истории российского государства и права / Сост . Ю. P. Титов. — M., 1997. — 472 с.
- Громов Н. А., Полунин С. А. Санкции в уголовно-процессуальном праве России. — М., 1998. — 150 с.
- Рыжаков А. П. Научно-практический комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу РСФСР. — М., 1999. — 874 с.
- Родин А. Ф. Об обеспечении законности вызова и допроса свидетелей в предварительном расследовании // Укрепление законности предварительного следствия в условиях реорганизации: Сб. науч. тр. — Волгоград, 1987. С. 118-119.
- Новиков С. А. К вопросу о допустимости показаний Бергена при отсутствии у обвиняемого защитника // Российский следователь. — 2003. — № 4. — С. 26-28.
- Коротков Н., Пылинки А., Жуков А. Денежные наказания и штрафы в уголовном судопроизводстве // Советская справедливость. — 1985. — № 8. С. 12-13.
- Ветрова Г. Н. Санкции в судебном праве. — М. 1991. — 157 с.
- Быховский И. Е. Регламент производства следственных действий // Вопросы борьбы с преступностью. — 1974. — № 21. — С. 47-62.
- Азир М. Introduction то Cuban Socialist Law // Review оф Socialist Law. — 2020. — №. 6. — Р. 153-163.
- Францифоров Ю. В. Противоречия уголовного процесса. — М., 2006. — 175 с.
- Уголовно-процессуальный кодекс Республики Узбекистан: принят 22 сентября 1994 г., № 2013-КСІІ (по состоянию на 23.06.2022 г.) // https://online.zakon.kz.
- Уголовно-процессуальный кодекс Республики Беларусь: принят 16 июля 1999 г., № 295-3 // http://etalonline.by/?type=text&.
- Уголовно-процессуальный кодекс Российской Федерации: принят 18 декабря 2001 года, №174-ФЗ (ред. 02.08.2019 г.) // http://www.consultant.ru.
- Кузовенкова Ю. A. Денежное взыскание в системе мер уголовно-процессуальной ответственности: Дис. … канд. юрид. наук: 12.00.09. — Самара, 2009. — 209 с.
- Уголовно-процессуальный кодекс Литвы: принят 14 марта 2002 г., № ІКС-785 (23 декабря 2010 года № ксі-1264) // https://wipolex.wipo.int/ru/text/202109.
- Уголовно-процессуальный кодекс Республики Молдова: принят 14 марта 2003 года, №122-КСВ (по состоянию на 30.03.2017 г.) // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30397729.
- Уголовно-процессуальный кодекс Азербайджанской Республики: принят 14 июля 2000 года, № 907-ІЕ // http://ugolovnykodeks.ru/tag/
- Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Туркменистана. — Ашхабад, 2012. — 656 с.
- Головненков П., Списа Н. С. Уголовно-процессуальный кодекс Федеративной Республики Германия: научно-практический комментарий и перевод текста закона. — Potsdam, 2012. — 408 с.
- Хайне Г. Ответственность в немецком административном праве. Проблемы реформации // Уголовное право. — 2001. — №1. — С. 99-101.
- Уголовно-процессуальный кодекс Австралии: принят 9 декабря 1975 г. №33/2011 // https:http://www.wipo.int/wipolex/ru/details.
- Уголовно-процессуальное законодательство Чехии: Учеб.-метод. пос. / Сост. Л. В. Майорова. — Красноярск, 1999. — 107 с.
- Процессуальный кодекс Бельгии // https://ru.ФРВ.в_(Belgique).
- https:http://www.wipo.int/wipolex/ru/details.
- Калиновский К. Б. Уголовный процесс современных зарубежных государств: Учеб. пос. — Петрозаводск, 2000. — 48 с.
- Иванов А. М., Корчагин А. Г. Законный опыт решения вопросов уголовных наказаний в соседних странах: краткий обзор УК КНДР и УК Республики Корея // Известия высших учебных заведений. Правоведение. — 1998. — №2(221). — С. 188-190.
- Байғараев А. Қылмыстық іс жүргізудегі ақшалай жазаны жауапкершілік ретінде қарастырудың кейбір мәселелері // Актуальные проблемы уголовно-процессуального права: Мат-лы международ. науч.-практ. конф. — Қарағанды, 2007. — Б. 158-162.
References
- Ugolovno-processual’nyi kodeks RSFSR: prinyat 27 oktyabrya 1960 g. // https://base.garant.ru/3975252/?ysclid=l5nkt1vibe195569327.
- Uchebnik po istorii rossiiskogo gosudarstva i prava / Sost . YU.P. Titov. — M., 1997. — 472 s.
- 3. Gromov N. A., Polunin S. A. Sankcii v Ugolovno-processual’nom prave Rossii. —, 1998. — 150 s.
- 4. Ryjakov A. P. Nauchno-prakticheskii kommentarii k Ugolovno-processual’nomu kodeksu RSFSR. —, 1999. — 874 s.
- Rodin A. F. Ob obespechenii zakonnosti vyzova i doprosa svidetelei v predvaritel’nom rassledovanii // Ukreplenie zakonnosti predvaritel’nogo sledstviya v usloviyah reorganizacii: Sb. nauch. tr. — Volgograd, 1987. S. 118-119.
- Novikov S. A. K voprosu o dopustimosti pokazanii Bergena pri otsutstvii u obvinyaemogo zaschitnika // Rossiiskii sledovatel’. — 2003. — №4. — S. 26-28.
- Korotkov N., Pylinki A., Jukov A. Denejnye nakazaniya i shtrafy v ugolovnom sudoproizvodstve // Sov. Spravedlivost’. — 1985. — № 8. S. 12-13.
- Vetrova G. N. Sankcii v sudebnom prave. — M., 1991. — 157 s.
- Bihovskii I. E. Reglament proizvodstva sledstvennyh deistvii // Voprosy bor’by s prestupnost’yu. — 1974. — №21. — S. 47-62.
- Azir M. Introduction to Cuban Socialist Law // Review of Socialist Law. — 2020. — №. 6. — P.153-163.
- Fransiforov ІU.V. Protivorechiya ugolovnogo processa. — M., 2006. — 175 s.
- 1 Ugolovno-processual’nyi kodeks Respubliki Uzbekistan: prinyat 22 sentyabrya 1994 g., № 2013-KSІІ (po sostoyaniyu na 23.06.2022 g.) / / https://online.zakon.kz.
- 13. Ugolovno-protsessual’nyy kodeks Respubliki Belarus’: prinyat 16 iyulya 1999 g., № 295-3 // http://etalonline.by/?type=text&.
- 1 Ugolovno-processual’nyi kodeks Rossiiskoi Federacii: prinyat 18 dekabrya 2001 goda, №174-FZ (red. 02.08.2019 g.) // http://www.consultant.ru.
- 1 Kuzovenkova ІU.A. Denejnoe vzyskanie v sisteme mer ugolovno-processual’noi otvetstvennosti: Dis. … kand. yurid. nauk: 12.00.09. — Samara, 2009. — 209 s.
- 1 Ugolovno-processual’nyi kodeks Litvy: prinyat 14 marta 2002 g., № ІKS-785 (23 dekabrya 2010 goda № ksі-1264.) // https://wipolex.wipo.int/ru/text/202109.
- Ugolovno-processual’nyi kodeks Respubliki Moldova: prinimayut 14 marta 2003 goda, №122-KSV (po sostoyaniyu na 30.03.2017 g.) // https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30397729.
- Ugolovno-processual’nyi kodeks Azerbaidjanskoi Respubliki: prinyat 14 iyulya 2000 goda, №907-ІE // http://ugolovnykodeks.ru/tag/
- Kommentarii k Ugolovno-processual’nomu kodeksu Turkmenistana. — Ashhabad, 2012. — 656 s.
- Golovnenkov P., Spisa N.S. Ugolovno-processual’nyi kodeks Federativnoi Respubliki Germaniya: nauchno-prakticheskii kommentarii i perevod teksta zakona. — Potsdam, 2012. — 408 s.
- Haine G. Otvetstvennost’ v nemeckom administrativnom prave. Problemy reformacii // Ugolovnoe pravo. — 2001. — №1. — S.99-101.
- Ugolovno-processual’nyi kodeks Avstralii: prinyat 9 dekabrya 1975 g. №33/2011) // https:http://www.wipo.int/wipolex/ru/details.
- 2 Ugolovno-processual’noe zakonodatel’stvo CHehii: Ucheb.-metod. pos. / Sost. L.V. Maiorova. — Krasnoyarsk, 1999. — 107 s.
- 2 Processual’nyi kodeks Bel’gii // https://ru.FRV.v _(Belgique).
- 25. https:http://www.wipo.int/wipolex/ru/details.
- 2 Kalinovskii K. B. Ugolovnyi process sovremennyh inostrannyh gosudarstv: Ucheb. pos. — Petrozavodsk. 2000. — 48 s.
- 2 Ivanov A. M., Korchagin A. G. Zakonnyi opyt resheniya voprosov ugol’nyh nakazanii v sosednih stranah: kratkii obzor UK KNDR i UK Respubliki Koreya // Izvestiya vysshih uchebnyh zavedenii. Pravovedenie. — 1998. — №2(221). — S.188-190.
- 2 Baıǵaraev A. Qylmystyq is júrgizýdegi aqshalaı jazany jaýapkershilik retinde qarastyrýdyń keıbir máseleleri // Aktýalnye problemy ýgolovno-prosesýalnogo prava: Mat-li mejdýnar. naých.-prakt. konf. — Qaraǵandy, 2007. — S. 158-162.